Ағылшын тілін оқыту процесінде коммуникативті тәсілдерді жүзеге асыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 23 ноября, печатный экземпляр отправим 27 ноября.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №8 (403) февраль 2022 г.

Дата публикации: 26.02.2022

Статья просмотрена: 495 раз

Библиографическое описание:

Мейрбеков, А. К. Ағылшын тілін оқыту процесінде коммуникативті тәсілдерді жүзеге асыру / А. К. Мейрбеков, Г. У. Низамова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 8 (403). — С. 261-263. — URL: https://moluch.ru/archive/403/89036/ (дата обращения: 15.11.2024).

Мақала қазіргі күні шет тілін үйренудегі ең танымал әдіс — коммуникативті әдіс арқылы мектеп оқушыларына ағылшын тілін тиімді оқыту мәселелеріне арналған. Мақалада коммуникативтік әдістеменің негізгі түрлері келтірілген.

Кілтті сөздер: коммуникативтік әдіс, қарым-қатынас, тілді үйрену, функционалдылық.

Статья посвящена проблемам эффективного обучения школьников английскому языку посредством самого популярного на сегодняшний день метода изучения иностранного языка — коммуникативного метода. В статье описаны основные виды способов коммуникации.

Ключевые слова: коммуникативный метод, общение, изучение языка, функциональность.

Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі — шет тілін, оның ішінде ағылшын тілін оқыту. Осыған сәйкес тілдің бастапқы негіздері балабақшадан бастап, мектептерде, колледждерде, гимназиялар мен университеттерде оқытылады. Мұндай саясаттың басты мақсаты — әлемдік аренада бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу; ана тіліміздің құндылығын сақтай отырып, басқа тілдерді оқытудың озық тәжірибелеріне сүйеніп, көптілді тұлғаны қалыптастыру [1].

Көптеген жылдар бойы жинақталған тәжірибе бойынша мектепте ағылшын тілін үйретудің мынадай әдістері кеңінен қолданылып келген:

— грамматикалық-аудармалық әдіс (Grammar Translation). ХІХ ғасырдың соңынан бастап қолданыла бастаған дәстүрлі, классикалық әдістеме. Грамматикалық ережелерді үйрену, сөздік қорды молайту, мәтінді аудару, сөздікпен жұмыс істеу секілді міндеттерге негізделген. Кемшілігі: тілдік тәжірибенің болмауы;

— тікелей әдіс (Direct Method). ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында пайда болған. Бағдарлама ауызекі сөйлеудің тұрақты тәжірибесіне негізделген және кез-келген күнделікті жағдайда ағылшын тілін терең түсіну арқылы тілді тиімді меңгеруге бағытталған. Оқыту бірнеше адамнан тұратын топтық сабақтарды қамтиды. Ағылшын тілін тікелей әдіс бойынша оқыту курсы қолданылатын мектептерде сыныптар 2–3 топқа бөлінеді. Кемшілігі: грамматикамен қиындықтар туындауы мүмкін;

— аудиолингвалды әдіс (Audio-lingual Method). Audio-lingual Method әдістемесі соғыс уақытында ағылшын тілін тез үйрену мақсатында құрылды. Бұл әдіс «армиялық» деп те аталады. Ол механикалық есте сақтаудың стандартты тіркестерін, лексикалық және грамматикалық негіздерін бірнеше рет қайталау арқылы тілді ауызша үйренуді қамтиды. Мұндай бағдарламада шет тілін үйрену үшін өзін-өзі ынталандырудың жоғары деңгейі қажет.

— коммуникативтік әдіс (Communicative Language Teaching). Осы танымал әдісті кеңінен қарастырайық.

Қазіргі уақытта коммуникативті әдіс ең танымал әдіс. Оның негізінде, аты айтып тұрғандай, қарым-қатынас: мұғалімнің оқушылармен, оқушылардың жұптардағы немесе топтардағы қарым-қатынасы, бүкіл топ бірге қарым-қатынас жасауы жатыр. Оқытудың негізгі міндеті — оқушыларға барлық грамматиканы мұқият үйретудің немесе мәтіндерді аудара білудің орнына қарым-қатынас жасауды үйрету. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы жартылай немесе толығымен ағылшын тілінде жүргізіледі. Оқушылардың өзара тілдік қарым-қатынасы кез келген түрде көтермеленеді; сөйлеу кезінде қателер жіберіп немесе жаңылысқан жағдайда да ештеңе етпейді. Себебі мұндағы ең маңыздысы — қарым-қатынас процесі.

Коммуникативті әдіс Ұлыбританияда 1960 жылдардың соңында пайда болды. Ол кезде ескірген аудиолингвалды және басқа әдістердің орнына тілді оқытудың жаңа тәсілдерін жасау бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. Тіл туралы және оны оқыту туралы жаңа көзқарастар пайда болды. Мысалы, 1972 жылы британдық лингвист Д.Уилкинс грамматика мен лексика емес, жүйелер мен мағыналарға назар аудару арқылы тілдің жаңа сипаттамасын ұсынды. Ол маңыздылықтың екі түрін анықтады: біріншісі — маңызды категориялар (уақыт, реттілік, сан, орын, жиілік сияқты ұғымдар) және екіншісі — функционалды коммуникативті категориялар (сұрау, бас тарту, ұсыныс, шағым). Осылайша, лексикаға да, грамматикаға да жатқызуға болмайтын, бірақ сәтті қарым-қатынас үшін өте маңызды функционалды тіл ұғымы пайда болды.

Коммуникативтік әдістің негізгі мақсаттары коммуникативтік құзыреттілікті дамыту (яғни тілде сөйлесуге үйрету) және бір-біріне байланысты барлық төрт тілдік дағдыларды (оқу, жазу, тыңдау және сөйлеу) дамыту болды. Бұл алдыңғы тәсілдерден, мысалы, тыңдауға және сөйлеуге аз көңіл бөлінетін грамматикалық-аударма әдісінен мүлдем өзгеше еді.

1983 жылы лингвист ғалымдар Мэри Бономо Финокьяро мен Кристофер Брамфит коммуникативті техниканың негізгі принциптерін жасап шықты [2]. Сол принциптер осы уақытқа дейін өзгеріссіз қалып отыр. Коммуникативтік әдістеменің негізгі принциптері мыналар:

  1. Ең маңыздысы — мән.
  2. Диалогтар функционалды маңызды болуы керек; жаттаудың қажеті жоқ.
  3. Тілді таныстырудың негізі — мәнмәтін (контекст — мәтіннің мағына жағынан тиянақты бөлігі).
  4. Мінсіз айтылымның қажеті жоқ; түсінікті айтылуы жеткілікті.
  5. Оқытылатын тілде қарым-қатынас жасау әрекеттері оқудың басынан бастап ынталандырылады.
  6. Ана тілі іс жүзінде қолданылмайды.
  7. Аударманы ең аз мөлшерде және егер бұл оқушыларға пайдалы болса ғана қолдануға болады.
  8. Барлық төрт тілдік дағдылармен жұмыс алғашқы сабақтардан басталады.
  9. Оқушылар жұпта, топта және бүкіл сыныпта көп жұмыс істейді.
  10. Тіл сынақ пен қателік арқылы оқытылады.
  11. Бірінші орынға сенімділік пен еркін сөйлеу қойылады; грамматикалық дәлдік сәл кейінірек үйретіледі.
  12. Оқушылардың ішкі мотивациясы оқытылатын тілде қарым-қатынас құруға қызығушылығы артқандықтан оянады.

1980 жылы лингвист ғалымдар Майкл Канале мен Меррилл Суейн коммуникативтік құзыреттіліктің төрт түрін анықтады [3]:

— грамматикалық құзыреттілік (оқушы оқытылатын тілдің грамматикасы мен лексикасын қаншалықты меңгереді);

— әлеуметтік-лингвистикалық құзыреттілік (қатынастар, әлеуметтік рөлдер және т. б. коммуникация жүзеге асырылатын жағдайдың экстралингвистикалық контекстін түсінуі);

— дискурсивті құзыреттілік (мәтіннің жеке элементтерін және олардың өзара байланысын түсіну);

— стратегиялық құзыреттілік (қарым-қатынасты бастау, қолдау, аяқтау, қайта бастау және қайта бағыттау қабілеті).

Коммуникативтік әдістеме оқушылардың осы барлық төрт құзыреттілікті бірдей дамытуын көздейді.

Оқытудың коммуникативті әдісінің өкілі, ресейлік лингвист, шет тілін оқыту әдістемесі саласындағы маман, педагогика ғылымдарының докторы Ефим Израилевич Пассов коммуникативтілік бойынша оқыту процесі оның негізгі қасиеттері, ерекшеліктері қарым-қатынас процесіне ұқсас болатындай етіп ұйымдастырылуы керек деп санайды [4].

Коммуникативтілік қарым-қатынасқа оқытудың нағыз қарым-қатынаспен барабар болуы үшін қолданылады. Ол үшін бірқатар жағдайлар жасалуы тиіс. Соларды қарастырайық [5].

Біріншісі — әр оқушының жеке ерекшелігін ескеру. Өйткені, кез келген адам басқасынан өзінің табиғи қасиеттерімен (қабілеттерімен), оқу және сөйлеу іс-әрекетін жүзеге асыру қабілетімен және жеке тұлға ретіндегі мынадай сипаттамасымен ерекшеленеді: жеке тәжірибесі, іс-әрекеттің контексті (әр оқушының өзі айналысатын және оның адамдар арасындағы қарым-қатынасының негізі болып табылатын іс-әрекеттері бар), белгілі бір сезімдер мен эмоциялар жиынтығы (біреуі өз қаласы үшін мақтаныш сезіміне ие, ал екіншісінде ол жоқ), оның мүдделері, ұжымдағы мәртебесі (орны).

Екінші — коммуникативтілік оқу процесінің сөйлеу бағытында көрінеді. Бұл қарым-қатынас құралы ретінде сөйлеуді практикалық меңгерудің жолы тілді практикалық қолдану арқылы жүзеге асатындығын көрсетеді. Жаттығу нақты қарым-қатынасқа неғұрлым ұқсас болса, соғұрлым пайдалы болады. Сондықтан «Зат есімдерді дұрыс септікке қойыңыз», Сөздерден сөйлем құраңыз» және т. б. сияқты тілдік жаттығулар оқыту құралдарының қорынан шығарылуы керек. Барлық жаттығулар оқушының белгілі бір сөйлеу міндеті бар және белгілі бір сөйлеу тапсырмасы бар және сұхбаттасушыға мақсатты сөйлеу әсері болатын жаттығулар болуы керек. Бұл шартты сөйлеу немесе толығымен сөйлеу жаттығулары. Мәселе, осылайша, білім беру диалогтарын ұйымдастыруға емес, сөйлеу серіктестігін орнатуға байланысты болады.

Үшіншісі — коммуникативтілік оқытудың функционалдылығында көрінеді. Функционалдылық, ең алдымен, сөйлеудің лексикалық және грамматикалық жақтарын меңгеру бойынша жұмыс әдістемесін анықтайды. Функционалдылық сөздерді де, грамматикалық формаларды да іс-әрекетте оның орындалуы негізінде бірден игереді деп болжайды: оқушы сөйлеу тапсырмасын орындайды — ойды растайды, естігеніне күмәнданады, бір нәрсе туралы сұрайды, әңгімелесушіні іс-әрекетке итермелейді және осы процесте қажетті сөздерді немесе грамматикалық формаларды игереді.

Төртіншіден, коммуникативтілік қарым-қатынастың ситуациясын білдіреді, яғни бұл кез келген фразаның әңгімелесушілердің өзара қарым-қатынастарымен, олардың қызметінің мәнмәтінімен байланысты.

Бесіншіден, коммуникативтілік оқу процесінің үнемі жаңарып отыруын, материалдың тұрақты үйлесімін білдіреді, ол сайып келгенде, қарым-қатынасты үйренуге үлкен зиян келтіретін ерікті жаттауды (диалогтарды, мәлімдемелерді, мәтіндерді) жояды және сөйлеудің өнімділігін қамтамасыз етеді.

Коммуникативті міндет — бірлескен сөйлеу әрекеті процесінде ойынға қатысушылар арасында ақпарат алмасу болса, қызметтік міндеті — сөйлеу серіктестерінің бірлескен іс-әрекетін модельдеу.

Қорытынды

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, коммуникативтілік оқу процесінде қажет деп қорытынды жасауға болады, өйткені коммуникативтілік әр оқушының жеке басын ескеру, оқу процесінің сөйлеу бағдарындағы көрінісі, оқу функционалдығындағы көрініс, қарым-қатынастың жағдайы, оқу процесінің үнемі жаңалығы сияқты жеткілікті жағдайларда қарым-қатынас жасауға қызмет етеді.

The work was carried out with the financial support of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan in the framework of the scientific project AP08052329

Әдебиет:

  1. «Қазақстан-2050» стратегиясы. https://www.akorda.kz/. 2012
  2. Finocchiaro, M., & Brumfit, C. The functional-notional approach: from theory to practice. —New York: Oxford University Press. 2012. — 256 р.
  3. Canale, M., & Swain, M. Theoretical Bases of Communicative Approaches to Second Language Teaching and Testing. Applied Linguistics. — New York: Oxford University Press. 2002. — 47 р.
  4. Пассов Е. И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. — Москва, 1985. — 208 с.
  5. Пассов Е. И. Основы коммуникативной теории и технологии иноязычного образования: методическое пособие для преподавателей русского языка как иностранного /Е. И. Пассов, Н. Е. Кузовлева. — Москва: Русский язык. Курсы, 2010. — 568 с.
Основные термины (генерируются автоматически): коммуникативный метод, мена, Москва, немес, Русский язык.

Ключевые слова

қарым-қатынас, коммуникативтік әдіс, тілді үйрену, функционалдылық

Похожие статьи

Өрт қауіпсіздігінің өзекті мәселелерінің компьютерлік үлгіленуі

Мақалада компьютерлік үлгіні жетілдіру бойынша жұмыстың негізгі нәтижелері сипатталған, оны жеке өрт қауіп — қатерін есептеу және өрт сөндіру жоспарларын дайындау үшін өрт қауіпсіздігі мамандарын дайындау процесінде одан әрі дамыту және қолдану жолда...

Жаһандану дәуіріндегі тілдік плюрализм мәселелері

Сонымен, қазіргі таңда елімізде көптілді және көпмәдениетті білім беру жоғары білім беру жүйесіндегі ең басты бағыттардың бірі болып табылады. Жоғары оқу орны көптілді және көпмәдениетті тұлғаның қалыптасып дамуында ең маңызды кезең болып саналады. О...

Әкімшілік юстиция: кіріспе және тарихи шолу

Мақалада қазіргі уақытта әлемде өзекті болып табылатын әкімшілік сот төрелігінің ҚР да шығу тарихы туралы, әкімшілік іс-жүргізу жайында, ҚР әкімшілік іс-жүргізу кодексінің жобасы туралы мәселелерді қарастырады.

Қазақ ұлттық киімінің рәміздік қызметтерінің тарихи қалыптасуы

Қазақ ұлттық киіміндегі рәміздік мәндердің алуан түрлі болып келетіндігі айқын. Сондықтан осы алуан түрлі болып келетін мәндерді бірізді ретке келтіру қажеттілігі туындайды, ол үшін костюмнің рәміздік мән беруші қызметтерінің типтеріне жіктеме жасау ...

Сәулеттік кеңістіктің негізгі түрлері және олардың көркемдік ерек-шеліктері

Мақалада жалпы сәулеттік кеңістікті құраушы композициялық құралдардың өз-ара байланысы, олардың ерекшелігі, пропорциялық үйлесімділігі, өлшем бірліктері мен пішімдері қарастырылған.

Ислам дініндегі әлеуметтік мәселелер

Мақалада, ислам дініндегі әлеуметтік мәселелер қарастырған. Өзімізге белгілі қоғам қаншалықты дамысада, әлеуметтік мәселелер өзектігін жоғалтпайды. Олай болса авторлар мақалада, ислам дініні негізінде «жетімдер», «әйел адамдар», «ата -аналар» әлеумет...

Жер-мүліктік кешенін басқарудың экономикалық тиімділігі

Мақалада жер-мүліктік кешенін қалыптастыру мен пайдаланудың заманауи тәсілдері арқылы өмір сүру жағдайының деңгейін жоғарылату көрсетілген. Жер-мүліктік кешенін басқаруды тиімді жүргізудің бағыттары, жер-мүліктік кешенін тиімді басқару үшін модель құ...

Табиғи кремнийлі жынысты опокаға негізделген көбікті шыны синтезі

Бұл мақалада көбікті шыныны синтездеуде негізгі компонент ретінде шөгінді тау жыныстарын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Осы мақсатта жұқа түйіршікті құрылымы және полиминералды құрамы бар Тасқала кен орнының опокасы негізінде тәжірибелік үлгілер с...

Ағылшын-қазақ тілдеріндегі ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы

Қоғам дамуын ілгерілете түсудің бірден-бір тиімді жолы ғылыми-техникалық прогресс болып отырған жағдайда, қоғамдық ғылымның үлесіне тиер шаруа аз емес. Іскерлік, жауапкершілік, білгірлік, білімдарлық, шапшаңдық, қабілеттілік талабы күшейген қазіргі к...

Дүниенің тілдік бейнесін қалыптастырушы стереотиптер

Адамдардың өмір тіршілігіне қатысты стереотиптер — стереотиптер арасындағы маңыздысы. Стереотиптер салт-дәстүрмен, аңыз-әпсаналармен, әдет-ғұрыптармен тығыз байланысты, тек салт-дәстүрлер обьективті маңыздылығын ашық түрде байқатса, ал стереотиптер ж...

Задать вопрос