Шайх Худайдадтың өмір жолы мен ғылыми мұрасы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №8 (403) февраль 2022 г.

Дата публикации: 27.02.2022

Статья просмотрена: 32 раза

Библиографическое описание:

Жунисбаев, Шынгыс Даулетулы. Шайх Худайдадтың өмір жолы мен ғылыми мұрасы / Шынгыс Даулетулы Жунисбаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 8 (403). — С. 258-261. — URL: https://moluch.ru/archive/403/89125/ (дата обращения: 18.12.2024).

Мақала Яасауия тариқатында ереше орны бар, бірақ қазіргі кезде аты ұмыт болған сопы Шейх Худайдадтың өмір жолы мен артына қалдырған еңбектеріне арналған.. Шейх Худайдад XVIII ғ. Бухара әмірлігінде өмір сүрген. Діни ұстанымына сәйкес әмірліктің билеушісі Шах Мұрат тарапынан қуғынға ұшырап, біршама уақыт елді тәрк етуге мәжбүр болған. Автор онға жуық трактат жазған және оның төртеуі бүгінгі күнге дейін жеткен. Ясауия тарихында мұншалықты мол мұра қалдырған автор жоқ. Оның еңбектері маңызды ақпараттармен құнды.

Кілтті сөздер: Ясауия тариқаты, Шайх Худайдад, Бухара әмірлігі, сопылық.

Статья посвящена жизни и творчеству ныне забытого суфия шайха Худайдада, занимающего особое место в братстве Ясавия. Шайх Худайдад жил в XVIII веке в Бухарском эмирате. Согласно его религиозным убеждениям, он подвергся преследованиям со стороны правителя эмирата Шах Мурада и был вынужден на некоторое время покинуть страну. Автором написано около десятка трактатов, четыре из них сохранились до наших дней. В истории Ясавии нет автора, который оставил бы такое богатое наследие. Его работы ценны важной информацией.

Ключевые слова: Братства Ясавия, Шайх Худайдад, Бухарский эмират, суфизм.

The article is devoted to the life and work of the now forgotten sufi Shaikh Khudaydad, who occupies a special place in the Yasawiya order. Shaikh Khudaydad lived in the 18th century in the Bukhara Emirate. According to his religious beliefs, he was persecuted by the ruler of the emirate Shakh Murad and was forced to leave the country for some time. The author has written about a dozen treatises, four of which have survived to this day. There is no author in the history of Yasawiya who has left such a rich legacy. His works are valuable with important information.

Keywords: The Yasawi Order, Shaykh Khudaydad, Emirates of Bukhara, sufism.

Қ.А. Ясауи және оның құрған Ясауия тариқатының түрік халықтары тарихында, әсіресе қазақ халқы тарихында алар орны ерекше. Ахмет Ясауидің құрған тариқаты Силсилә-и Машайх-и Турк және де Турк Жахрийа деген аттармен де танылуы осыны айғақтаса керек. Дегенмен тариқаттың доктринасы мен ритуалдық және теориялық негізіне қатысты деректер өте аз. Сондықтан Ясауилік жайында табылған әрбір дерек өте құнды. Мақаламыздың тақырыбы болған Шайх Худайдадтың да еңбектері жаңа табылған дерекке жатады. Шайх Худайдадтың туындылары алғаш рет 2002 жылы Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Ә.Р. Бируни атындағы Шығыстану институтында (ары қарай: ӨзР ҒА Ә.Р. Бируни ат. ШИ) XVIII-XX ғғ қатысты сопылық шығармаларды каталогтау жұмысы кезінде табылған болатын және осы кезде оның үш щығармасының жазба нұсқасы белгілі болды [1]. Худайдадтың шығармалары Ясауитану зерттеулері тұрғысынан жаңа мағлұматтар береді. Оның еңбектері Ясауия тариқаты зерттеулерінде Хазинидің Жауахир ал-Әбрар , Исмаил Атаның Хадиқат әл-Арифин , Мұхаммед Алим Сыддықидың Ламахат мин Нафахат әл-Қудс және Мұхаммед Шариф Хусейнидің Хужжат әз-Закирин еңбектері сияқты маңызға ие.

Өмір жолы. Шайх Худайдад бин Таш-Мухаммед Азизан әл-Хорезмий суммә Бухари өз дәуірінің атақты сопыларының бірі, Яасауия тариқатының шейхі. Орта Азия халықарының рухании өмірінде өзіндік орны бар бар тұлға. Дегенмен уақыт өте келе аты ұмыт қалған. Шайх Худайдадтың өмірі мен ғылыми мұрасы жайында деректер өте сирек кездеседі және мәліметтер шашыраңқы түрде берілген. Осы деректер негізінде Худайдадтың өмір жолын жүйелеп көрсетуге тырысамыз. Сондай-ақ Шайх Худайдадты XVI ғасырда өмір сүрген және бір Ясауи тариқаты шейхі Шайх Худайдад Уәлимен шатастырмау қажет, екеуі екі бөлек тұлға.

Шайх Худайдадтың туған жылы нақты белгісіз. Шамамен XVIII ғасырдың алғашқы ширегінде туылған. Қайтыс болған уақыты турасында Бухара әмірі Музафардың (1860–1885) ұлы Насир ад-дин әл-Ханафи әл-Бухари Тухфат әз-За‘ирин атты еңбегінде Шах Мұраттан алты ай кейін хижри 1215-жылы қайтыс болған деген дерек қалдырған. Демек Шах Мурад хижри 1215-жылдың режеп айының он бесінде (1800-жылдың 30-қарашасы) қайтыс болған болса, Шайх Худайдадтың қайтыс болған уақыты хижри 1216-жылдың мухаррам/сапар (1801-жылдың мамыр-маусым) айына тура келеді [2, с. 31].

Шейх Худайдад негізінен Жаңа Хорезмде (Үргеніш) Таш-Мухаммед Азизан әл-Хорезмидің отбасында дүниеге келген. Өмірінің басым бөлігін Бухарада өткізгендігі үшін деректерде көбіне Шейх Худайдад Бухари ретінде кездеседі. Әкесінің тегіндегі Азизан сипатына қарағанда әкесі де Ясауи жолындағы шейх болғандығы белгілі. Шейх Худайдад жағдайы жоғары отбасында дүние есігін ашса керек, Бухараға орныққанда ол жерде көлемді оқу комплексін тұрғызған (бұл турасында төменде толығырақ). Худайдадтың немересі Омар Ишан да Ясауи шейхі болған. Омар Ишан Ясауилік пен Нақшбандия жолын қатар ұстанған, кейінірек атажұрты Үргенішке орлып, сонда мүридтер тәрбиелеумен айналысқан.

Шейх Худайдад бастапқы білімін өз жұртында алып, кейінірек Бұхараға келіп қырық жыл Мир-Араб медресесінде діни білім алған. Одан кейін тасаууф жолына бет бұрып, Лутфуллах Азизан атты шейхке интисаб еткен. Шейхының ижазат жене ишаратымен Бұхараның Пиримаст ауданындағы Қули Адина (қаладан 38–40 км қашықтықта орналасқан) қыстағына барып, ол жерде ханака құрады. Шейх Худадйдадтың тариқат жолындағы силсаласы келесідей: өзі, Лутфуллах Азизиан, Фазлуллах Азизан, Мухаммед Шәриф Хусейни, Мухаммед Алим Сыддықи, Пирим Шейх, Шейх Худайдад Азизан, Жамаладдин Азизиан Бухари, Қадим Шейх, Мәудуд Шейх, Али Шейх, Әламин Баба, Садыр Ата, Зеңгі Ата, Хаким Ата, Қожа Ахмет Ясауи.

Шах Мұраттың (Бұхара билеушісі) билігі тұсында біржолата Бұхараға орнығу үшін көшіп келеді. Бұхарадан он екі танап жер сатып алып, мешіт, медреседе, тахаратхана сондай-ақ оқушылырдың жатып-қонуы үшін қырыққа жақын хужрадан құралған оқу компелксі құрылысын бастайды. Кейінірек кешен орналасқан бүкіл аудан оның атымен Халифа Худайдад махалласы деп аталып кетеді [3, с. 274]. Бұхара махаллаларын зерттеген тарихшы Ольга Сухарева сол кездерде әр жұма сайын ханакада жария зікір орындалып тұрғанын жазған [4, с. 107].

Шейх Худайдаттың Бұхараға қайта оралуы сол тұстағы Шах Мұраттың жүргізген саясатымен байланысты. Ол дінді бидғадтардан тазалау ұраны аясында кейбір жамағат шейхтарын ұстанымдарынан қайтарып, өз дегенімен жүргізуге тырысты. Райынан қайтпағандарды қуғынға ұшыратып, тіпті кейбірін өлім жазасына кескен болатын. Деректерде Ислам Шайх сияқты кейбір тасаууф шейхтері елден сүргін етілгендігі жазылған. Араларында Шейх Худайдадтың да болуы ықтимал. Мұндағы мәселе, сол кезде Бұхара әмірлігіндегі екі негізгі сопылық жол өкілдері — Нақшбандия мен Ясауия арасында кейбір сопылық мәселелерде елеулі келіспеушіліктер орын алып, тіпті бөлінушілікке дейін жеткен. Осы қарама-қайшылықтан құпия (хафи) зікір орындаушы өкілдері нақшбанди шейхтері дауыстап (жәһр) зікір орындаушы Яасауия тариқаты өкілдеріне қарсы шығып, оларды бидғатшылықпен айыптаған болатын. Өздері де осы жолдағы билік өкілдері де оларды қолдап, қуаттаған еді. Мысалы Шах Мұрат Нақшбандияның Мүжәддидия тармағының шейхы Сафардың мүриді еді. Тіпті шейхынан иршад хатты да алған болатын. Бірақ өзі мүрид тәрбиелеумен айналыспағаны деректерден мағлұм [3].

Шығармалары. Ясауия тариқатының жалпы жәһрилердің белді өкілі ретінде Шайх Худайдад жақтастарының орындап жүрген діни рәсімдерінің, сондай-ақ діни ұстанымдарының шариғатқа қарсы еместігін дәлелдеу мақсатында, қарсылық ретінде көлемді еңбектер жазуды өзіне борыш санап, біршама шығармаларды жазып қалдырған болатын. Худайдад өз шығармаларында жалпы сопылыққа кеңінен тоқталып, жария зікір, сәма, рақс сияқты сопылық рутуалдарды шариғат тұрғысынан дәлелдеуге тырысқан. Еңбектерінде фиқхтың (құқықтық) де көптеп жүгініп, осылайша полемикалық әдебиеттің қалыптасуына негіз болы.

Шейх Худайдад жалпы он шақты еңбек жазып қалдырған. Олар: Бахр әл-Улум, Фирдус әл-Уләма, Бустан әл-Мухиббин; Писанд-и Зикр-и Жәһр, Тәнбих әз-Золлин, Тариқа-и усул илаллаһ, Жәмиғ әл-Бахрейн сияқты еңбектер. Бұлардың алғашқы төртеуі бүгінгі күнге дейін жеткен.

  1. Бахр әл-‘Улум. Шамамен мың параққа (980 парақ) жуық арап тілінде жазыған көлемді еңбек. Шейх Сухрауардидің Иршад әл-Муридин атты еңбегіне жазылған шәрх (комментарий) болып есептелгенмен, онда автордың өзіндік оригинал пікірлері де жетерлік. Шығармада негізінен тасаууфтық терминдерді ашып қарастыруға көп көңіл бөлінген. Жалғыз нұсқасы ӨзР ҒА Ә.Р. Бируни ат. ШИ-да сақтаулы.
  2. Фирдаус әл-‘Улама. Осы күнге дейін жеткен жалғыз нұсқасы ӨзР ҒА Ә.Р. Бируни ат. ШИ-да сақтаулы. 80 парақтық бұл шығарма аяқталмай қалған. Автор есімі де көрсетілмеген. Жазылған жылы мен көшіруші есімі де сақталмаған. Бірақ мазмұны жағынан Бахр әл-‘Улум- мен бірдей. Соған қарап Худайдадтың еңбегі деп топшылаймыз және кейінірек автор еңбекті толықтырып жазған.
  3. Писанд-и Зикр-и Жахр. Осы күнге дейін жеткен жалғыз нұсқасы ӨзР ҒА Ә.Р. Бируни ат. ШИ-да сақтаулы. Арап және парсы тілдерінде жазылған бұл еңбекте жалпылама сопылықтағы зікір мәселесіне тоқталады. Сондай-ақ Ясауиліктегі ара зікірне көбірек орын берген.
  4. Бустан әл-Мухиббин. Бұл шығарманың үш нұсқасы осы күнге дейін жеткен. Екі нұсқасы ӨзР ҒА Ә.Р. Бируни ат. ШИ-да, тағы бір нұсқасы Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласында орналасқан Әзрет Сұлтан қорық-мұражайында сақталған. Алғашқы екі нұсқасының негізінде еңбек арап әріптерімен баспадан шыққан [5]. Түркі (шағатай диалектісі) және арап тілдерінде қосарлана жазылған бұл еңбекте сопылық мәселелермен қатар сол дәуірдегі фиқхтық (құқықтық), тіпті ақидалық (сенімдік) мәселер де қатар қарастырылған.

Қорыта келгенде Шейх Худайдад өз заманының ірі тұлғасы, атақты шейхы. Бірақ, өкінішке орай уақыт өте келе аты ұмыт болып, зерттеуші ғалымдар арасында лайықты бағасын ала-алмай отыр. Әйтпесе Ясауилік тарихында мұншалықты көп еңбек жазып қалдырған автор жоқтың қасы. Оның бір шығармасының өзі мың параққа жуықтайды және жоғарыдан белгілі болғандай еңбектерінің басым бөлігін арап тілінде жазған. Орта Азия тасаууф тарихында арап тілінде осыншама мирас қалдырған автор да кездеспейді. Қаншалықты дәрежедегі ғалым болдығы осыдан-ақ белгілі. Демек, Шайх Худайдадтың баға жетпес ғылыми мирасын зерттеп, зерделеп ғылыми айналымға енгізу Ясауитани ғылымы тұрғысынан кезек күттірмес мәселелердің бірегейі болмақ.

Әдебиет:

  1. Каталог суфийских произведений XVII-XX вв. из собраний института востоковедения им. Абу Райхана ал-Бируни Академии наук Республики Узбекистан / Составители: Б.Бабаджанов, С.Гулямов и др. / Ред.кол.: Б.Бабаджанов, У.Берндт, А.Муминов, Ю.Пауль.– Studgart: Franz Steinev Verlag, 2002. — 360 с
  2. Исмоилов М. Шайх Худойдоднинг «Бахр ал-Улум» марказий осиёда тасаввуф тарихига оид мухим манба (XVIII асрнинг иккинчи ярми): Тарих фанлари номзоди илмий даражасини олиш учун тақдим этилган диссертация. — Ташкент: 2006. — 160 б.
  3. Кюгельген А. ф. Расцвет Накшбандия-мужаддидия в Средней Трансоксании с XVIII до начала XIX вв. опыт детективного расследования // Сборник статей памяти Фритца Майера. / Составитель А. А. Хисматулин. — Санкт-Петербург.: Фил. фак. С.ПбГУ, 2001. — С. 275–330.
  4. Сухарева О. Квартальная община позднефеодального города Бухары (в связи с историей кварталов). — Москва: Наука, 1976. — 370 с.
  5. Шайх Худайдад. Бустан әл-Мухиббин / бас. дай.: Бабаджанов Б., Кадырова М. — Түркістан: Тұран, 2006. — 350 б.
Основные термины (генерируются автоматически): Шейх, автор, бустан, Бухара, XVII-XX, XVIII-XX, Азия, Ахмета, Бируни, Бухарский эмират.

Ключевые слова

сопылық, Ясауия тариқаты, Шайх Худайдад, Бухара әмірлігі

Похожие статьи

Құран, хадис және тәпсірлердегі эсхатология ұғымының ерекшеліктері

Зерттеу исламның эсхатологиялық ілімдерінің ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Сонымен қатар оның маңызды элементтері болып табылатын өлім, қайта тірілу, ақырет, қиямет күні ұғымдарын қарастырады. Жұмыста исламдағы эсхатологиялық негізгі ұғымдарды...

Қызанақ жемістерінің өнімділігі мен сапасына өсу реттегішін қолдану әдісі мен түрінің әсері

Қызанақ өсімдігінің өсуі мен қалыптасуын қадағалау — көкөніс дақылдарын өсірудің заманауи технологиясының негізгі көзі болып табылады. А. Борисов және О. Ганичкинның мәліметтері бойынша өсімдіктің қалыптасуы қызанақтың жеміс беруімен қатар, өсуін қад...

Есепке жатқызуды қолдануға шектеу қойылған жағдайлар

Мақалада міндеттемелерді есепке жатқызуға заңмен қойылған шектеулер қарастырылып, аталмыш әдіс қолданылмайтын жағдайлар бойынша талдау жасалынған. Мақаланы жазу барысында міндеттемелік құқық саласындағы әдебиеттер мен заңнамалық нормалар қарастырылға...

Абайдың «Қара сөздеріндегі» сопылықтың моральдық негіздері

Биыл Абай атамыздың туылғанына 176 жыл болмақ. Ұлы дана Абай атамыздың мерей тойына байланысты елімізде көптеген іс-шаралар, халықаралық және Республикалық конференциялар жоспарланған болатын. Дегенмен әлемдегі жұртшылықтың иманнан безіп, Тәңірін ұмы...

Дәурен Қуаттың «Аспан таулар аясында» әңгімесінің көркемдік ерекшелігі

Мақалада жазушы Дәурен Қуат әңгімесінің көркемдік ерекшелігі талданады. Шығармада қазақтың байырғы әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін жаңғырту арқылы жазушы пәлсапалық көркем ой түйеді. Қаһарманын қайсарлыққа, табандылыққа, батырлыққа ел тарихын, жер қадірі...

Тәжірибе негізінде алынған нәтижелерді талдау арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру

Ғылымның бірі физика — күнделікті өмірде жиі кездесетін пән. Жаратылыстану ғылымы білім алушылардың құзыреттіліктері мен әлеуетін, әсіресе сыни тұрғыдан ойлау дағдылары сияқты жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамыту үшін оқушыларға алғашқы тәжірибе...

Бастауыш сынып оқушыларында пайда болатын оқушының жеке басының дамуына психологиялық әсер

Мұғалім балаға әсер еткенде, ол көптеген параметрлерді ескеруі керек: эмоционалды-психологиялық жағдай, мәдени және жас дамуының жалпы деңгейі, қарым-қатынастың қалыптасуы, рухани және интеллектуалдық даму. Нәтижесінде сыртқы көріністер негізінде бал...

Марк Твен шығармаларының сюжеттік ерекшеліктері және қазақ тіліне аударылу жолдары («Том Сойердің басынан кешкен оқиғалары мен Гекльберри Финн» шығармалары негізінде)

Мақалада Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» және «Гекльберри Финнің басынан кешкендері» шығармаларының жалпы сипаттамасы, қазақ тіліне аудару жолдары — жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін екі шығармаға шолу жасал...

Мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері. Түзету әдістері

Мақалада мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері сараланған, себебі оқу-тәрбие процесіндегі қиындықтар бастауыш сыныптарда да пайда болса, баланың міндетті мектеп бағдарламасын меңгеруіне айтарлықтай кед...

Есепке жатқызуды қолданудың алғышарттары

Бұл мақалада автор міндеттемені тоқтату тәсілінің бірі ретінде танылатын міндеттемелерді есепке жатқызу тәсілін қолданудың алғышарттарын, яғни міндеттемелердің біртектілігі, тараптардың өзара қарама-қарсы талаптарының болуы, міндеттемені орындау мерз...

Задать вопрос