Қашықтықтан оқыту дарынды балалармен жұмыс жасау құралы ретінде | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №9 (404) март 2022 г.

Дата публикации: 03.03.2022

Статья просмотрена: 90 раз

Библиографическое описание:

Амантаева, Д. А. Қашықтықтан оқыту дарынды балалармен жұмыс жасау құралы ретінде / Д. А. Амантаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 9 (404). — С. 233-235. — URL: https://moluch.ru/archive/404/89170/ (дата обращения: 18.12.2024).



Жұмыста ақпараттық технологияларды қолдана отырып, дарынды балаларды оқыту мәселесі талданған.

Түйінді сөздер: дарындылық, қашықтықтан оқыту.

В работе анализируется проблема обучения одаренных детей с использованием информационных технологий.

Ключевые слова: талант, дистанционное обучение.

Қазіргі адамзат қоғамы 30–35 жыл бұрынғыға қарағанда түбегейлі басқа әлемде өмір сүреді. Адамның өмір сүру жағдайлары өзгерді, әлеуметтік кеңістігі және оның қарым-қатынас жүйесімен қатар өзі де өзгерді. Осыған байланысты ақпаратқа ерекше орын берілген, оның жаңа технологиялық жүйелерінің рөлі, қазіргі адам өмірінің барлық салаларына әсер ету нысандары, көлемі мен сипаты соншалықты, қазіргі қоғам «ақпараттық» деп аталатын дәрежеге жетті.

Қазіргі ақпараттық қоғамның басты ерекшелігі — әр түрлі халықтар мен елдер арасындағы өзекті, ең алдымен жалпы мәдени және психологиялық кедергілерді жою. Адамдардың санасына әсер ететін, олардың қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін өзгертетін, адамдар арасындағы қарым-қатынастың жаңа сипатын тудыратын және қамтамасыз ететін ақпарат іс жүзінде адам өмірінің жаңа тәсілін, атап айтқанда, білім алу, игеру шарттары мен формаларын қалыптастырады.

Қоғам жаңа ғылыми деректерді ескере отырып, жас ұрпақты қалыптастыру жолдарын, құралдарын анықтауы керек. «Балалардың білімнің үлкен көлемін тек мұғалімдер мен оқулықтардан ғана емес, теледидардан, Интернеттен алынатын жаңа кеңістіктерге енуі түбегейлі жаңа педагогикалық міндеттерді қояды: а) баланы білім әлеміне біртіндеп енгізу ғана емес, сонымен қатар осы білімді жаңаша ұйымдастыру, оңтайлы және шын мәнінде қажетті білімді игеру жағдайларын қалыптастыру, олардың тұрақтылығы; б) бала қазір практикалық деңгейде техникалық тұрғыдан бағдарланғандықтан, оны жылдам ілгерлеуге назар аудара отырып, оған логикалық тұрғыдан тереңірек ойлауға және сонымен бірге ұғымдарды біріктіруге, жалпылауға, игеруге үйрете отырып, оған қанша білім беру керектігін түсіну, анықтау қажет» (Д. И. Фельдштейн). [1]

Қазіргі уақытта білім берудің басты назарын балаларда ақпаратты өз бетінше алу, талдау және сыни тұрғыдан түсіну, қабылданған шешімдерді мұқият қарау, оларды қабылдау қажеттілігін негіздеу және іс-әрекеттерді нақты жоспарлау, тек жеке ғана емес, сонымен бірге топта да шебер жұмыс жасау қабілетін қалыптастыруға аударылуы керек.

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі ХХІ ғасыр табалдырығында ерекше маңызға ие болды. Жаһандануға тән әлеуметтік, техникалық, экономикалық және мәдени құбылыстарды саяси және интеллектуалдық тұрғыдан түсінудегі айтарлықтай жеделдету дарынды оқушыларды мүдделерін қолдау және қорғау жүйесін құру қажеттілігін тудырды, дарынды жастарды оқыту тәсілдеріне көзқарасты өзгертті. [2]

Дарынды бала — бұл белгілі бір қызмет түріндегі жарқын, айқын, кейде керемет жетістіктерімен ерекшеленетін (немесе мұндай жетістіктерге ішкі алғышарттары бар) бала. []

Дарынды балалар білуге құмар, қызығушылығы мол, әр нәрсенің жауабын таппай тыныштанбайды, жиі терең ойлы сұрақтар қояды, сыни ойлауға бейім, есте сақтау қабілеті жоғары болып келеді. Мұндай балалар өздерінің әлеуетін жүзеге асыру үшін сараланған оқу бағдарламаларын немесе мектептегі білімнен тыс көмекті қажет етеді.

Сабақ кезінде дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып отыру қажет. Пәнге деген қызығушылықты сақтау және оқушылардың табиғи бейімділігін дамыту үшін шығармашылық тапсырмаларды, материалдарды қолданған жөн. Сонымен бірге сыныптан тыс уақытта да оларды түрлі олимпиадалар, жарыстар, зерттеу жұмыстарына қатыстыра отырып, қабілеттерін дамыту қажет.

Дарынды балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау — баланың өз бетімен жұмыс жасауына, яғни өз алдына міндеттерді қоюға және оны шеше алу қабілеттілігіне қол жеткізу, өйткені шығармашылық белсенділікті ынталандыру тек өзін-өзі тәрбиелеу арқылы ғана мүмкін болады.

Баланың шығармашылық әлеуетін сақтау, оның танымдық белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту үшін баланы оқу үрдісімен қызықтырып, оған білімді өз бетімен алуды ұсыну керек. Сондықтан қашықтықтан оқыту технологияларын дарынды балалармен жұмыстың мүмкін түрлерінің бірі ретінде қарастыруға болады. Ал АКТ және интернет құралдары балалардың ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың табысты оқуының алғышарттарын жасайды.

Білім беруде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану білім алу әдістерінің вариативтілік мүмкіндігін арттырады, мұғалімдер мен оқушылардың ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдетеді, оқушылар мен мұғалімдердің өзара әрекетін жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың танымдық дербестігін дамытуға ықпал етеді.

Оқушылардың жеке оқу қарқынын ескеру мүмкіндігі, мұғалімнің және басқа оқушылармен бай әрі жылдам кері байланысы қашықтықтан оқытудың артықшылықтарының бірі. Қашықтықтан өткізілетін іс-шараларға қатысушылар өз қалауы бойынша оқу материалымен және оқытушымен қарым-қатынас жасау, қажет болған жағдайда оған сұрақтар қою мүмкіндігі бар. Оқушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескерілген қашықтықтан оқыту жүйесі білім алудың ең тиімді әдісі болып табылады.

Дарынды балаларды оқыту кезінде негізгі мына бағыттарға назар аударылады. Бірінші бағыт  жеделдету. Бұл бағыт дамудың жылдам қарқынымен ерекшеленетін белгілі бір санаттағы балалардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеруге мүмкіндік береді [].

Кез келген олимпиада не интелектуалдық конкурстар тапсырмалары қатысып отырған сыныптың толық оқу бағдарламасын кейде тіпті алдыңғы сыныптың бағдарламасын қамтиды. Осы жағдайды ескеріп, дарынды балаларды жеделдету оқу бағдарламасымен оқыту түрлі сайыстарда керемет нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігін арттырады. Оқу бағдарламасын жеделдетуді іске асыру қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы тіптен жеңілдеді деуге де болады. Мысалы белгілі бір тақырыптарды мұғалім оқушыға арнайы уақыт бөліп түсіндірмей, оқушыға осы тақырып түсіндірілген видео-сабақтың сілтемесін жіберсе болғаны. Оқушы белгіленген уақытқа дейін осы сілтеме арқылы өтіп, тақырыпты түсініп алуы керек болады. Одан кейін мұғалімге тақырыптың қаншалықты меңгерілгенін анықтап, қосымша материалдармен бекіту ғана қалады.

Екінші  тереңдету. Бұл бағыт белгілі бір білім саласына немесе қызмет саласына ерекше қызығушылық танытатын балаларға қатысты тиімді [].

Сыныпта белгілі пән бойынша оқушының дарындылығын байқап, оны олимпиадаға дайындау үшін пәнді тереңдетіп оқу қажет болады. Бұл сыныпта әр түрлі деңгейлі оқушылар отырған жалпы білім беретін мектептер үшін қосымша жұмыс. Заманауи қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы мұның шешімін тез әрі ұтымды шешуге болады. Мысалы, аптасына бірнеше рет онлайн сабақтар өткізу. Ол үшін алдымен оқушыларды түрлі қашықтық олимпиадаларға, сайыстарға қатыстырып, орындай алмаған тапсырмалары бойынша туындаған сұрақтары арқылы пәнді терең білу қызығушылығын оятып алған жөн.

Үшінші  кіріктіру. Бұл бағыт басқа тақырыптармен және пәндермен байланыс орнату арқылы дәстүрлі тақырыптарды зерделеу шеңберінен шыға отырып, оқытудың сапалық жағынан өзгеше мазмұнына бағытталған. Мұндай оқыту балаларды мета-пәндік біліммен қаруландырады және инновациялық білім беру технологиялары шеңберінде, сондай-ақ оқушыларды зерттеу жобаларына баулу, арнайы тренингтерді пайдалану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін [].

Балалардың сүйікті істерін ескеру арқылы оларды зерттеу жұмысына тарту. Ақпараттық қоғамда өмір сүріп, жұмыс істеу үшін болашақ зерттеуші-дарынды оқушы, ауқымды ақпаратты тез қабылдауға және өңдеуге дайын болуы керек екенін атап өткен жөн.

Төртінші  проблемалық жағдай туғызу. Бұл бағыт оқушылардың жеке дамуын ынталандыруды қамтиды. Бұл жағдайда оқытудың ерекшелігі — жеке түсініктемені қолдану, бар ақпаратты қайта қарау, жаңа мағыналар мен балама түсіндірмелерді іздеу, бұл оқушылардың білімнің әртүрлі салаларын зерттеуге жеке көзқарасын, сондай-ақ сананың рефлексивті жоспарын қалыптастыруға ықпал етеді [].

Оқушылардың зерттеу іс-әрекеті процесінде қашықтықтан оқыту формаларын қолдану сипаты мен көлемі әр мұғалімде әр түрлі болады, өйткені жас ерекшеліктерін, жеке ерекшеліктерін, олардың іс-әрекетінің дербестік мен ынталану деңгейін, техникалық мүмкіндіктерді, осы қызметке қатысатын қатысушылардың санын ескеру қажет.

Оқытудағы ынтаның жоғары деңгейі және дамыған білім беру базасы мұғалімге дарынды балалармен жұмыс жасау кезінде күрделілігі жоғары материалдарды қолданып қана қоймай, сонымен қатар баланың оқу материалын өз бетінше іздеуін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Алайда, дарынды балалармен жұмыс істеуде жиі кездесетін қателіктердің бірі оқушының өз бетінше көп жұмыстануына бағытталуы. Шын мәнінде, жоғары зияткерлік әлеуетімен ерекшеленетін балаларға да мұғалімнің назары қажет және жеке білім беру траекториясын мақсатты, дәйекті түрде түзетіп отыруды қажет етеді.

Мұғалім-оқушы қашықтық диалогын мұғалім арнайы жасаған сайт немесе мектеп сайтының беттері арқылы жүзеге асыруға болады. Веб-беттерде мұғалім оқушыға зерттеудің теориялық және практикалық бөлігінде жұмыс істеуге көмектесетін материалдарды орналастырады. Бұл жұмыстың орындау алгоритмі, ақпарат көздерімен жұмыс істеуге арналған жадынамалар, зерттеу жұмысын ресімдеу үлгілері, жоспарланған телекоммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану ережелері және т. б. болуы мүмкін.

Материалды, нұсқауларды, әдетте, күндізгі оқытуда жасағанға қарағанда мұқият әзірлеу керек, өйткені оқушы ақпараттың үлкен көлемін талдауды, салыстыруды, қорытынды жасауды өз бетінше шешуі керек. Ғылыми жетекші оқушы үшін қажетті ақпаратты таба алатын ең маңызды сайттардың сілтемелерін орналастыра алады.

Зерттеудің аралық нәтижелері, материалды өңдеу туралы талқылауларды электрондық пошта, Zoom немесе Skype (жылдам онлайн байланыс мүмкіндігі) сияқты жедел хабар алмасу қызметтерінде, чат, форум, бейне және аудио коммуникациялар арқылы ұйымдастыруға болады. Оқушылар мен жетекші сұрақтармен, пікірлерімен алмасады.

Оқушылардың күндізгі және қашықтықтан әрекет етуінің оңтайлы үйлесімі оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін қойылған міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Осылайша, заманауи мектепте мұғалімдер мен оқушылар ақпараттық және білім беру технологияларын интеграциясы негізінде оқу үдерісінде өзара әрекеттесу мүмкіндігіне ие. Қашықтықтан оқыту формаларын пайдалану процесінде ғылыми-зерттеу дағдыларымен қатар оқушы 21 ғасыр түлегін ерекшелейтін тұлғалық қасиеттерге ие болады: компьютерлік және технологиялық сауаттылық; интернет іздеу жүйелерін игеру; мәліметтер қорымен және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу дағдылары; шалғайдағы адамдармен телекоммуникация орнату және қолдау мүмкіндігі.

Сонымен, дарынды балалармен жұмыс жасауда қашықтықтан технологияларды қолданудың кейбір жолдары мен тиімділігін қарастырайық.

Бірінші жол — мектеп оқушыларының жыл сайын қашықтықтан пәндік конкурстар мен олимпиадаларға қатысуы. Қашықтық олимпиадалар оқушының зияткерлік қабілеттерін көрсетуге ықпал етеді, сонымен бірге оның жеке қасиеттері мен ерекшеліктерінің дамуына елеулі әсер етеді.

Екінші жол — жобаларды, презентацияларды, оқыту бағдарламаларын құру, «портфолио» қорғау және т. б. Оқушылар арнайы интернет-форумдарда талқылау үшін өздерінің ғылыми зерттеулері мен жобаларын ұсына алады.

Үшінші жол — Интернет материалдарын пайдалану. Бұл оқушыға оқу материалын жақсы меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оқу үрдісінде тиісті білім салаларындағы соңғы жетістіктермен танысуға мүмкіндік береді. Интернет-ресурстар дарынды оқушыларды шығармашылық және зерттеу міндеттерін шешуге ынтасын арттырудың тиімді құралы болып табылады.

Төртінші жол — дарынды оқушылардың компакт-дискідегі компьютерлік бағдарламалармен өзіндік жұмысы. Тәжірибе көрсеткендей, компакт-дискілердегі мультимедиялық технологияларды қолдана отырып жасалған компьютерлік бағдарламалар негізінен әмбебап сипатқа ие (энциклопедиялар, анықтамалықтар) және пәндік олимпиадаларға дайындық кезінде оқушылардың өзіндік жұмысына (мұғалімнің жетекшілігімен) жақсы бейімделген.

Бесінші жол — дарынды оқушылардың онлайн курстарға қатысуы. Пән бойынша білімін тереңдету мақсатында, зерттеу жұмысы бойынша таңдалған тақырып бойынша кеңес алу үшін өзге ұстаздардан сабақ алу мүмкіндігі бар.

Қашықтықтан оқытудың барлық артықшылықтарына қарамастан, ол білім беру стандартының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге арналған міндетті орта мектеп бағдарламасын игерудің негізгі әдісі бола алмайды және оны дарынды балаларға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін қосымша ретінде ғана қолдануға болады.

Қазіргі кезде дарынды балаларды анықтау, диагностикалау, болжау, қалыптастыру, оқыту және дамыту мәселелері өзекті мәселелердің бірі. Дарынды баланың сыртқы әлеммен қарым-қатынасын дұрыс құру оған өз қабілетін толық көрсетуге мүмкіндік береді. Дарындылығын дамыту үшін балалар уақыт пен кеңістікті еркін басқарып, кеңейтілген жоспар бойынша оқып, мұғалімнің жеке қамқорлығы мен назарын сезінуі керек. [1]

Әдебиет:

  1. Т. В. Доржиева. «Возможности использование дистанционного обучения для развития одаренных детей». — Вестник Бурятского государственного университета № 1.2/2012;
  2. С. И. Лобанова. «Инновационные формы работы с одаренными детьми» — Материалы региональной межведомственной научно-практической конференции, 4 часть, 10–13; 2013;
  3. Д. Б. Богоявленская, В. Д. Шадрикова. Рабочая концепция одаренности. — М.: Молодая гвардия, 2003. 94 с.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, дистанционное обучение, немес, оса.


Ключевые слова

қашықтықтан оқыту, дарындылық

Похожие статьи

Жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары

Берілген мақалада жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары қарастырылған.

Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері

Мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдерін қарастырады.

Зияты зақымдалған балаларды оқыту технологиялары

Мақалада зияты зақымдалған балаларға арналған оқыту технологиялары қарастырылған және тиімділігі көрсетілген.

Сыр бойының Кете тайпасының батырлары

Мақалада Сыр бойының Кете тайпасының батырлары туралы зерттеледі.

Бастауыш сынып оқушыларының метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру

Аталмыш мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру проблемасын қарастырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары

Берілген мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары қарастырылады.

Құрама-монолитті қаңқалы жүйелердің оңтайландырылған технологияларна шолу

Мақалада құрастырмалы-монолитті қаңқалы жүйелерге шолу жасалады, Қазақстандағы жергілікті жағдайларға оңтайландырып жасау.

Әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асырудағы әсерін бағалау

Мақалада қолданыстағы әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асыру технологиясы ретіндегі бағалау қарастырылған.

Қазақстан Республикасындағы спорт саласының даму мәселелері

Бұл мақалада автор Қазақстандағы спорт саласының дамуында бүгінде туындап жатқан мәселелері мен олардың салдарын айқындайды.

Білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалану

Мақалада білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалануы қарастырылған. Авторлар, оқушыларға қажетті білім беру сапасы мен деңгейін арттыру құралы ретінде талдау жасалған.

Похожие статьи

Жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары

Берілген мақалада жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары қарастырылған.

Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері

Мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдерін қарастырады.

Зияты зақымдалған балаларды оқыту технологиялары

Мақалада зияты зақымдалған балаларға арналған оқыту технологиялары қарастырылған және тиімділігі көрсетілген.

Сыр бойының Кете тайпасының батырлары

Мақалада Сыр бойының Кете тайпасының батырлары туралы зерттеледі.

Бастауыш сынып оқушыларының метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру

Аталмыш мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру проблемасын қарастырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары

Берілген мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары қарастырылады.

Құрама-монолитті қаңқалы жүйелердің оңтайландырылған технологияларна шолу

Мақалада құрастырмалы-монолитті қаңқалы жүйелерге шолу жасалады, Қазақстандағы жергілікті жағдайларға оңтайландырып жасау.

Әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асырудағы әсерін бағалау

Мақалада қолданыстағы әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асыру технологиясы ретіндегі бағалау қарастырылған.

Қазақстан Республикасындағы спорт саласының даму мәселелері

Бұл мақалада автор Қазақстандағы спорт саласының дамуында бүгінде туындап жатқан мәселелері мен олардың салдарын айқындайды.

Білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалану

Мақалада білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалануы қарастырылған. Авторлар, оқушыларға қажетті білім беру сапасы мен деңгейін арттыру құралы ретінде талдау жасалған.

Задать вопрос