Шығыс Қазақстан облысы «Шөптіқақ» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізіліп, 12-айлық жылқылардың ет және сүт өнімділігінің көрсеткіштері мақалада келтірілген.
Кілтті сөздер: қазақы жылқы, тұқым, ет өнімділігі, сүт өнімділігі.
В крестьянском хозяйстве «Шоптыкак» Восточно-Казахстанской области были проведены исследования по изучению мясной и молочной продуктивности лошадей в возрасте 12 месяцев.
Ключевые слова: казахская лошадь, порода, мясная продуктивность, молочная продуктивность.
Қазақы жылқылары жыл бойы жайылымдық жолмен өсірілетін жануарлар, жоғары ет және сүт өнімімен ерекшеленеді. Жылқы етінің майы аз болады, бірақ ол балғындығымен, әсіресе жас малдың еті ерекшеленеді. Жылқыны ет үшін 1,5−2 жасқа дейін өсіреді, бұл кезеңде жылқының жас еті ең жоғары сапалы болады.
Жылқы етінің сапасы жайылымға қатысты. Жайылымды тиімді пайдалану шараларына мал жаюға қажетті жер отынның режимін, жайылымның азықтық сыйымдылығын анықтау, оны мал дәрігерлік және зоотехникалық зерттеу, суат сапасы, отарларды, үйір мен табындарды мал санына ыңғайлап құру, мал дәрігерлік қамту, мал көшірілетін жайылымдарға малды дұрыс орналастыру, оны алыстағы жайылымдарға айдау, мал жаю жүйесі мен техникасының тиімді жүйесін жүзеге асыру, ауыспалы жайылымдарды ұйымдастыру, т.б. жатады [1].
Біздің зерттеу жұмыстары Шығыс Қазақстан облысы «Шөптіқақ» шаруа қожалығында жүргізілді. Малдардың ет өнімділігін бағалау кезінде негізгі мән олардың тірі салмағы, тәуліктік салмақ қосуы, сойыс сапасына беріледі.
Зерттеу жұмысы бойынша шаруашылықтағы қазақы жылқылар табынынан алынған төлдердің салмақ көрсеткіштері анықталды және 1 кестеде келтірілген.
Кеcте 1
Еркек төлдеpдiң caлмaқ өзгеpгiштiгi (n=10)
Төлдеpдiң жac меpзiмi |
Қазақы жылқы |
|
М±m |
Opтaшa тәулiктiк өc і м, кг |
|
туғaндa |
48,6±3,2 |
- |
1 aй |
62,7±3,1 |
0,47 |
2 aй |
85,4±4,2 |
0,76 |
3 aй |
104,5±5,3 |
0,64 |
4 aй |
130,3±5,4 |
0,86 |
5 aй |
153,6±4,5 |
0,78 |
6 aй |
178±4,4 |
0,8 |
Кестеде көрсетілгендей жүргізілген тәжірибеден қазақы жылқы төлдерінің туылғандағы салмақ көрсеткіші жоғары болды және тәуліктік салмақ қосуы да жақсы. Яғни қазақы жылқы төлдері туғанда 48,6±3,2 кг болса, 6 aйлық жастарында - 178±4,4 кг болды. Бұл жақсы көрсеткіш.
Жылқы еті — аса бағалы тағамдық шикізат. Жылқы еті бірінші, екінші санаттағы және құлын еті деп үшке бөлінеді. 1 санаттағы жылқы етінің құрамында 69,6 % су, 19,5% белок, 9,9% май, 1,0% күл болса, екінші санаттағы жылқы етінде 73,9 % су, 20,9% белок, 4,1% май, 1,1% күл бар. Жылқы етінен көптеген ұлттық тағамдар жасалады. Жылқы етінде негізінен минералды заттар, оның ішінде темір көп. Әсіресе, жылқы бауыры темірге, А 1 , В 2 , В 12 дәрумендеріне бай. Мамандар жылқы етін мұздатқышта сақтағаннан гөрі оны сүрлеп сақтаған әлдеқайда пайдалы екендігін айтады.
Жылқы етінің химиялық құрамы оның түріне, тұқымына, жынысына, жасына, қоңдылығына байланысты. Қолда өсірілген малдың етінде орта есеппен 52,8−73,7% су, 15−20,3 % белок, 5,8−29,4 % май болады. Және де өзге мал етінен биохимиялық құрамы мен дәмі жағынан айырмашылығы бар. Күн суытып, қырау түскенде соғымға жылқы малы сойылады. Яғни қыста жауратпайды, қуатты арттырып, қажетті дәрумендердің орнын басады. Жылқы етін денегізінен минералды заттар, оның ішінде темір көп. Соғымның сүр еті ғана емес, қазысы мен қартасы, жалы мен жаясы, омыртқасы мен төс еті де сүрленеді. Ал қақталған сүрет бүйрек жұмысына пайдалы. Сүрленген етті әбден пісіріп, сүт пен бірге қабылдау бүйрек пен несеп жолдарына оң әсерін тигізеді. Жылқы етінде негізінен минералды заттар, оның ішінде темір көп. Оларды белгілі бір дертке шалдыққан адамдарды емдейтін кешенді емнің құрамдас бөлігіретінде арнаулы диетаның қатарына қосады. Мұндай тамақ өнімдері диеталық өнімдер деп аталады. Құнарлы тамақтық заттардың, ақ уыздардың, майлардың, көмір сулардың, ағзаға қажетті басқа да заттардың мол көзі жылқы етінде. Жылқы етінің ақ уыздары ағзаға аминдік қышқылдарды тасымалдаушы ретінде қызмет етеді. Көптеген бауыр, ұйқы бездері ауруында, эндокриндік дертке шалдыққан кезде, тамақ рационын ақ уыздармен байыту қажет болған кезде жылқы етін толық қанды ақ уыз ретінде пайдалануға болады. Жылқы етінің калориясы төмен, майы аса бағалы.
Біз зерттеу барысында сойыс көрсеткіштері анықталды, 2 кестеде келтірілген .
Кесте 2
12-айлық жылқы төлдерін сою нәтижелері (n=3)
Тұқым |
Сойыс көрсеткіштері |
||||
Сояр алдындағы тірі салма ғы , кг |
Сойыс салмағы, кг |
Сойыс шығымы, % |
Ұша салмағы, кг |
Ұша шығымы, % |
|
Қазақы жылқы |
328 |
172,5 |
52,6 |
166,3 |
50,7 |
Кестеде көрсетілгендей, қазақы жылқыларының еттілік көрсеткіштері біршама жоғары болды, ол жылқы тұқымына байланысты болып отыр. Мәселен, қазақы жылқы төлінің сойыс көрсеткіші 52,6% болды.
Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл. Жылқыны бағып−қағуда артық шығын шықпайды, еті де сүті де өте арзанға түседі. Жылқы етінің арзандығы өз алдына, қазақ халқы үшін ол аса қадірлі тағам. Ғылыми орындардың арнаулы зерттеулері бойынша, жылқының қара етінің қоректік қасиеті орта есеппен сапалы сиыр етімен тең, бірақ жылқы етінде сиырдың етінен бөлек 24−25 % көп болады. Сондықтан ол қорытуға жеңіл, сіңімі тез. Жасы толған семіз жылқы 10−12 қойдың етін береді. Қазіргі кезде жылқы етінен жасалған қазы−қарта, жал−жаяны білмейтін адам сирек, қай жерде де бұл тағамдар үлкен сұраныста болып отырғаны аян [2].
Жылқының бір қасиеті – сүтінде. Бие сүтінен қымыз ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауғақуат берген осы қымыз. Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып білуге болады. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде «С» витамині мол болады. Сондықтан оның емдік қасиеттері, әсіресе туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары.
Бие сүтінің жалпы белогындағы амин қышқылдарының мөлшері жөніндегі айырмашылықтар үшінші және он үшінші тәуліктегі және құлындағаннан кейін үшінші күні сауылған сүтте анық байқалады. Бұған көз жеткізу үшін ауыстыруға болмайтын амин қышқылдары қалай өзгеретіндігін бақылау керек. Үшінші тәулікте сауылған сүттің жалпы белогында: лизин – 9,3%, ал 13 тәуліктегіде – 6,7%, осыған сәйкес гистидин – 2,9%, глютамин қышқылы – 1,8, треонин – 12,0, триозин – 8,0%, валин − 5%, метионин – 4,3%, аргинин – 6,2% және 6,1 болады.
Ежелден халықта емдік және жас нәресте тағамы ретінде қолданылған бие сүтінің белоктық және амин қышқылдық құрамын зерттеу осы тұрғыдан қарағанда ғылыми және практикалық маңызы бар. Ал одан алынатын қымыз сапалы, шипалық емі бар тағам болып табылады. Бие сүт өндірісіндегі, пайдаланудағы ең алғашқы отаны Қазақстан болса да, оның биохимиялық құрамы сиыр сүтіне қарағанда аз зерттелген. Жаңа биохимиялық және физика−химиялық әдістерді қолдану арқасында сиыр сүтінің құрамында бірнеше жүздеген химиялық заттардан, тек казеин комплексінің өзі жиырмаға жуық белоктық қосылыстан тұратыны анықталған.
Бие сүттілігін профессор К.Дүйсембаевтың шкаласы бойынша айлық жастағы төлдердің енесіне салмағына қатынасы арқылы анықтайды.
Кесте 3
Бие сүттілігін анықтау кестесі
Енесінің салмағына шаққандағы төлдердің көрсеткіштері |
Тәуліктік сүттілігі , кг |
Балл |
|
% |
кг |
||
12 және одан жоғары |
50,4 және одан жоғары |
16,8 және одан жоғары |
10 |
11,0-11,9 |
46,2-50,3 |
15,4-16,7 |
9 |
10,0-10,9 |
42,0-46,1 |
14,0-15,3 |
8 |
9,0-9,9 |
37,8-41,9 |
12,6-13,9 |
7 |
8,0-8,9 |
33,6-37,7 |
11,2-12,5 |
6 |
7,0-7,9 |
29,4-33,5 |
9,8-11,1 |
5 |
6,0-6,9 |
25,2-29,3 |
8,4-9,7 |
4 |
5,0-5,9 |
21,0-25,1 |
7,0-8,3 |
3 |
Біздің зерттеуіміздегі биелердің сүттілігін анықтасақ, қазақы жылқыларының тәуліктік сүттілігі 14,0-15,3 кг немесе 8 балдық жүйені құрайды. Осыған орай, сүт өнімділігінің төл салмағына тікелей қатыстылығына көз жеткіземіз.
Әдебиет:
- Әкімбеков, Б.Р. Жылқы шаруашылығы: Өңд. толық. екінші басылым / Б.Р. Әкімбеков, А.Р. Әкімбеков.- Алматы: Альманахъ, 2016.- 362 б.
- Нұрышев, М. Табынды жылқы шаруашылығы технологиясымен жайылымды тиімді пайдалану негіздері: оқу-әдістемелік құралы / М. Нұрышев.- Алматы: ТОО «Лантар Трейд», 2018.- 202 б.