Күріш аурулары және олармен күрес шаралары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Научный руководитель:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №11 (406) март 2022 г.

Дата публикации: 16.03.2022

Статья просмотрена: 328 раз

Библиографическое описание:

Жайлаубайкызы, Нургуль. Күріш аурулары және олармен күрес шаралары / Нургуль Жайлаубайкызы. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 11 (406). — С. 302-304. — URL: https://moluch.ru/archive/406/89451/ (дата обращения: 19.12.2024).

Мақалада Қызылорда облысы көлемінде ең көп өсірілетін күріш дақылының негізгі ауруларын қарастырамыз. Фузариоз, пирикуляриоз, альтернариоз ауруларының алдын-алу шаралары,күрес шараларына негіздеме көрсетілген.

Кілт сөздер : альтернариоз,фузариоз,пирикуляриоз,фунгицид.

В статье рассмотрим основные болезни наиболее возделываемой рисовой культуры в Кызылординской области. Показаны меры профилактики, обоснование мер борьбы с фузариозом, пирикуляриозом, альтернариозом.

Ключевые слова : альтернариоз, фузариоз, пирикуляриоз, фунгицид.

Қызылорда облысы көлемінде ең көп өсірілетін дақыл күріш болып табылады. Бұл дақылдың өнімінің және оның сапасының төмендеуінің себептерінің бірі вегетация барысында күріштің әртүрлі ауруларға шалдығуы. Ол үшін дақылдың зерттеу аймағындағы негізгі ауру қоздырғыштарын, олардың биологиялық ерекшеліктерін, таралуын, зияндылығын жан‑жақты зерттеу қажет [1].

Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары шығарған Арал 202, КазЕР-6, КазНИИР-5, АйСауле, Ару, Түгіскен сорттары Қызылорда облысында кездесетін күріш аурулары- фузариоз және альтернариозға төзімділігі жоғары болып келеді. Ал пирикуляриоз ауруы 5–6 жылда бір рет қайталанатын болғандықтан, сорттардың бұл ауруға төзімділігін зерттеу және арттыру қиындау [2].

Қызылорда облысы көлемінде ең көп кездесетін күріш аурулары-фузариоз,пирикуляриоз,альтернариоз.Пирикуляриоз-күріштің ең қауіпті ауруы. Қоздырғышы–жетілмеген саңырауқұлақ Piricularia oryzae Cav. Зақымдау сипатына байланысты ауру үш түрге бөлінеді: жапырақта, буында және шашағында. Жапырақ алақаны мен жапырақ қынабында ақшыл- қоңыр дақ пайда болады, ол біртіндеп үлкейіп ұзындығы 3–4 см және ені 0,5 см болады. Ауру күріш өсу кезінде конидиямен таралады. Саңырауқұлақ өсімдік қалдығында, тұқымда сақталады.

Альтернариоз қоздырғышы-Alternaria Fr тұқымының жетілмеген саңырауқұлақтары: Alternaria alternfta Nees. Ауру күріш жапырағында қоңыр белгілі формасы жоқ дақ пайда болады. Ол астық тұқымдас дақылдардың барлығында кездесетін факультативті паразит. Аурудың қоздырғыштары тұқымдарда және зақымдалған өсімдік қалдықтарында мицелий және кондидиум түрінде сақталады [3].

Күріштің кең тараған ауруына фузариозды тамыр шіруі және дән фузариозы жатады. Ауырған өсімдік ақшыл-сары немесе ақшыл-жасыл түсті болады.Фузариоз қоздырғыштары: Fusarium тұқымының кейбір түрлері, атап айтқанда Fusarium graminearum Schwabe (syn.: Gibberella zeae (Schwein.) Petch). Олардың инфекциясы шірімеген өсімдік қалдықтарымен қатар,топырақта сақталады,тұқым арқылы таралуы да мүмкін.Қорғаныс шаралары: оңтайлы ауылшаруашылық технологиясы, ауыспалы егісті сақтау, салыстырмалы түрде төзімді сорттарды өсіру [4].

Зерттеудің мақсаты

Қызылорда облысы көлемінде өсірілетін күріш дақылының негізгі ауруларын анықтау, ауру қоздырғыштардың даму ерекшеліктерін зерттеу негізінде олармен күресу шараларына негіздеме жасау.

Материалдар мен әдістер

Материал ретінде жергілікті селекциясының Маржан күріш сортын таңдадық. Бұл сорт отандық селекцияның бастапқы үлгілерін және индукцияланған үлгідегі мутагенез технологиясын қолдана отырып, «ҚазҒЗИ күріш шаруашылығы» ЖШС-ға шығарылды. Тәжірибе «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ғылыми-өндірістік учаскесінің № 1 ауыспалы егісі, 4 атызда жүргізілді.Себу жұмыстары 2021 жылдың 24 мамыр күні жүргізілді. Зиянды организмдер — күріштің вегетациялық кезеңінде кездесетін негізгі аурулары.

Тәжірибені енгізу үшін келесі стандарттар мен әдістер қолданылды:

  1. А. С. Воробьев бойынша өсімдіктердің тығыздығын есепке алу,1965 5;
  2. Н. А. Майсурян бойынша биометриялық талдау жасау, 1973 6;
  3. Фузариоз тамыр шірігі мен аурудың диагностикасының даму дәрежесін есептеу — А. И. Петров, 1976 [7];
  4. Н. А. Тихонова әдісі бойынша пирикуляриоз ауруының даму дәрежесі мен зияндылығын есептеу 1988 [8];
  5. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің тізімі, 2015 [9];
  6. Б. А. Доспехов бойынша мәліметтерді математикалық өңдеу, 1968 10;
  7. В. А. Павлюшин әдістемесі бойынша Бақылау және есепке алу жүйесі 11.

Учаскені салғаннан кейін өңдеуге дейін 100 өсімдік есепке алу және талдау үшін таңдап алынды.Нәтижесінде өсімдіктердің сарғайған жапырақтары бар екендігі анықталды, олар фузариозды тамыр шірігінің белгілері болып табылады. Есепке алу О. В. Подкин әдіс бойынша жүргізілді (1981), жапырақтардың зақымдалу пайызы орташа 12,7 % құрады. Күріштің пирикуляриоз белгілері алғашқы кезде қоңыр түсті, нүктелі, біртіндеп ұзартылған, эллипсоидтық дақтар пайда болды, олардың ортасында жапырақ бетінің жеңіл зақымданулары болды.Өсімдіктің зақымдану қарқындылығы зақымдалған жапырақ бетінің ауданымен анықталды. Негізінен жапырақ формасының аурудың даму дәрежесі 5 % -ке дейін жетті және 0,1 баллдық зақымдалу шкаласына сәйкес келді.

Қызылорда облысының ауылдық округтары бойынша 11,0 мың га жер тексерілді.Альтернариоз ауруы Ақсу,Шаменов,Еңбек ауылдық округтарында табылды.Ақсу-0,05 мың га,Шаменов -0,06мың га,Еңбек-0,022мың га көлемінде альтернариоз ауруымен залалданған.Аурудың таралуы Ақсу ауылдық округында 2,8 %,Шаменов 1,4 %,Еңбек 2,0 %-ды құрайды. Үш ауылдық округта зақымдалу деңгейі төмен.

Фузириозды тамыр шірігін анықтау мақсатында ауылдық округтар бойынша 1,0 мың га жерге тексеріс жүргізілді. Күріштің фузариозды тамыр шірігі ауруының жазғы-күзгі таралу және даму мәліметінің қорытындысына келер болсақ Мырзабай ахун ауылдық округында 0,023 мың га жер залалданған,таралуы 0,95 % құрайды. Ал фузариозды тамыр шірігі ауруының көктемгі-жазғы таралу және даму мәліметінің қорытындысында Еңбек ауылдық округы 0,027 мың га және таралуы 2,6 % көрсетіп отыр.Келесі жылы тұқымды улау және агротехникалық шараларды толық пайдалану қажет. Аурудың дамуы мен таралуы ауа-райына байланысты болады.

Пирикуляриоз ауруын анықтау А. И. Петрова (1976), Н. А. Тихонова және басқалары (1988) әдісі бойынша жүргізіліп,есепке алынды. Пирикуляриоз ауруына келер болсақ,ауылдық округтары бойынша 11,0 мың га жер тексерілді..Тексеру барысында пирикуляриоз анықталмағандықтан,топырақта инфекция болмайды,сәйкесінше келесі жылы зақымдалу деңгейі төмен болады.Фузариозды тамыр шірігінің белгілері зерттеу барысында табылып,есепке алу О. В. Подкин әдіс бойынша жүргізілді.Фузариозды тамыр шірігін келесі жылы деңгейін төмендету мақсатында тұқымды улау және жалпы агротехникалық шараларды қолдану ұсынылады.

Осылайша,күріштің вегетация кезінде, яғни пирикуляриоз, фузариоз, альтернариоз ауруларының белгісі жапырақта пайда болған кезеңінде төмендегі фунгицидтерді импакт 12,5 % с.к. екі мөлшерде 1,0 л/га және 1,5 л/га, Колосаль к. э. — 0,75 л/га және инсектицидтік және фунгицидтік қасиеті бар жаңа Селест Топ 312,5 с.к. препаратын екі мөлшерде 1,0; 1,8 л/га қолдану ұсынылады.Ұсынылатын тәжірибе нұсқасы:1.Бақылау (өңделмеген); 2. Фундазол 50 % с.п. (эталон) — 2,0 кг/га;3.Импакт 12,5 % с.к. — 1,0 л/га;4.Импакт 12,5 % с.к. — 1,5 л/га;5.Колосаль к. э. — 0,75 л/га;6.Селест Топ 312.5 с.к. — 1,0 л/га;7.Селест Топ 312.5 с.к. — 1,8 л/га.Эталон үшін Фундазол 50 % с.п. препараттарын бүрку ұсынылады.Тұқым өңдеу жұмыстары арнайы жасалған ПСШ-5, ПС-10, Мобитокс супер машиналарында өңделеді.

Әдебиеттер:

  1. Қозыбаев М. Казахстан — арсенал фронта:монография.М.,2013. 180б.
  2. Жуматаева Ж. Б. Қызылорда облысының орталық-экологиялық аймағында күріштің инновациялық сорттарын сынау нәтижелері / / Ж. Б. Жуматаеваю., Н. Ш. Нургалиев., Э. А. Ержанова., Адишова А. // Молодой ученый.2018. № 50.1 (236.1).11б
  3. Урожайность риса в Кызылординской области:Zakon.kz.URL https://www.zakon.kz/4507927-v-kyzylordinskojj-oblasti-urozhaju-risa.html
  4. Фузариоз.Wikipedia.URLhttps://ru.wikipedia.org/wiki/ %D0 %A4 %D1 %83 %D0 %B7 %D0 %B0 %D1 %80 %D0 %B8 %D0 %BE %D0 %B7
  5. Воробьев А. С. Учеты густоты стояния растений, засоренность посевов. Растениеводство, М., 1965.102б
  6. Майсурян Н. А. Биометрические анализы урожайных данных. Растениеводство, М., 1973.155б
  7. Петрова А. И. Учет степени развития фузариозной корневой гнили и диагностика болезней. Методические указания:Ленинград:ВИЗР,1976.28б
  8. Тихонова Н. А. Методы диагностики, учету и оценке вредоносности пирикуляриоза риса.Методические указания:Москва, 1988.128б
  9. Список пестицидов (ядохимикатов), разрешенных к применению на территории РК на 2003–2012 годы.справочник. Астана, 2003 г.38б
  10. Доспехов Б. А. Математическая обработка урожайных данных //Методика полевого опыта. М., 1968.201б
  11. Павлюшин В. А. Основные направления микробиологической защиты растений от болезней / Павлюшин В. А.; Гос. ком. СССР по науке и технике. М,: Москва, 1990.89б
Основные термины (генерируются автоматически): фузариоз, аура, дама, мена.

Ключевые слова

фузариоз, фунгицид, альтернариоз, пирикуляриоз

Похожие статьи

Танымал сүт өнімі — йогурт

Бұл мақалада сүт және өсімдік шикізатына негізделген йогурт өндіру технологиясы ұсынылған. Сүт және өсімдік шикізатын біріктіру арқылы жаңа пайдалы тамақ өнімдерін жасауға мүмкіндік береді.

Микробалдырларды (хлорелла) өсіруге жағдайлар мен әртүрлі факторлардың әсері

Климаттық жағдайларға байланысты біздің елімізде хлорелланы ашық жерлерде өсіру қиын, сондықтан биореакторларды қолдану қажет. Мал шаруашылығы кәсіпорындарында биореакторларды пайдалану және жануарлардың рационына микробалдырлар мәдениетін енгізу жем...

Топырақтардың мұнай өнімдерімен ластануы және оларды қалпына келтірудің тиімді әдісі

Мақалада мұнай өнімдерімен ластанған топырақтарды биоремедиация әдәсі арқылы тазартатудың нәтижелері келтірілген. Бөлініп алынған белсеңді штаммдардың негізгі көміртек көздерінде өсуі, олардың морфологиялық, физиологиялық-биохимиялық қасиеттеріне сип...

Оқыту сапасын арттыруда білімді бақылау мен бағалаудың маңызы

Бұл мақалада оқышылардың білім, білік, дағдыларын бақылау мен бағалаудың маңызы, оның мақсаты мен негізгі қолданылатын әдістері қарастырылған. Ауызша жәннне жазбаша тексеру әдістерінің маңызы, орны мен бөлімдері, жайлы мәселер қарастырылған.

Бастауыш сынып оқушыларының әмбебап оқу әрекеттерін кіріктірілген сабақтарда қалыптастыру (4-сынып)

Кіріктіріп оқыту — әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастырудың бірден бір көзі негізінде. Бастауыш сынып білім алушыларының бойында табылатын жоғары дәрежедегі сапаларға зерттеу жүргізілді. 19 бастауыш сынып мұғалімінен кіріктірілген сабақты қаншалықты ж...

Өнеркәсіптік объектіні салқындатудың автоматтандырылған жүйесі

Мақалада өнеркәсіптік объектінің автоматтандырылған салқындату жүйесі қарастырылған. Өнеркәсіптік салқындату-бұл үлкен көлемдегі (цехтар, ангарлар) өндірістік ғимараттарда ауаны сапалы салқындатуды қамтамасыз ететін заманауи технология. Өнеркәсіптік ...

Бидай фитопатогендерін бақылау және тұқымның фитопатологиялық сараптамасының маңызы

Зерттеулер 2019–2022 жылдары Шығыс Қазақстанның егістіктерінде күздік бидайды қорғаудың тиімділігін арттыру үшін әртүрлі экологиялық топтардың фитопатогендерін мониторингтеу әдістері мен алдын алу шараларын негіздеу мақсатында жүргізілді. Зерттеу жыл...

Шығыс Қазақстан облысы шаруашылықтарында мүйізді ірі қара телязиозының таралуы және емдеу оның нәтижелері

Мақалада Шығыс Қазақстан облысы шаруашылықтарында мүйізді ірі қара телязиозының таралуы және емдеу нәтижелері ұсынылған Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында бұл аймақта таралған ауру қоздырушысының түрі Thelasia rhodesi жұмыр құрты екенін көрсетті. С...

Заңсыз кірістерді заңдастыруды тергеудің негізгі бағыттары

Бұл мақалада Заңсыз жолмен келген ақшалай қаражаттарды немесе басқа мүлікті заңдастыруды тергеу бойынша жаңа шараларды жетілдіруге және әзірлеуге арналған негізгі бағыттары туралы қарастыралады.

Дизартриясы бар мектеп жасына дейінгі балаларда етістік лексикасын кеңейту негізінде белсенді сөздікті қалыптастыру

Берілген мақалада мектепке дейінгі баланың сөйлеу тілінің кезеңдерінің дамуы туралы қарастырылады.

Задать вопрос