Қазақстандағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №14 (409) апрель 2022 г.

Дата публикации: 08.04.2022

Статья просмотрена: 597 раз

Библиографическое описание:

Оксикбай, А. Ж. Қазақстандағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу / А. Ж. Оксикбай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 14 (409). — С. 346-349. — URL: https://moluch.ru/archive/409/90085/ (дата обращения: 19.12.2024).

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Алайда, еліміздегі азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың көріністері кездеседі.

Осы мақала арқылы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты алдын алу механизімін ұйымдастыру арқылы азаматтарға сапалы қызмет көрсету көзделеді. Нәтижесінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Түйінді сөздер: мемлекеттік қызмет, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызметші.

На постоянной основе проводится работа в сфере противодействия коррупции в Республике Казахстан. Однако в процессе оказания государственных услуг гражданам в стране встречаются проявления бытовой коррупции.

Данная статья предусматривает качественное обслуживание граждан путем организации механизма предупреждения бытовой коррупции. В результате это позволит создать комфортные условия для населения.

Ключевые слова: государственная служба, бытовая коррупция, государственный служащий.

Кіріспе

Сыбайлас жемқорлықтың көріністерінің мемлекеттік басқару мен мемлекеттік органға деген сенімнің халық арасында төмендеуіне алып келеді. Оның ішінде, мемлекеттік қызмет көрсетудегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың жиі көрініс алуы наразы қызмет алушылардың санын көбейтеді.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың салдарынан мемлекеттік қызмет алушы азаматтардың бір бөлігіне заңсыз артықшылықтар көрсетіліп, өзге қызмет алушылардың азаматтық құқықтары бұзылады.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың түрлерін анықтау сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді стратегияны әзірлеу үшін өте маңызды.

Мақалада мемлекеттік қызмет көрсетудегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың көріністері қалай, неге пайда болады? Және алдын алу жолдары түсіндіріледі.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық-бұл қарапайым азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлердің өзара әрекеттесу нәтижесінде пайда болатын сыбайлас жемқорлықтың көрінісі. Аталған сыбайлас жемқорлық түріне лауазымды тұлғаның және оның отбасы мүшелерінің азаматтардан түрлі сыйлықтар мен қызметтерді қоса алғанда материалды немесе материалды емес игіліктерді жатқызуға болады. Оның ішінде:

ақша, валюта, банктік чектер және бағалы қағаздар, бағалы металдар мен тастарды, автомашиналарды, тамақ өнімдерін, видеотехника, тұрмыстық техника және басқа да тауарлар, пәтерлер, саяжайлар, қала сыртындағы үйлер, жер учаскелері және басқа да жылжымайтын мүлік, емдеу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаториялық және туристік жолдамалар, ойын-сауықты және басқа да шығыстарды өтеусіз немесе төмендетілген банктік кемелер, борышқа немесе өтеу түріндегі төмен бағамен сатып алынған тауарларға ақы төлеу, тауарларды жоғары бағамен сатып алу, жалған еңбек пара алушыға, оның туыстарына, достарына жалақы төлеу туралы шарттар, кредит жеңілдіктерін алу, дәрістер, мақалалар мен кітаптар үшін қаламақыны асыра төлеу, қарызды кешіру, жалдау ақысын азайту және т. б.

Сонымен бұл санатқа жекжаттық (непотизм (кумовство) жатады. [1]

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық азаматтар мен биліктің күнделікті өзара әрекеттесу саласында пайда болады. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, сот ісін жүргізу, қызмет көрсету, жеке қауіпсіздік.

«Қазақстан-2050» стратегиясын, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуы Концепциясын, Бес институционалдық реформаны, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын және басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды тиімді іске асыру үздік халықаралық тәжірибені зерттеуді және бейімдеуді, сонымен қатар шетелдік әріптестермен тұрақты ықпалдастықты қажет етеді. [2]

Аталған құжаттарда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық термині енгізілген және жалпылама түсінік берілген. Алайда, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың анықтамасы, түрлері орын алу факторлары мен оны алдын алу іс-қимылдары белгіленбеген. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қыймыл заңында «тұрмыстық сыбайлас жемқорлық» терміне келтірілмеген.

Бұдан бөлек, жалпы 2020 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 1021 адам сотталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тіркеген сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша 722 адам сотталды, олардың арасында 144 басшы (оның ішінде 1 облыс әкімі, 4 облыс әкімдерінің орынбасарлары, министрліктің 2 жауапты хатшысы, 2 комитет төрағасы, 1 елші, 5 судья, 10 аудандық және қалалық әкім). 25 аса ауыр және 1368 ауыр қылмыстың, 112 жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолы кесілген.

Агенттік 50,7 млрд. теңгені өтеді (белгіленген залалдың 60,1 млрд. теңгесінен), бұл 2019 жылдың көрсеткішінен екі есе жоғары (22,7 млрд. теңге). Пара алу және жымқыру фактілері бойынша еселік айыппұл сомасы 2,8 млрд. теңгені құрады. Келтірілген залалды қамтамасыз ету үшін, күдіктілердің мүлкіне 1,2 млрд. теңге сомасында тыйым салынған.

Алдын алу-профилактикалық және қылмыстық-құқықтық бағыттар бойынша Агенттік жұмысының жиынтық экономикалық тиімділігі 2020 жылы 95,6 млрд. теңгені құрағанын ерекше атап өту керек. [3]

Зерттеу жұмысының тұрмыстық сыбайластық бағытын қарайтын болсақ, анықтау мен алдын алу бағытындағы шараларды жүргізу қыйын. Себебі, азаматтар өзіне артықшылықтар алу кезінде бұзылған құқықтарын қалпына келтіруші арыздануы немесе құзырлы органдардың дәлелдеу материалдары аз болады.

Ал, мемлекеттік қызмет көрсеуге келер болсақ, ондағы қызмет көрсетулер санының көп болуына және белгіленген стандарттарды айналып өту жолдарын анықтау қыйын. Себебі, нормативтік құқықтық базаның жасақталуында кей анықтамалар қажеттілігі немесе қажетсіздігі көрсетілмеген. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет көрсетуде туыстық пен таныстық, қызметтің бағыныстылығы мен қызметкерге әсер ететін сыртқы факторлар әсерін төмендету бойынша нақты нұсқаулықтың жоқтығы.

Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бағытында озық шетелдік тәжірибелер көрсеткендей қоғамдық бақылауды күшейтуге мән беріліп, сервистік жүйеге ауысу бастамалары көтерілді. Осылардың негізінде саяси партиялар мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері арқылы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейін анықтау мен олардың жолын кесу бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Еліміздің 17 өңірінде арнайы кеңселер ашылып, «адал жол», «адал білім» акциялары өткізілді. Алайда, аталған акциялар бір реттік немесе бір жылдық бағытта болып, нормативтік құқықтық актілерде бекітілмеген тексерулер болып есептеліп, тек азаматтық бастамалар негізінде қалды.

Бұл іс-шалардың нәтижесінің төмен болу себебі, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың ұғымы нормативтік құқықтық актілерде көрсетілмегендіктен төмендегі фактірлерге әкеліп соғады.

Атап айтсақ, азаматтар мен қызмет көрсетуші мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің өзара әрекеттесуінде кездескен күнделікті фактілерді анықтау және жазалау механизімі жоқ. Себебі, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін азаматтар арасында сауалнама арқылы анықтағанымен оған шара қолдану мен жою бағытындағы шаралар тек ұсыныс негізінде еңгізіледі.

Екіншіден, азаматтардың тұрмыстық сыбайлас жемқорлық мағынасы мен түрлерін түсінбеуі себебінен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатынын білмейді. Нәтижесінде азамат өзінің іс-әрекеті арқылы әкімшілік немесе қылмыстық қудалауға ұшырауы мүмкіндігін сезінбейді.

Үшіншіден, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық фактілерінің жиі орын алуы және қазақстанның барлық өңірінде кездесуі азамматтардың мемлекеттік орган мен оның қызметкерлеріне деген сенімді төмендетеді.

Жоғарыда келтірілген үш факторды болдырмау және олардың алдын алу бойынша келесі кешенді жұмыстар қабылдануы қажет.

Біріншіден, нормативтік құжаттарға терминология енгізу қажет. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық терминін енгізу арқылы алдын алу мен күрес жүргізу шараларымен құқықтық негіз пайда болады. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл органдарының жұмысының тиімділігін арттырады.

Екіншіден, азаматтар арасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлық анықтамасы мен көрінісін және түрлері жөнінде ақпараттандыру жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Азаматтарға тұрмыстық сыбайлас жемқорлық ұғымын, оның зиян келтіру себептері мен салдарын және азаматтардың жеке жауапкершілігін кеңінен түсіндіру арқылы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың фактілері азаяды. Азаматтардың жеке жауапкершілігі күшейіп, қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа деген нөлдік төзбеушілікті қалыптасады.

Үшінші, алдын алу бағытындағы кешенді шаралармен қоса жазалау механизімінде бұлтартпау шаралары мен дәлелдеу механизімін қалыптастыру мен оны бекіту қажет. Нәтижесінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың түріне, келтірілген залалы мен қалпына келтіру көлемдері айқындалады. Жазалау шаралары негізінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қатысушы тұлғаларды жазалауға мүмкіндік береді.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың заңнамаларда белгіленген сыбайлас жемқорлықтың өзге түрлерімен салыстырғанда ауқымы кең және қоғамның басым бөлігіне қатысты. Сондықтан тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және деңгейін төмендету үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыты ретінде қарау қажет.

Әдебиет:

  1. Ресей Федерациясының Ставрополь аумағының құрылысы мен сәулеті министрлігі» «Қазіргі өмірдегі «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық» сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша жадынама http://balakhna.nn.ru/?id=42322
  2. «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2200000802#z23
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2020 жылдың ұлттық баяндамасы https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-burlin/press/article/details/48775?lang=kk
  4. https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/228853?lang=kk
Основные термины (генерируются автоматически): мена, бытовая коррупция, млрд, немес.

Ключевые слова

мемлекеттік қызмет, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызметші

Похожие статьи

Ұшқышсыз көлік құралдарының жұмыс істеу принциптері

Мақалада ұшқышсыз көлік құралдарының жұмыс істеу принциптері қарастырылған, қазіргі уақытта ұшқышсыз көлік құралдарының қозғалысын қамтамасыз ету және бағдарлау саласында қолданылатын техникалық және бағдарламалық шешімдері келтірілген. Ұшқышсыз авто...

Жасөспірімдерді қылмыс құрбаны ретінде криминологиялық зерттеудің виктимологиялық профилактика үшін маңызы

Мақалада автор кәмелетке толмаған қылмыс құрбандары туралы, қылмыс құрбанына айналу себептері туралы, оның ішінде интернеттің әсері туралы, қылмыс құрбандарының сипаттамасы туралы мәселелерді қарастырады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру кезіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі

Қазіргі әлемде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекет халықпен өзара тиімді әрекеттесуі үшін бұл құралды пайдалануға тиіс. Мақалада мемлекеттік аппараттың АКТ-ны пайдалану түрлері мен тәсілдер...

Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй кварталдарын жаңғыртудағы негізгі талаптар

Мақалада Қазақстан қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуі және жаңа шешімдердің ұсынылуы туралы айтылады. Қарапайым халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және де сол тұрғын үйлердің қазіргі ә...

Құрылымдары әр түрлі тілдердегі аударма барысындағы мәселелер

Әлемде неше тіл болса, сонша мәдениет бар. Мәдениет алмасу, әсіресе жаһандану заманында орасан зор маңызға ие. Бұл ретте аударма қарым-қатынастың өзекті кілті болып табылады. Аударма ісі қызығы мен қиындығы қатар жүретін құбылыс. Әсіресе, құрылымдары...

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының рөлі

Мақалада шаруа немесе фермер қожалықтарының рөлі, олардың қалыптасу және даму кезеңдері қарастырылады. Шаруа қожалығының ауыл шаруашылығындағы тұрақты динамикалық нысаны ретіндегі сипаттамасы келтірілген. Тиімді жұмысты ұйымдастыру үшін олардың эконо...

Нұр-Сұлтан қаласының автотұрағын талдау және көшелеріндегі көлік кептелісі жағдайларын анықтау

Нұр-сұлтан, Қазақстан Республткасының елордасы көлік инфрақұрылымының қарқынды дамуы, сондай-ақ қала экономикасы мен халқының жақсаруы осы салада бұрын болмаған бірқатар проблемаларды анықтады. Енді қаланы қарбалас уақытта түсіру міндеті барған сайын...

Эко-қалаларды дамытудың шетелдік тәжірибесі

Экологиялық қаланың дамуына негізделген негізгі принциптер қарастырылады, экологиялық қалалардың жіктелуі және әлемнің әртүрлі елдеріндегі белсенді экологиялық қалалардың кейбір мысалдары, соның ішінде Куритиба, Йокогама және басқалары зерттелді. Жұм...

Domino-7 ортасында құпия сөз бен спамдарды баптау саясаты

Қазіргі таңда бағдарламалардың нәтижелі жұмыс істеуі үшін оның қауіпсіздігін дұрыс ұйымдастыру қажет, ал ол қауіпсіздік құпия сөздердің баптау, криптография жүйлерін дұрыс пайдалану, сертификаттардың дұрыс жұмыс істеуі мен олардың уақтылы өзгертіп от...

Қазақстанның Маңғыстау облысының білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы мамандарын тұрғын үймен қамтамасыз ету

Тұрғын үйге қолжетімділік халықтың әл-ауқатының ағымдағы деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Мақалада Қазақстанның тұрғын үй саясатын іске асырудағы мемлекеттік бағдарламалардың бағыттары қарастырыла отырып, денсаулық сақтау, біл...

Задать вопрос