Қашықтықтан оқыту кезіндегі конструктивті кері байланыс | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №15 (410) апрель 2022 г.

Дата публикации: 19.04.2022

Статья просмотрена: 441 раз

Библиографическое описание:

Жаканова, А. Т. Қашықтықтан оқыту кезіндегі конструктивті кері байланыс / А. Т. Жаканова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 15 (410). — С. 362-365. — URL: https://moluch.ru/archive/410/90031/ (дата обращения: 19.12.2024).



Көрсетілген мақала оқыту процесіндегі тиімді конструктивті кері байланыс берудің жолдарын, түрлерін қарастырады.

Түйінді сөздер: сабақтағы кері байланыс, тиімді кері байланыстың түрлері

Данная статья рассматривает эффективные способы конструктивной обратной связи в обучении.

Ключевые слова: конструктивная обратная связь, виды обратной связи на уроке

Менің ойымша, сіз үнемі не істегеніңіз туралы және оны қалай жақсартуға болатындығы туралы ойланатын кері байланыс циклы болуы керек.

Илон Маск

Қазір таңда Қазақстан Республикасының 12 мыңнан астам мектебі қашықтықтан оқыту форматында жұмыс істейді. 27 мың оқушы онлайн режимде білім алады, бұл мұғалімдерді өз тәжірибесінде теле сабақтар, интернет-платформалар арқылы түрлі сабақ-конференциялар, өзіндік жұмыстардың әртүрлі түрлері, чат-сабақтар сияқты оңтайлы және алуан түрлі қызмет түрлерін қолдануға міндеттейді. Қашықтан оқытуды жақсарту бес негізгі жағдайға байланысты екені белгілі:

— мұғалімнен оқушыларға тиімді кері байланыс,

— оқушыларды өз оқу процесіне белсенді қосу,

— оқушылардың мотивациясы мен өзін-өзі бағалауы, бағалауға тікелей байланысты екенін түсіну,

— бағалау кезінде алынған нәтижелерді оқытудағы есептер, оқыту кезінде алынған бағалау нәтижелерін ескеру керектігі,

— оқушылардың өзін –өзі бағалауға қабілеттілігі.

Демек, берілген уақыт режимінде кері байланыстың нақты жұмыс істеуі, тиімді оқу процесінің ажырамас шарты болып табылады.

ҚР БҒМ 2020 жылғы нұсқаулығының 2-тармағында электрондық журналдар немесе мұғалім айқындаған өзге де қолжетімді байланыс түрлері, оның ішінде мессенджерлер арқылы кері байланыс беру туралы айтылған. Бесінші абзацта былай делінген: электрондық журналдар арқылы кері байланыс жасаңыз. Кundelik.kz, Bilim Land жүйелері, mektep.edu.kz. электрондық журналдар болмаған жағдайда — педагогтің қалауы бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы (мұғалім кері байланысты ұсыну мерзімділігін өз бетінше айқындайды) тиімді кері байланысты ұйымдастырыңыз. Көрсетілген тармақтар мұғалімнің оқушы жетістігі үшін үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан қашықтықтан оқыту барысында тиімді кері байланысты жүзеге асыру кезеңдеріне тоқталғым келді. Осы мәселе бойынша ғалымдардың зерттеулерін зерттей отырып, біз кейбір аспектілерді анықтадық, атап айтқанда, кері байланыс оқу процесінің қалай жүретіні туралы түсінік беретін құрал ретінде мұғалімге оқушылардың жетістіктері мен проблемалары туралы хабарлайды. Бұл мақсатқа жету деңгейін анықтауға және оқу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Кері байланысты оқу мақсатына жетелейтін нақты әрекеттер туралы хабарлау және түсініктеме алу процесі ретінде ұсынуға болады. Джон Хатти бұл пікірде кері байланыс бұл оқушының жетістік деңгейін анықтауға, оның танымдық әлеуетін толтыруға және келесі қадамдарды анықтауға арналған ақпарат көзі десе, Джув зерттеулерінде (2004) бұл нәтиже мен осы нәтижеге әкелетін әрекет арасындағы байланыс дейді. Дигнен (2011) бойынша, кері байланыс бұл басқа адамға өз іс-әрекеттеріндегі өзгерістерді қарастыруға және басқаларға әсер ету туралы ақпарат алуға көмектесетін әдіс. Дәлірек айтсақ, кері байланыс-бұл оқушыға ұсынылған ақпараттың сипаты мен әсерін зерттеу әдісі. Бил Гейтс кері байланыстын күші зор деп есептейді, өйткені бұл миссия тиімді нәтиже береді. Тиімді кері байланыс оқытудың өзінен гөрі маңызды.

Кері байланыстар-бұл оқутушыдан оқушыға және одан оқушыға (сыртқы кері байланыс) немесе оқушыдан өзіне (ішкі кері байланыс) процес барысында өтетін оқу нәтижелері туралы ақпарат. Мұғалімнің немесе оқушының оқу барысы туралы алынған мәлімет алдын ала белгіленген нормативтермен салыстырылады, алынған салыстыру нәтижелері мұғалім үшін оқушының оқу жетістігін «бағалау» үшін негіз болады, ал оқушы үшін оқу процесінде өзін –өзі бағалау және өзін-өзі түзету үшін негіз болып табылады. Яғни, көрсетілген кері байланыс мысалы, теріс кері байланыс болса, оқушының оқу процесіне деген қызығушылығын жояды. Ал жағымды кері байланыс оқушының оқу процесіне деген қызығушылығын арттыра түседі. Сондықтан, тиімді кері байланыс алға дамудың, оқушы қабілеттірі мен танымдық процестерін дамытудың бірден бір жолы екендігін ескергеніміз жөн.

Ғылыми зерттеулерде кері байланыстың келесі сипаттамалары көрсетіледі: атаулылық, конструктивтілік, пайдалылық, уақтылық, анықтық және сенімділік сипатталады. Атаулылығы: кері байланыс оқушының жеке қабілеттері мен мүдделерін ескере отырып берілуі керек, ол өзін-өзі бағалауды кемсітудің орнына оның құндылығы мен маңыздылығын арттыруы керек деп болжайды. Конструктивтілігі: кері байланыс кезінде жеке тұлғаға баға бермеу керек, бірақ естілген ақпаратқа қатысты өз ұстанымын білдіру керек; Пайдалылығы: кері байланыс түрінде берілген ақпарат проблемаларды шешуге көмектесуі керек; Уақтылығы: кері байланыс неғұрлым тез болса, соғұрлым жақсы; Айқындығы: оны нақты, біржақты түсінуге болатын сөз тіркестерінің көмегімен жүзеге асыру керек; Сенімділігі: кері байланыс арқылы берілетін ақпарат сенімді және нақты жағдайды көрсетуі керек.

Тиімді кері байланыстың ерекшеліктерін ескере отырып, оның міндеттері ретінде бақылау және бағалау, ынталандыру, дамыту, өткенді шоғырландыру, оқушының жауапкершілігін қалыптастыруды атап өтуге болады. Мінез-құлықтың өзгеру кезеңдері-қарсылық, эмоционалды толқулар, орындау, жаңа модельді қабылдау. Біз кейбір кері байланыс қателіктерін байқамаймыз, мысалы, безендіру, «бірақ» комбинациясы, өткеннің еңбегін есепке алу, сұраныспен біріктіру, субъективтілік, теріс эмоционалды фон, жұмбақ. Елемеу -кері байланыстың ең қауіпті құралы. Бұл әдісті оқушының өзін-өзі реттеуі жоғары болса және теріс бағалау болса ғана тиімді пайдалануға болады. Алайда, қалған жағдайларды бұл құрал оқушының өзін-өзі реттеуіне, өзіндік бағалауына теріс әсерін беріп мұғалім мен оқушы арасындағы көрінбейтін эмоционалды күйге жағымсыз әсерін тигізеді. Жалпы, теріс бағалау жанжалды, қысқа мерзімді белсенділікті, стресстік жағдайды тудырады. Әрекеттердің шекараларын анықтау, жазалау, жазадан қорқу, орынсыз мінез-құлықты тоқтату кері байланыстың тиімділігін әлсіретуге әкеледі. Сондықтан, уақытылы, егжей-тегжейлі ұсынылған кері байланыс оқушының эмоционалды, физикалық күйіне зақым келтірмей, қалыпты дамуына мүмкіндік береді.Кері байланысты айту, тиімді қолдану қиын, олар проблемаларды шешпейді. Оқушы кері байланысты дұрыс қабылдауы үшін ол әрқашан оң кері байланыспен біріктірілуі керек. Сонымен, кері байланыстың негізгі функциясы білім алу процесіне,оның тиімділігі мен жайлылығын арттыруға әсер ету, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық сипаттамаларды өзгерту және оларды стандартпен салыстыру үшін оқу процесіне әсер ету болып табылады. Демек, бұл оқушының танымдық әрекетін бақылау және түзету функциясы.

Кері байланыс үшін өзіндік ережелер бар, мысалы, даралық, объективті бағалау, нақты әрекеттердің нәтижемен байланысы, өзектілігі, еңбегі, мақтану мүмкіндігі және құндылықтарды атап өту.

Келесі принциптер анықталды: таңдау еркіндігі принципі, ашықтық қағидаты, қызмет принципі, идеалдылық принципі, кері байланыс.

Кері байланыс түрлері әртүрлі: бұл конструктивті — конструктивті емес, түзету(дамыту), ынталандыру/бекіту/оң немесе басымдылық. Қашықтықтан оқу барысында оқушыға сындарлы жауап алу мен уақытылы кеңестер тиімді болып табылады. Бұл жағдайда біздің міндетіміз-бағалау, мадақтау, сынға алу ғана емес, сонымен қатар экспертті –достық көмегін ұсыну арқылы оқушыға уақытылы, жан-жақты, обьективті кері байланыс беру. Келесі екі мысалды салыстырып көрейік: «Бәрі жаман. Бұл жұмыс пайдаға аспайды! Бәрін жаңадан орындау керек!» және «Бұл есептің шешімі, себебі.... Төмендегідей тәсілді пайдаланып, қалай шығатынан көрейік?» Бұл екі кері байланыстың айырмашылығы бар, себебі, біріншісі конструктивті емес, ал екіншісі конструктивті кері байланыс болып табылады. Нәтижесінде, бірінші кері байланыс кезінде оқушыда көңілсіздік, ішкі реніш, баланың қыңырлығы, наразылық сәзімдері пайда болады. Ал екінші кері байланыс нәтижесінде оқушыда пайдалы дағдылар мен тұжырымдар пайда болады. Сонымен, сындарлы(конструктивті) кері байланысты қалай беру керек?

— Оны тікелей және өзара сенім атмосферасында беру

— Көрнекі мысалдарды қолдана отырып, жалпылаудан аулақ болыңыз

— Оқушы, кері байланысты қабылдауға дайын болған кезде ғана, кері байланысты беріңіз

— Ол басқара алатын нәрселерге назар аударыңыз

— Бір реттік ақпарат көлемін шектеңіз.

Қашықтықтан оқыту кезінде тиімді кері байланыстың қолданыстағы тәсілдері мен қағидалары:

— Дұрыс немесе бұрыс болса да, әрқашан себебін түсіндіріңіз

— Өзара кері байланысты ынталандырыңыз

— Оқытуды нақты тәжірибеге айналдырыңыз

— Ойын ынталандыруларын іске қосыңыз-геймификация

— Мотивациялық тілді қолданыңыз

Кері байланысты ынталандырыңыз, өйткені бұл оқушы үшін өте маңызды. Тақырыпты тереңірек игеруге «бір — бірінен үйрену» әдісі ықпал етеді-кері байланыс тек сізден ғана емес, сыныптастарынан да келеді. Ол үшін сабақ барысында оқыту MS Teams, Zoom, Google classroom әлеуметтік желілерінде жабық топтарда талқылауға арналған тапсырмалар ұйымдастырыңыз. Жұмыс топтық, жұптық формаларында жүргізілу ұсынылады. Бұл оқушылардың пікір алмасуына арналған коммуникативтік алаң болады. Оқушылардың кері байланысын тиімді ұйымдастыру мақсатына нақты бағалау критерийлерін топ болып анықтау керектігі қатаң ескертілуі тиіс. Ол өз кезегінде оқушылардың, тақырыптан ауытқумауына, оң немесе теріс көзқарасты, топ, жұп ішіндегі жанжалдың алдын алуға мүмкіндік береді. Тапсырмаға қойылған критерийлер қаншалықты нақты, өлшеулі болса, соншалықты оқушылардың бір-біріне беретін кері-байланысы нақты және айқын болады.

Кері байланыс беру барысында, ауызша, жазбаша, графикалық, аудио, видео құралдары пайдаланылады. Бірақ бұл оқушы үшін қаншалықты пайдалы және сындарлы? Кері байланыс сындарлы болып есептеледі егер оқушы төмендегі сұрақтарға жауап алса:

— Мен оқытудың қай кезеңіндемін?

— Нәтижеге қалай қол жеткіземін?

— Кемшіліктерді жою үшін, не істеу керек?

Зерттеушілер тиімді кері байланыстың 4 негізгі әдісін ұсынады:

Бутерброд әдісі келесі блоктардан тұрады:

Бірінші блок –жағымды кері байланыс(бұл тұста оқышының тапсырманы орындау барысында жеткен жетістіктеріне тоқталу керек),

Екінші блок- дамытушылық кері байланыс(бұл тұста оқышының тапсырманы орындау барысында жетілдіру керек тұстары айқындалады).

Үшінші блок –оң кері байланыс.

В. о. F. F. әдісі. Оқушының іс-әрекетін онлайн режимінде бақылау, кері байланыс тек қана нақты деректерге сүйену керек:

Behaviour (мінез -құлық) оқушының іс-әрекетін онлайн режимінде бақылау, көрсетілген әдіс тек қана фактілер мен әрекеттерге сүйену тиіс.

Outcome (нәтиже, көрсетілген іс-әрекеттің әсері): Қарым-қатынас, мінез-құлық қорытындыға қалай әсер етеді? Белгіленген оқиға / мінез-құлық нәтижесінде болған немесе мүмкін болатын табиғи салдарды айтыңыз. Feelings (сезім): Сіз не сезінесіз? Көрсетілген проблема бойынша сіздің сезіміңіз. Future (Болашақ): Болашақта осындай көзқарасты болдырмау үшін не істеуге болады? Тығырықтан шығу жолдарын тиімді ұсыну, ұстану жолдары.

SOI әдісі.

Standard (стандарт)белгіленген стандарттар туралы ескерту;

Observation (Бақылау) бақылау фактілерін көрсетіңіз;

Impact (Әсері) Нәтиженің келесі әрекеттерге әсерін түсіндіріңіз;

SLC тізбегі

Successes (жетістік), learn (үйрен), change (өзгеріс). Бұл модель «интроверттерге» бәрін ойластыруға уақыт береді, ал экстроверттер сөйлемес бұрын тыныш ойланады. SLC-адамдарға өздерінің жетістіктері туралы айтуға, оқуды ерекше атап өтуге және келесі жолы олардың жұмысын жақсартатын немесе өзгерте алатын тиімді жолын таңдауға мүмкіндік береді.Кері байланысты дайындау және беру қалай жүруі керек? M. Dawney (2003 ж.)бойынша төмендегідей тұжырымдар ұсынылған:

1.Деректерді дайындау

— теріс кері байланыс жоқ, оң кері байланыс жоқ;

— тек кері байланыс бар-деректер, фактілер;

— деректер жоғары сапалы болуы керек;

2.Өз мақсаттарын(ниеттерін) білу

— жалғыз құнды ниет-хабардарлықты арттыру;

— егер ниет -өз кінәсін дәлелдеу, ашуды көрсету болса- кері байланыс бермеген дұрыс;

— эмоционалды күйді реттеу

— біздің эмоционалды реакциямыз біз айтқан барлық нәрселерімізде, тіпті біздің еркімізден тыс жерде де болады;

— эмоционалды күйді түсіну және басқару керек;

— егер эмоционалды күй мақсаттан күшті болса, сол кезде кері байланыс бермеген дұрыс.

Қашықтықтан оқыту форматында оқушының әр- түрлі іс-әрекетіне аудио және видео арқылы кері байланыс беру бойынша ұсыныстар:

— ұзақтығы екі минуттан аспауы тиіс

— жазу сапасы және қалыпты дауыс ырғағына көңіл бөлген жөн

— бір шифрланған жұмыс бойынша дауыстық хабарламалар сериясын ұйымдастырыңыз

— жазудың техникалық жағын ескеру

— кері байланыс оқу мақсаттарының бағалау критерийлері бойынша ғана жүзеге асырылуы тиіс

Кері байланыс

Мүмкіндіктер

Артықшылықтары

Кемшіліктері

жеке жұмыс кезінде

Алгоритммен анықталған мұғалімнің нақты нұсқаулығы

ОМ микромақсаттарға бөлінуі тиіс; жұмыс әлеуметтік желі арқылы ұйымдастырылады

WhatsApp арқылы берілген үлгі жалпы чат немесе MS Teams, Zoom әлеуметтік желілерінде топтардың/бөлмелердің құру

Әлсіз студенттермен мақсатты жеке жұмыс

Дарынды оқушылармен жеке жұмыс

Қиындық аймақтарын нақтылау

Оқушылардың жетістіктері туралы ақпараттың нақтылығы мен дұрыстығы

Көп уақытты талап етеді

Кей жағдайда теріс эмоционалды фон

Мәселенің этикалық жағы

жұптық жұмыс кезінде

Бір-бірінен үйрену «техникасы»

MS Teams, Zoom әлеуметтік желілерінде жұптық талқылау жұмыстарын жүргізу

Күрделі оқу мақсаттарын микромақсаттарға бөлу

Оқу мақсатына жету мақсатында бір тапсырманы бірнеше жолмен орындау

Жаңа дағдыларды жетілдіру

Өзара бағалау арқылы құрдастарының қолдауы

Жұмыс туралы өз пікірін білдіру барысында бағалау критерийлерін ескермеуі мүмкін

Объективтіліктен гөрі субъективтілік көбірек

Басқа адамдардың идеяларын көшіру

топтық жұмыс кезінде

ZOOM платформасы, Microsoft Teams әлеуметтік желілерінде барлық жұмыстар шифрланады, жалпы платформаға жүктеледі және оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері ұсынылады (бастапқыда мұғалім жтапсырманы жалпы түсіндіреді)

Оқушылардың өз пікірлерін білдіруге тартылуын қамтамасыз ету

Мұғалімнің басшылығымен олар сындарлы (конструктивті) кері байланыс бере алады

Өз жұмысын басқалармен салыстыру мүмкіндігі

Объективті кері байланыс алу мүмкіндігі

Түрлі көзқарастардың дамуы

Көрсетілген тапсырмаларға кері байланыс тек қана критерий бойынша жүргізілуі тиіс

Жақсы оқитын оқушылардың кері байланыс кезіндегі үстемдігі

Бір бірінің пікірін елемеу

Этикалық жағы

Бір-бірінен көшіру немесе тапсырма орындаудан мүлдем бас тарту

Теріс пікір басым болуы мүмкін

Мен мақаланы Кен Бланчардтың сөзімен аяқтағым келеді: «Кері байланыс — чемпиондардың таңғы асы». Яғни, оқу процесінде тиімді, уақытылы, сындарлы кері байланыс ұсыну оқушының қалыпты, жан-жақты дамуының негізігі күші болып табылады. Оқушыларымызды өз қырларының, дағдыларының чемпионы қылу әр ұстаздың міндеті!

Әдебиет:

  1. cognology, com 49 best quotes on feedback / com cognology. — Текст: электронный // cognology.com: [сайт]. — URL: https://www.cognology.com.au/49-best-quotes-on-feedback/
  2. Laura, Reynolds https://www.teachthought.com/pedagogy/20-ways-to-provide-effective-feedback-for-learning/ / Reynolds Laura. — Текст: электронный // teachthought.com: [сайт]. — URL: https://www.teachthought.com/pedagogy/20-ways-to-provide-effective-feedback-for-learning/
  3. Emma https://www.teachstarter.com/au/blog/positive-feedback-for-students-with-examples/ / Emma. — Текст: электронный // teachstarter.com: [сайт]. — URL: https://www.teachthought.com/pedagogy/20-ways-to-provide-effective-feedback-for-learning/
Основные термины (генерируются автоматически): URL, мена, немес, SLC, SOI, ZOOM, конструктивная обратная связь.


Ключевые слова

сабақтағы кері байланыс, тиімді кері байланыстың түрлері

Похожие статьи

Ұшқышсыз көліктердегі жұмыс принциптері мен қоршаған ортаны тану алгоритмдеріне шолу

Бұл мақалада қазіргі жобалар мысалында пилотсыз көлік құралдарының жұмысына енгізілген қазіргі кездегі принциптер мен тұжырымдамалар қарастырылады.

Дизартриясы бар мектеп жасына дейінгі балаларда етістік лексикасын кеңейту негізінде белсенді сөздікті қалыптастыру

Берілген мақалада мектепке дейінгі баланың сөйлеу тілінің кезеңдерінің дамуы туралы қарастырылады.

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілеті

Берілген мақалада бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілетінің өзекті мәселелері қарастырылады.

Жылыту үшін есеп айырысу тәртібін жетілдіру

Бұл мақаланың мақсаты тұтынушы қалай тек өзі тұтынған жылу энергиясының мөлшері үшін ғана төлемақыны төлеуіне болады деген мәселені қарастыру.

Критериалды бағалау оқу мен оқытудың қайнар көзі ретінде

Берілген мақалада критериалды бағалау жүйесі оқу мен оқытудың қайнар көзі ретінде қарастырылады.

Жалпы тіл кемістігі бар балалалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшелігі

Берілген мақалада жалпы тіл кемістігі бар балалалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшелігі қарастырылады.

Нұр-сұлтан қаласының көше-жол желісінің ең көп жүктелген жол учаскелерін анықтау

Мақалада Нұр-сұлтан қаласының көше-жол желісінің (КЖЖ) ең көп жүктелген жол учаскелерін анықтау бойынша заттай зерттеулер қарастырылған.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметі

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жайлы мағлұмат беріледі. Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметінің тиімділігіне әсер ететін мәселелер көрсетіліп, және сол мәселелердің шешілу жолдары анықталған.

Өркендеген дәуірдің сусыз көрінісі

Берілген мақалада еліміздегі ауыз су тапшылығы мәселелері қарастырылады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды даярлау

Бұл мақалада мемлекеттік сатып алу саласындағы кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіз болу себептері мен оларды даярлау мәселелері қарастырылады, сонымен қатар оларды шешудің мүмкін нұсқалары қарастырылған.

Похожие статьи

Ұшқышсыз көліктердегі жұмыс принциптері мен қоршаған ортаны тану алгоритмдеріне шолу

Бұл мақалада қазіргі жобалар мысалында пилотсыз көлік құралдарының жұмысына енгізілген қазіргі кездегі принциптер мен тұжырымдамалар қарастырылады.

Дизартриясы бар мектеп жасына дейінгі балаларда етістік лексикасын кеңейту негізінде белсенді сөздікті қалыптастыру

Берілген мақалада мектепке дейінгі баланың сөйлеу тілінің кезеңдерінің дамуы туралы қарастырылады.

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілеті

Берілген мақалада бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілетінің өзекті мәселелері қарастырылады.

Жылыту үшін есеп айырысу тәртібін жетілдіру

Бұл мақаланың мақсаты тұтынушы қалай тек өзі тұтынған жылу энергиясының мөлшері үшін ғана төлемақыны төлеуіне болады деген мәселені қарастыру.

Критериалды бағалау оқу мен оқытудың қайнар көзі ретінде

Берілген мақалада критериалды бағалау жүйесі оқу мен оқытудың қайнар көзі ретінде қарастырылады.

Жалпы тіл кемістігі бар балалалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшелігі

Берілген мақалада жалпы тіл кемістігі бар балалалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшелігі қарастырылады.

Нұр-сұлтан қаласының көше-жол желісінің ең көп жүктелген жол учаскелерін анықтау

Мақалада Нұр-сұлтан қаласының көше-жол желісінің (КЖЖ) ең көп жүктелген жол учаскелерін анықтау бойынша заттай зерттеулер қарастырылған.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметі

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жайлы мағлұмат беріледі. Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметінің тиімділігіне әсер ететін мәселелер көрсетіліп, және сол мәселелердің шешілу жолдары анықталған.

Өркендеген дәуірдің сусыз көрінісі

Берілген мақалада еліміздегі ауыз су тапшылығы мәселелері қарастырылады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды даярлау

Бұл мақалада мемлекеттік сатып алу саласындағы кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіз болу себептері мен оларды даярлау мәселелері қарастырылады, сонымен қатар оларды шешудің мүмкін нұсқалары қарастырылған.

Задать вопрос