Қазақ прозасындағы бинарлы когнитивті модельдердің көркемдік сипаты | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №15 (410) апрель 2022 г.

Дата публикации: 14.04.2022

Статья просмотрена: 40 раз

Библиографическое описание:

Турганалиева, А. К. Қазақ прозасындағы бинарлы когнитивті модельдердің көркемдік сипаты / А. К. Турганалиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 15 (410). — С. 365-369. — URL: https://moluch.ru/archive/410/90177/ (дата обращения: 19.12.2024).



Бұл мақалада әдебиеттегі бинарлы когнитивті модельдер, оның ішінде әлеуметтік концептуалды когнитивтердің көркемдік сипаты қарастырылады. Бинарлы-когнитивті модельдердің әлеуметтік концептуалды жағы зерттеу нысанына алынып, қазақ қаламгерлерінің туындыларынан мысал келтіре отырып, кеңестік дәуір мен тәуелсіздік кезеңіндегі жазушылардың шығармаларымен салыстыра талданады.

Тірек сөздер: көркем проза, әдебиеттегі когнитив, бинарлы когнитив, әлеуметтік концептуалды когнитив.

В статье рассматриваются бинарные когнитивные модели в литературе, в том числе художественная характеристика социальных концептивных когнитивов. Социально-концептуальный аспект бинарно-когнитивных моделей исследуется и анализируется в сравнении с произведениями писателей советской эпохи и периода независимости на примерах из произведений казахстанских писателей.

Ключевые слова: художественная проза, когнитив в литературе, бинарные когнитивы, социальный, концептуальный когнитив.

Көркем әдебиетті зерттеудегі когнитивті көзқарас тілде өрнектелетін және жинақталған, оның «үсті» бейнеленуі мен адам санасының тереңдігінде бақылаудан жасырылған және ішкі дүниесін құрайтын нәрселер арасындағы кең байланыстарды зерттеуге бағытталған көрінбейтін бөлік. Бұл аспект адамның әдеби-көркем іс-әрекет сәтіндегі процестерді түсіну және танымының тетіктерін анықтау үшін ең маңызды болып табылады. Танымдық эстетикалық сананың вербалданған өнімдері шығармашылық іс-әрекеттің мәнін көрсететін ұғымдардан тұратын ерекше психикалық лексиканы білдіреді

Жалпы алғанда, ұлттық прозаның эстетикалық кеңістігінің танымдық парадигмасының қалыптасу және даму тарихы Г . П . Щедровицкий ұсынған түсініктемеге әбден сәйкес келеді, ол мағыналар мен мәндерді білуші, түсінуші тұлғаның қызметі байланыстырады деп есептейді және олар әрекет процесінде белгілі бір ұйым ретінде белгінің әртүрлі құрамдас бөліктері болып табылады.

Тіл мен шындық арасындағы байланыстырушы буын жеке тұлғаның концептуалдық қызметі болғандықтан, соның нәтижесінде оның танымдық жүйесі қалыптасады, когнитивті шарттау, бір жағынан, мәтін жасау мен мағына құрудың іргелі факторына қызмет етеді. Екінші жағынан, оның танымының, түсінігі мен қабылдауының негізі болып саналады. Көркем мәтінді құру да, оны түсіндіру де «жасалған» мағынаның шексіз және тіпті күтпеген шарттылығына негізделген мағыналардың «әрекетінің» нәтижесін белгілейтін және сонымен бірге нақты немесе жасырын кері байланысқа ие шын мәнінде танымдық процестер интеллектуалды-психикалық жүйе авторы және мәтіннің аудармашысы ретінде баяндалады.

ХХ ғасыр ғылымындағы когнитивті бум адам ойлауының «өнімдерін» зерттеумен байланысты барлық салалардағы зерттеулерді бір жүйеге келтіруге үлес қосқандықтан, әлем заңдары туралы білімдерді біріктіруде маңызды рөл атқарды. Үшінші мыңжылдықтың басына қарай ғалымдар таным «ірі ғылыми зерттеу ағымдарының қатарынан берік орын алғанын» мойындайды [1,с.12–15].

Ғылымда когнитивизмнің қалыптасуы шын мәнінде тіл туралы білімнің қызмет ету уақытымен тең көп ғасырлық тарихы бар. Оның дамуының когнитивке дейінгі (немесе когнитивизмге дейінгі) кезеңін зерттеу және сипаттау сөзсіз қызығушылық тудырады және адам санасының эволюциясының картинасын толықтырады. Бұл орайда біз мәселеге кері көзқараспен тоқталмаймыз, біз негізінен ғылымның қазіргі жағдайын ескереміз, танымдық революцияның түбегейлі рөлін мойындаймыз, оны көркем мәтінді соңғы жаңалықтарға сәйкес танудың шарты ғылыми жаңалық деп түсінеміз. Сонымен қатар, әдеби сындағы когнитивизм көркем мәтінді қабылдау мен түсіндірудің көптеген аспектілеріндегі ерекшеліктерін, сондай-ақ оны талдау әдістерін «тексеруге», «қайта анықтауға» және «көрсетуге» мүмкіндік береді.

Әр түрлі уақытта қайта түсіндірілетін ережелердің рационалистік кодификациясы мұндай жүйенің өтімділігін көрсетеді. «Әдебиетке деген көзқарасы бойынша бірегей деп мәлімдеген социологиялық, мифологиялық, мәдени-тарихи және одан кейінгі әдістер қазір — уақыт тұрғысынан — тек табиғи және тарихи ерекшелікпен ғана емес, сонымен бірге өзінің әдіснамалық өзін-өзі қамтамасыз етуімен де — өзін-өзі шектейтін» [2,с.27].

Негізгі бөлім

Әдебиеттегі көркем шығармалар эстетикалық, гносеологиялық концептілері, әдетте, өзінің танымдық мәнінің табиғаты жағынан бір сызықты болады. Көркем шығарманың позитивті кейіпкері көбінесе әдемі, сонымен қатар тік мінезді боп келеді. Оның әрекеті әрқашан дұрыс, ол ешқашан ешнәрседе қателеспейді.

Мақалада бинарлы-когнитивті модельдердің әлеуметтік концептуалды жағынан зерттеп, қазақ қаламгерлерінің туындыларынан мысал келтіре отырып, Кеңес заманы мен Тәуелсіздік жылдарындағы жазушылардың шығармаларымен салыстырып көрсетеміз.

1932–1933 жылдардағы ашаршылық жөнінде өз шығармасында қалам тербеген Бейімбет Майлиннің «Күлпаш» әңгімесін айтуға болады:

Бет-аузы көнектей ісік; тоңып бүрісіп, үйдің бұрышындағы пешке арқасын сүйеп мұңайып, терең ойға шомған адамша Күлпаш отыр. Жыртық күпіге оранып, бүк түсіп баласы Қали жатыр. Үй суық, жамаулы терезенің жыртығынан кірген ызғырық шекеден шыққандай... Үйдің ішін жылытуға — пешке жағатын отын жоқ. Отын табылар жер де жоқ... қара судан баска дән татпағанына бүгін үшінші күн. Алты айғы қыс тартқаны — аштықтың зардабы. Бар сенетіні байы Мақтым ел қыдырып, тілек тілеп, ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ, оның да табары жоқ... [3,с.33]

Бейімбет Майлин ашаршылықты көрген. Сол заманның ағымымен өмір сүрген жазушы. Сондықтан да болар Бейімбет Майлиннің туындыларын оқып отырғанда кітап бетіне ыза суындай шымырлап көз жасы шығатындай әсерлі, кей сөздері жүректен өтіп, жүрекке қадалады, кей сөздері қанмен жазылғандай. Әуелде әлеуметтік қайшылықтардың, жақсы мен жаманның, бар мен жоқтың, қараңғы мен жарықтың күресіндей көрінетін шығармалардың астарына үңілгенде үңірейіп бізге қарап тұрған үрейлі заманның көзін көреміз. Біз шағын ғана «Күлпаш» әңгімесінің өзінен сәулесі мен нұры сөніп бара жатқан арман мен үміттің жанарын көре аламыз.

Бейімбет Майлин өзінің осы шығармалары арқылы сол тұстағы қазақ қоғамының көркем шежіресін жазып кетті. Жалған жазған жоқ. Ашық, анық, шынайы жазды. Біз оның әңгімелеріндегі шындықты көркем шындық деп қана емес, тарихтың, оқиғалардың шынайы бет-бейнесі деп қарайтынымыз да жасырын емес. Майлин — сонысымен де Майлин.

Шерхан Мұртазаның «Интернат наны» — жүрекке жылулық кернейтін, нан қадірін ұғындырар ыстық әңгіме. Шығармада соғыс жылдарынан кейінгі интернат өмірі суреттеледі. Барлық нәрсе тапшы кезеңде ашқұрсақ жүрген балалардың түсіне кіретін нанның қадірін тәтті түске тойып оянған бала білмегенде кім білуші еді. Шығармасында ас атасының қадірін интернаттағы оқиғалар арқылы түсіндірген жазушы бір тілім қара нанның сол балаларды қандай биік дәрежеге жеткізгенін көрсетеді де, нанның қадірін білуге үндейді. Шығарманың басты кейіпкерлері — интернаттағы оқушылар және Әлтай. Әлтай — басы дәу, үрпек шаш, мойны қылдырықтай, шүңірек көз, томпақ ауыз, нанға тоймайтын қара бала [4,с.108] болып сипатталған. Ол тамақ жегенді жақсы көреді. Бірақ соғыстан кейінгі өмір де жеңіл емес қой. Интернат балалары аз ғана тамақтанады. Ауылдан аналары тамақ алып келсе міз болысып қалады. Бірақ, ол тамақты да жей алмайды. Неге дейсіз бе? Себебі: апасы ол тамақты аға — інілерінің аузынан жырып әкеліп тұр ғой. Кішкентай болса да бауырларының қамын ойлап интернаттағы балалар бұл апасы әкелген тамақты жеуге батпайтын. Әсіресе, Әлтай. Ол апасы әкелген тамақтарды өзінің чемоданына сақтап жүреді. Оны бір түні достары көріп қойып, «бізге де бересің...», - деп байбалаң салып жатқанда, оларды интернат мұғалімдерінің бірі байқап қояды. Олардың тәтті ұйқысын бөліп, жылы көрпесінен бөліп, далаға шығарып сапқа тұрғызып қояды. Ол кісі біраз тұрып балалардан «Қарындарың ашты ма?», — деп сұрады. Балалар қарны ашқанын айтар — айтпасын ойланып біраз тұрды. Ешкім үндемеді. Енді мұғалім артына қайтып кетіп бара жатқанда, Хасболат қарны ашқанын айтты. Оны қалған балалар да қолдай кетті. «Ашынған қарын тойынар. Барыңдар, ұйықтаңдар!» — деп бұйырды мұғалім. Балалар бөлмеге барып, жылы көрпелерімен қайта қауышты. Барлығы ұйқыға жатқалы жатқанда, Әлтай орнынан тұрып, чемоданын ашты. Ондағы нан, құрт, талқанды барлық балалардың жанына апарып таратып берді. Балалар өте таң қалды жітене қатты қуанды. Қаншама күннен бері сол күні қарындары тойып ұйқыға кеткендей болды. Олардың барлығы түстерінде нанды көретін. Олардың бүгінгі түстерінде: Бөлме ортасында шырша тұр екен. Шыршада ойыншық орнына үлкен — үлкен бөлке нан ілініп тұр. Ал, әлгі тәрбиеші апай, Аяз — Ата болыпты. Ол жаңа — жылдық тәттілердің орнына үлкен бөлке таратып жүр екен. [4,с.111] Міне, интернат балаларының түсі осындай болды. Бұл жерден «аштық» кезеңін басынан өткізген интернаттағы балалардың халін көре аламыз. Келесі сөйлемде бинарлы когнитивті «аштық-тоқтық» сөздерді анық көреміз.

Бұдан біраз күн өткеннен кейін балалар асханаға барып, бір таңғажайып оқиғаға тап болды. Үстелде бұрынғы бір тілім нанның орнында үлкен бөлкелер тұр екен. Сол күні барлығы қуанысып, әбден тойғандарынша тамақтанды. Бұрын нанды тез жеп қоятын Әлтай, бұл жолы нанды еш тауыса алар емес. Бұл күн — карточка системасы жойылған күн екен. — Ал, қарындарың тояды енді! Карточка системасы жойылды! Нан молайды. Сендерді нан күнімен құттықтаймын! — деді интернат меңгерушісі. Бұл — 1947 жылдың 16 желтоқсаны еді. Әлтай сонда әлгі нанды жеп тауыса алсашы! Әшейінде бұралақтап ауызға бір-ақ асайтын асты тауыса алмай, тойды да қалды. [4,с.113]

Қаншама жылдар өтті. Балалар интернатты аяқтады. Барлығы да қазірде беделді де құрметті тұлғаларға айналды. Олардың барлығы интернаттағы кезеңдерді ешқашан ұмытпайды. Олар жетістігіне себепші болған сол бір тілім интернаттың қара наны деп біледі. Мен бұл кезде қызметке баратын жолда астанадағы ең үлкен нан магазині бар. Ешқандай жұмысым жоқ, тамағым тоқ болса да әлгі магазинге анда-санда бір кіріп шығамын. Нанның сондағы түр-түрі-ай. Қазақтың таба наны дейсің бе, украинаның қара наны дейсің бе, қалалық ақ бөлкелер дейсің бе, кірпіш нан, дөңгелек нан... Магазиннің іші жып-жылы. Нан иісі — ана сүтінің иісіндей. Осы магазиннің тұсынан өткен сайын, интернат есіме түседі. Әлтай қазір аудандық оқу бөлімінің бастығы, ғылым кандидаты. Сәттіғұл ірі совхоздың директоры. Мен болсам...

Жиі-жиі ойға қалам: іргесін боз өзен жалап жататын интернат болмағанда, интернаттың бір тілім қара наны болмағанда, біз осы дәрежеге жетер ме едік? Кім біледі... Нұр жаусын саған, интернаттың қара наны! [4,с.113]

Қоғамдық мәселелерге тұшымды ой білдіріп, әлеуметтік проблемаларды өз шығармаларында арқау еткен жазушы Аягүл Мантай.

Жaзyшы, дpaмaтypг Дyлaт Иcaбeкoв «Жaңбыpлы көктeм» жинaғынa бepгeн aлғы cөзiндe Aягүл Мaнтaeвaның әңгiмeлepiн мepзiмдi бacпacөз бeттepiнeн oқып жүpгeндiгiн, oның тiлiнe, кeйiпкepлepiнiң әpқилы мiнeзiнe, шынaйы oқиғa жeлiciнe cүйciнiп, жазушыға өз ықыласын бaяндaды. [5, с.3].

Қaлaмгepдiң пiкipiншe: «Әpбip жaқcы шығapмaдaн oқyшы өз өмipiн тaбaды. Ocындaғы «Жaңбыpлы көктeм», «Тoмпaқ», «Мapгapитa», «Cypeт», «Мyзa» aтты әңгiмeлep қияндaғы бeйтaныcқa дa oның өткeн өмipiн caғындыpып, нe бoлмaca, тaп coлapдың бacындaғы oқиғaлapды бaяндaп oтыpғaндaй күйгe жeтeлeйдi. Әйтeyip, Aягүл әңгiмeлepi eшкiмдi бeй-жaй қaлдыpмaйды. Жинaқты oқып шыққaндa кeyдeңe Oңтүcтiктiң жылы лeбi coғып өткeндeй жaндүниeң paxaт бip ceзiмгe тoлaды», — дeп өз бaғacын бepгeн [5, с.4].

«Томпақ» әңгімесі. ...Біз оны келеке етіп күлетінбіз. Ол балғын жасына сәйкеспейтін шамада тым толық еді. Анасы ғана оны Айжұлдыз деп атайтын. Самай шашы ағарған шүйкедей әйел «Айжұлдыз, қайдасың?» десе, ойнап жүрген Томпақ үйіне қарай құстай ұшатын. Анасы дауыс көтерсе, ақталмайтын не қарсы жауап қатпайтын. Кінәлі адамдай көзін жерден алмай үнсіз тұратын. Мас әкесі шешесінің шашынан сүйреп жатқанда шыр-шыр етіп араша түсетін. Анасын арашалап жүріп, көзілдірігі сынып, әйнек сынығы бетін жырып кетсе де, әкесінің қолы тиіп, көзі көгерсе де ол әкесін жақсы көретін. Топыраққа аунап жатқан әкесінің қасынан табылатын да Томпақ еді. деп басталады шығарма. [5,с.5.]

Томпақ қыздың бейнесі арқылы, автор сол 90 жылдардағы ақша жоқтық пен тамақтың болмау кезеңнің бейнесін сомдайды. Бірақ ерекшелігі, автор сол кезең мен қазіргі кезеңдегі екі әлеуметтік жағдайды салыстыра көрсетеді. Яғни бинарлы когнитивті «аштық-тоқтық» концептісін бізге айқын баяндайды.

Соғыс жылдарында балалар өздерінің неліктен ашыққанын білді ғой. Бейбітшілік заманның саясатын түсініп жетпеген біздер неліктен ашыққанымызды білгеніміз жоқ. Тоқсаныншы жылдары балалығы өткен біздер қырқыншы жылдың балалары секілді ашқұрсақ жүріп, нанды тоя жеуді армандадық. Ұнның түбі көрініп қалған соң шешем нанды бөліп бере бастады. Сол күндері менің түсіме қап-қап ұн, тау болып үйілген аппақ нандар кіретін. Қуанып шешеме түсімді айтамын.

—Біздің үйге береке келе жатыр екен. Түнде мен де түсімде нан көріп шықтым, — дейді шешем.

Шешем қаптың түбін қағып, төрт пәтір пісірді. Сонда шын жоқшылықты енді сезінгендей қатты әбіржіді. Тілдей пәтір нанды әрқайсымыздың алдымызға қойып, өзі талқан жеп отырды. [5,с.9]

«Ақымақ ішкен-жегенін айтады, Ақылды көрген-білгенін айтады»- деген мақал осы «Томпақ» әңгімесіндегі көршісінің қызы Мақпал мен Томпақтың диалогінде айқын суреттеледі.

Ол күндері балалардың күндегі әңгімесі ақ нан және дәмді тамақ жайлы өрбитін. Көршіміздің менімен құралпас қызы Мақпал:

— Біз бүгін картошкасын мол етіп нан салма жасап жатырмыз, — деп мақтанады.

Сол бір қиын-қыстау күндері біздің ауылдың тұрғындары тамаққа картошканы да үнемдеп салатын еді ғой.

— Ағаларым кептер ұстап әкелді. Бүгін кешке апам картошкамен кептер етін қуырады, — дейді Ажар.

— Апам кеспе жасап жатыр. Ертең нан салма жейміз, ал арғы күні тағы да кеспе көже ішеміз. Одан соң нан салма, — дейді Томпақ үйлеріндегі ас мәзірін боямасыз баяндап. — Үйде бір табақтай ғана ұн қалды. Апам уайымнан қатты жүнжіп кетті. Біздің әрқайсымыздың апаларымызға қандай қиын.

Ол мақтанбайтын. Мақтанып жатқан балаларды үнсіз тыңдап тұратын.

Бірде Мақпал: — Апам түсте картошкасын көп қосып, бәліш пісірді. Кешке қалған бәлішпен шай ішеміз, — деп мақтанып қоймады. [5,с.10]

Осы диалог арқылы 90-жылдардағы бай және орташа ауқатты отбасындағы жағдайды анық көре аламыз. Бұл жерде аштық пен тоқшылықтың айқын көрінісі суреттеліп тұрғандай.

Бірақ бұл шығармада маған Томпақтың позициясы өте қатты ұнады. Қандай аштық кезең болса да, Томпақтың анасын ойлап, жүрегі елжіреп тұрғаны, кішкентай болса да, анасына деген қамқорлығы, сүйіспеншілігі, анасына деген аяныш сезімі баяндалады.

«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» молшылық кезде пейілі кең Жәмилә апам көшеде ойнап жүрген біздерді шақырып алып, бәліш үлестіретін еді. Томпақтың бәлішін жемегенін байқаған Жәмилә апам:

— Томпақжан, неге бәлішіңді жемейсің? — деп сұрайтын.

— Апама апарып беремін, — дейтін Томпақ.

— Айналайын Томпақжан, бәлішіңді жей ғой. Апаңа да бәліш беремін, – дейтін мейірленіп Жәмилә апам.

Бәлішімді жұрттан бұрын таусып қойып, тағы сұраймын.

Жәмилә апам: — Айка, сен де апаңа апарғың келеді ғой, — дейді.

Өзімнің жегім келгенін қалай айтамын?

— Иә, апа... — деймін қызарып.

Жәмилә апам бәрімізге қайта бәліш үлестіретін. Екінші бәлішті Томпақтардан ұзап, үйге жақындағанда асығыс жеп аламын. [5,с.11–12]

Шешем соңғы тілім нанды тілін тістелеп, беріп жатқан кезде әкем көрші ауылдағы диірменшіден қарызға екі қап бидай алып келді. Сонда шешем қатты қуанды.

—Сенің түсің, міне, орындалып жатыр, — деді қабағы жадырап, езуіне күлкі үйіріліп.

—Мен түсімде қап-қап ұн, көп ақ нан көргенмін, — дедім екі қап бидайды қанағат тұтпай.

— Әлі-ақ бұл күндер ұмыт болады. Бұрын етті жиі ассам, «күнде ет жейміз бе?» деп ренжуші едің. Майлы деп қазы-қартаны мастанып, жемейтінсің,– деді шешем өткен күнді сағына еске алып. — Етсіз тамақ жемейтін әкең де бұл күніне мойынсұна бастады.

Маған ол күндер ертегі сияқты көрінеді. Әкемнің достары әйелдерімен біздің үйде жиі бас қосып, ет жеп, әңгіме-дүкен құратын. Біреуміз мектепте өтетін әлдеқандай жарысқа қатысып, мақтау қағазын алсақ, шешемнің абысын-ажындары келіп, «жуасың» деп қазан көтерткізетін.

—Шіркін, тойып ет жейтін күн болса ғой, — дедім сілекейім шұбырып.

—Ондай күн де туады. Баяғыдай «күнде ет жейміз бе?» деп жыларсың әлі, — деді шешем үмітпен. [5,с.10] Бұл «Томпақ» әңгімесінің эпизодтарынан анасының тоқшылық болатын кез келетініне сенім білдіреді. Алда бір жақсылық болатынына нық сенімді. Бұл жерден бинарлы екі когнитивті («аштық-тоқтық») анық көре аламыз.

Ал Бейімбет Майлиннің «Күлпашында» керісінше өмірге, болашаққа деген сенімнің жоқ екеніні айқын көрінеді. Кейіпкерлердің армандарының үзілгені, осы жоқшылық солай қалатындай елестейді.

Сонымен, сөз болған модельдерді талдау олардың екі қарама-қайшы құрылымнан тұратын және соны ұйымдастыруға қызмет ететін басты адам танымының күрделі әлеуметтік-мәдени матрицасын құрайтынын айқын көрсетеді. Маңызды теориялық аспект екі немесе үш басқа әлеуметтің қатар өмір сүруі арқылы әлем туралы білімді біріктіруге мүмкіндік беретін қосарлы және кейде одан да күрделі когнитивтік модельдерді зерттеу болып табылады.

Әдебиет:

  1. Поляков В. Когнитивная парадигма и языкознание и новые вызовы // Когнитивное моделирование в лингвистике. Сб. докладов. — Варна-М., 2003,-с. 12–15.
  2. Липатов A. B. Литературоведение: холистическая альтернатива самодостаточности // Литературоведение на пороге XXI века. — М.: «Рандеву — AM», 1998.
  3. Майлин Б. Шұғаның белгісі. Повестер мен әңгімелер.- Алматы.-«Жазушы», 1974. 608 бет.
  4. Мұртаза Ш. Бойтұмар: Әңгімелер/ — Алматы: «Раритет», 2006.-256 бет.- «Алтын қор» кітапханасы.
  5. Мaнтaeвa A. Жaңбыpлы көктeм. Проза. — Aлмaты. — «Жaлын», 2009. — 96 б
Основные термины (генерируются автоматически): мена, интернат, автор сол, бар, оса.


Ключевые слова

көркем проза, әдебиеттегі когнитив, бинарлы когнитив, әлеуметтік концептуалды когнитив

Похожие статьи

Көркем мәтін талдау лингвистикасының жан-жақты парадигмасы және оқыту үрдісіне бейімдеу

Мәтіннің өзге бірліктерден жоғары тұрған сөйлеу бірлігі ретіндегі мәртебесі ХХ ғасырдың орта шенінде ғылыми тұрғыдан мойындала бастады. Бүгінде мәтін лингвистикасы ғылыми ой-сана өркениетінің бір белесінен хабар береді. Мәтін талдау лингвистикасы ант...

Ағылшын және қазақ тілі негізінде «ар-ұят» концептісінің лингвомәдени талдауы

Бұл мақалада «ар-ұят» концепті, яғни әлеуметтік-мәдени мағынаның бірлігі зерттеледі, ол үшін оның тілдік репрезентация құралдарын және оның өмір құбылыстарында корреляциясын анықтау қажет. «Ар-ұят»сөзі мен концептісінің тарихы сипатталады. Қазақ және...

Мектеп математика курсында графтар теориясын қолдана отырып комбинаторлық есептерді шешуді оқыту әдістемесі

Комбинаторлық есептерді шешуді оқытудың ерекшеліктері негізгі мектептегі графикалық әдіс және олимпиадалық тапсырмаларды таңдау зерттеу тақырыбы. Ғылым мен практикада жиі кездесетін міндеттер бар, оларды шешу біреуіне немесе екіншісіне бағынатын әртү...

Тіл меңгерушілер арасында әлеуметтік лингвистикалық құзіреттілікті қалыптастыру

Аталған мақалада кез-келген шет тілін үйрену,меңгеру,жетік білу мақсатында қалыптастыра алатын әлеуметтік және лингвистикалық деп аталатын екі түрлі құзіреттіліктерді қалыптастыру жолын үйренеміз.Жалпылама түрғыдан адамзаттың сөйлеу тілі дегеніміз- л...

Жобалық-модульдік әдістемесін информатика пәнін оқытуда қолдану тәжірибелері

Мақалада өмірлік мәселелерді шешуді оңтайландыру құралы ретінде мектеп оқушыларының жобалық ойлауын мақсатты түрде қалыптастыру және дамыту қажеттілігі қарастырылады. Мектеп оқушыларының информатика пәні бойынша жеке жобаларды жобалау мен іске асыруд...

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі «билік» концептісінің көрінісі және аударма мәселесі

Мақалада көптеген тілдердегі негізгі концептілердің бірі болып табылатын және басқа да тірек ұғымдарды біріктіретін және жинақтайтын «билік» концептісінің қазақ және ағылшын тілдеріндегі ұлттық-мәдени ерекшеліктері талданып, аударма мәселелеріне наза...

Жоғары техникалық оқу орнында жастарға шешендік өнерді оқытып олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Мақалада қазақ тілі сабағында шешендік өнерді оқыту және жоғары техникалық оку орындарында орыс тілінде білім алатын студенттердің риторикасын дамыту әдістерін жақсарту жолдары қарастырылды. Өзара қатынастар құралы ретінде мемлекеттік тілді және оның...

Мектеп геометриясындағы салу есептерін рационал коэффициентті көпмүшелер теориясы тұрғысынан зерттеу

Салу есептері бұл тек қана сызғыш және циркуль көмегімен геометриялық объекттерді тұрғызу. Адамның үздіксіз білім алуға дайындығы мен оның әр түрлі ортада өз бетімен білім алуын қамтамасыз ету, математикалық білімін дамытуда негізгі фактор болып табы...

Мектеп таңдау курстардың рөлі және «Дифференциалдық теңдеулер көмегімен математикалық модельдеу» курсты құрастыру туралы

Адамның үздіксіз білім алуға дайындығы мен оның әр түрлі ортада өз бетімен білім алуын қамтамасыз ету, математикалық білімін дамытуда негізгі фактор болып табылады. Бұл қажеттіліктерді жалпы мектептерде толық күйде қанағаттандыра алмайды. Алайда қызы...

Ағылшын тіліндегі идиомаларды аудару барысында туындайтын мәселелер

Мақалада мәдени таңбаланған сөздердің қатарына кіретін идиомалардың ерекшеліктері көрсетілген. Ағылшын тіліндегі идиомаларды қазақ тіліне аудару барысында туындайтын мәселелер қарастырылады және отандық және шетелдік ғалымдардың тұжырымдары кеңінен т...

Похожие статьи

Көркем мәтін талдау лингвистикасының жан-жақты парадигмасы және оқыту үрдісіне бейімдеу

Мәтіннің өзге бірліктерден жоғары тұрған сөйлеу бірлігі ретіндегі мәртебесі ХХ ғасырдың орта шенінде ғылыми тұрғыдан мойындала бастады. Бүгінде мәтін лингвистикасы ғылыми ой-сана өркениетінің бір белесінен хабар береді. Мәтін талдау лингвистикасы ант...

Ағылшын және қазақ тілі негізінде «ар-ұят» концептісінің лингвомәдени талдауы

Бұл мақалада «ар-ұят» концепті, яғни әлеуметтік-мәдени мағынаның бірлігі зерттеледі, ол үшін оның тілдік репрезентация құралдарын және оның өмір құбылыстарында корреляциясын анықтау қажет. «Ар-ұят»сөзі мен концептісінің тарихы сипатталады. Қазақ және...

Мектеп математика курсында графтар теориясын қолдана отырып комбинаторлық есептерді шешуді оқыту әдістемесі

Комбинаторлық есептерді шешуді оқытудың ерекшеліктері негізгі мектептегі графикалық әдіс және олимпиадалық тапсырмаларды таңдау зерттеу тақырыбы. Ғылым мен практикада жиі кездесетін міндеттер бар, оларды шешу біреуіне немесе екіншісіне бағынатын әртү...

Тіл меңгерушілер арасында әлеуметтік лингвистикалық құзіреттілікті қалыптастыру

Аталған мақалада кез-келген шет тілін үйрену,меңгеру,жетік білу мақсатында қалыптастыра алатын әлеуметтік және лингвистикалық деп аталатын екі түрлі құзіреттіліктерді қалыптастыру жолын үйренеміз.Жалпылама түрғыдан адамзаттың сөйлеу тілі дегеніміз- л...

Жобалық-модульдік әдістемесін информатика пәнін оқытуда қолдану тәжірибелері

Мақалада өмірлік мәселелерді шешуді оңтайландыру құралы ретінде мектеп оқушыларының жобалық ойлауын мақсатты түрде қалыптастыру және дамыту қажеттілігі қарастырылады. Мектеп оқушыларының информатика пәні бойынша жеке жобаларды жобалау мен іске асыруд...

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі «билік» концептісінің көрінісі және аударма мәселесі

Мақалада көптеген тілдердегі негізгі концептілердің бірі болып табылатын және басқа да тірек ұғымдарды біріктіретін және жинақтайтын «билік» концептісінің қазақ және ағылшын тілдеріндегі ұлттық-мәдени ерекшеліктері талданып, аударма мәселелеріне наза...

Жоғары техникалық оқу орнында жастарға шешендік өнерді оқытып олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Мақалада қазақ тілі сабағында шешендік өнерді оқыту және жоғары техникалық оку орындарында орыс тілінде білім алатын студенттердің риторикасын дамыту әдістерін жақсарту жолдары қарастырылды. Өзара қатынастар құралы ретінде мемлекеттік тілді және оның...

Мектеп геометриясындағы салу есептерін рационал коэффициентті көпмүшелер теориясы тұрғысынан зерттеу

Салу есептері бұл тек қана сызғыш және циркуль көмегімен геометриялық объекттерді тұрғызу. Адамның үздіксіз білім алуға дайындығы мен оның әр түрлі ортада өз бетімен білім алуын қамтамасыз ету, математикалық білімін дамытуда негізгі фактор болып табы...

Мектеп таңдау курстардың рөлі және «Дифференциалдық теңдеулер көмегімен математикалық модельдеу» курсты құрастыру туралы

Адамның үздіксіз білім алуға дайындығы мен оның әр түрлі ортада өз бетімен білім алуын қамтамасыз ету, математикалық білімін дамытуда негізгі фактор болып табылады. Бұл қажеттіліктерді жалпы мектептерде толық күйде қанағаттандыра алмайды. Алайда қызы...

Ағылшын тіліндегі идиомаларды аудару барысында туындайтын мәселелер

Мақалада мәдени таңбаланған сөздердің қатарына кіретін идиомалардың ерекшеліктері көрсетілген. Ағылшын тіліндегі идиомаларды қазақ тіліне аудару барысында туындайтын мәселелер қарастырылады және отандық және шетелдік ғалымдардың тұжырымдары кеңінен т...

Задать вопрос