Нұр-сұлтан қаласының көше-жол желісінің ең көп жүктелген жол учаскелерін анықтау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №15 (410) апрель 2022 г.

Дата публикации: 15.04.2022

Статья просмотрена: 53 раза

Библиографическое описание:

Абдрахман, Галымжан Сырлыханулы. Нұр-сұлтан қаласының көше-жол желісінің ең көп жүктелген жол учаскелерін анықтау / Галымжан Сырлыханулы Абдрахман. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 15 (410). — С. 354-356. — URL: https://moluch.ru/archive/410/90261/ (дата обращения: 16.11.2024).

Мақалада Нұр-сұлтан қаласының көше-жол желісінің (КЖЖ) ең көп жүктелген жол учаскелерін анықтау бойынша заттай зерттеулер қарастырылған.

Түйін сөздер: көлік ағыны, қозғалыс қарқындылығы.

В статье рассмотрены натурные исследования по определению наиболее заргуженных участков дорожного движения улично-дорожной сети (УДС) г. Нур-Султан.

Ключевые слова: транспортный поток, интенсивность движения.

Нұр-сұлтан қаласының КЖЖ ең көп жүктелген және қозғалыс қарқындылығы жоғары жол учаскелерін анықтау бойынша заттай зерттеулер жүргізілді.

Заттай зерттеулер белгілі бір уақыт кезеңінде іс жүзінде болатын жол қозғалысының нақты шарттары мен көрсеткіштерін белгілеуден тұрады. Бұл әдістер тобы қазіргі уақытта ең кең таралған және әртүрлі. Заттай зерттеулер жолдардың жай-күйі туралы сенімді ақпарат алудың жалғыз тәсілі болып табылады және қолданыстағы көлік және жаяу жүргіншілер ағындарының нақты сипаттамасын беруге мүмкіндік береді [1, 2].

Жол қозғалысының сипаттамаларын заттай зерттеу алу әдісі мен алынатын ақпараттың сипаты тұрғысынан екі кіші топқа бөлінуі мүмкін: 1) стационарлық бекеттерде көптеген сипаттамаларды алуға және олардың уақыт өте келе өзгеруіне мүмкіндік беретін, алайда олар орналасқан көше-жол желісінің қималарында ғана зерттеу; 2) жылжымалы құралдардың көмегімен зерттеу, жол қозғалысының әртүрлі факторларының кеңістіктік және кеңістіктік — уақыттық сипаттамасын алуға мүмкіндік береді.

Заттай зерттеу әдісі арқылы Нұр-сұлтан қаласының көлік ағынының жай-күйі зерделіп, қозғалыс қарқындылығы жоғары аймақтар анықталды. Талдау нәтижелері төменде келтірілген.

Зерттеу нәтижелері. Қалаға кіреберістердегі қозғалыс қарқындылығы. Қалаға кіреберістегі автокөліктер саны 1-кестеде көрсетілген. Қалада алты бағыт бар. Олар 1-суретте көрсетілген, ал олардың қарқындылығы 1-кестеде берілген.

Сур. 1. Нұр-Сұлтан қаласына кіреберіс бағыттары

Кесте 1

Кіреберістердегі автокөлік ағыны

Кіреберіс бағыттары

Көше

Қозғалыс қарқындылығы авт/т

Жалпы пайыздық мөлшері %

1

Өндіріс тас жолы

9.778

13 %

2

Алаш тас жолы

9.609

13 %

3

Қарағанды-Нұр-Сұлтан Трассасы

17.282

23 %

4

Қарқаралы тас жолы

19.619

26 %

5

Қорғалжын тас жолы

5.669

8 %

6

Нұрғиса Тілендиев даңғылы

13.249

18 %

Барлығы:

75.206

100 %

Жоғарыда 1-ші кестеде көрсетілгендей күн сайын 75000-нан астам автомобиль қалаға кіреді немесе кетеді. Негізгі кіреберіс қаланың оңтүстігінде орналасқан — бұл 20 мыңға жуық автокөлік ағыны бар Қарқаралы тас жолы (6). Бұл қалаға кіре берісте тіркелген барлық автокөлік санының 26 % құрайды.

Көлік саны бойынша екінші орында — Қарағанды-Нұр-Сұлтан тас жолы (3), онда орташа есеппен 17 мыңнан астам автомобиль немесе жалпы санының 23 % — ы өтеді.

Көліктің ең аз саны бар бағыт — Қорғалжын тас жолы (5) арқылы қалаға оңтүстік-батыс кіреберісі, мұнда күніне орта есеппен 5,5 мыңнан астам автомобильді құрайды.

2-кестеде Автокөлік саны ең көп жүктелген және қозғалыс қарқындылығы жоғары 16 жол учаскелері көрсетілген.

Кесте 2

Көше-жол желісіндегі қозғалыс қарқындылығы ең жоғары жол учаскелері

Қ озғалыс қарқындылығы авт/т

Көше (қозғалыс жүретін)

Көше (санау басталатын қиылыс)

Көше (қиылысына дейін санау жүргізіледі)

1

99.365

Бөгенбай батыр даңғылы

Желтоқсан

Бейбітшілік

2

98.705

Сарыарқа даңғылы

«Нұр-Сұлтан»

саябағы

Тарас Шевченко

3

95.258

Бөгенбай батыр даңғылы

Мұхтар Әуезов

Республика даңғылы

4

89.242

Тұран даңғылы

Қорғалжын тас жолы

«Нұр-Сұлтан»

саябағы

5

88.619

Республика даңғылы

Қабанбай батыр даңғылы

Амангелді Иманов

6

86.819

Мәңгілік Ел даңғылы

Ұлы дала даңғылы

ул. Қонаев

7

86.710

Қабанбай батыр даңғылы

«Нұр-Сұлтан»

саябағы

Жұмабек Тәшенов

8

86.625

Бөгенбай батыр даңғылы

Сарыарқа даңғылы

Бекетай

9

83.459

Бөгенбай батыр даңғылы

Ж. Аймауытов

Генерал Сабыр Рақымов

10

82.103

Н. Тілендиев даңғылы

Шабал Бейсеков

Мәскеу

11

81.990

Алаш Тас Жолы

Шоқан Уәлиханов

Ақжол

12

77.162

Сарыарқа даңғылы

Тарас Шевченко

Кеңес

13

76.621

Бөгенбай батыр даңғылы

Сарыарқа даңғылы

Жеңіс даңғылы

14

72.455

Бөгенбай батыр даңғылы

Мәскеу

Бекетай

15

71.480

Республика даңғылы

Амангелді Иманов

Кеңес

16

70.498

Тәуелсіздік даңғылы

Гейдар Әлиев

Жұмабек Тәшенов

Зертеу қорытындысы. Ең көп көлік саны бар учаске (99365 авт/т) Бөгенбай батыр даңғылында Желтоқсан және Бейбітшілік көшелерінің аралығында орналасқан. Сонымен қатар, ең көп автокөліктері бар 16 учаскенің тізіміне Бөгенбай батыр даңғылындағы тағы 6 учаске кіреді. Демек, бұл даңғылы ең көп жүктелген учаске болып табылады (2 сурет).

Сур. 2. Қаланың көше-жол желісіндегі автокөлік ағынының ең көп жүктелген жол учаскелері

Екінші учаске — Сарыарқа даңғылы мен Тарас Шевченко көшесінің арасындағы «Нұр-сұлтан» саябағынан шығатын жол, бұл учаскеде Сарыарқа мен Тұран даңғылдарын жалғайтын көпір орналасқан. Жолдың бұл учаскесін күн сайын 98705 автомобиль кесіп өтеді. Үшінші учаске — Бөгенбай батыр даңғылының басқа бөлігі, онда 95258 автокөлік бар. Аталған учаске Мұхтар Әуезов көшесі мен Республика даңғылының арасында орналасқан.

Әдебиет:

  1. Клинковштейн Г. И. Организация дорожного движения. М.:Транспорт, 2001.
  2. Организация дорожного движения в городах: методическое пособие/ Шелков Ю. Д., Степанов В. В., Клинковштейн В. Г. [и др.]; под ред. Ю. Д. Шелкова. — М.: НИЦ ГАИ МВД России, 1995.
Основные термины (генерируются автоматически): батыр, дорожное движение, алаш, Иман, мена, сан бар.

Ключевые слова

көлік ағыны, қозғалыс қарқындылығы

Похожие статьи

Жылыту үшін есеп айырысу тәртібін жетілдіру

Бұл мақаланың мақсаты тұтынушы қалай тек өзі тұтынған жылу энергиясының мөлшері үшін ғана төлемақыны төлеуіне болады деген мәселені қарастыру.

Ұшқышсыз көліктердегі жұмыс принциптері мен қоршаған ортаны тану алгоритмдеріне шолу

Бұл мақалада қазіргі жобалар мысалында пилотсыз көлік құралдарының жұмысына енгізілген қазіргі кездегі принциптер мен тұжырымдамалар қарастырылады.

Алматы қаласының жаңбыр суларын тазалау мәселелері және шешу жолдары

Бұл мақалада Алматы қаласының алабында пайда болатын жаңбыр суларын әкетудің және тазалаудың тиімді технологиясы ұсынылған.

Бұқашықтарды жайып семіртудің және бордақылаудың нәтижелері

Шығыс Қазақстан облысы «Нұр» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізіліп, мақалада бордақылау және жайып-семірту технологияларын қолдану нәтижелері келтірілген.

Көмекші метептің жоғарғы сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту

Берілген мақалада көмекші мектеп оқушыларының сөздік қорын дамыту мәселелері қарастырылады.

Көркем еңбек сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын ұлттық қолөнерге баулу

Мақалада бастауыш сыныптың көркем еңбек сабақтарында оқушыларды ұлттық қолөнерге баулудың маңызы мен жолдары қарастырылады.

Қазақстандық жастардың еңбек нарығына бейімделу мәселелері

Бұл мақалада Қазақстандық жастардың еңбек нарығындағы қазіргі жағдайы қарастырылады. Атап айтқанда, еліміздің еңбек ресурстарына жастардың қатысуы, жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау мәселелеріне талдау жүргізіледі.

Заңсыз кірістерді заңдастыруды тергеудің негізгі бағыттары

Бұл мақалада Заңсыз жолмен келген ақшалай қаражаттарды немесе басқа мүлікті заңдастыруды тергеу бойынша жаңа шараларды жетілдіруге және әзірлеуге арналған негізгі бағыттары туралы қарастыралады.

Жеткіншектердің танымдық қабілеттерінің даму ерекшеліктері

Бұл мақалада жеткіншектік кезеңіндегі танымдық сала, танымдық процестердің сапасын арттыру, жеткіншектің оларды қолдануға саналы көзқарасы қарастырылады. Ғалымдардың, мұғалімдердің жеткіншектердің сипаттамалары мен олардың танымдық саласы туралы әртү...

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің дамуы

Мақалада автор Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің дамуын және мемлекеттік органдар құрылымдық сапалық өзгерістерін ашуға тырысты.

Задать вопрос