Ақпараттық технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың ғылыми — теориялық негіздері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №16 (411) апрель 2022 г.

Дата публикации: 22.04.2022

Статья просмотрена: 277 раз

Библиографическое описание:

Молдабекова, С. К. Ақпараттық технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың ғылыми — теориялық негіздері / С. К. Молдабекова, А. Т. Айтжанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 16 (411). — С. 523-525. — URL: https://moluch.ru/archive/411/90227/ (дата обращения: 18.12.2024).

Мақалада ақпараттық технологиялар көмегімен бастауыш сынып оқушыларына білім беру үрдісінің тиімді әрі түсінікті өтетіні анықталған. Ақпараттық технологияның басты тиімділігі-мұғалімге мектептегі оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың білімін кеңейтуге, оқудағы пәнаралық байланыстарды нығайтуға, жеке қабілеттерін көруге және дамытуға мүмкіндік беру. Бастауыш мектепте оқу процесінде ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану мақсаты оқу процесінің тиімділігін арттыруға, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыра отырып, белсенді өміршең позицияны сақтауға мүмкіндік береді.

Кілттік сөздер : ақпараттық технология, білім жүйесі, коммуникация, заманауи білім үрдісі.

В статье определено, что процесс обучения младших школьников с помощью информационных технологий проходит эффективно и доступно. Главной эффективностью информационных технологий является предоставление учителю возможности кардинально изменить структуру учебного процесса в школе, расширить знания учащихся, укрепить межпредметные связи в обучении, увидеть и развить индивидуальные способности. Использование средств информационных технологий в учебном процессе в начальной школе позволяет повысить эффективность учебного процесса, сохранить активную жизнеспособную позицию, формируя познавательные интересы учащихся.

Ключевые слова: информационные технологии, система образования, коммуникации, современный образовательный процесс.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім алу өте қажет», — деп Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім және тәрбие беру жолында ақпараттық коммуникациялық технологияны оңтайландыру [1] мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.

Қазіргі дамыған заманда ақпараттық технологияларсыз сабақ беру, білім үрдісін жүргізу мүмкін емес. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі № 6345 өкімімен бекітілген «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы» мектептегі білім беруді ақпараттандыруға негіз қалап отыр [2].

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты-оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәдениет-бұл компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, сонымен қатар кез-келген ақпарат көзін дұрыс пайдалану мүмкіндігі: анықтамалық кітаптар, сөздіктер, энциклопедиялар және т. б.

Заманауи талаптар бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі электрондық оқулықтарды оқу процесіне енгізу болып табылады. Оқу материалын ұтымды игерудегі электронды оқулықтардың рөлі орасан зор. Теориялық материал теориялық білімді зерттеу, визуализация және қабылдау процестері бір уақытта жүретін және оларды миға бекіту және материалды жалпылау процесі ұтымды болатын әртүрлі схемалармен, схемалармен толықтырылады [3]

Жаңа ақпараттық комуникативтік технологиялар-бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді [4].

Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын білім беру жүйесіне енгізу білім алушылардың танымдық қабілеттерін арттырудың бірден бір көзі. Сабақ барысында әр түрлі тәсілдер қолдану оқушылардың есінде ұзақ сақталады және білім мазмұнынан тыс яғни оқу материалынан өзгеше мағлұматтар ала отырып, сабаққа деген белсенділігін, пәнге деген қызығушылықтарының артқанын байқадық. Мысалы ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика сабақтарында топтастыру, сәйкестендіру тестерін қолданамыз.

Математикада түрлі геометриялық фигураларды салу,салыстыру, құрау жұмыстары оқушылардың таным қабілеттерін арттыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын дамытамыз. Бастауыш білім берудегі педагогикалық ақпараттық коммуникативтік технология құралдарын оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде,жаңа сабақты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік, дағдыларын бақылау барысында қолдануға болады.

Ақпараттық технология көптеген оқу бағдарламаларының тууына, дамуына ықпал етеді. Оқушыларға уақытты орынды пайдаланып, оларға жаңа мағлұмат, тың дүние беру-жаңа технологиялардың, ақпараттық технологиялардың жетістігі. Жеке тұлғаның ақыл-ой санасы, оқу, білім алу барысында қалыптасады. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлемін. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы олардың белсенділігін арттырады.

Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс-әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуін әр түрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушының оқу мүмкіншілігіне қарай әзірленеді. Сонымен қатар топқа бөліп оқыту тәжірибиесін қолдану керек. Топқа бөліп оқыту тиімділігі нашар оқушы көлеңкеде қалмайды, берілген тапсырманы ақылдасып, бір-біріне түсіндіру арқылы дұрыс орындауға мүмкіндік береді. Тиімді жағы күнделікті сабақта түгел оқушы бағаланады. Ал тәрбиелік жағынан әділ болуға үйренеді, өз араларында беделге ие болады.

Сабақты түрлендіріп қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың танымдық кабілеттерін арттыратын ойын элементтерін пайдалану, ребустар, сөз жұмбақтар құрастыру жатады. Ойын элементтері оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, сөз байлығын кеңейтіп, елестету және қалыптан тыс ойлауын, сөздерді жадында сақтауға үйретеді. Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық түрткілерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады. Оқу іс-әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағылұматтар мен білім қорын меңгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Әрекеттердің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге бағытталады. Оқу іс-әрекетінде оқушы алдына мақсат қойып, содан нәтиже шығаруға тырысады.

Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын оқу үрдісіне тиімді қолданғанда: оқушыға берілген білімнің сапасы артады; Танымдық қызығушылығы қалыптасады; ақпараттық мәдениет қалыптасады; оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру; оқу-зерттеу жұмыстарын да шығармашылықпен жұмыс жасауға үйретеді;

Үнемі сабақ барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға байланысты жұмыстарды тиімді ұйымдастыру олардың теориялық білімді қолдану біліктілігін арттырып қана қоймай шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда танымдық көзқарастарын дамытуда ерекше рөл атқарады. Қорыта келгенде тұрақты даму үшін білім беру үдерісінде АКТ сабақтың мақсат міндетіне сай пайдаланылған жағдайда оқушылардың таным қабілеттерін арттыруда тиімділігіне көз жеткіздік. Сапалы ақпараттық білім беру –тұрақты даму тетігі.

Әдебиеттер:

  1. 2006–2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының Кешенді бағдарламасы. 2005ж. 3-бет.
  2. ҚР-ның білім беру жүйесін 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. «Қазақстан мектебі» № 3, 2004ж.18-бет.
  3. Досжанов Б, Алменаева Р, Қазақ тілінде электрондық оқулықтармен web-парақтар даярлау әдістері. Информатика негіздері. № 3. 2008ж.27-бет.
  4. Білімдегі жаңалықтар. № 4, 2008ж. 12-бет.
Основные термины (генерируются автоматически): учебный процесс.

Ключевые слова

коммуникация, ақпараттық технология, білім жүйесі, заманауи білім үрдісі

Похожие статьи

Оқушылардың этикалық мінез құлқының ерекшеліктері

Бұл мақалада оқушылардың талапқа сай болуы, мінез құлықтың ерекшеліктері, мінез құлықтың этикалық бағыты қарастырылды. Этикалық мінез құлықтың қалыптасу барысы мен орындалу әрекеттері тұрғысынан зерттеу жүргізілді. Этикалық мінез құлықтың оқушы бойын...

Аграрлық секторда кіші бизнесті цифрландырудың басты бағыттары

Өңірлердің даму параметрлерін, олардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау кезінде аумақтың айтарлықтай мүмкіндіктері бар салалар, қызмет түрлері анықталатынын, аграрлық саладағы халықаралық ынтымақтастықты жоспарланған кеңейтуді іске асырудың нақты мақс...

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымында заманауи басқару технологияларын енгізу тетіктері

Бұл мақалада мемлекеттік билік органдары, сондай-ақ жетекші отандық және шетелдік компаниялар пайдаланатын персоналды басқарудың заманауи технологияларын қолдану тәжірибесі қарастырылады. Осы орайда ғылыми ізденістің нәтижесі бойынша заманның ағымына...

Заманауи коммуникация құралдарының дамуы және оның дәстүрлі БАҚ-қа ықпалы

Ғылыми мақалада инновациялық, мультимедиалық, цифрлық журналистикаға толық сараптамалық талдаулар жүргізіліп, зерттеудің бүгінгі күннің өзекті де маңызды тықырыпқа құрылғандығы айқындалады. Негізгі нәтижелері. Мақалада заманауи коммуникация құралдар...

Lorawan технологиясындағы Алматы қаласының көліктерінен дерек жинау арқылы ақылды бағдаршам прототипін құру

Бұл зерттеу жұмысы Алматы қаласының транспорт жүйесінің көлік қозғалысына негізделген. Диссертациялық жұмыстың мақсаты бағдаршамның интелектуалды адаптивті басқару жүйесін дамыту. Зерттеу барысында қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі негіздел...

Шеттілдік білім беруде академиялық жазылым құзыретін қалыптастырудағы ақпараттық коммуникациялық технологиялардың мағынасы мен мазмұны

Мақала шеттілдік білім беруде студенттердің академиялық жазылым құзыретін қалыптастыру мәселесіне бағытталған. Білім алушылардың академиялық жазылым кезінде қиындыққа тап болуы бұл жанрдың өзіндік стилінің ерекшеліктерін, академиялық стильге жататын ...

Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру

Бұл мақалада персоналды басқарудың педагогикалық жағдайларын талдау, білім беру мекемесінің жұмыс істеу ерекшелігі, және жүзеге асырылатын оқытушылық функциялар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің б...

Ұлттық-аймақтық компонент шетел тілін оқытуда әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру құралы ретінде

Мақала шет тілін оқыту үдерісіне ұлттық-өңірлік компонентті интеграциялау арқылы білім алушылардың әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі тәсілдеріне арналған. Автор көркем әдебиеттің аудармалары, мәдениет туралы шетелдік мақалалар,...

Мұнаралы крандардың жүк көтеру кезіндегі қауіпті аймағын бағалау

Мақалада мүмкін болатын жүк көтеретін механизмдердің қауіпті аймағын болжау, бағалау және іс-шара кешені ұсынылды. КБ-473 мұнаралы кранының техникалық сипаттамалары мен мүмкіншіліктері көрсетілді. Мұнаралы крандардың қауіпті аймағының шегі, көтерілге...

Университеттің қашықтықтан оқыту порталының қауіпсіздігі

Бұл мақалада қашықтықтан оқытудың негізгі тұжырымдамалары, сондай-ақ қашықтықтан оқыту жүйелеріндегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланады. Қашықтықтан оқытудың негізгі осалдықтары сипатталған. Талдау негізінде құпиялылықты, тұтастықты және қ...

Задать вопрос