Екі тілді ортадағы бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық даму ерекшелігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №16 (411) апрель 2022 г.

Дата публикации: 22.04.2022

Статья просмотрена: 42 раза

Библиографическое описание:

Молдабекова, С. К. Екі тілді ортадағы бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық даму ерекшелігі / С. К. Молдабекова, А. Т. Кумекбай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 16 (411). — С. 528-530. — URL: https://moluch.ru/archive/411/90229/ (дата обращения: 18.12.2024).

Мақалада екі тілді ортадағы бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой дамуы, баланың интеллектуалды дамуының әдіс- тәсілдері қарастырылған. Екі тілді ортада баланы интеллектуалдық дамыту кешені дидактикалық ойындар негізінде құрылады. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Олар — оқыту мақсаттарын іске асыруға арналған арнаулы ойындар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Интеллектуалдық дамыту ойындарының ерекшелігі — оның әрекеттік сипатында. Мұнда балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.

Кілттік сөздер: интеллект, екі тілді орта, көпмәденилік, танымдық даму.

В статье рассматривается умственное развитие младших школьников в двуязычной среде, методы и приемы интеллектуального развития ребенка. Комплекс интеллектуального развития ребенка в двуязычной среде строится на основе дидактических игр. Каждая дидактическая игра имеет познавательное и воспитательное содержание. Это специальные игры для реализации целей обучения. Каждый имеет свою сущность, особенности, содержание, правила, порядок, образовательные, воспитательные, развивающие функции. Особенностью игр интеллектуального развития является ее деятельностный характер. Здесь дети являются создателями игр, создателями игр. Они отражают в игре знания о известных им явлениях и событиях жизни, выражают свое отношение к ним.

Ключевые слова: интеллект, двуязычная среда, поликультурное, когнитивное развитие.

Қазіргі кезде балаларды мектепке дейінгі ұйымдардан бастап, көптілікке үйретіп, баланың тілін дамыту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылады. Баланың ақыл — ойы мен интеллектуалды дамуына жаңартылған бағдарламалар бойынша, түрлі әдіс — тәсілдерді қолдану арқылы баланың өсіп жетілуі мен дамуына көптеген жағдайлар жасалынған. Баланың тамаша сезімінің дамуын тек қана дыбыс үндестігін дұрыс айтуды пайдалана білуімен шектестіріп қоймай, ол өзінің тілін, оның әрі бейнелі түрде мәнерлеп оқуға немесе мәнерлеп сөйлеуге үйретіп, тырысуында. Сөйлеу тілі — ауызша тілдің ең қарапайым түрі. Ол жағдайлық, эмоциялық сипатқа ие әрі қарапайым болып келеді, өйткені арнайы дайындықты қажет етпейді. Мектепке дайындық мәселесі ҚР Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауы» тұрғысынан айрықша мәнге ие болды. Негізгі мақсаты ұлттық құндылықтарды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Педагог технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаға сапалы да саналы білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып еркін сөйлей білуге жеткізу. Педагог өз шеберлігімен баланы жұппен, топпен жұмыстандыру арқылы ұйымдастырылған сабақтар баланың дарындылығын дамытып, шыңдау жолдарының бірі болып табылады. Бала басқа адамның ойымен де есептесу қажет екенін түсінеді [1].

Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», -деген болатын [2].

Қазіргі мектеп бағдарламасында оқушыларға орыс тілін, ағылшын тілін үйренуге аса зор көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, балалардың интеллектуалды дамуына байланысты көптеген орталықтар, білім беру орындары ашылып жатыр. Мектепте оқушы үлгерімінің төмен болуының себебі, көп жағдайда, танымдық әрекетінің қалыптаспауы, танымдық процестерінің әлсіздігі, мотивацияның болмауы және т. б. болып табылады. Танымдық әрекетінің қалыптасуының психологиялық бұзылудың бастысы — ойлауға қабілетінің төмендігі, яғни жалпылау процестері, психикалық процестердің қозғалысы мен темпінің бұзылуы, қабық функциялар қатарының, зейіннің,естің жеткіліксіздігі. Баланың білімпаздық, ақыл-ой белсенділігінің деңгейі — оның интеллектуалдық дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Егер баланың көзқарасы, пікірі қате болып, қате нәтижелерге әкелсе, бұл опасыздық емес — оның жасы кіші және еркін қиялдануға бейімделген. Бұнда нәтижесі емес, оны түсіну құштарлығы басты болып табылады. Бала ойнау кезінде оның ойы қаншалақты бай және әр түрлі екенін, қоршаған өмірден алған әсерлерді жеңіл қабылдайды ма? Ойыншықтарды, басқа заттарды қалай қолданатынын бақылау қажет. Егер баланың дамуы қалыпты болса, бала ойынның сюжетін өрбітеді, ойыншықтармен қатар түрлі заттарды қолданады. Баланың ойы тұрақты, бай және ойын кезінде толықтырылып отырады. Бүгінгі күні балалардың ақыл-ойының толық даму мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Ақыл — ойы толық дамыған бала сабақты жақсы оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, жаңа ортада өзін жақсы сезінеді. Сол себепті білім беру әрекетін ұйымдастыру барысында зейін, есте сақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын дамыту және жаттықтыруға көп көңіл бөлінеді [3].

Бала психологиясын, тілі мен дүниетанымының қалыптасуын біршама зерттеген еңбектерімен танымал болып, бала дамуының когнитивтік теориясын жасаған швейцариялық атақты психолог әрі философ Ж. Пиаже [4] бала 6–7 жасында өзінің қай ұлтқа жататындығы жайлы алғаш рет есітіп, хабардар бола бастайды; 8–9 жасында өзінің, ата-анасының қай ұлттан екендігін, ана тілін, туған жерін білетін болады; 10–11 жасында ол өзін сол ұлттың өкілі ретінде толық сезініп, тарихының, мәдениетінің өзгешеліктерін айыра алады, яғни, оның ұлттық сана-сезімі, болмысы толық қалыптасады деп, жазады. Демек, бала 10–11 жасында белгілі бір ұлттың өкілі болып қалыптасады екен. Ал бұл кезде баланы басқа тілде тәрбиелеу — оны көзбе-көз басқа ұлтқа қарай итеру болып шығатындығы ешбір дәлелді қажет етпесі анық [4].

Грузин педагогы Ш. А. Аманошвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ол өз Балаларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті — баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Сөйтіп ойын арқылы оқыту нәтижесінде белгілі бір тақырыптар бойынша топтастырылған дидактикалық ойын пайда болады. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттерінің әсерлілігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттердің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан мұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет [5].

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
  2. ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты, 2012 ж (2016 жылы жаңартылған).
  3. Аймауытов Ж. «Тәрбиеге жетекші», Қызылорда. — 1926 ж
  4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, 2016 ж.
  5. Выготский Л. С. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка дошкольное образование (Пр.). — 2005. — № 5.
Основные термины (генерируются автоматически): бал, двуязычная среда, мена, интеллектуальное развитие ребенка, создатель игр.

Ключевые слова

интеллект, екі тілді орта, көпмәденилік, танымдық даму

Похожие статьи

Honeypot бағдарламалық жасақтамасы негізінде ақпараттық қауіпсіздігінің инциденттерін зерттеу

Бұл жұмыста «Honeypot бағдарламалық жасақтамасы негізінде ақпараттық қауіпсіздігінің инциденттерін зерттеу» тақырыбы қарастырылған. Желінің қауіпсіздігі туралы алаңдағанда, сіздің желіңізді рұқсатсыз кіруден қорғаудың көптеген жолдары бар. Ықтимал қо...

Матуридилік ғұламалары шығармаларында адам және оның әрекеттері

Орта Азия елдерінде Ислам тарихы және Исламның қоғамдағы рөлі тақырыптарын мынау соңғы он жылда қолға ала бастады. Ислам дініндегі мәселелерді қайта зерттеу қажетті еді. Соған байланысты Матуриди мен оның іліміне деген қызығушылық ғалымдар тарапынан ...

Бастауыш сыныптарда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру

Қашықтықтан оқыту — білім, білік, дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процесінің тұтас немесе белгілі бір бөлігі мұғалім мен оқушының жергілікті алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыр...

Тұтынушыларға арналған адалдық бағдарламаларын қалыптастыру кезеңдері

Өркениеттің дамуымен тұтынушылық адалдық қазіргі нарықтағы маңызды мәселеге айналды. Адалдық бағдарламалары клиенттердің адалдығы мен сенімін қалыптастыруға арналған құралдар жиынтығы болып табылады. Бәсекеге қабілетті нарықтарда клиенттердің адалдығ...

Фахриддин Разидің иман түсінігі

Зерттеу жұмысында Ислам әлемінде алғашқы дәуірлерден бастап пайда бола бастаған сенімдік тақырыптар жәнеде ақидалық мазхабтар жайлы сөз қозғалады. Сан ғасырлардан бері мазхабтар арасында пайда болған әр-түрлі ақида тақырыптарындағы мәселелер болды. Б...

Бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім беруде жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістерді қолданудың ғылыми негіздері

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына білім беруде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың тиімді әдістері қарастырылған. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық — коммуникациялық технологиялардың ...

Лирикaлық шығармаларды oқытудың дидaктикaлық мәселесі

Лирикалық шығарма дегеніміздің өзі ақынның әр түрлі табиғат, қоғам көріністерін сезіне отырып әлеуметтік тақырыптарды қозғауы. Әр түрлі мәселелерге көзқарасы, күйініш, сүйініш сезімі. Оны оқырманның ішкі сезімімен үйлестіре алу, санасына бекіту дидак...

Менеджменттің даму тарихы және оның қоғамдағы рөлі

Мақалада басқару ғылымының пәні мен әдісі, даму тарихы, сәйкес жүйенің реттілігі туралы айқын жазылған. Автор менеджменттің әдістерін, функцияларын, механизмін рационалды пайдалануды, нарықтық жағдайларда қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталға...

Екінші деңгейлі банктердің дамуының қазіргі жағдайы

Мақалада Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің қазіргі даму жағдайы және перспективасы айтылған. Қазіргі таңда қаржылық сектор — ең танымал салалардың бірі болып табылады. Төлемдер жасау, ақша айырбастау, ақша аударымдары — осының бар...

Арал экологиясын жақсартудың кейбір жолдары

Мақалада Қызылорда облысының Арал ауданындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кейбір мәселелер қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, өйткені миллиондаған тұрғындар Арал теңізінің экологиялық апатынан зардап шегеді. Автор Арал теңізі ұлтаны...

Задать вопрос