Тұлғаның көшбасшылық қасиеттерінің жиынтығы және маңызды сипаттамалары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №16 (411) апрель 2022 г.

Дата публикации: 24.04.2022

Статья просмотрена: 856 раз

Библиографическое описание:

Абилкасимова, Гульзам. Тұлғаның көшбасшылық қасиеттерінің жиынтығы және маңызды сипаттамалары / Гульзам Абилкасимова, А. Р. Тусупбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 16 (411). — С. 511-513. — URL: https://moluch.ru/archive/411/90680/ (дата обращения: 18.12.2024).

Мақалада студентті көшбасшы ретінде тәрбиелеу және оның өзін-өзі тәрбиелеу процесі әрқашан жүреді деп қарастырылған. Студент көшбасшы болу үшін мәдениетке, білімге, өмірлік тәжірибе мен кәсіпқойлыққа қол жеткізу керек. Авторлар көшбасшының өзін тәрбиелейтінін және дамытатынын талдаған. Студенттердің көшбасшылығын тәрбиелеу, дамыту және оларға жұмыста, практикада өз күштерін сынап көруге мүмкіндік беру өте маңызды анықтаған.

Кілтті сөздер: көшбасшы, студент, тәрбиелеу, практика, тұлға, индивид.

В статье рассматривается, процесс воспитания студента как лидера и его самовоспитания происходит всегда. Чтобы студент стал лидером, ему необходимо достичь культуры, знаний, жизненного опыта и профессионализма. Авторы проанализировали, что лидер воспитывает и развивает себя, также, очень важно воспитать, развить лидерство студентов и дать им возможность попробовать свои силы в работе, на практике.

Ключевые слова: лидер, ученик, воспитание, практика, личность, индивид.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тұлғасына деген қызығушылық зор және ол арта түсуде. Солай бола тұра, оның өмір жолына арналған түбегейлі қолданбалы зерттеулер жетіспейді. Н.Ә. Назарбаев тәжірибесінің құндылығы Қазақстанның ұлттық ерекшелігі жағдайында Ұлт лидері тұлғасы қалыптасуының бірегей әдістемесін ұсынуында [101].

Колледж студенттерінің көшбасшылық сапаларын қалыптастыруын зерттеу мəселесінің негізі болып адамның жаратылысы мен дамуы туралы білімдер табылады. Əр түрлі бағыттағы жəне ағындағы философтардың барлығы да адам дамуы мəселесіне мəн берген болатын. Философтар адамның тумысынан əлеуеттілікке ие болатындығын жоққа шығармайды, яғни, оның бойында өз бетінше жүзеге асырылуына жəне креативтілігінің, интеллектуалды қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік беретін генетикалық əлеуеті болатындығын негіздейді [102].

Философиялық түсініктер, адамның жаратылысын тұтас бірлігінде қарастырады [103]. Олардың құндылығы, адамның тұлға болуында, ал көшбасшы тұлғасын тəрбиелеу, тұтас тұлғаның, тікелей «əлеуметтік кеңістік жəне құрылыспен шектесуі» кезінде жүреді.

Тұлғаны ұғынудың философиялық аспектісі, адамның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі сипаттамалар призмасы арқылы беріледі. Қазіргі философия тұрғысынан қарағанда, тұлға ұғымы дара қайталанбайтын жəне əлеуметтік өзіне тəн өзгешелігімен қатар, бойына адамгершілігі сіңген субъект тұрғысынан қарастырылады. Əрбір тұлға басқалардан қабілеттері мен қажеттіліктеріне, субъектілігіне, жаратылысынына сəйкес ажыратылады. Э. В. Ильенковтың пікірі бойынша, «əр адамның, тек жан-жақты, үйлесімді дамуы, өзінің ісін, өзінің орнын, өмір жолын, өз бетінше анықтай алатын тұлғаның дүниеге келуінің, басты шарты болып табылады»....

Адам тұлғасы — үнемі жəне өз бетінше дамудың нəтижесі. Оның қалыптасу үдерісі ұзақ мерзімді жəне таңдау жасаумен, тұлғада оның «Мен» тұжырымдамасымен ерекшеленеді. Барлық қасиеттер мен атқаратын қызметтердің үйлестірілуі, «Мен», «Менің» екі негізгі құрамының қалыптасуына əкеледі, дəлірек айтқанда, «Мен тұжырымдамасынан» (өзі туралы ойлар) жəне өзіне-өзі баға беру (өзіне деген сезімдері жəне өзін бағалау), талдаудан тұрады [110].

Осы түсініктерге негізделетін болсақ, біздің ойымызша көшбасшылыққа даярлықты тəрбиелеу — индивидтің генетикалық əлеуетін ашуға жəне оны белгілі бір əлеуметтік жағдайларда дамытуға бағытталған, ішкі құрылымының үдерісі. Біздің жағдайымызда колледж студенттерінің көшбасшылық сапаларын қалыптастыруын зерттеу — олардың көшбасшылыққа бейімділігін айқындау негізінде генетикалық əлеуетін ашу жəне оны колледж студенттерінің топтық тəрбие үдерісінде дамыту.

Осыған орай, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге жасалған талдаулар негізінде көшбасшылық болуға деген қызығушылық ерте заманнан бастау алған ұғым екендігін анықтадық. Дегенмен қазіргі қоғам жағдайына дейін көшбасшылық мәселесі аз зерттелгендіктен көшбасшылық мәселесі жайындағы көптеген еңбектер, ғылыми жұмыстар батыс ғалымдарына тән.

Қоғам тез өзгеруде, сондықтан кешегі жетістік формулалары бүгінгі күнге сәйкес келмейді. Нәтижесінде, егер бүгін кешегі немесе одан сәл жақсы әдістермен әрекет етсе — бұл жетістікке әкелмейді. Оқу орындарының алдында өте ауыр міндет тұр — өзгерістердің ықпалына төзе алып, мына өзгермелі заманда өздерінің бәсекелестікке қабілеттіліктерін сақтай алу. Үлкен өзгерістер болып жатса, тиімді көшбасшылыққа деген қажеттілік көбейе түседі.

Сонымен бірге, жынысы, салмағы, бойы, экстроверсиясы, тартымдылығы және дауыс тембірінің ешқандай маңыздылығы жоқ. Әрине, барлық қасиеттер бір уақытта қажет болмайды. Тек қазір, дәл осы уақытта қажет бірнеше жақсы дәрежеде дамыған қасиетке ие болған немесе дамытқан маңыздырақ.

Кез-келген шаруаны ойдағыдай асыратын болыңыз. Бастаған ісін соңына дейін апармайтын адам, құзыретті бола алмайды. Көшбасшы ретінде біз студенттерді істі аяғына дейін істейтінін күтеміз. Ал өз кезегінде олар бізден дәл осыны және бұдан да жоғарғы нәтижені күтеді.

Сізден күтілетін нәрседен көбірек істеңіз. Шынына келгенде, құзыретті адамдар күтілуге тиіс нәтижеден асып түсетін істер жасайды. Көшбасшылар өзінің жұмысын аяқтап, басқа қосымша жұмысты істеулері міндетті. Тіпті сирек емес, күнделікті.

Басқаларды жігерлендіріңіз. Көшбасшылар артынан ергендерді жігерлендіріп, оларға мотиватор болады.

Мәселені жақсы шешетін көшбасшылар мына 5 қасиетке ие болу керек:

  1. Проблеманы көре білу. Проблемадан құтыла алмайтындығын білетін жақсы көшбасшы, оны күтіп және көре біледі. Алдағы жолымыз тегіс болады деушілер, ылғи да сәтсіздікпен қауышып отырады. Егер сіздің позитивті ұстанымыңыз жақсы болып және қиын жағдайға әр кез дайын бола алсаңыз, жолыңыздағы барлық тұрған барлық мәселені толықтай шеше аласыз.
  2. Шындықты қабылдай алу. Адамдар проблеманы әр түрлі қабылдайды:

– біреуі одан бас тартады;

– біреуі оны қабылдап, шешімін іздеуге кіріседі;

– үшіншісі оны қабылдап қана қоймай, оны жақсы жаққа өзгерте бастайды.

Тиімді көшбасшы проблеманы қарсы алуға әрқашан дайын.

  1. Толық суретін көре алады. Көшбасшылар проблеманың толық суретін көре біледі. Эмоция оларды орап, састыра алмайды.
  2. Олар ретімен істейді. Ричард Слома мына кеңесті береді: «Ешқашан проблемалардын барлығына кіріспеңіздер, оларды тізіп, ретімен шешіңіздер». Егер алдарыңызда проблемалар көптеп тұрса, онда алдыңғысын шешкендігіңізге куә болыңыз.
  3. Құлау шегінде тұрса да, басты мақсаттан шегінбейді. Көшбасшылар басты шешімді қиын жағдайда емес, шарықтау кезінде қабылдайды.

Осыған орай, студенттік жас адам өмірінің ерекше кезеңі. Бұл жетістіктер, білімнің қарқынды жинақталатын, адамгершіліктің қалыптасуы, жаңа әлеуметтік позицияға ие болу кезеңі. Студенттің тұлғасына аса зор қалыптастырушы ықпалды тұлғааралық, эмоционалдық және іскерлік өзара қатынастардың құрылымдалуы, қалыптасуы мен өзгеруі, топтық рөлдерді бөлу мен көшбасшының ұсынылып шығуы үдерістері жүретін студенттік орта, студенттік топ ерекшеліктері көрсетеді. Осы барлық топтық үдерістер студенттің тұлғасына, оның оқуының табысты болуы мен кәсіптік қалыптасуына қатты ықпал етеді. Студенттердің тұлғааралық қатынастары біріншіден, аталған әлеуметтік топтың жастық ерекшеліктерімен, екіншіден, оның қызметіне тән ерекшеліктермен шартталады.

Сонымен, студентті көшбасшы етіп тәрбиелеу және оның өзін-өзі тәрбиелеуі әрдайым жүретін процесс. Студент көшбасшы болу үшін, сәйкесінше мәдениет, білім, өмірілік тәжірибеге және кәсібилікке қол жеткізу қажет. Әрине, көшбасшы өз-өзін тәрбиелейді және дамытады. Бірақ кез келген компанияның персонал қызметінің және басшылығының міндеті — көшбасшылық нышандары бар қызметкерлерді анықтап, сіздің ұйымыңызда қабілеттерін дамытуға көмектесіп және күшін сынауға орын тауып беру болып табылады. Керісінше жағдайда, көшбасшылық нышандары бар қызметкерлер пісіп жетіліп, өзін көрсететін мүмкіндіктер көрмей, компаниядан кетіп қалады. Ол өзімен бірге сіздің компанияңызда алған тәжірибені, білімді, ал кейде басқа да қызметкерлерді алып кетеді. Сондықтан студенттерде көшбасшылықты тәрбиелеу, дамыту және оларға өз күштерін жұмыста, тәжірибеде байқап көруге мүмкіндік беру өте маңызды.

Әдебиет:

  1. Мороз А. Г. Профессиональная адаптация выпускника педагогического ВУЗа: дис.... д-ра психол. наук: Киев, 2007. — 255 с.
  2. Климов Е. А. Профориентация и психология / Вестник Моск. ун-та. — 2015.- № 1.- С. 3–6.
  3. Перленбетов М.Ә. Взаимосвязь свойств личности и психических процессов: автореф.... докт.психол.наук:19.00.01. — Питер, 2010. — 46 с.
  4. Қонақбаева Ұ.Ж. Профессиональная подготовка будущих учителей к профильному обучению учащихся 6D012000 ЮКО, 2013. — 218 с.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, бола.

Ключевые слова

практика, студент, индивид, тұлға, көшбасшы, тәрбиелеу

Похожие статьи

Жаһандану дәуіріндегі тілдік плюрализм мәселелері

Сонымен, қазіргі таңда елімізде көптілді және көпмәдениетті білім беру жоғары білім беру жүйесіндегі ең басты бағыттардың бірі болып табылады. Жоғары оқу орны көптілді және көпмәдениетті тұлғаның қалыптасып дамуында ең маңызды кезең болып саналады. О...

Кіші мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу көздері

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу көздері келтіріліп, олардың бала өмірінде қандай маңызға ие екендігі айтылған. Бұл бағыттағы жұмыстар ұлттық мұраларымызды бала бойына ерте жастан сіңіртіп, оның өмірінде өшпес із қалды...

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын қолданудың педагогикалық мәселелері

Бұл тақырыптың өзектілігі ойындар балалардың қоршаған әлемді тануының, шығармашылық дамуының әмбебап құралы болып табылады. Өйткені олар ойын мен оқуды біріктіреді. Бастауыш мектептегі ойын-бұл мұғалімнің іс-әрекеті мен баланың қажеттіліктерінің қиыл...

Әл-Фараби — әдебиеттанушы хақында...

Бұл мақалада әлемнің екінші ұстазы, бар әлемге белгілі ғалым,философ, дәрігер,сазгер- Әл-Фарабидің тағы да жаңа қырынан көрсету мақсатында, ғалымның әдебиетші ретінде танымал болғанын дәлелдеу. Ол үшін біздер Әл-Фарабидің трактаттарын, фарабитанушыла...

Көмірқышқыл газының климатты өзгертудегі әсері

Адамзат тарихындағы ең күрделі іс-әрекет — бұл өндірістік және технологиялық кәсіпорындардың Жердің климаты мен экожүйесіне әсерін түсіну және осы әсерлерден туындайтын қауіп-қатерлерге тиімді әрекет ету. Бұл мақалада көмірқышқыл газының атмосферага ...

Дүниенің тілдік бейнесін қалыптастырушы стереотиптер

Адамдардың өмір тіршілігіне қатысты стереотиптер — стереотиптер арасындағы маңыздысы. Стереотиптер салт-дәстүрмен, аңыз-әпсаналармен, әдет-ғұрыптармен тығыз байланысты, тек салт-дәстүрлер обьективті маңыздылығын ашық түрде байқатса, ал стереотиптер ж...

Менің инновациялық сабағым

Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні — білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы — ақпаратп қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оны...

«Бәрін білгім келеді» қазақ тілінен факультативтік курсының бағдарламасы

Осы курс 8–9 сынып оқушылары үшін құрастырылған. Ерекшелігі: оқу-танымдық және тәрбиелік бағыты. Құрастырған кезде мен жұмысымдағы бақылауды басшылыққа алдым: оқушылардың қазақ халқының өнері, тұрмысы мен салты жайында білімдері аз. Сондықтан дәл осы...

Факультативтік курс «Мен — азаматпын»

Биыл еліміздің тәуелсіздігіне жиырма төрт жыл болды. Осы уақытта күрделі жұмыстар жасалып жатыр:дүние жүзінің жүзден астам елі Қазақстанды тәуелсіз ел деп таныды.Қырықтан астам елмен жан-жақты қарым-қатынас жасап отыр. Бірнеше мемлекеттерде Қазақстан...

Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде әдебиеттік оқу пәнінің маңызы

Мақалада бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде әдебиеттік оқу пәнінің маңызы қарастырылды. Қазіргі таңда әсіресе, көп көңіл бөлінетін мәселе — адамгершілік тәрбиені күшейту болып табылады. Әдебиеттік оқу пәнінің негізгі мақсаты — дұры...

Задать вопрос