Қазіргі мектептегі экологиялық білім берудің негізгі мәселелерінің бірі — әлемнің біртұтас экологиялық бейнесін қалыптастыру болатын жүйені құрудың мүмкін еместігі. Білім берудің орта деңгейінде «Экология» пәні болмағандықтан жаратылыстану курстарында экологиялық білімнің фрагменттері бар, әрі оның бытыраңқылығы байқалады. Экологияның қажетті атрибуты болып табылатын ұғымдар жаратылыстану-ғылыми білімдердің жалпы ағымында «араласып кеткен». Осыған байланысты экологиялық білім берудегі Биология курсының маңызы ең алдымен, әртүрлі деңгейдегі тірі жүйелер туралы ғылыми білімнің мазмұнымен анықталады. Ұйымдастырудың ағзадан жоғары деңгейлеріне ерекше назар аударылады: популяция, биоценоз, биогеоценоз, биосфера. Сондай-ақ, биология курсында: қоршаған орта, қоршаған ортаның факторлары, экологиялық факторлар туралы экологиялық түсінік беріледі. Сондықтан, мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін, күрделі экологиялық білімдерін қалыптастыру мен дамытуда биологиялық пәндердің рөлі зор және қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негіздерін ашуда жетекші орын алады.
Кілт сөздер: экологиялық білім, экологиялық тәрбие, экологиялық мәдениет, экологиялық факторлар, жаратылыстану курсы, биологиялық пәндер, қоршаған ортаны қорғау шаралары.
Одной из основных проблем экологического образования в современной школе является невозможность создания системы, которая будет формировать единую экологическую картину мира. Из-за отсутствия предмета «Экология» на среднем уровне образования в курсах естественных наук имеются фрагменты экологического образования, наблюдается его фрагментарность. Понятия, являющиеся необходимым атрибутом экологии, «вмешиваются» в общий поток естествознания. В связи с этим значение курса биологии в экологическом образовании определяется прежде всего содержанием научных знаний о живых системах разного уровня. Особое внимание уделено высшим уровням организации: популяции, биоценозу, биогеоценозу, биосфере. Также в курсе биологии: экологическое понимание окружающей среды, факторы окружающей среды, экологические факторы. Поэтому роль биологических дисциплин в формировании и развитии экологической культуры, комплексных экологических знаний школьников значительна и принимает ведущую роль в раскрытии научных основ охраны окружающей среды.
Ключевые слова: экологическое образование, экологическое воспитание, экологическая культура, экологические факторы, курс естествознания, биологические предметы, работа по охране окружающей среды.
Мақсаты: 6–7 сыныптардағы биология сабақтарындағы мектеп оқушыларының экологиялық білімін, мәдениетін дамытудағы сыныптан тыс жұмыстардың рөлін көрсету
Міндеттері:
—экологиялық білім беру және тәрбиелеу жүйесіндегі биологиялық пәндердің орны мен рөлін анықтау;
—биология курсы бойынша сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық практиканы (тәжірибені) ұйымдастыру тәжірибесінің жағымды жақтары мен кемшілік тұстарын анықтау.
Экологиялық білім мен дағдылар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін экологиялық білім беру түрлерінің ішінде сыныптан тыс жұмыстарды бөліп көрсету керек [1], әсіресе биология курсындағы экологиялық тәжірибені бөліп көрсету қажет. Қала мектептерінің барлығында табиғи нысандармен сабақ өткізу үшін жабдықталған мектеп жанындағы аумақтар болмағандықтан, мен 6 және 7 сынып оқушыларының жазғы практикасын табиғатты қорғау практикасы ретінде нақты табиғи объектілерде (қайың орманы, емен орманы, қарағайлы екпелер, шалғынды алқаптар т. б.) өткізуді дұрыс деп санаймын. Сыныптағы сабақтар белгілі бір бағдарлама бойынша өткізіледі және уақыт аралығымен шектеледі, сондықтан көп жағдайда жабайы табиғаттағы табиғи объектілерімен танысу әрдайым мүмкін болмайды. Табиғаттағы экологиялық білім беру тәжірибесі, биология курсының 6 және 7-сыныптарындағы экологиялық тәжірибені, экологиялық білім берудің ең тиімді түрі деп қарастыруға мүмкіндік береді. Дәл осы 6 және 7-сыныптың биология курсында әр түрлі деңгейдегі тірі жүйелердің тұрақтылығы — организмнен ірі экожүйелерге дейінгі тірі жүйелердің орталық Тұжырымдамасының негіздері қаланды. Осы көзқарастың негізінде жоғары сыныпта табиғат пен қоғамның Тұрақты дамуы тұжырымдамасы оңайырақ және ыңғайлы қалыптасады.
Мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беруде, білім беруде биологияның бірінші кезектегі маңызы бар, өйткені экология ғылым ретінде тірі организмдер мен қоршаған ортаның, қоршаған ортаның жағдайының өзара байланысын қарастырады.
Экологиялық тәжірибе білім берудің орта деңгейінде ерекше сұранысқа ие, өйткені ең алдымен ол оқушылардың қоршаған ортадағы болып жатқан табиғи құбылыстар шындығын өз бетінше білуге деген психологиялық қажеттілігін өтейді, қанағаттандырады, бұл өз алдына танымдық қызығушылықты тудырып, кейін оқушы бойында зерттеушілік дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді [2,3]. Бұл дағдылар өздігінен қалыптаспайды, бұл бағыттағы сабақтардың мүмкіндіктері шектеулі, барынша жан-жақты қамтып оқушыларда дағдыларды қалыптасуына жағдай туғызып, жұмыс жасаған жақсы. Тек мақсатты ойластырылған жұмыс қана қажетті қалаған нәтижеге әкеледі [4].
Тәжірибе тақырыптары көбінесе белгілі бір экологиялық проблемаларды немесе олардың топтарын зерттеу арқылы анықталады, азырақ белгілі бір организмдерді, яғни өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген топтарын зерттеу арқылы, өте аз пайыз болса да жалпы экологиялық заңдылықтарды белгілі бір дүниетанымдық маңызын анықтап, құндылығын түсінуге әсер етеді.
Көбінесе практика сыныптан тыс жұмыс сағаттары есебінен жүзеге асырылады. Экологиялық практиканы ұйымдастыру тәжірибесінің жағымды жақтары мен кемшіліктерін қарастырайық. (қосымша 1-кесте.)
Биология курсындағы 7-сыныптың «Биология» оқулығын пайдалана отырып, тәжірибені ұйымдастыру бойынша негізгі ұстанымдарды қарастырайық.
Жоғарыда келтірілген ойларды ескере отырып, тәжірибелік сабақтардың бүкіл жүйесін 7-сыныптағы экологиялық тәжірибе сабақтарының шамамен күнделікті жоспарлануын жасауға болады. (2-кесте). Практиканың әр жаңа күні жаңа тақырыпқа арналады және жаңа табиғи қауымдастықта (экожүйеде) ұйымдастырылады, бұл сабақтардың психологиялық тұрғыдан ыңғайлы өтуіне ықпал етеді.
Тәжірибе барысында балалар тірі табиғат дүниесінің биологиялық алуантүрлілігін нақты мысалдар арқылы көреді: түрлердің әртүрлілігі, бір түрдің популяциясы, организмдердің өзара қарым-қатынасы немесе байланысы, зерттелетін экожүйелердің әртүрлілігі.
Практиканың әр жаңа күні оқушыларды организмдердің арасындағы өзара әр түрлі байланыстарына көздері жете бастайды, нақты белгілі бір сабақтарда олар экожүйедегі биологиялық циклды, оның өмір сүруінің негізі ретінде анықтайды, нәтижесінде экологиялық ойлау элементтерін, сонымен бірге табиғатта өзін-өзі ұстау мәдениетін, экологиялық мәдениетін қалыптастырады.
Жұмыстың бұл түрінің құндылығы — балалардың бұл білім мен дағдыларды нақты табиғи экожүйелерде практикалық жұмыстарды орындау процесінде алуында болып саналады.
1-кесте
Экологиялық практиканы ұйымдастыру тәжірибесінің жағымды жақтары мен кемшіліктері.
Экологиялық практиканы ұйымдастыру тәжірибесінің жағымды жақтары |
Кемшіліктері |
Кемшіліктерді жою әрекеті бойынша міндеттер, тапсырмалар |
1. Экологиялық практика ынталы балалар үшін ұйымдастырылады |
Ең алдымен, қосымша білім беруде, жалпы білім беруде, әдетте, болмайды |
Барлық балаларға арналған жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие процесінің бір жылдық цикліне экологиялық практиканы енгізу |
2. Сыныптан тыс жұмыстың жеке формаларына арналған көптеген түрлі әдістемелік әзірлемелер |
Жұмыс жасау жүйесі жоқ |
Экологиялық тәжірибеде логикалық өзара байланысты жұмыс жүйесін құру |
3. Экологиялық практиканың (тәжірибенің) мазмұндық материалы бойынша әртүрлі тақырыптар |
Әдетте, ол экологияның тар мәселелерін қарастырады немесе организмдердің жеке тобына ғана арналған |
Экологиялық және ботаникалық тақырыптарға басымдық бере отырып, оқытылатын курстың негізгі білімдеріне негізделген мазмұн желісін құру |
4. Оқушылардың экскурсияларды өзіндік жұмыстарда қолдануы |
Экологиялық практикадағы жұмыс формалары мен әдістері біркелкі |
Мысал ретінде бастапқы 5 күн ішінде Экологиялық практика бойынша жұмыс нысандарының жүйесін әзірлеу |
5. Иллюстрациялық әдістердің қолданылуы |
Табиғатты зерттеу әдістері көбінесе табиғатта пассивті-иллюстрациялық болып табылады, практикалық әдістерді қолданудың жеткіліксіздігі |
Білім, білік, дағдыны игерудің өз бетінше тәуелсіз және шығармашылық деңгейін ескере отырып, экологиялық практикаға (тәжірибеге) арналған тапсырмаларды әзірлеу |
6. Танымдық маңызы бар жекелеген табиғи объектілерді қарастыру |
Салыстырмалы танымдық және тәрбиелік мәні бар табиғи объектілерді, олардың қауымдастықтарының аз дәрежесін қарастыру |
Қабылдаудың қол жетімділігі тұрғысынан зерттеу үшін объектілердің таңдалуы. Зерттелетін экожүйелерге тән сонымен бірге үлкен танымдық және дүниетанымдық (когнитивті және идеологиялық) маңызы бар |
7. Жеке жұмыстың формаларының жоспарлануы |
Белгілі бір сыныптың жұмыс формаларын жоспарлауға бірыңғай тәсіл жоқ |
Практиканың жекелеген күндерін өткізуге қойылатын бірыңғай талаптарды ескере отырып, жоспарлауды әзірлеу |
2-кесте
7-сыныптағы Экологиялық практика сабақтарының күнделікті жоспарлануының үлгісі.
Практика күні |
Тақырыбы |
Мақсаты |
Практикалық жұмыстың мазмұны |
Қауымдастық (Эко жүйе) түрі |
1-күн |
Таныстыру экскурсиясы. Қауымдастықтағы өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы өзара байланысы. Орманда жануарлардың таралу заңдылықтары. |
Өсімдіктер мен жануарлардың түрлі қарым-қатынастарын, олардың өзара бір-бірімен әртүрлі қарым-қатынастарын және жануарлардың бір қауымдастықтың әртүрлі экожүйедегі түрдің функционалды орны мен өмір сүруіне бейімделуін анықтау. |
Типтік өсімдіктердің жануарлар үшін, ал жануарлардың өсімдіктер үшін арналған мысалдардың маңызын бақылау. Өсімдіктер мен жануарлардың басқа да байланыс қатынасын орнату |
Аралас орман |
Әдебиет:
- Мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін тәрбиелеу: Мұғалімге арналған нұсқаулық. / Ред. Б. Т. Лихачева, Н. С. Дежникова. — М.: Тобыл, 1997. — 96 б.
- Базулина И. В. Ашық аспан астында экологиялық мәдениетті дамыту. // Бастауыш мектеп. — 2005. — № 12.
- Барышева Ю. А. Экологиялық және өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесінен. // Бастауыш мектеп. — 1998. — № 6.
- Бабакова Т. А. Экологиялық білім берудегі өлкетану технологиясы. // Экологиялық тәрбие, 2001, № 1.