Есепке жатқызуды қолдануға шектеу қойылған жағдайлар | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №19 (414) май 2022 г.

Дата публикации: 13.05.2022

Статья просмотрена: 9 раз

Библиографическое описание:

Карипова, А. И. Есепке жатқызуды қолдануға шектеу қойылған жағдайлар / А. И. Карипова, Г. Б. Патшахан. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 19 (414). — С. 521-524. — URL: https://moluch.ru/archive/414/91037/ (дата обращения: 16.11.2024).



Мақалада міндеттемелерді есепке жатқызуға заңмен қойылған шектеулер қарастырылып, аталмыш әдіс қолданылмайтын жағдайлар бойынша талдау жасалынған. Мақаланы жазу барысында міндеттемелік құқық саласындағы әдебиеттер мен заңнамалық нормалар қарастырылған және басты назар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 370 — бабында көзделген жағдайларға аударылған.

Зерттеу нәтижелерін ЖОО студенттері аталмыш тақырып бойынша ғылыми зерттеу жасау барысында және танымдық мақсатта қолдана алады.

Кілт сөздер: заңды талап мерзімінің өтуі, азаматтың өмірi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу, алимент өндiрiп алу, өмiр бойы асырау, өзара келісім арқылы есепке жатқызу, біржақты есепке жатқызу.

В статье рассмотрены ограничения, налагаемые законом на зачет обязательств, проведен анализ обстоятельств, при которых данный метод не применяется. При написании статьи предусмотрена литература и законодательные нормы в области обязательственного права, основное внимание уделено обстоятельствам, предусмотренным статьей 370 Гражданского кодекса Республики Казахстан.

Результаты исследования могут быть использованы студентами вузов при проведении научных исследований по данной теме и в познавательных целях.

Ключевые слова: истечение срока исковой давности, возмещение вреда, причиненного жизни и здоровью гражданина, взыскание алиментов, пожизненное содержание, зачет по взаимному согласию, односторонний зачет.

Міндеттемелерді тоқтатуды есепке жатқызу әдісін қолдану арқылы жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасы небәрі бірнеше талаптардың орындалуын талап етеді және бұл өз кезегінде тиімді әдістердің бірі болып табылады, себебі қарама-қарсы тараптардың екі түрлі міндеттемлер негізінде бір мезетте борышкер және талапкер болуы, екі тарпатың қосымша шығынсыз міндеттемлерін өтеуіне мүмкіндік бере отырып, олардың бастапқы жағдайын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Дегенмен аталмыш әдіс Қазақстан Републикасының Азаматтық кодексінің 370-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда қолданылмайды.

Тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша талапқа заңды талап мерзiмiн қолдану қарастырылған болса және ол мерзiм өтiп кеткен жағдайда есепке жатқызу әдісі қолданылуға жатпайды. Міндеттемлерді тоқтату үшін талап ету мерзімінің өтіп кетуін жариялау бұл заңмен талап етілмейді, алайда бұл борышкер үшін кредиторың алдындағы орындалуы қиынға соғатын талаптардан қорғану құралы болып табылады. Яғни борышқор мен кредитор арасында жасалынған шарт мазмұнына сәйкес талап ету мерзімі көрсетілмеген болса, алайда боршықор осы мерзімнің өтіп кетуіне қарамастан міндеттемелерді есепке жатқызу арқылы өтеуге келіскен жағдайларда бұл әрекеттерді жүзеге асыруға толықтай құқылы. Борышқордың аталмыш әрекеттері кредитор үшін өте тиімді болып таблады [1], өйткені кері жағдайларды борышқор міндеттемелерді есепке жатқызу талап арызымен сотқа жүгінеді, өз кезегінде сот барысында борышқор талап ету мерзімінің өтіп кеткендігін алаға тартатын болса, дау борышқордың пайдасына шешіліп кредитордың борышқордан өтей алмаған міндеттемелеріне сотқа кеткен шығындар қосылып, оның жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін. Ал борышқор талап ету мерзімінің өтуіне қарамастан міндеттемелерді есепке жатқызу әдісімен тоқтату арқылы кредитор үшін жоғарыда көрсетілген кері әсерлердің алдын алуда.

Бұрын аталып өткендей талап ету мерзімінің өтіп кеткендігін жариялау бұл борышқорға берілген құқық болып табылады, алайда борышқор міндеттемелерді өтеу барсында бұл құқығын назарға алмаған және ескермеген жағдайда орындалған міндеттемелер кері қайтарылуға жатпайды. Аталмыш шектеу ҚР АК-нің 186-бабымен қарастырылған және оған сәйкес талап қою мерзiмi бiткеннен кейiн мiндетiн атқарған борышқордың немесе өзге мiндеттi адамның тiптi сол мiндеттi атқарған кезiнде талап мерзiмiнiң өтiп кеткенiн бiлмесе де, аталған адамның өзi атқарған нәрсесiн қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.

Талапты есепке алуға жол бермеу талап қою мерзімінің өткендігі туралы тараптардың бірінің өтініші болған кезде қолданылады. Сондықтан өтініш болмаған жағдайда есепке жатқызу жүргізілуі мүмкін. Сондай-ақ, азаматтардың талаптары бойынша сот ерекше жағдайларда өткізіп алған ескіру мерзімін қалпына келтіруге құқылы екенін ескеру қажет [2]. Келтірілген тұжырымдама кредитор болып табылатын тараптың заңмен белгіленген жағдайларда талап ету құқығын қайта қалпына келтіре алатындығын білдіреді және бұл жағдай өз кезегінде екі тараптың да жағдайларының бастапқы қалыпқа келіуіне септігін тигізеді.

Міндеттемелерді еспеке жатқызу қолданылмайтын келесі жағдай азаматтың өмірi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу бойынша туындайтын жағдайлар болып табылады. Дегенмен, мұндай зиянды ерікті түрде өзрара келсім-шарт негізінде өтеу мүмкіндігі заңнамада жоққа шығарылмайды. Яғни тараптардың келісімімен келтірілген зиян көлемін анықтау мүмкін болған жағдайда, онда тараптардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талапты қандай да бір басқа талаппен есепке алу мүмкіндігі бар. ҚР Азаматтық кодексінің 382-бабының 1-тармағына сәйкес тараптар тиісті шарттың мазмұнын және ережелерін, заңдармен жазылған жағдайлардың басқасында, өз қалаулары бойынша анықтай алады. Алайда тараптардың мұндай келісім-шарт жасауы міндеттемелердің еспке жатқызу арқылы толықтай тоқтатылуына кепіл бола алмайды, өйткені ҚР АК-нің 917-бабының 1-тармағында және 942-бабында көзделген жағдайларда қарсы тараптардың талап арызымен келтірілген зиян мөлшерінің төмен немесе жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін, бұл бір жағдайларда есепке алу туралы келісім-шарттың жарамсыздығына алып келсе, келесі бір жағдайларда келісім-шарттың ішінара орындалғандығын білдіреді.

Сонымен қатар есепке жатқызуды азаматтардың денсаулығы мен өміріне келтірілген зияндардың өтеу барысында қолданбаудың бірден бір себебі зардап шеккен адамның мүддесін қорғау болып табылады. Өйткені, есепке алу туралы келісім-шарт жасасу кезінде зардап шегуші өзінде болғанмен салыстырғанда денсаулығына келтірілген зиянға байланысты өзінің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуін көре алмайды, яғни мұндай зиян мөлшерін айқын анықтау мүмкін болмайды.

ҚР АҚ-нің 370-бабының 2- тармағындағы 3-тармақшаға сәйкес алимент өндiрiп алу бойынша міндеттемелер есепке жатқызу арқылы тоқтатылуға жатпайды. Бұл орайда Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 172-бабы 1-тармағында да алименттің басқа қарсы талаптармен есепке жатқызуға болмайтындығы көзделген. Аталмыш нормалар кәмілет жасына толмаған балалар мен алимент алушы болып табылатын тараптың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 138-бабы 1-тармағында ата-аналардың өздерінің кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын кәмелетке толған балаларын күтіп-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасасу құқығы қарастырылған. Яғни тараптардың екеуінде де кәмелет жасына толмаған балалар болса және олар үшін алимент төлемдерін жүзеге асыру бойынша екі тарапта да міндеттемелер болған және бұл олардың мүдделерін шектемейтін жағдайда алимент төлеу туралы келісім негізінде есепке жатқызу әдісін қолдану тараптар үшін тиімді болып табылады.

Міндеттемелерді есепке жатқызу әдісі қолданылмайтын жағдайлардың келесі бір түріне өмір бойы асырау туралы міндеттемелер жатады. Өмір бойы асырауда ұстау туралы талаптар рента алушы азамат өзiне тиесiлi жылжымайтын мүлiктi сол азаматты және (немесе) ол көрсеткен үшiншi бiр адамды өмiр бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға мiндеттелген рента төлеушiнiң меншiгiне берумен байланысты өмiр бойы асырауда ұстау шартымен негізделеді. Аталмыш шарт тараптардың өзара келісіміне негізделгендіктен, осы құқықтық қатынасқа қатысушыларының шартпен көзделген міндеттемелерін есепке жатқызу арқылы тоқтатуға кедергі жоқ деп айтуға болады. Бұл жағдайда есепке жатқызу туралы келісм бастапқы шарттарға қосымша келісім ретінде немесе оны бұзу туралы келісім ретінде қарастырылуы мүмкін. Өмір бойы асырау туралы міндеттемелерді басқа қарсы талаптармен есепке жатқызуға салынған тыйм бір ғана тараптың есепке жатқызуына тікелей қатысты деп санаймыз, өйткені жоғарыда аталып өткендей есепке жатқызуды біржақты қолдану екінші тарптың мүддесіне қайшылық келтіруі мүмкін, ал заңнама мұндай жағдайларға жол бермеуді көздейді. Сонымен қатар өмір бойы асырау туралы келісім-шарт үшінші тұлғаның пайдасына жасалынған жағдайда ҚР АҚ 391 — бабының 2 — тармақшасына сәйкес үшiншi жақ борышқорға шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетiн бiлдiрген кезден бастап тараптар өздерi жасаған шартты үшiншi жақтың келiсiмiнсiз бұза алмайды немесе өзгерте алмайды. Тағы бір ескеретін жай үшінші тұлға мен рента төлеуші арасында шарттық есепке алуды жүргізуге болмайды, өйткені үшінші тұлға аталған шарттардың тарапы болып табылмайды және олардың шартты өзгерту немесе бұзу туралы келісім жасауға өкілеттігі жоқ.

Денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, өмір бойы асырау, алименттік төлемдер сияқты міндеттемелер бойынша есепке алу, егер оның екінші тарап алдында орындау мерзімі басталған қарсы міндеттемесі болса, алушыны өзінің күнделікті өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруда қаражаттан айыра алар еді. Азамат алдында аталған міндеттемелер бойынша мерзімінен бұрын орындау мүмкін болғандықтан, есепке жатқызу туралы өтініш мерзімді түрде қаражат алуды қажет ететін адамның болашақ кезеңдерде оларды жоғалтуына, сол арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болуына әкелуі мүмкін. Сондықтан, заң шығарушы осы жағдайларда есепке жатқызудың теріс әлеуметтік салдарын шектеуге тырысады [3].

ҚР АК-де жоғарыда аталып өткен жағдайлардан басқа есепке жатқызу әдісі қолданылмайтын өзге де құқықтық қатынастарды қарастыруға болады. Мәселен, ҚР АК-нің 59 — бабы 1 тармағына сәйкес шаруашылық серкітестіктің жарғылық капиталына жеке мүліктік емес құқықтар және өзге де материалдық емес игіліктер түрінде салымдар енгізуге жол берілмейді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, серіктестікке қатысушылардың талаптарын есепке жатқызу жолымен салымдар енгізуге жол берілмейді. Яғни, шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталы оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыра алатын мүліктерден құралуы қажет.

Қазақстан Республикасының Оңалту және банкроттық туралы Заңының 8-бабы 4 — тармағына сәйкес оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап және оңалту немесе банкроттық туралы істі тоқтату туралы сот ұйғарымы не борышкерге оңалту рәсімін қолдану немесе борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін борышкер мен оның кредиторлары арасындағы өзара талаптарды есепке жатқызуға жол берілмейді. Бұл жағдайда есепке алу арқылы міндеттемелерді тоқтатуды банк кредиторлары талаптарының кезектілігін сақтай отырып жүзеге асыру көзделеді.

Заңды тұлғаларға қатысты қарастырылып өткен соңғы екі нормалар бір жақты есепке жатқызуға ғана емес екі тараптың келісімімен болатын есепке жатқызуға да тыйым салып отыр. Мұндай шектеулер ең алдымен үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін қарастырылған. Мәселен шаруашылық серіктестіктің құрылайшыларының жарғылық капиталға міндеттемелерді есепке жатқызу әдісімен өз үлесін қосуы, құрылтайшылар мен шаруашылық серіктестік үшін тиімді болғанымен, кредитор үшін тиімсіз болып саналады, себебі жарғылық капитал өз дәрежесінде толықтырылмайды. Бұл өз кезегінде кредитордың шаруашылық серіктестікпен келісім-шартының орындалуында тәуекелдердің пайда болуына алып келеді және оның салдарының ауыртпалығы кредиторға түсуі мүмкін. Ал оңалту және банкроттық жағдайларына келетін болсақ, бұл жағдайда оңалту немесе банкроттық басқарушының келісімінсіз есепке жатқызу борышқордың бір ғана кредитор алдындағы міндеттемелерін орындау тәуекелін тудырып, басқа кредиторлардың заңды құқытарының сақталмауына алып келуі мүмкін.

ҚР АК — нің 737 — бабына сәйкес қаржы агентi борышқорға төлем жүргiзудi талап еткен жағдайда, борышқор осы Кодекстiң 370-бабына сәйкес талаптың қаржы агентiне берiлгенi туралы жазбаша хабарламаны өзi алған уақытта борышқорда болған, клиентпен арадағы шартқа негiзделген өзінің ақшалай талаптарын есепке алуға ұсынуға құқылы. Егер клиент борышқор алдында мiндеттемелерi бар екенi туралы оған хабарламаса, қаржы агентi есепке алудан бас тартуға құқылы. Мысалы, «Д» (кредитор) және «Е» (борышкер) деп аталатын екі тарап арасында келісім шарт жасалынған және бұл келісім шартқа сәйкес тараптардың өз міндеттемелерін үшінші бір тарапқа беруіне тыйым салынған. Тараптар өз міндеттемелерін үшінші тарапқа берген жағдайда айыппұл көзделген. Алайда, «Д» өзінің ақшалай талап ету құқығын «С» банкіне қаржыландыру шартының негізінде береді, өз кезегінде «С» банкі орындалу уақытының келуіне сәйкес міндеттемелерді орындау талабымен «Е»-ге жүгінеді. «Е» міндеттемелерді орындаудан бас тартпайды, бірақ бастапқы келісім-шарт талаптарының орындалмауына байлынысты туындайтын айыппұл көлемін есепке жатқызу арқылы негізгі міндеттемелердің көлемінің азайтыуын сұрайды. Жоғарыда аталып өткендей мұндай жағдайларда есепке жатқызудан бас тартуға толық құқылы. Ал «Е» мен «Д» арасындағы жағдайға келетін болсақ шарт талаптарын бұзғаны үшін кредитор шартта көзделген айыппұлды өтеуге міндетті болып табылады, себебі ҚР АК — нің 733 — бабына сәйкес клиент (кредитор) пен борышкер арасындағы оған тыйым салу немесе оны шектеу туралы қолда бар келісімді бұза отырып қаржы агентiне ақшалай талапты беруі клиентті (кредитор) борышкер алдындағы міндеттемелерден немесе жауаптылықтан босатпайды.

Есепке жатқызу әдісі қолданылмайтын жағдайлар тізімі ҚР АК — нің 370 — бабында көрсетілген немесе жоғарыда аталған жағдайлармен ғана шектеліп қоймайды және тараптардың келісімімен шартта да көзделуі мүмкін. Келтірілген жағдайлар бойынша талаптарды есепке алуға тыйым салу есепке жатқызудың біржақты сипаты жағдайында адресаттың мүдделерін қорғау қажеттілігімен алдын-ала анықталған. Есепке алу туралы келісім жасалған жағдайда тараптардың бірінің құқықтарына нұқсан келтіру қаупі жоқ, демек, мұндай келісіммен белгіленген талаптарды тоқтатуға ешқандай кедергі болмайды.

Әдебиет:

  1. Карапетов А. Г. Договорное и обязательственное право (общая часть): постатейный комментарий к статьям 307–453 Гражданского кодекса Российской Федерации [Электронное издание. Редакция 1.0] / Отв. ред. А. Г. Карапетов. — М.: М-Логос, 2017. — 1120 с. [Электронный ресурс]: https://m-lawbooks.ru/wp-content/uploads/2019/04/Kommentariy-k-statyam-307–453-GK-RF-onlayn-versiya-2.pdf (дата обращения 11.02.2022г.)
  2. Сулейменов М. К., Басин Ю. Г. Комментарий к Гражданскому кодексу Республики Казахстан (Осбенная часть). [Электронный ресурс]: Комментарий к Гражданскому кодексу Республики Казахстан (Общая часть) (Ответственные редакторы: Сулейменов М. К., Басин Ю. Г.) (zakon.kz) (дата обращения 05.03.2022г.)
  3. Сарбаш С. В. Элементарная догматика обязательств: Учебное пособие / Исслед. центр частн. права им. С. С. Алексеева при Президенте РФ, Рос. школа частн. права. — М.: Статут, 2016. — 336 с. [Электронный ресурс]: Sarbash_S_V_Elementarnaya_dogmatika_obyazatelstv (1).pdf (дата обращения 01.03.2022г.)
  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
  5. Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі
  6. Қазақстан Республикасының Оңалту және банкроттық туралы Заңы
  7. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының банктер мен банк қызметі» туралы Заңы.
Основные термины (генерируются автоматически): немес, Гражданский кодекс Республики, Казахстан, кредитор, мена, Электронный ресурс, Общая часть, соты.


Ключевые слова

заңды талап мерзімінің өтуі, азаматтың өмірi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу, алимент өндiрiп алу, өмiр бойы асырау, өзара келісім арқылы есепке жатқызу, біржақты есепке жатқызу

Похожие статьи

Мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері. Түзету әдістері

Мақалада мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері сараланған, себебі оқу-тәрбие процесіндегі қиындықтар бастауыш сыныптарда да пайда болса, баланың міндетті мектеп бағдарламасын меңгеруіне айтарлықтай кед...

Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру

Бұл мақалада персоналды басқарудың педагогикалық жағдайларын талдау, білім беру мекемесінің жұмыс істеу ерекшелігі, және жүзеге асырылатын оқытушылық функциялар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің б...

Тұрақты даму мақсаттарының өңірлік деңгейде жүзеге асырылуын жетілдіру мәселелері

Мақалада Қазақстан Республикасындағы Тұрақты даму мақсаттарының іске асырылу барысы және мақсаттарды өңірлік деңгейде оқшаулау, жергілікті институционалдық механизмдер, тұрақты даму мақсаттарының индикаторлары қарастырылады. Жаһандық мақсаттарды іске...

Оқушылардың этикалық мінез құлқының ерекшеліктері

Бұл мақалада оқушылардың талапқа сай болуы, мінез құлықтың ерекшеліктері, мінез құлықтың этикалық бағыты қарастырылды. Этикалық мінез құлықтың қалыптасу барысы мен орындалу әрекеттері тұрғысынан зерттеу жүргізілді. Этикалық мінез құлықтың оқушы бойын...

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы нысаналарды бақылау үшін жерді қашықтықтан зондтау әдісін пайдалану

Берілген мақалада жерді қашықтықтан зондтау деректерінің тиімділігі жайлы баяндалады. Қазіргі таңда жерді қашықтықтан зондтау үлкен проблемаларды шешуде ұтымды пайдаланылуда. Қашықтықтан зондтаудың негізгі артықшылықтары,оны пайдалану барысында басқа...

Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері («Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы мысалында»)

Мақалада Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік саласының қазіргі жағдайы қарастырылды. Өңірлік деңгейде экономикалық өсуге ықпал ететін шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін үрдістер мен мүмкіндіктер талданған. Дамыған шет елдер...

Шет тілін оқытудағы тұлғаға бағытталған әдіс

Бұл жұмыстың өзектілігі жоғары білім беру жүйесінің өзгеру жағдайларына байланысты. Сондай-ақ, жоғары білікті мамандардың қажеттілігі, өсіп келе жатқан қоғамның қажеттіліктерімен байланысты. Шет тілі сабақтарында тұлғаға бағытталған әдісті қолдану за...

Отбасылық кіріс көзін тиімді жұмсау қоғамға қажет пе?

Мақалада еліміздегі тұрғындардың қаржы сауаттылығын арттыру және ол үшін не қажет екенін ұсыну көзделді. Қазіргі замандағы экономикалық-әлеуметтік қарқынды даму кезінде еліміздің де экономикасы өсіп, халықтың әл-ауқаты артуда. Алайда, осы жетістікте...

Тілдік мектеп орталықтарда ағылшын тілі сабағында студенттердің және тыңдаушылардың оқыту процесінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру

Бұл мақалада, көптеген дамыту үшін тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін шетел тілі сабақтарында. Сонымен қатар, тыңдаушыларды шет тілін үйренуге бей-жай қалдырмауға мүмкіндік бермейтін сабақтан тыс қызметте сабақ қызықты, жандырақ және әр түрлі е...

Өзін-өзі және өзара бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?

Ұсынылған баяндамада мұғалім оқушылардың қазақ тілі пәнінде қалыптастырушы бағалау бойынша тәжірибесінде кездескен қиындықтар мен кедергілерді еңсерудегі өзін-өзі және өзара бағалауды қолданудың тиімділігі туралы іс-тәжірибесімен бөліседі, бағалауға ...

Похожие статьи

Мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері. Түзету әдістері

Мақалада мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері сараланған, себебі оқу-тәрбие процесіндегі қиындықтар бастауыш сыныптарда да пайда болса, баланың міндетті мектеп бағдарламасын меңгеруіне айтарлықтай кед...

Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру

Бұл мақалада персоналды басқарудың педагогикалық жағдайларын талдау, білім беру мекемесінің жұмыс істеу ерекшелігі, және жүзеге асырылатын оқытушылық функциялар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің б...

Тұрақты даму мақсаттарының өңірлік деңгейде жүзеге асырылуын жетілдіру мәселелері

Мақалада Қазақстан Республикасындағы Тұрақты даму мақсаттарының іске асырылу барысы және мақсаттарды өңірлік деңгейде оқшаулау, жергілікті институционалдық механизмдер, тұрақты даму мақсаттарының индикаторлары қарастырылады. Жаһандық мақсаттарды іске...

Оқушылардың этикалық мінез құлқының ерекшеліктері

Бұл мақалада оқушылардың талапқа сай болуы, мінез құлықтың ерекшеліктері, мінез құлықтың этикалық бағыты қарастырылды. Этикалық мінез құлықтың қалыптасу барысы мен орындалу әрекеттері тұрғысынан зерттеу жүргізілді. Этикалық мінез құлықтың оқушы бойын...

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы нысаналарды бақылау үшін жерді қашықтықтан зондтау әдісін пайдалану

Берілген мақалада жерді қашықтықтан зондтау деректерінің тиімділігі жайлы баяндалады. Қазіргі таңда жерді қашықтықтан зондтау үлкен проблемаларды шешуде ұтымды пайдаланылуда. Қашықтықтан зондтаудың негізгі артықшылықтары,оны пайдалану барысында басқа...

Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері («Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы мысалында»)

Мақалада Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік саласының қазіргі жағдайы қарастырылды. Өңірлік деңгейде экономикалық өсуге ықпал ететін шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін үрдістер мен мүмкіндіктер талданған. Дамыған шет елдер...

Шет тілін оқытудағы тұлғаға бағытталған әдіс

Бұл жұмыстың өзектілігі жоғары білім беру жүйесінің өзгеру жағдайларына байланысты. Сондай-ақ, жоғары білікті мамандардың қажеттілігі, өсіп келе жатқан қоғамның қажеттіліктерімен байланысты. Шет тілі сабақтарында тұлғаға бағытталған әдісті қолдану за...

Отбасылық кіріс көзін тиімді жұмсау қоғамға қажет пе?

Мақалада еліміздегі тұрғындардың қаржы сауаттылығын арттыру және ол үшін не қажет екенін ұсыну көзделді. Қазіргі замандағы экономикалық-әлеуметтік қарқынды даму кезінде еліміздің де экономикасы өсіп, халықтың әл-ауқаты артуда. Алайда, осы жетістікте...

Тілдік мектеп орталықтарда ағылшын тілі сабағында студенттердің және тыңдаушылардың оқыту процесінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру

Бұл мақалада, көптеген дамыту үшін тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін шетел тілі сабақтарында. Сонымен қатар, тыңдаушыларды шет тілін үйренуге бей-жай қалдырмауға мүмкіндік бермейтін сабақтан тыс қызметте сабақ қызықты, жандырақ және әр түрлі е...

Өзін-өзі және өзара бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?

Ұсынылған баяндамада мұғалім оқушылардың қазақ тілі пәнінде қалыптастырушы бағалау бойынша тәжірибесінде кездескен қиындықтар мен кедергілерді еңсерудегі өзін-өзі және өзара бағалауды қолданудың тиімділігі туралы іс-тәжірибесімен бөліседі, бағалауға ...

Задать вопрос