Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың экологиялық мәденитін көтеру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №19 (414) май 2022 г.

Дата публикации: 17.05.2022

Статья просмотрена: 141 раз

Библиографическое описание:

Басыгараев, Ж. М. Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың экологиялық мәденитін көтеру / Ж. М. Басыгараев, А. Б. Альтаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 19 (414). — С. 508-511. — URL: https://moluch.ru/archive/414/91443/ (дата обращения: 16.11.2024).

Мақалада авторлар экологиялық білім беру арқылы жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың экологиялық мәдениетін көтеру жолдарын қарастырады. Экологиялық мәдениет ұғымына анықтамалар береді. Экологиялық білім және тәрбие беру барысында білім, тәрбие беру үдерісінің мазмұнын, құрылымын, мақсатын анықтайтын бірнеше функцияларын атап өтеді.

Кілттік сөздер: экологиялық тәрбие, экологиялық мәдениет, жалпы орта білім беру.

В статье авторы рассматривают пути повышения экологической культуры учащихся общеобразовательных школ посредством экологического образования. Определяет понятие экологической культуры. В процессе экологического образования и воспитания образование выделяет ряд функций, определяющих содержание, структуру и цель образовательного процесса.

Ключевые слова: экологическое образование, экологическая культура, общее среднее образование.

Экологиялық мәселелерді шешуде білім жеткіліксіз, сондықтан да жеке тұлғада адам мен табиғаттың үйлесімді қарым-қатынасын қамтамасыз ететін экологиялық мәдениет білімді белсенділікке, нақты іс-әрекетке бағыттайтын құрал қызметін атқарады. Осыған байланысты жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында экологиялық мәдениетке тәрбиелеу қажеттігі айқындалады. Ол бір жағынан орта мектептерде экологиялық білімнің енгізілуіне, ал, екінші жағынан экологиялық дағдарыстың тереңдеп қоршаған ортадағы үйлесімділіктің бұзылуына байланысты болады. Экологиялық мәдениет табиғи қоршаған ортамен қарым-қатынастағы адам тіршілігінің мұрасы болып қалатын таза тұрмыс қалпына, тұрақты әлеуметтік, экономикалық дамуына, елдің және әр адамның экологиялық білім мен тәрбиесі деңгейіне байланысты қаланады.

Экологиялық мәдениет — әрбір қоғамдағы жалпы мәдениеттің ең мәнді элементтерінің бірі болып табылады, өйткені әлеуметтік іс-әрекет ұдайы қоршаған ортаның өмір сүру талаптарымен байланысты болады. Яғни экологиялық мәдениет әлеуметтік феномен ретінде қоғам мен табиғаттың өзара қарым — қатынасын реттеу қажеттілігінен туындайды. Экологиялық мәдениет тұлғамен, оның түрлі қыр-сырымен және қасиеттерімен органикалақ байланыста болады. Ғылыми әдебиеттерде «экологиялық мәдениет» ұғымына көптеген түсінік, анықтамалар берілген. э.В.Гирусовтың пікірінше, экологиялық мәдениет — қоғамның материалдық және рухани құндылықтардың бірлігі сондай-ақ, табиғи ортаны сақтауға бағытталған әрекеттердің бірлігі. Сөйтіп, мәдениеттің мәнін адамның өзіндік материалдық және рухани қажеттілікке жетелейтін іс-әрекетке байланысты туындайтын өнім деуге болады.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру проблемасы бойынша алыс және жақын шет елдік ғалымдардың қырықтан астам еңбектерінде қарастырылуы оның күрделі де, сан қырлы екендігіне көз жеткізеді. Экологиялық мәдениет ұғымына берілген анықтамаларды пайымдауда олардың мазмұны мен басты идеяларына қарай бірнеше бағытта қарастырылғандығын көрсетеді: экологиялық мәдениет — жалпы мәдениеттің бір бөлігі; экологиялық мәдениет адамдардың табиғатпен қарым — қатынастары жөніндегі қалыптасқан дүниетанымы, сенімі, түсініктері, білімі, іскерлігі, құндылық бағдар жүйесі; экологиялық мәдениетке — адамның өмірлік белсенді тұғырнамасы; экологиялық мәдениет адамның табиғатты теориялық, материалдық-практикалақ, рухани ізгілікті меңгеруі және жаңартудағы мәнді күш-қуатының өлшемі, іс — әрекетінің жиынтығы; экологиялық мәдениет — адамның табиғатпен ғана емес, әлеуметтік — тарихи ортамен, биосферамен өзара әрекеттестігі.

Қазіргі заманғы адамның экологиялық мәдениетінің қалыптасуының негізгі факторы, басты құралы қазіргі кезде қалыптасу кезеңінен өтіп жатқан экологиялық тәрбие, білім беру жүйесі болу керек. Сонымен қатар, біз экологиялық мәдениеттің қалыптасу барысында бір — бірінен айырмашылығы бар, бірақ ажырамас екі құбылыс–білім және тәрбиемен жұмыс жасайтындығымызды бөліп көрсету қажет. Бұл экологиялық білімнің, экологиялық ақпараттың өзіндік, адамды ойландыратын, қалыптасқан көзқарастарды және психологиялық құрылымдарды қорытатын тәрбиелік мәні, қуаты болуымен байланысты. Экологиялық дағдарысты тоқтату үшін адамдардың іс — әрекетін басқаратын өмірлік бағыттар мен жүйелік құндылықтарды өзгерту қажет. Ол үшін жоғары білім және жоғары экологиялық сауаттылық керек. Осы мәселеге қатысты қоршаған ортаны жақсарту және қорғау саласындағы білімге аса көңіл бөлу маңызды. Бұл жерде қоғам дамуының мәселесін шешуде қоғамның оны еңсеру үшін адамның қандай типін қалыптастыруы үлкен мәнге ие.

Қазақстанда және бүкіл әлемде қалыптасқан экологиялық жағдай, экологиялық проблемалардың жаһандық сипаты және олардың ғаламшарымыздың әр аймағында өзіндік көрінісі адамзаттың, ойлауын тез арада қайта құруды талап етеді. Бұл жағдайдың себептерінің бірі — халықтың көпшілігінің экологиялық сауатсыздығы және адамның табиғатқа араласуының салдарын болжай алмау. Осыған байланысты экологиялық білім үздіксіз процесс ретінде педагогикалық теория мен практиканың жаңа басым бағытына айналуы қажет.

Экологиялық білім және тәрбие беру барысында білім, тәрбие беру үдерісінің мазмұнын, құрылымын, мақсатын анықтайтын бірнеше функциялар орындалу керек. Солардың ішінде мыналарды бөліп көрсету қажет:

– табиғи ортаға қатысты заңдар туралы білімді қамтитын экологиялық –білімділік;

– қоғамның қоршаған ортамен қарым –қатынасын меңгерудің негізіндегі тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған тәрбие беру функциясын;

– табиғатқа деген өнегелілік — этикалық қарым –қатынастардың қалыптасуына жауап беретін гуманистік функцяны;

– табиғатты қорғау қызметінің, іс –әрекетінің тәжірибесін игеру мен халыққа жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық функцияны.

Экологиялық білім беруді жетілдіру мақсатында Алматы мемлекеттік университетінің география-экология факультетінің мұғалімдері, Кіші Ғылыми Академия, аудандық, қалалық және облыстық білім беру басқармаларымен бірлесе отырып оқушылардың пәндері бойынша соның ішінде «Экология» және «Табиғат қорғау» бағытында олимпиадалар ұйымдастырылды. Экологиялық білім мен тәрбие берудің сыныптан және мектептен тыс формалары мен тәсілдері, әдістемелік негіздері қаланды, солардың негізінде мол тәжірибе жинақталды.

Мақсатына қарай экологиялық білім беру 3 сатыда өтеді.

Алғашқы саты — мектепке дейінгі және бастауыш мектеп;

Екінші саты орта мектеп және гимназия, лицей, колледж.

Жоғары саты — жоғары оқу орындары.

Алғашқы саты мектепке дейінгі бала бақша жүйесі мен және бастауыш мектепті қамтиды. Мұнда қоршаған ортамен танысу, адам мен табиғаттың бірлігі, өз үйінде, аулада, табиғаттың жекелеген (өзен, көл, тау т. б.) көріністеріне қамқорлық жасау сияқты салауатты өмір салтының негіздері қалыптасады. Бұл сатыдағы оқытудың негізгі әдістері мен амалдары — экологиялық мазмұнға құрылған танымдық негізіндегі дамытушы ойындар.

Екінші саты — жалпы және арнайы білім беретін орта мектептерде жүзеге асады. Алғашқы сатыдағы экологиялық танымдар негізінде бастапқы экологиялық білім беріледі, ол стандартты әдістер мәселелерді шешуге алгоритмі бар қарапайым модельдерді пайдалану білігіне негіз болады. Оқыту элементтерін, компьютерлік модельдеуді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Жаңа оқу пәндерін енгізу қолданыстағы оқу жоспарлары мен бағдарламаларды қайта қарап, қысқартулар жасауда қажет етеді.

Орта мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру бірнеше арнайы талаптарды қажет етеді.

Олар:

– оқу жоспарларын, оларға сәйкес оқулықтар және техникалық құралдар жасау, табиғат музейлерін, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Бұлардың бәрінде мұғалім әзірлігінің деңгейі, оқушылардың экологиялық ой-өрісі мен біліктілігі шешуші роль атқарады.

– география, биология, химия және басқа пәндердің мұғалімдері оқу жоспарларында техникалық құралдарды пайдаланады, табиғат музейлеріне, зоопаркке, табиғат аясына топсеруендер ұйымдастырады. Сондықтан мұғалімдер қоршаған орта туралы оқушылардың білімін анықтайды, экологиялық ой-өрісін қалыптастырады.

Қоршаған орта жайында білім беру — сол ортаның күйін және онымен байланысты мәселелерге жауапкершілікпен қарау және оларды шешуге қамқорлық жасау керек. Ол үшін күнделікті туындайтын мәселелерді шешетіндей білім, жеке және ұжымдық жұмыстардың дағдысы болуы керек.

Бұл міндеттерді экология және табиғат қорғаудан жоғары білімі бар білікті мұғалімдер атқара алады. Сондықтан эколог мұғалімдер әзірлеу — ең маңызды міндеттердің бірі. Оларға:

Біріншіден, экологиялық білім және қоғам мен адам экологиясының өзара байланысының үйлесімдігі туралы білім беру қажет.

Екіншіден, мұғалімдер қоршаған ортаның дағдарысына сын көзімен қарап, оны қорғай, болжай білудегі оқушылардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу тиіс.

Үшіншіден, табиғат қорғау мәселері мен экологиядан сабақ беретін мұғалімдердің білімін жетілдіру және қайта даярлау институттары арқылы арнайы курстардан өткізу керек.

Төртіншіден , қазіргі техникалық құралдар, оқытуды компью-терлендіру және оқытудың жаңартылған әдістерін өмірге енгізуді қамтамасыз ету. Ақырында тәжірибе, оқу құралдары және оқу материалдарымен алмасу үшін ақпарат жинақтау орны керек

Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың формалары мен әдістерінің мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеу, сонымен қатар олардың тиімділігін эксперименттік түрде бақылау қажет.

Ғылыми жаңалығы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың замануи тиімді формалары мен әдістерін жасап шығару. Сонымен қатар, оқушылардың экологиялық мәдениетін көтеру арқылы қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту.

Адамзаттық мәселе болып табылатын экологиялық мәселелер жаҺанданушылық, аймақтық, ұлттық, мемлекеттік, локалды және жеке деңгейлерде қарастырылады.

Бұл ерекшеліктер экологиялық мәдениет кірістірілген тұлғалық білім ретінде мынадай міндетті компоненттерді қамтиды деген тұжырымға келуге негіз болд.

Біз экологиялық тәрбиенің мақсаты ретінде субъектінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында табиғатқа деген жаңа экологиялық этикалық қатынас орнату керек. Олай болса, орта білім беру жүйесін жаңарту жағдайында жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде қалыптастыру, оның қоршаған ортаға жауапкершілігін және құндылық бағдарын, рухани сипаттағы іс-әрекетін қамтамасыз ету маңызды бағыт болып табылады.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында:

– табиғатты қорғауға арналған ғылыми оқулар мен конференциялар өткізу;

– табиғатты қорғауға бағытталған кештер өткізу;

– ғылыми — көпшілік әдебиеттер көрмелерін ұйымдастыру;

– табиғатты қорғауға бағытталған фильмдер көрсету;

– табиғатты қорғауды жақсарту мақсатында тексеру жұмыстарын жиі — жиі жүргізу.

– экологиялық бағыттағы ғылыми — зерттеу жұмыстарын жиі — жиі ұйымдастыру, жастарды ғылыммен айналысуға баулу.

– оқушылар арасында әр түрлі сурет сайысын өткізу.

Қоғамның қазіргі талабы — әрбір адамның экологиялық сауатты, мәдениетті болуы. Осы тұста білім саласының барлық буынына экологиялық мазмұнның өз деңгейінде берілуі қажет. Қажеттілік оқушылардың экологиялық сауатты болу мәселесін шешуді төменнен жоғарыға қарай жүргізілуін және оқу-тәрбие процесі барысында барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдаланумен байланысты. Сонда бесіктен бастап, ата-анаға дейін экологиялық тәрбие, мәдениет дағдысын қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Бүгінде жалпы орта білім беретін мектептерге арналып шығарылып жатқан жаңа оқулықтарда экологиялық түсініктер кеңінен берілген. Кез келген пәнді оқытуда, ондағы тақырып материалдарының мәтінінің мазмұнын баяндағанда, түсіндіргенде оған табиғатты қорғау және көркейту шараларын үйретуді көздейтін, табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын, яғни оқушыға экологиялық білім бере отырып, экологиялық мәдениетін орнықтырудың мүмкіндіктерін арттыратын педагогикалық іс-әрекеттер қажет. Осы қажеттілік қанағаттандырылса ғана тұлғада экологиялық сауаттылықты қалыптастыру үрдісінің алғашқы сатысы жүзеге асырылады. Мектеп қабырғасында жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің мақсаты — экологиялық білім мен білікті қалыптастыру ғана емес, тұлғаның дүниетанымын дамытып жан-жақты экологиялық сауатты, мәдениетті етіп тәрбиелеу.

Әдебиет:

  1. Гирусов Э. В. Основы социальной экологии: Учебн. пособие. М. РУДН- 1998.-172с.
  2. Лихачев В. Т. Экология личности // Педагогика. — 1993.- 17с.
  3. Исламова И. К. Оқу процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру: п. ғ. к. дисс. автореф.–Алматы, 2002. 29 б.
  4. Тұрдықұлов Э. А. Экологическое образование учащихся в процессе изучения предметов естественного-научного цикла. Автореф. дисс. док. пед. наук. М., 1982.-45б.
  5. Жақсыбеков Ә.С. Экологиялық мәдениет. Алматы, 2009. 33б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, орт, экологическое образование, экологическая культура.

Ключевые слова

экологиялық тәрбие, экологиялық мәдениет, жалпы орта білім беру

Похожие статьи

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістерін шолу

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістері ұсынылған. Мәндер мен қатынастарды бөліп алу тәсілдері қарастырылады. Ашық облыстардан мәндер мен қарым-қатынасты бөлу, атаулы мәндерді өңдеу, сондай-ақ уақыт бойы оқшауланған фактілерді сәй...

Инклюзивті білім беру үшін ақпараттық ортаны жасаудың ерекшеліктері

Бұл мақалада ақпараттық білім беру ортасын жасаудың маңыздылығы талқыланады, инклюзивті білім беру үшін ақпараттық білім беру ортасын жасаудың пайдасы айқындалады, инклюзивті білім беру үшін ақпараттық білім беру ортасын жасауда кездесетін негізгі қи...

Биология сабақтарында оқушылардың экологиялық білімін, мәдениетін дамытудағы сыныптан тыс жұмыстардың рөлі

Қазіргі мектептегі экологиялық білім берудің негізгі мәселелерінің бірі — әлемнің біртұтас экологиялық бейнесін қалыптастыру болатын жүйені құрудың мүмкін еместігі. Білім берудің орта деңгейінде «Экология» пәні болмағандықтан жаратылыстану курстарынд...

Жобалық-модульдік әдістемесін информатика пәнін оқытуда қолдану тәжірибелері

Мақалада өмірлік мәселелерді шешуді оңтайландыру құралы ретінде мектеп оқушыларының жобалық ойлауын мақсатты түрде қалыптастыру және дамыту қажеттілігі қарастырылады. Мектеп оқушыларының информатика пәні бойынша жеке жобаларды жобалау мен іске асыруд...

«Аударылған сынып» моделін іске асыру әдістемесін қалыптастырудың мазмұны

Мақалада «Аударылған сынып» технологиясын жүзеге асыру мәселелерінің ерекшеліктері қарастырылған. «Аударылған сынып» моделін білім беру процесінде тек онлайн оқыту жағдайында ғана емес, сонымен қатар офлайн форматта да кеңінен қолданылады. «Аударылға...

Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру

Бұл мақалада персоналды басқарудың педагогикалық жағдайларын талдау, білім беру мекемесінің жұмыс істеу ерекшелігі, және жүзеге асырылатын оқытушылық функциялар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің б...

Экоқалаларды құру ерекшеліктері мен принциптері

Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай қала құрылымын бақылаусыздыққа алып келеді. Сол себепті бұл мақалада қаланың негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, экологиялық құрлымы дұрыс жүйеге келтірілген бірнеше қала қарастырылған.

Есту қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларға ойын әдісі арқылы экологиялық тәрбие беру

Мақалада авторлар есту қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларға ойын әдісі арқылы экологиялық тәрбие беру жолдары қарастырған.

Өнеркәсіптік объектіні салқындатудың автоматтандырылған жүйесі

Мақалада өнеркәсіптік объектінің автоматтандырылған салқындату жүйесі қарастырылған. Өнеркәсіптік салқындату-бұл үлкен көлемдегі (цехтар, ангарлар) өндірістік ғимараттарда ауаны сапалы салқындатуды қамтамасыз ететін заманауи технология. Өнеркәсіптік ...

Lorawan технологиясындағы Алматы қаласының көліктерінен дерек жинау арқылы ақылды бағдаршам прототипін құру

Бұл зерттеу жұмысы Алматы қаласының транспорт жүйесінің көлік қозғалысына негізделген. Диссертациялық жұмыстың мақсаты бағдаршамның интелектуалды адаптивті басқару жүйесін дамыту. Зерттеу барысында қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі негіздел...

Задать вопрос