Ағылшын тілін оқыту барысындағы қажетті әдіс-тәсілдердің маңыздылығы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №22 (417) июнь 2022 г.

Дата публикации: 03.06.2022

Статья просмотрена: 49 раз

Библиографическое описание:

Нугуманова, М. Ж. Ағылшын тілін оқыту барысындағы қажетті әдіс-тәсілдердің маңыздылығы / М. Ж. Нугуманова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 22 (417). — С. 671-673. — URL: https://moluch.ru/archive/417/92437/ (дата обращения: 19.12.2024).

Автор статьи рассматривает новые методы, используемые на уроках английского языка, описывает их релевантность и необходимость.

Ключевые слова: ученик, урок английского языка, групповая работа, дифференциация.

Адам топтық оқыту негізінде дамыды. Басқалардан үйрену — біз бастан кешіретін барлық оқу контексттерінің ішіндегі ең инстинктивті және табиғисы [1]. Сабақта топтық жұмыстың ерекшеліктері ұзақ уақыт бойы және өте анық көрсетілген. Біріншіден, бұл соңғы нәтижеге жауапты тек бір ғана оқушы емес, бірден бірнеше оқушы болатын тәрбие процесінің ерекше ұйымдастырылуы. Мұғалім үшін бұл процесс қиын болып табылуы мүмкін, себебі сабақты жоспарлау әр сыныптың ерекшеліктерін ескереді. Қазіргі уақытта коммуникативті дағдылар мен ұжымдық жұмыс дағдыларын дамытуға, басқаша айтқанда, әлеуметтік құзыреттілік пен өз бетінше білім алу қабілетін дамытуға жағдай жасай алатын формалар мен әдістер іздестіруліде. Сонымен, оқу процесін ұйымдастырудың кооперативті жұмыс сияқты формасын жүзеге асырудың үлкен әлеуеті бар. Топта жұмыс істеу топтың басқа мүшелерімен қарым-қатынас жасауға, өз ұстанымын тұжырымдауға, оқушылардың әрекеттерін үйлестіруге мүмкіндік береді, бұл ынтымақтастықты, тұлғааралық, құзыреттілік пен коммуникативті мәдениетті дамытуға ықпал етеді.

Білім беруде топтық іс-әрекеттің орасан дәстүрі бар. Оқытудың бұл тәсілі сабақта оқу әрекетін жүзеге асырудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Тиісті әдістер мен оқу құралдарын пайдалана отырып, жеке оқуға болатыны сөзсіз. Алайда оқушы тек өзінің жетістігі мен сәтсіздігін байқай алады. Бұндай жағдайда оқушының құрдастары қандай деңгейге және қандай жетістіктерге жеткеніне қызығушылық таныту мүмкін емес. Соған қарамастан, басқа жолмен оқудың мәні бар; оқушының қасында бір құрдасы болғаны ыңғайлы, мысалы, бір мәселе түсініксіз болса, оқушы сұрақ қойып, сұрай алады немесе барлық қызықты нәрселерді талқылай алады. Бүкіл топтың жетістігі бір оқушының жетістігіне байланысты болса, әр оқушы барлық топ мүшелерінің жетістігі үшін жауапкершілік алады. Топтың барлық мүшелері бірлесіп жұмыс істейді, мәселені талқылап, жаңа идеялар шығарады, белгілі бір нәрселерді өзгертеді. Сондай-ақ, жаңа тапсырма тағайындалған сайын топ ішінде оқушылардың рөлдері өзгереді.

Ағылшын тілі сабақтарын сәтті өткізу үшін топтастыру және оқушыларға бірлескен жұмыс стратегиясын таңдау және жоспарлауды үйренудегі кедергілерді жеңуге көмегін тигізетіні сөзсіз. Қызықты болатын әрекеттердің бірін таңдау біраз уақыт алады. Оқушылардың топтық жұмысқа деген қызығушылықтарын арттыру үшін сан алуан әдістерді қолдануға болады, оның бірі Icebreakers ойыны болып табылады [2]. Сабақ барысында оқушылардың белсенді қатысуын қаласаңыз немесе тоқсан басында оқушылар бір-бірімен танысуына және сенімін дамытуға көмектесу үшін уақыт бөлігіңіз келсе, онда осы Icebreakers ойындары сынып оқушыларының қарым-қатынасына үлкен үлесін тигізуі мүмкін. Сонымен қатар What’s my problem? ойыны оқушылардың соңғы сабаққа қатысты мәселелерін анық түсінуге көмегін тигізеді, мысалы әр оқушыға қиын берілген тақырыпты стикерге жазып, әрқайсысының артына бір жазбаны жабыстырыңыз; топтағы оқушылар араласып, өз мәселелерін шешу үшін басқа топ мүшелерінен кеңес сұрап, бір-біріне үлестерін арттырады. Бұл әдістеме тек оқушылардың деңгейлеріне тең келетін оқушылармен жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар дифференциация, яғни оқушылардың деңгелерін аралас бөліп тастап, жұмыс жасауға тиімді.

Дифференциация — топтық жұмысты іштей саралау үшін көптеген мүмкіндіктер береді. Топтық жұмыста белгілі бір тапсырманы орындау үшін сынып 2–6 адамнан тұратын топтарға бөлінетін жұмыстың осындай құрылысы түсініледі. Тапсырма жеке оқушыға емес, топқа беріледі. Шағын топта оқушы бүкіл сыныппен фронтальды жұмыстан гөрі, өзінің жеке ерекшелігіне сай әрекет ету мүмкіндіктері жағынан қолайлы жағдайда болады. Шағын топтағы әңгімеде ол өз пікірін айта алады, қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес оқу-тәрбие мәселелерін шешуге белсендірек қатысады.

Келесі бір топтық жұмыс тәсілі Throw the ball and do the command: Оқушылар жарты шеңберде тұрады, ал мұғалім әр қатысушыға кезек-кезек допты лақтырады, оқушыға Present Continuous Tense түсіндірмесі бар команданы орындауға тапсырма береді. Мысал төменде келтірілген:

T: Come here!

S1: I’m coming

T: Look at your friend

S2: I am looking at my friend.

Rhymes ойыны оқушыларды тақтадағы суретке бетпе бет немесе артқа қаратып отырғызуды талап етеді. Ойынның басты мақсаты тақтадағы суретке рифма таңдау болып табылады. Мысалы, cat — hat , knife — wife , mice — rice, etc.

Hot seat. Ойынның мақсаты топтағы оқушыларды тақтадағы берілген сөзге синонимдерді, антонимдерді немесе анықтамаларды пайдалана отырып, сипаттау. Орындықтағы оқушы тақтадағы сөзді көре алмайды, яғни тақтаға арқасымен отырады.

Оқушыларға тілді жетік дамыту процесіне көмек беретін топтық жұмыстың әртүрлі түрлері бар. Мұғалім осы процесті қалыптастыруға қажетті дағдыларға сәйкес топтастыру түрін таңдауға да мүмкіндігі бар. Топтық әдісті қолданудың жас ерекшеліктері де бар, олар да топтық жұмыс түрін таңдауда ескерілуі керек. Топтық жұмыс сыныпта жағымды ахуал туғызады. Кейбір оқушылар өздерін көпшілік алдында сөйлеуге осал сезінбейді [3].

Көп жағдайда оқушылар топтық жұмыс түрін тиімді деп санайды, себебі олар мұғалімнен ақпарат алып қана қоймай, өзі зерттеуші болып, тиісті қорытындыға келе отырып, бүкіл топтың нәтижелерін және жеке жауапкершілікті сезінеді.

Әдебиет:

  1. Ph. Race, 2006, London: Routledge, Extracts from Chapter 4 of “The Lecturer’s Toolkit: 3rd edition”;
  2. Kagan, S. (1994). Cooperative Learning. U.S: Resources for Teachers, Inc.;
  3. Brown, D. (2001). Teaching by Principles: an interactive approach to language pedagogy. New York: Addison Wesley Longman, Inc.
Основные термины (генерируются автоматически): английский язык, бар, мена.

Ключевые слова

дифференциация, оқушы, топтық жұмыс, ағылшын тілі сабағы

Похожие статьи

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін шаруашылықта тиімді пайдалану мәселелері

Мақалада: облыстың табиғи-аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің қазіргі жағдайына кадастрлық тұрғыдан талдау жасау туралы.

Заңсыз кірістерді заңдастыруды тергеудің негізгі бағыттары

Бұл мақалада Заңсыз жолмен келген ақшалай қаражаттарды немесе басқа мүлікті заңдастыруды тергеу бойынша жаңа шараларды жетілдіруге және әзірлеуге арналған негізгі бағыттары туралы қарастыралады.

Мемлекет болашағы Жастардың қолында

Мақалада Ел болашағы жастардың қолында екендігі, қазіргі замандағы жастардың рөлі туралы жазылған. Жастар үшін өз болашақтары өте маңызды. Жас ұрпақ өз мүмкіндіктеріне сенеді, болашақта қандай білім мен іскерліктер пайдалы бола алатынын анық біледі.

Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту

Мақалада кіші жастағы оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі олардың құндылығын, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін өнімді дамыту қарастырылады, оқушылардың белсенділігің, олардың оқытылатын материалға қызығушылығы қалыптастырылады. Оқытылатын ма...

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістерін шолу

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістері ұсынылған. Мәндер мен қатынастарды бөліп алу тәсілдері қарастырылады. Ашық облыстардан мәндер мен қарым-қатынасты бөлу, атаулы мәндерді өңдеу, сондай-ақ уақыт бойы оқшауланған фактілерді сәй...

Бұқашықтарды жайып семіртудің және бордақылаудың нәтижелері

Шығыс Қазақстан облысы «Нұр» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізіліп, мақалада бордақылау және жайып-семірту технологияларын қолдану нәтижелері келтірілген.

Экоқалаларды құру ерекшеліктері мен принциптері

Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай қала құрылымын бақылаусыздыққа алып келеді. Сол себепті бұл мақалада қаланың негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, экологиялық құрлымы дұрыс жүйеге келтірілген бірнеше қала қарастырылған.

Жылыту үшін есеп айырысу тәртібін жетілдіру

Бұл мақаланың мақсаты тұтынушы қалай тек өзі тұтынған жылу энергиясының мөлшері үшін ғана төлемақыны төлеуіне болады деген мәселені қарастыру.

Ұшқышсыз көліктердегі жұмыс принциптері мен қоршаған ортаны тану алгоритмдеріне шолу

Бұл мақалада қазіргі жобалар мысалында пилотсыз көлік құралдарының жұмысына енгізілген қазіргі кездегі принциптер мен тұжырымдамалар қарастырылады.

Дәурен Қуаттың «Аспан таулар аясында» әңгімесінің көркемдік ерекшелігі

Мақалада жазушы Дәурен Қуат әңгімесінің көркемдік ерекшелігі талданады. Шығармада қазақтың байырғы әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін жаңғырту арқылы жазушы пәлсапалық көркем ой түйеді. Қаһарманын қайсарлыққа, табандылыққа, батырлыққа ел тарихын, жер қадірі...

Задать вопрос