Қызылорда медициналық жоғары колледжінің тарихы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №23 (418) июнь 2022 г.

Дата публикации: 08.06.2022

Статья просмотрена: 273 раза

Библиографическое описание:

Нурпейсова, Э. С. Қызылорда медициналық жоғары колледжінің тарихы / Э. С. Нурпейсова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 23 (418). — С. 634-635. — URL: https://moluch.ru/archive/418/92816/ (дата обращения: 18.12.2024).

В данной статье рассматривается история Кызылординского медицинского высшего колледжа.

Ключевые слова: профессия, училище, медицинский специалист.

Қызылорда медицина колледжі Сыр өңірі аймағындағы ғана емес, республикамыздағы ең байырғы орта арнаулы оқу орындарының бірі. Өлкеде арнайы медициналық орта оқу орнының ашылуы кездейсоқ емес. Мұрағат деректерінен Сыр бойын мекендеген халыққа европалық дәстүрдегі медицина қызмет көрсетуінің алғашқы нышандары он тоғызыншы ғасырдың елуінші жылдары бой көрсете бастағандығы байқалады. ХХ ғасыр басында келген кеңестік биліктің жүзеге асырған оңтайлы іс-шараларының бірі патша үкіметі жүзеге асыра алмаған — медицина мамандарына деген зәрулікті жеңу мәселесін шешу болды [1, 2 б.]. Қазақ өлкелік атқару комитеті 1927 жылы қазан айында аталмыш оқу орнын ашу туралы шешім қабылдап, соған орай үш кластық білімі бар қазақ жастарды әр аймақтан топтастырып, әуелі 6 айлық дайындық курсынан өткізген болатын [2, 8 б.]. Әуелгіде Қазақ АКСР Денсаулық сақтау Халық комиссариатының 1928 жылғы 15 тамыздағы бұйрығымен алғаш «Әйелдер бөлімінің Х жылдығы» атындағы қазақтың өлкелік медициналық акушерлік техникумы болып ашылған [2, 9 б.]. Қызылорда медициналық колледжі ұзақ жылдар бойы қалыптасып, дамып, облысымыздың медициналық мекемелеріне өз ісіне адал, іскер мамандар даярлап шығаруға кірісті. Бұл оқу орнының тарихы Сыр өңірі медицинасының тарихымен біте қайнасып жатыр. «Қазақ акушерлік техникумы» атауымен еліміздегі ең алғашқылардың бірі болып арнайы медициналық оқу орыны дүниеге келді. Сол жылы техникумның негізгі бөліміне республиканың әр түпкірінен келген 30 қыз қабылданды. Ауылдық жерлердегі жастардың басым көпшілігінің 3 жылдық қана білімі болатындықтан 60 адамға арналған екі дайындық бөлімшесін ашуға тура келді. Оқу мерзімі 5 жыл болып белгіленеді. Тұңғыш оқу базасы әскери гарнизонның ат қорасы мен шағын қалалық ауруханаға орналасады [2, 10 б.].

Оқу орнында қазақ тіліндегі оқулықтар жоқтың қасы еді. Соған қарамастан халықтың білімге деген құштарлығы өте зор болды. Дайындық бөліміндегі қазақ қыздары орыс тілін жақсы меңгерді, негізгі бөлімге көшірілген уақытта олар орыс тілінде жүргізілген арнаулы пәндерді жақсы оқыды [3, 16 б.]. Сол жылдардағы қаулыға сәйкес барлық оқытушылар қазақ тілін білуі қажет болды. Оқытушылардың ішінде қазақ тілін білетін тек техникум директоры Просковья Ивановна Добронравова болатын.

1933 жылы оқу орнының атауы «Қазақ өлкелік акушерлік техникумы» — «Қазақ медициналық техникумы» болып өзгертілді. Бұл атау 1941 жылға дейін сақталынды. ХХ ғасырдың 30 жылдары кеңестік ұжымдастыру мен саяси құғын-сүргін саясатынан ел өлкеден үдере көшіп бас сауғалап жатқан уақытта өлке қаңырап қалды. Оның орнын толтыру үшін 1938 жылы Қиыр Шығыстан корей халқының бір бөлігі Сыр бойына қоныстандырылды. Бұл жағдай оқу орнының тарихында өз қолтаңбасын қалдырды. Атап айтқанда оқытушылар мен тыңдаушылардың қатарында олардың саны көбейді. 1938–1939 жылдары оқу орнының директоры болып Н. Д. Нигай қызмет атқарды.

1940–1941 оқу жылдары медициналық техникумда 2 оқу тобы: негізгі бөлім (күндізгі бөлім) және 2 дайындық класы болып, онда 282 адам оқыды. 1940 жылы 15 желтоқсанда оқу топтары қысқартылды және дайындық бөлімдері жойылды. 1937–1938 жылдардағы кеңестік қуғын-сүргіннің салқын ызғарынан бұл оқу орны да тыс қалмады. Нәтижесінде онсыз да мамандарға зәру оқу орнының оқытушылар құрамы барынша тұқыртылды. 1941 жылы 22 маусымда басталған Ұлы Отан соғысы шағын ғана оқу орнының өмірінде өшпес із қалдырды. Көптеген оқытушылар мен түлектер майданға аттанды. Соған қарамастан оқу орны өзінің қызметін жалғастыруы қажет болды. Соғыс жылдары оқу орны басшылығының жиі алмасуы да ауыр қасіретті жылдардан хабардар береді. Мысалы 1941 жылы директор болып Б. М. Видро тағайындалды. 1942–43 жылдары директорлық қызметті Бекмұхамедов, Мансұр Ахметовтер атқарды. Директорлардың жиі алмасқандығы сондай әлі күнге дейін мұрағат материалдарында қарама-қайшылық деректер кездеседі. Мысалы бір деректерде соғыс жылдары бұлармен қатар 1941 жылы А. С. Лидің, 1942 жылы Б. И. Видроның және 1943 жылы директоры Краснокутскаяның директорлық қызметті атқарғаны айтылады. Тіпті, оқу орнының атауы да өзгеріп, 1941 жылдың қаңтар айынан осы жылдың желтоқсан айына дейін ол — «Қазақ фельдшерлік-акушерлік техникумы» деп аталды. Бұл атау 1954 жылға дейін сақталынды. Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мұрағат қорында оқу орны туралы 1942–1952 жылдар аралығындағы деректер аз кездеседі. Тіпті бұл жылдардағы деректер мүлдем жоқ деуге де болады.

Колледждің мұрағат құжаттарында 1942–1943 оқу жылы — 274 оқушы, 1943–1944 жылы 263 оқушы, 1944–1945 жылы 235 оқушы карточкамен нан алып оқып жүріп, соғысқа қажетті қаржы жинаған, отын дайындаған, облыстағы үлкен каналдар қазу науқандарына қатыстырылған. Соғыстың барлық ауыртпашылығы оқу орнының жеке құрамының иығына осылайша түсті.

1947 жылы фельдшерлік мектептің директоры болып Видро қайтадан тағайындалды. Соғыс жылдарымен салыстырғанда дәрігерлер саны бар болғаны 4 штатқа ұлғайды, яғни 1941 жылы дәрігер-оқытушылардың саны 6-у болса, 1947 жылы олардың саны 10-ға жетті. Бұл өте төменгі көрсеткіш еді. Соғыстан кейінгі жылдары Қызылорда облысы денсаулық сақтау бөлімі мен медицина қызметкерлері де барша кеңес халқы сияқты халық шаруашылығын бейбіт өмірге бейімдеу бағытында аянбай еңбек етіп жатты.

Соғыстан соң майданнан аман оралғаннан кейін институт бітіріп, көп жылдар бойы жүйке-психика аурулары диспансерінің бас дәрігері болған Тұрсынбай Әшімов, отставкаға шыққанша әскери дәрігер болып қызмет атқарды. Өзінің туған оқу орнынан қол үзген жоқ. Оқу орнының түлектерінің бірі 20 жылдан аса облыстың медицина қызметкерлері кәсіподағын басқарған Кеңесбай Қалиев өзнің алғаш ұшқан ұясымен қарым-қатынасты үзбей, оқушылармен жиі кездесіп, ақыл-кеңесі мен естеліктері арқылы болашақ маман кадрлар тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосты. Соғыстан кейінгі жылдары фельдшер-акушер мектебінде кейін ғалым-хирург атанған А. С. Ыдырысов, М. Г. Егорова, М. Н. Яншин, Чун-Сю Фушанович, Ш. Х. Донин, О. В. Ященко, Д. А. Черкасова, З. И. Лучко тәрізді белгілі дәрігерлер ұстаздық жұмысты да қоса атқарып, білікті арнаулы орта білімді медицина кадрларын даярлауға өз үлестерін қоса білді. Бұл жылдардың түлектері Ернияз Омаров, Шәріпбай Әлназаров, Варлен Исаевтар — кейін облыс медицина саласының іскер басшысы, білікті мамандары атанып, көптеген дәрігер шәкірттерін тәрбиелеп, денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлесін қосты, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігерлері», жоғары мемлекеттік марапат иегерлерлері атанды. Оқу орны түлектері басшылық қызметте жүріп, өздерінің ұшқан ұяларының Республика көлемінде беделді оқу орны атануына сүбелі үлестерін қосты. Беделді оқу орнының алғышарттары осылайша онан әрі жетілдіріліп жатты.

1952–53 жылы София Өтегенқызы Мақашеваның оқу орны директорлығына келген жылдары жаңадан мамандықтар қатарын толықтыруға жанашырлық танытты, біраз өзгерісер мен жетістіктерге қол жеткізіліп, толыққанды оқу орны қалыптасуының алғышарттарының бірі болды [3, 17 б.]. Оның ізгілікті бастамаларын одан әрі дамытқан оқу орнының келесі басшысы Халима Мұхамедқалиқызы Наурызбаева болды. Ол 1953–1958 жылдары басқарды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бұған дейінгі оқу орнын басқарған басшылардың басқару мерзімі екі-үш жылдан аспайтын. 1954 жылы «Қызылорда фельдшерлік-акушерлік мектебі» қайтадан «Қызылорда медициналық училищесі» болып аталына бастады. 1996 жылы әлемдік оқу жүйесінің талаптарына сәйкес «Қызылорда медициналық колледжі» болып, ал 2015 жылдан бастап «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» болып атала бастады.

1958–1962 (кейбір деректерде 1961 жыл) жылдары оқу орнын Анна Александровна Фомкина басқарған кезеңде оқу орны үшін жемісті жылдары болды. 1962–1991 жылдары оқу орнын Даутбаева Сара Төлегенқызы басқарған жылдары училищенің материалдық-техникалық базасы бұрын-соңды болмаған дәрежеде жақсарды. Тәжірибелі басшы мұндай нәтижеге Республикалық және облыстық қаржыландыруларды шебер ұштастыру арқылы қол жеткізген еді. 1977 жылы Қызылорда медицина училищесі Ленгер және Түркістан қалаларының училищелерімен Шымкенттік бірлестікке енді.

Әдебиет:

  1. ҚОҚСТМА 23-қор, 1тізімдеме, 53 іс.
  2. ҚОҚСТМА 23-қор, 127 іс, І тізімдеме. 44–45 парақтар.
  3. ҚОҚСТМА 235-қор, 44 іс, І тізімдеме. 198 п.
Основные термины (генерируются автоматически): медицина, мена, техникум.

Ключевые слова

училище, кәсіп, медицина маманы

Похожие статьи

Көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайы

Мақалада көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайы қарастырылады.

Педагогикалық қолдау технологиясының теориялық негіздері

Мақалада автор педагогикалық қолдау технологиясының теориялық негіздеріне қысқаша шолу жасаған.

Қызылорда облысына жер аударылған халықтар тарихы

Берілген мақалада Қызылорда облысына жер аударылған халықтар тарихы қарастырылады.

Есту қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларға ойын әдісі арқылы экологиялық тәрбие беру

Мақалада авторлар есту қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларға ойын әдісі арқылы экологиялық тәрбие беру жолдары қарастырған.

Педагогикалық жоо-да физика мұғалімдерін даярлау барысында пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың әдістемесі мен технологиясы

Қазіргі таңда оқыту жағдайында педагогикалық ЖОО-да физика мұғалімдерін даярлау кезінде оқу пәндері арасындағы байланысты пайдалану әдістемесі мен технологиясы ұсынылады.

БҚО Орал қаласы, «Мирас» Шаруа қожалығындағы қолдан ұрықтандыру кезінде жіберілетін қателіктер

Жасанды ұрықтандыру- бұл ұрықты тікелей жатырға енгізу арқылы бедеулікті емдеу әдісі. Ғалымдар үй малын тез өсіру жолын жасады. Содан бері жануарлар адамдарға арналған техникаға бейімделе бастады.

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілеті

Берілген мақалада бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілетінің өзекті мәселелері қарастырылады.

Алматы қаласының жаңбыр суларын тазалау мәселелері және шешу жолдары

Бұл мақалада Алматы қаласының алабында пайда болатын жаңбыр суларын әкетудің және тазалаудың тиімді технологиясы ұсынылған.

XX және XXI ғасырлардағы саяси сауаттылық

Бұл мақалада XX және XXI ғасырлардағы саяси сауаттылық мәселелері қарастырылады.

Болашақ мұғалімдерді инновациялық педагогикалық іс-әрекетке дайындау

Мақалада болашақ мұғалімдерді инновациялық педагогикалық іс-әрекетке дайындау — жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі қандай маңызды екені және мұғалімді инновациялық іс-әрекетке дайындаудың жүйелілігі толықтай сипатталған. Авторлар, бұл педагог...

Задать вопрос