Атырау облысындағы орта білім сапасын арттыру: проблемалар және шешу жолдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №49 (444) декабрь 2022 г.

Дата публикации: 12.12.2022

Статья просмотрена: 102 раза

Библиографическое описание:

Жумагазиева, А. Г. Атырау облысындағы орта білім сапасын арттыру: проблемалар және шешу жолдары / А. Г. Жумагазиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 49 (444). — С. 547-552. — URL: https://moluch.ru/archive/444/97518/ (дата обращения: 20.12.2024).

Мақалада Қазақстан Республикасында білім саласындағы жалпы атқарылып жатқан жұмыстар, педагог қызметкерлерді қолдау шаралары, оқыту сапасына қатысты ағымдағы жағдай, Аттырау облысындағы білім беру проблемалары мен оны шешу жолдары ұсынылады. Зерттеу нәтижелерін талдау және нақты жағдайларды бағамдауларға сүйене отырып, бұл жұмыста еліміздегі білім беру саласындағы саясатты дамытуға қатысты ұсыныстар жасалды.

Кілт сөздер: орта білім, білім сапасы, PISA халықаралық зерттеуі, білім саласының негізгі көрсеткіштері, мемлекеттік қолдау, педагог кадрлар.

В статье предлагается общая работа в сфере образования в Республике Казахстан, меры поддержки педагогических работников, текущая ситуация с качеством обучения, проблемы образования в Атырауской области и пути ее решения. Исходя из анализа результатов исследования и оценки конкретных ситуаций, в данной работе были выработаны рекомендации по развитию политики в сфере образования в стране.

Ключевые слова: среднее образование, качество образования, международное исследование PISA, основные показатели сферы образования, государственная поддержка, педагогические кадры.

Тəуелсіз мемлекет екенін бүкіл əлемге дəлелдеген Қазақстан Республикасының басты міндеті — осы мемлекеттің өсіп-өркендеуі, халықтың əлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады.

Еліміздің толыққанды əлеуметтік, экономикалық өсіп-өркендеуінің түпқазығы — білім мен ғылым. Дамыған ел ретіндегі болашақтағы өсіп-өркендеуі, дамуы, əлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты анықталады. Бұл өз кезегінде білім беру саласына жоғары жауапкершілік жүктейтіні түсінікті.

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің мақсатты реформалануы–қоғамның демократикалық бағытта дамуға бет алғанының дәлелі. Мемлекеттің алдындағы күрделі мəселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді əлемдік деңгейге жеткізу маңызды орынға шықты.Осыған орай, білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді.

Әрбір мемлекеттің ел дамуының өзіндік стратегиялық және әлеуметтік жоспары бар. Қазақстан Республикасының "Қазақстан-2050" стратегиясына сәйкес ел 2050 жылға қарай Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін сауаттылығы жоғары елге айналуы керек [1]. Алайда, елімізде білім саласына бөлінетін қаржының жыл сайын артуына қарамастан, қойылған мақсаттарға қол жеткізіліп келе ме?

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Орта білімнің сапасы — табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс»- деп атап көрсеткен болатын. [2].

Уақыт өткен сайын білімнің рөлі де нығайып келеді. Бұған дəлел — бүгінгі таңда елімізде «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының бекітілуі [3]. Бұл құжаттың мақсаты– барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың оқу сапасын арттыру бағытында ұсыныстар беру болып табылады.

Орта білім сапасын көтеру- адами капиталды дамытудың да, елдің әлеуметтік жағдайы мен экономикасын көтерудің де түп қазығы екені қазіргі уақытта баршаға белгілі [4].

Зерттеудің мақсаты- орта білім саласындағы ағымдағы жағдайды талдау арқылы проблемаларды айқындау және оны шешу жолдарын ұсыну.

– Қазақстандағы білім беру жүйесінің барысына шолу жасай отырып, елдегі білім сапасын жақсартуға қатысты проблемаларды назарға алу;

– нақты сандық көрсеткіштерді беру арқылы білім саласындағы көрсеткіштерге талдау жасау;

– білім сапасын арттыруда проблемаларды шешу жолдарын ұсыну

2020 ж. Қазақстан Тәуелсіздігінің үшінші ондығы аяқталады. Біз мемлекеттік Егемендіктің 30 жылдығы қарсаңында тұрмыз. Осы кезеңде білім беру жүйесі балабақшадан бастап еңбек нарығына шығуға дейінгі барлық білім беру циклынан өткен қазақстандықтардың тұтас буынын дайындады. 30 жастағы жас қазақстандықтар бүгінде еліміздің адами капиталын құрайды және Қазақстанның болашағын айқындайды. Мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесінде Білім мен ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған жаңадан қабылданған мемлекеттік бағдарламасы негізгі құжатқа айналды. [5]. 2020 ж. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 29 тапсырма берді. 2020 жылдан бастап білім берудің барлық деңгейлерінде сапалы өзгерістер орын алды. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының шеңберінде мектептердің мықты және ынталы түлектерін тарту мақсатында педагогикалық жоғары оқу орындарына түсуге қойылатын талаптар көтерілді, педагогтердің еңбек жағдайлары жақсартылды, педагогтерді ынталандырудың қаржылық және қаржылық емес тетіктері енгізілді. Орта білім беруде жаңартылған білім беру мазмұнына көшу аяқталды. 2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару және білім беру ұйымдарын қаржыландыру облыстық деңгейге көшіріледі. Бұл өзгерістер өңірлер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ жергілікті деңгейде жеткілікті тең қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Педагог кәсібінің мәртебесін көтеру және педагогикалық білім беруді жаңғырту шаралары алынды. «Педагог мәртебесі туралы» Заңның нормаларын іске асыру шеңберінде жұмыс жағдайы мен мәртебесін өзгерту арқылы педагогтерді ынталандыру арттырылды [6]. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату ережесі [7], мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау ережесі [8], сондай-ақ педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілді [9]. Педагогтардың лауазымдық міндеттерінің үлгілік біліктілік сипаттамаларына түзетулер енгізілді [10]. Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлер үшін (Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстары) үздік педагогтерді тартудың арнайы бағдарламасы [11] қабылданды. «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына өзгерістер енгізілді [12]. Білім беру саласындағы жоғары марапаттардың бірі болып табылатын атақты иемдену рәсімі тұжырымдамалық түрде қайта қаралды.

Қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту мақсатында білім беру сапасын арттыру және функционалдық сауаттылықты дамыту үшін «Бастауыш білім беру деңгейінің үлгілік оқу жоспарына» [13] өзгерістер енгізілді.

2019 соңында экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) PISA-2018 халықаралық зерттеуінің алғашқы нәтижелерін жариялады. Қазақстан осы бағдарламаға қатысқан барлық жылдар ішінде ең нашар нәтиже көрсетті. Осы зерттеуге 79 елден және экономикалық аймақтан келген оқушылар қатысты. 15 жастағы қазақстандықтар 69-орынға ие болды. PISA (Programme for International Student Assessment) — білім алушылардың білім жетістіктерін халықаралық зерттеу бағдарламасы. Бағдарламаның басталуы 2000 жыл деп санауға болады. Зерттеу үш жыл сайын циклдік түрде жүргізіледі, әр циклде оқу (2000, 2009, 2018), математикалық (2003, 2012) және жаратылыстану сауаттылығы (2006, 2015) бойынша басым бағыт анықталады. [14]

1-сурет PISA халықаралық зерттеуіндегі Қазақстан қорытындысы

Қазақстан Республикасы оқушылардың функционалдық сауаттылығына арналған халықаралық зерттеуге төрт рет қатысты. 2009 жылдан бастап мемлекет өсім көрсетті, ал 2018 жылы төмендеу байқалды.

Қазақстандық балалар PISA — ға қатысудың барлық уақыты ішінде ЭЫДҰ-ның басқа елдерінен бір жарым-екі жылға артта қалғанын көрсетті. Бұған дәлел 2018 жылы ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) бойынша математика бойынша орташа көрсеткіштен айырмашылығы 66 баллды (ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіш 489 балл, Қазақстан бойынша — 423 балл), жаратылыстану пәні бойынша 92 баллды (489 қарсы 397) және оқу сауаттылығы бойынша 100 баллды (487 қарсы 387) құрады.

2- сурет 2018 жылғы PISA халықаралық зерттеуіндегі Қазақстан қорытындысы

Ал республика бойынша көрсеткіштерге келсек, көшбасшы позициясы Астана қаласы және Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарында. Осы көрсеткіштер бойынша төмен деңгейде Атырау облысы болып табылады.

Қазақстан бойынша Халықаралық PISA — 2015,2018 зерттеулерінің қорытындысы

3-сурет Халықаралық PISA — 2015,2018 зерттеулері бойынша Қазақстанның оқу сауаттылығынан нәтижесі

4-сурет Халықаралық PISA — 2015,2018 зерттеулері бойынша Қазақстанның математикадан нәтижесі

5-сурет Халықаралық PISA — 2015,2018 зерттеулері бойынша Қазақстанның математикадан нәтижесі

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Атырау облысы Халықаралық өлшем болып табылатын сауаттылықтың үш бағыты бойынша ең соңғы орында. 2018 жылдың көрсеткіштері орташа нәтижеден де төмен. Функционалдық тұрғыдан сауатсыз оқушылардың 84 %-ы Атырау облысының үлесінде. Ал, облыстағы оқушылардың 60 %-ы екінші және одан да жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындай алмайды. Осы және білім саласындағы басқа да мәселелерді шешу үшін жергілікті әкімдік тарапынан жұмыстар жүргізілді.

Білім берудің негізгі ресурсы — жоғары білікті педагогикалық кадрлар десек, ұстаз — жас ұрпақ бойына сапалы білімді, пайдалы дағдылар мен əдетті, терең дүниетанымды, өмірге деген іңкәрлік пен айқын мақсатты қалыптастырушы басты тұлға.

Өңірдегі білім сапасының төмендігіне әсер етуші факторлардың бірі — осы білікті педагогтердің жетіспеушілігі. Проблеманы шешу және мектептерді білікті мамандармен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен соңғы 5 жылда қажетті маманды даярлауға 433 грант бөлінді. Қазіргі таңда педагог мамандықтары бойынша 433 студент (2017 жылы — 178, 2018 жылы — 159, 2019 жылы — 53, 2020 жылы — 43, 2021 жылы -88) білім беру грантымен оқытылуда. Осылайша, облыс мектептерін қажетті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңмен шешімін табады. Сонымен қатар, Атырау облысында білім беруді дамытудың 2021–2023 жылдарға арналған жол картасы» жасақталып, бүгінде облыстық білім беру басқармасы «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымымен бірлескен жұмыстарды жүзеге асыруда. Бұл жұмыстардың барлығы- Атырау облысындағы білім беру жүйесін жетілдіру, білім сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында жасалып жатқан жұмыстар.

Біздің зерттеуімізбен мұғалімнің білім сапасын жетілдіруде жетекші рөлін қалыптастыру проблемалары толық қамтылмаған.

PISA халықаралық зерттеу циклдері барлық жылдар ішінде Қазақстанның ЭЫДҰ елдерінің орташа мәнінен айтарлықтай артта қалғанын көрсетеді. Білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптасқан жағдайды теңестіру үшін барлық қажетті жағдайларды қабылдауда. Осы орайда өңірлік білім беру басқармалары өңірдегі алшақтық бойынша өз зерттеулерін жүргізуі және одан әрі зерделеу үшін білім беру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпарат енгізуі қажет;

Білім саласындағы білім сапасын жетілдіруде педагог кадрлардың жетекші рөлі, мұғалімдердің жеке тұлғасының оқушылардың білім алуына әсері жоғары екендігі белгілі, сондықтан, оқушының жеке шығармашылығына, баламен жеке жұмыс жүргізуге басымдық беру, яғни «Мұғалім-оқушы» форматында жұмыс жасауға мүмкіндік беретін оқыту формаларын енгізу (таңдау пәнін оқытуда жеке оқушымен жұмыс жасауға ақы төлеу, т.б) жұмыстарын енгізген дұрыс.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауы.
  3. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы.
  4. А.Қ. Құсайынов Орта білім сапасын көтеру-ұлттық міндет. Алматы Вестник АПН Казахстана № 3. 2020 ж
  5. Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің ахуалы мен дамуы туралы ұлттық баяндама 2020 ж.
  6. Педагог мәртебесі туралы — «Әділет» АҚЖ (zan.kz).
  7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы — «Әділет» АҚЖ (zan.kz).
  8. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы — «Әділет» АҚЖ (zan.kz)
  9. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы — «Әділет» АҚЖ (zan.kz)
  10. Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы — «Әділет» АҚЖ (zan.kz).
  11. Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы (Арнаулы бағдарлама) — «Әділет» АҚЖ (zan.kz).
  12. «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы — "Әділет» АҚЖ (zan.kz).
  13. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы — «Әділет» АҚЖ (zan.kz).
  14. Орталық Азия Аналитикалық журналистика бюросы (CABAR.asia).
Основные термины (генерируются автоматически): PISA, Атырау, мена, орт, педагог, оса, Казахстан, сфера образования.

Ключевые слова

мемлекеттік қолдау, орта білім, білім сапасы, PISA халықаралық зерттеуі, білім саласының негізгі көрсеткіштері, педагог кадрлар

Похожие статьи

Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй кварталдарын жаңғыртудағы негізгі талаптар

Мақалада Қазақстан қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуі және жаңа шешімдердің ұсынылуы туралы айтылады. Қарапайым халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және де сол тұрғын үйлердің қазіргі ә...

Бастауыш сынып оқушыларының таным белсендлігін жоғарлату факторы ретінде зерттеу іс-шарасының дағдыларын қалыптастыру

Заманауи мектеп оқушыларда кең ғылыми ой-өріс, жалпы мәдени қызығушылық қалыптастыруға, жалпы адами құндылықтар басымдылығын жасауды нығайтуға бағытталған. Сондықтан авторлар бастауыш мектептің басты міндеттерінің бірі — әр баланың жеке дамуына толық...

Бағдарламалау мамандығының XXI-ғасырда дамуы

Мақалада бағдарламалау мамандығының қазіргі уақытта дамуы, қолданылуы туралы жазылған. Бұл мамандық соңғы уақыттарда сұранысқа ие мамандықтардың біріне жатады. Бағдарламалау мамандығын басқа мамандықтардан ерекшелігі сіз қашықтан жұмыс істей аласыз, ...

Нұр-Сұлтан қаласының автотұрағын талдау және көшелеріндегі көлік кептелісі жағдайларын анықтау

Нұр-сұлтан, Қазақстан Республткасының елордасы көлік инфрақұрылымының қарқынды дамуы, сондай-ақ қала экономикасы мен халқының жақсаруы осы салада бұрын болмаған бірқатар проблемаларды анықтады. Енді қаланы қарбалас уақытта түсіру міндеті барған сайын...

Қазақстанда Павлодар облысы мысалында атқарушы органдарының халықпен кері байланыс соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы байланыс жасау жұмысының дамуы

Осы мақалада жергілікті атқарушы органдардың тұрғындармен онлайн кері байланыс жүргізу туралы, осы үрдістің қазіргі заманда кері байланыс жасаудың маңызды, басымды құралы екені сипатталады. Ақпараттық технологиялар әлемде дамып, өмірдің барлық салала...

Заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастырудың криминалистикалық сипаттамасы

Мақалада қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың шарттары мен жағдайларының қалыптасуы мен дамуына тікелей әсер ететін объективті және субъективті факторлар қарастырылады. Сондай-ақ, қылмыс жасау үшін жағдай жасау, оны жасыру материалдық жә...

Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандарында жерді пайдалану ерекшеліктері

Мақалада Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандарындағы жеміс-жидек, егістік өнімдерінің алып жатқан аумағы, үлес салмағы арқылы санат бойынша жерді пайдалану көрсетілген. Ауданда орналасқан шағын шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдау жоқтығынан, өнім ...

Бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру

Мақалада бастауыш сыныптың білім беру процесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру оқушылардың денсаулығын қамтамасыз ету құрылымында педагогикалық фактор жүйе құраушы фактор ретінде қарастырылады, оның мәні балаларда салауатты өмір салтына тұрақты ...

Маңғыстау облысындағы ауыз су мәселесінің қазіргі жағдайы

Сапалы ауыз суы халық өмірінде әлеуметтік — экономикалық рөл атқарады. Мақалада Қазақстан Республикасындағы су ресурстарының таралуы және ауыз суы мәселелеріне, Маңғыстау облысындағы су тапшылығы проблемаларына шолу жасалды. Аталған аймақтағы жан бас...

Ұшқышсыз көлік құралдарының жұмыс істеу принциптері

Мақалада ұшқышсыз көлік құралдарының жұмыс істеу принциптері қарастырылған, қазіргі уақытта ұшқышсыз көлік құралдарының қозғалысын қамтамасыз ету және бағдарлау саласында қолданылатын техникалық және бағдарламалық шешімдері келтірілген. Ұшқышсыз авто...

Задать вопрос