Қазақстандағы гендерлік теңсіздік | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Жарас, М. К. Қазақстандағы гендерлік теңсіздік / М. К. Жарас, Аружан Жоламанкызы, А. К. Менлибек, Ерсултан Бауыржанулы. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 13.1 (460.1). — С. 8-9. — URL: https://moluch.ru/archive/460/101250/ (дата обращения: 19.12.2024).

Берілген мақалада Қазақстандағы гендерлік теңсіздік қарастырылады.

Кілтті сөздер : Қазақстан, гендерлік теңсіздік, қоғам.

В данной статье рассматривается гендерное неравенство в Казахстане.

Ключевые слова: Казахстан, гендерное неравенство, общество.

Қазақстанда ежелден бері әйелді ер адамнан бір саты төмен тұрады деген ой және әйелдің негізгі базалық құқықтары мен өзіндік ой-санасындағы келбеті қарама-қайшы келеді. Әйелдер ұзақ уақыт бойы осындай ой-тұжырымдама мен орнықтырылып қалған стереотиппен қарсы күрес жүргізіп келеді. Атап айтқанда, әдеби, көркем шығармалардың өзінде әйелдердің тағдыры көрсетіледі. Осы жайлы тереңірек, «Шұғаның белгісі», «Бақытсыз Жамал», «Балқадиша» секілді шығармаларды мысалға айта кетсек болады. Бұл шығармаларда басты кейіпкер болған әйелдердің еркінен бөлек, өзіндік материалдық жағдайы үшін олардың ойларымен санаспай, өз еріктерінен тыс тұрмысқа береді. Осындай оқиғаның әдеттегі жағдай болғанының өзі әйел құқығын ертеден кемсіткенін көрсетеді.

Әйелдердің де барлық адамға тиесілі негізгі құқықтары сақталуы міндетті, алайда олардың құқықтары ежелден бұзылып келе жатыр. Осындай кезде бізге қазақтың салт-дәстүрлері ойымызға келеді. Осыған бір мысал, қазақ халқына тән «алып қашу» дәстүрі. Негізінде бұл дәстүр бізге отбасылық материалдық жағдайдың қызды ұзатуға және ердің үйленуіне жетпеген жағдайда қос ғашықтың қосылуы үшін пайда болған екені белгілі. Дегенмен, осы пәк ілтипатпен пайда болған дәстүр соңғы уақытта енді кәмелеттік жасқа толған бойжеткендерді еркінен тыс ұрлап қашудан көрініс табады. Ал осы мүшкіл жағдайына көңілі толмаған қыздар мемлекеттік құқық қорғау органдарынан толық көмек ала алмайды. Нәтижесінде көп жағдайда «алып қашу» арқылы қосылған отбасылардың бақытты болуы екіталай. Осы типтегі отбасыларда ердің әйелге физикалық және психологиялық жәбір көрсетуі көп таралғаны екені белгілі. Басқаша айтқанда, отбасы ішінде бола тұрып, әйелді ұрып-соғу, кемсіту іс әрекеттері орнайды. Осы мәселе соңғы уақытта үлкен танымалдық жинап отыр [1].

Ал көптеген жағдайда одан да ауыр жағдай болуы мүмкін, яғни зорлық-зомбылық мәселесі. Ойлары теріс адамдар әйел затына қарсы зорлық әрекеттерін жасайды және әйел затын тек құштарлық қалауы үшін қорлайды. Бұл жағдайда сонымен қоса бәрімізге белгілі жаңа ұғым «victim blaming» орын алады. Қоғам мүшелері зорлыққа бар жағдайда жәбірленуші кінәлі деп санайды. Осы әрекетке қыздың киген киімі, жүрісі және мінез-құлқы кінәлі делінеді. Осындай әрекет зардабын да әйелдер кәмелеттік жасқа толған болса да түнгі уақытта шығуға қорқа бастайды және таныс емес ерлер арасында ішкі қорқыныш сезінуді бастайды. Сонымен қатар, ертеден келе жатқан стереотип — бұл әйелдің орны асханада. Яғни, әйел адамдар тек қана үй шаруасымен ғана айналысу қажет, үй шаруасынан бөлек жұмыстармен айналыспау қажет деген қоғамда таралған ой. Бұл ой әйел адамдардың дамуына, тұлға болып қалыптасуына, қоғамға зор пайда, ықпал тигізетін адам болып табылуына өте үлкен кедергі келтіреді. Әйел адамда, еркек адамда бір өзіндік тұлға. Екі жақта дамуға, оқуға, өз арман мақсаттарын жүзеге асыруға құқылы. Алайда оны қоғам түсіне бермейді. Қазіргі таңда қыз балаларға қоғам тарапынан өте үлкен қысым көрсетіліп жатыр. «Жұмыс істеу қыздың міндеті емес, қыздың басты міндеті отбасын құру, отбасында жайлылық орнату» деген ойлар тарап, қыздың беделін одан әрі түсіріп, қоғамда алатын орны жоқ екендігіне көздерін жеткізуге тырысып жатыр. Екі жақтың да өзіндік теріс және оң жақтары бар, алайда екі жақ қосылса, өз білімдерімен, өз білгендерімен, өз тәжірибелерімен алмасса онда бұл керісінше қоғамға зор пайда тигізбейме? [2].

Қорытындылай келе, бұл кең таралған мәселенің шешу жолы — ер адамдарға әйел адамдардың қоғам ретінде маңыздылығын, қажеттілігін насихаттау. Қоғамның дамуы, өркендеуі тек ер адамдарға ғана емес, әйел адамдарға да байланысты екендігін түсіндіру. Бір сөзбен айтқанда қоғамның әйел адамдар жайлы ой-санасын түбегейлі өзгерту.

Әдебиет:

  1. Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. 9-басылым. — Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. — 464 б.
  2. Хейвуд Э. Саясаттану.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2020. — 520 б.
Основные термины (генерируются автоматически): гендерное неравенство, казахстан, оса.

Ключевые слова

қоғам, Қазақстан, гендерлік теңсіздік

Похожие статьи

Қоғамдағы гендерлік теңдік мәселесі

Мақалада қоғамдағы гендерлік теңдік мәселесі қарастырылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өткен күні мен бүгінгі жағдайы

Берілген мақалада автор Қазақстан халқы Ассамблеясының өткені мен бүгінін қарастырады.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызметті жетілдірудің маңызды мәселелері

Берілген мақалада Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызметті жетілдірудің маңызды мәселелері қарастырылады.

Қазақстандағы тіл мәселесі

Берілген мақалада Қазақстандағы тіл мәселесі қарастырылады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметі

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жайлы мағлұмат беріледі. Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметінің тиімділігіне әсер ететін мәселелер көрсетіліп, және сол мәселелердің шешілу жолдары анықталған.

Егемендік дәуіріндегі Қазақстан сәулет өнері; Нұрсұлтан қаласының мысалында

Қазақстан — Еуразия құрылығының орталығында орналасып, Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы мәдениет көпірінің рөлін ойнайды. Елорда өзінің сәулетінде азиялық, батыс және кеңестік стильдерді біріктіре келе, ерекше өзіндік мазмұнға ие. Бұл мақалада ег...

Құзыреттілік тәсілдерін жүзеге асыру жағдайында Қазақстан Республикасында мектептегі математикалық білім берудің дамуы

Мақалада Қазақстан Республикасындағы мектептегі математикалық білім берудің мақсаттары, міндеттері, күтілетін нәтижелері, құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру контекстінде негізгі мазмұны қарастырылған.

Қазақстанның Маңғыстау облысындағы әлеуметтік жобалар мен олардың тиімділігі

Мақалада автор қазіргі кедегі ең өзекті мәселелердің бірі ретәнде әлеуметтік кәсіпркерліктің экономикадағы алатын орнын анықтауға тырысты.

Рухани бірегейлік ұғымын қысқаша талдау

Берілген мақалада рухани бірегейлік ұғымына қысқаша талдау жүргізіледі.

Қазіргі замандағы бағдарламалаудың рөлі

Бұл мақалада Қазіргі замандағы бағдарламалаудың рөлі тақырыбына түсінік берілген. XXI ғасырдағы бағдарламалаудын алатын орны туралы айтылады. Мақалада əлемдегі бағдарламалаудың мәселесі өзектіленеді.

Задать вопрос