Қоғамдағы гендерлік теңдік мәселесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Аралбаева, Б. А. Қоғамдағы гендерлік теңдік мәселесі / Б. А. Аралбаева, А. Б. Жамалова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 13.1 (460.1). — С. 4-5. — URL: https://moluch.ru/archive/460/101251/ (дата обращения: 20.12.2024).

Мақалада қоғамдағы гендерлік теңдік мәселесі қарастырылады.

Кілтті сөздер: Қазақстан, қоғам, гендерлік теңдік.

В статье рассматривается проблема гендерного равенства в обществе.

Ключевые слова: Казахстан, общество, гендерное равенство.

Гендерлік теңдік — бұл барлық жыныстағы адамдардың тең құқықтары, міндеттері мен мүмкіндіктерінің болуы. Ал, гендерлік саясат бұл саясаттану мен гендерлік зерттеулердің саласы, оның мақсаты саясаттағы адамдар мен құбылыстардың жыныстары арасындағы қарым-қатынасты түсіну. Жаһандық деңгейде әйелдердің ерлерге қарағанда экономикаға араласу мүмкіндіктері, негізгі және жоғарғы білімге қол жетімділігі, денсаулық пен қауіпсіздік жоғары және саяси тұрғыда өкілділігі аз.

Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беру гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін ғана емес, халықаралық даму мақсаттарының кең ауқымын орындау үшін де маңызды. Әйелдер мен қыздар әлем халқының жартысын құрайды. Дегенмен, гендерлік теңсіздік бүгінде барлық жерде сақталып, әлеуметтік және экономикалық прогрестің тоқырауына алып келеді. Гендерлік теңсіздік тіпті экономикалық дамыған елдерге де таныс, бірақ бұл мәселе дамушы елдерде өте өткір. 2014 жылғы мәліметтерге сәйкес, 143 ел өз конституцияларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне кепілдік берген, бірақ тағы 52 ел бұл қадамға әлі бармаған. Қазіргі тенденциялар сақталатын болса, гендерлік теңдікке жету үшін 170 жыл қажет [1].

Жалпы қазіргі таңда гендерлік саясат Қазақстанда ауқымды мәселелердің қатарына кіреді. Қоғамдағы ерлер мен әйелдер теңсіздігі елімізден көрініс тауып келе жатқанына ғасырлар өтсе де, XXI ғасырдан бастап бұл дүние қоғамдық мәселе ретінде қарастырылып отыр. Енді елімізде болып жатқан мәселелерге тоқталсақ. Біріншіден, әйелдер қауымы жақсы оқу орнын тәмамдап, іскер адам болса да біздің қалыптасқан менталитет бойынша не үйде отыру керек немесе ер адамнан аз ақша тауып, бір саты төменде тұру керек. Бұл қалыптасқан пікірді жою әзірге мүмкін емес. Екіншіден, көп ер адамдар әйелдерін қорқытып немесе қол жұмсауға дейін барады. Бұл арқылы әйелдер қауымы қоғамнан шеттетіліп, қоғам тынысынан алшақтауда. Көзге көрінбейтін оқиғалар қоғам мәселелерін ушықтыруда. Тек қорғалды немесе шығарылды деген заң болмаса іс жүзінде әйелдер теңдігі үшін атсалысып жүрген жандар аз.

Көптеген әйелдер әлі күнге дейін өздерін қорғайтын жандардың немесе заң жүйесінің бар екеніне сенбейді. Тек үйінде балалары мен отбасының жағдайын жасаса, сол нәрсеге шүкіршілік етіп отырады. Бұл дүниені кейде өзіміз құрастырып аламыз. Бар дүниеге сенбеу, өзімізді төмен санау, қара жұмысқа жегу немесе тек үй тірлігімен айналысу. Бұл негізінде санада қалыптасқан қате ойлар. Зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқан әрбір әйел іскер адам немесе басшы болуға лайықты. Қазіргі таңда сол дүниелер айқын көрініс табуда және бұл жақсы жетістік. Түптеп келгенде, әрбір әйел адам өз отбасында қыз ретінде төрге шығарылған қонақ болған. Қазақ салт-дәстүрінде де қызды сыйлаған. Қазақ қыздары тіпті жауға шауып, батыр болған.

Әйел ер адаммен теңдес тіршілік иесі. Ер адам қандай мүмкіндікке ие болса, әйел заты да солай. Ер адамдарды күшке ие қылып жаратқаннан кейін оны пайдалы дүниеге жұмсау керек. Көбінесе ер азамат бар ашуын әйел затынан алады. Сондықтан зорлық-зомбылық өте көп.

Бұл мәселердің шешу жолдары: әйел адамдарға білім алуға, экономикалық табысқа жетуге, көшбасшылығын қолдауға және шағын шаруашылықтарын кеңейтуге мүмкіндік беру. Зорлық-зомбылық пен жыныстық зорлық-зомбылықты, ерте жаста күштеп тұрмысқа беруді тоқтату. Әйелдердің құқығын қорғау, заңды күшейту және ер адамдардың психикасымен жұмыс жасау. Гендерлік теңсіздікпен күресудің осы жолдары бүкіл әлемдегі әйелдер мен қыздарға өздерінің әлеуетін толық ашуға және гендерлік теңдікке қол жеткізуге көмектесу үшін өте маңызды. Қоғамда гендерлік теңдікті орнату әрбір азаматтың қолында. Ерлер мен әйелдер үздік болу үшін өздерін еркін сезінуі керек. Бізге адам жынысын екі қарама-қарсы идеалдар жиынтығы ретінде емес, кеңірек қабылдайтын кез келді [2].

Әдебиет:

  1. Гендерное равенство [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://mipt.ru/about/UN-SD/tsur-5-gendernoe-ravenstvo.php (дата обращения: 10.03.2023).
  2. Emma Watson: Gender equality is your issue too [Electronic resource]. — Access mode: https://www.unwomen.org/en/news/stories/2014/9/emma-watson-gender-equality-is-your-issue-too (date of the application: 10.03.2023).
Основные термины (генерируются автоматически): гендерное равенство, мена, UN-SD, немес.

Похожие статьи

Қазақстандағы гендерлік теңсіздік

Берілген мақалада Қазақстандағы гендерлік теңсіздік қарастырылады.

Қазақстандағы тіл мәселесі

Берілген мақалада Қазақстандағы тіл мәселесі қарастырылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өткен күні мен бүгінгі жағдайы

Берілген мақалада автор Қазақстан халқы Ассамблеясының өткені мен бүгінін қарастырады.

Егемендік дәуіріндегі Қазақстан сәулет өнері; Нұрсұлтан қаласының мысалында

Қазақстан — Еуразия құрылығының орталығында орналасып, Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы мәдениет көпірінің рөлін ойнайды. Елорда өзінің сәулетінде азиялық, батыс және кеңестік стильдерді біріктіре келе, ерекше өзіндік мазмұнға ие. Бұл мақалада ег...

Қазақстандық жастардың еңбек нарығына бейімделу мәселелері

Бұл мақалада Қазақстандық жастардың еңбек нарығындағы қазіргі жағдайы қарастырылады. Атап айтқанда, еліміздің еңбек ресурстарына жастардың қатысуы, жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау мәселелеріне талдау жүргізіледі.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызметті жетілдірудің маңызды мәселелері

Берілген мақалада Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызметті жетілдірудің маңызды мәселелері қарастырылады.

Құзыреттілік тәсілдерін жүзеге асыру жағдайында Қазақстан Республикасында мектептегі математикалық білім берудің дамуы

Мақалада Қазақстан Республикасындағы мектептегі математикалық білім берудің мақсаттары, міндеттері, күтілетін нәтижелері, құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру контекстінде негізгі мазмұны қарастырылған.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің дамуы

Мақалада автор Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің дамуын және мемлекеттік органдар құрылымдық сапалық өзгерістерін ашуға тырысты.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметі

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жайлы мағлұмат беріледі. Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметінің тиімділігіне әсер ететін мәселелер көрсетіліп, және сол мәселелердің шешілу жолдары анықталған.

Рухани бірегейлік ұғымын қысқаша талдау

Берілген мақалада рухани бірегейлік ұғымына қысқаша талдау жүргізіледі.

Задать вопрос