XX және XXI ғасырлардағы саяси сауаттылық | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Орынбасарова, А. М. XX және XXI ғасырлардағы саяси сауаттылық / А. М. Орынбасарова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 13.1 (460.1). — С. 12-13. — URL: https://moluch.ru/archive/460/101252/ (дата обращения: 19.12.2024).

Бұл мақалада XX және XXI ғасырлардағы саяси сауаттылық мәселелері қарастырылады.

Кілтті сөздер: саяси сауаттылық, фильмдер, қоғам.

В данной статье рассматриваются вопросы политической грамотности XX и XXI веков.

Ключевые слова: политическая грамотность, фильмы, общество.

Біздің пікіріміз бойынша, саяси сауаттылықтың негізі мектепте, университет қабырғасында, қоғамнан алған білімде жатыр. Айналамызда болып жатқан түрлі оқиғалар, елдегі отбасылардың тұрмыстық жағдайы осы саяси сауаттылықпен байланысты. Ең бастысы, саяси элита бола отырып өз мемлекетіме қалай пайдамды тигізе аламын деген сұрақ аясында ойлана алсаңыз, міне, сонда нағыз саяси сауатты элита болуға әбден лайықсыз. Қазақ жерін Кеңес үкіметі билеп тұрған кезде, қазақта ғалымдар болмады емес, болды. «Қазақ балалары қалай да оқуы керек» деп шырылдаған Ахмет Байтұрсынұлындай тұлғалар болды. Қазақтардың оқуы үшін, сауаттылығы үшін бәріне дайын болды, тіпті, өмірлерін қиды. Осыған қарап осыдан бір ғасыр бұрынғы уақытта оқудың қаншалықты құнды, қаншалықты қол жетімсіз екендігін аңғаруға болады.

Кеңес үкіметіне адал түрде қызмет еткенін тілге тиек етпесек, сауаттылықтары жайлы ауыз толтырып айтуға әбден болады. Алғашқы мысал ретінде, «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясындағы Саңғытов деген тергеушіні алғым келеді. Бұл жерде оның қызметіне берілу, міндетін орындау барысындағы сауаттылығын айтқым келеді. Телехикаяда ол жайлы айтылған мынадай сөз бар: «Осы Саңғытовтың өзгеге ұқсамайтын бір қыры бар еді. Оқиды. Бәрін оқиды. Тіміскілене, түк қалдырмай оқиды» [1]. Оның өз қазағын азаптағанын мадақтап тұрғанымыз жоқ, өзінде бар білімді кәсібінде пайдалана білетінін айтқымыз келеді. Бірақ, қазақ қазақты сол кездегідей азаптауы миға қонбайтын нәрсе.

Келесі мысалда Шерхан Мұртазаны келтіргіміз келеді. Ол да XX ғасырдағы саяси элита, 1990–1995 жылдар аралығында депутат ретінде қызмет атқарған. Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, мен айтып отырған мағынадағы сауатты адам. Көзі ашық, көкірегі ояу болды, білімді болды және сол білімін қызметінде пайдалана білді. Сол кездегі президентке тіке сөйлеп, қатесін айтып, ойға салып отырды-мыс [2].

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, өз халқына жаны ашитын, өз халқының қамын ойлайтын «бірен саран» азаматтардың бірі болатын. Басындағы білімін қызметіне «дұрыс» пайдалана білді деп айтқымыз келеді. 90 жылдардың өзінде мемлекеттің кірісі жөніндегі жұмбақ болып тұрған мәселелерді тілге тиек етіп, «өзімнің жағдайым дұрыс болса болды» деген пікірді мүлде жат санап, халық өзіне тиесіліні неге ала алмайды деген мәселе жөнінде шырылдады. Биліктің ештеңе тындыра алмайтындығын астарламай, тура айтып, мәселенің шешу жолдарын да ұсынды [3]. Алайда, айтып кеткен «бірен саран» азаматтардың қатарында болғандықтан, бұл ұсыныс айтылған жерінде қалды, сірә.

Адам баласына қиындықпен келген дүние ғана бағалы екеніне тағы көзім жетті. Бір ғасыр алдын, оқу соншалықты қымбат қазынамен тең болды қазақтар үшін. Оған қолы жеткен адам қастерледі, айырылып қалмауға тырысты, не жағдайдан өту керек болса да, төтеп берді. Себебі, оқу, білім алу оңайлықпен берілетін мүмкіндік емес еді. Жалпы саяси сауаттылық тақырыбын қозғағанда өте көп сұрақ пайда болатынын байқадық. Ал ол сұрақтардың жауабын таба аламыз ба, жоқ па, бізге беймәлім. Егер XX ғасырдағы ғалымдар, ойшылдар, билікте болған тұлғалар қазір өмір сүргенде, бәлкім еліміздің жағдайы мүлде басқа деңгейде болар ма еді?! Билік басындағылар саяси сауатты болса, халықтың да саяси ойлары, білімі дамыған болар еді. Бәлкім, біздің уақытта білім, оқу қолжетімді болғандықтан, оны дұрыс пайдалану, жүзеге асырудың маңызы азайған болар. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген сөз бар. Дәл осы мүмкіндіктер үшін кезінде Алаш зиялыларының сіңірген еңбектерін естен шығармау абзал.

Әдебиет:

1. Ахмет. Ұлт ұстазы: фильм. 2021. 1-бөлім. 48:59–49:08 мин. // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://youtu.be/Q4Ot8tu15tI?t=2942 (қаралған күні: 10.03.2023).

2. Шерхан Мұртазаның Назарбаевқа айтқаны. 2018 // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://youtu.be/YkpOP0JBuYI?list=PLCQlcltFARoxxKqpPoRXjZTN88c60gdID (қаралған күні: 10.03.2023).

3. Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді — Шерхан Мұртаза. 2018 // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://youtu.be/iwKw1FiXJVQ?list=PLCQlcltFARoxxKqpPoRXjZTN88c60gdID (қаралған күні: 10.03.2023).

Основные термины (генерируются автоматически): ахмета, Шерхан, политическая грамотность.

Ключевые слова

қоғам, саяси сауаттылық, фильмдер

Похожие статьи

Көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайы

Мақалада көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайы қарастырылады.

Әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асырудағы әсерін бағалау

Мақалада қолданыстағы әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асыру технологиясы ретіндегі бағалау қарастырылған.

Қазіргі замандағы бағдарламалаудың рөлі

Бұл мақалада Қазіргі замандағы бағдарламалаудың рөлі тақырыбына түсінік берілген. XXI ғасырдағы бағдарламалаудын алатын орны туралы айтылады. Мақалада əлемдегі бағдарламалаудың мәселесі өзектіленеді.

Абай даналығы, шығармашылығы, ұрпақ сабақтастығы

Берілген мақалада авторлар Абай Құнанбаевтың ұрпақтарын қарастырады.

Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері

Мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдерін қарастырады.

Балабақшадағы музыкалық тәрбие құндылықтары

Берілген мақалада балабақшадағы музыкалық тәрбие құндылықтары қарастырылады.

Орта мектепте Жамбыл шығармашылығын оқыту

Берілген мақалада орта мектепте Жамбыл шығармашылығын оқытудың мәселелері қарастырылады.

Зияты зақымдалған балаларды оқыту технологиялары

Мақалада зияты зақымдалған балаларға арналған оқыту технологиялары қарастырылған және тиімділігі көрсетілген.

Білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалану

Мақалада білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалануы қарастырылған. Авторлар, оқушыларға қажетті білім беру сапасы мен деңгейін арттыру құралы ретінде талдау жасалған.

Жалға алудың Халықаралық қаржылық есептілік стандарты және Қазақстандағы тәжірибесінің салыстырмалы сипаттамасы

Берілген мақалада жалға алудың Халықаралық қаржылық есептілік стандарты және Қазақстандағы тәжірибесінің салыстырмалы сипаттамасы қарастырылады.

Задать вопрос