Жер мәселесінің Алаш Орда заманындағы ауқымдылығы мен қазіргі уақыттағы көрінісі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Мырзабек, А. О. Жер мәселесінің Алаш Орда заманындағы ауқымдылығы мен қазіргі уақыттағы көрінісі / А. О. Мырзабек, А. Д. Омирбек. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 13.1 (460.1). — С. 11-12. — URL: https://moluch.ru/archive/460/101256/ (дата обращения: 19.12.2024).

Мақалада жер мәселесінің Алаш Орда заманындағы ауқымдылығы мен қазіргі уақыттағы көрінісі талданады.

Кілтті сөздер: Алаш Орда, жер мәселесі, қоғам.

В статье анализируются масштабность земельной проблемы во времена Алаш Орды и ее современное отражение.

Ключевые слова: Алаш Орда, земельный вопрос, общество.

Ауқымдылығы мен шиеленісі тарқамаған жер мәселесі халықтың ежелден-ақ мұңына айналған-ды. Жерді сақтап қалу жолында тағылымды жұмыс атқарып, мемлекеттік біртұтастық идеясын ұсынған Алаш зиялыларының өшпес еңбегін ескермеске болмас. Шындығына келсек, ортақ халықтың игілігін сақтау, қорғау мақсатында көмектесетін көптеген маңызды шешімдер ұсынатын уақыт болды. Бірақ неліктен жер мәселесі тұрғысынан пайда болған мәселелер әлі де шешімін таба алмай, әлі де шиеленісі күрделеніп отыр?

ХІХ ғасырды алып қарасақ, 1861 жылғы 19 ақпанда жарияланған орыс шаруаларын кіріптарлықтан босату туралы реформалық шаралары Қазақстанның шет аймақтарына орыс шаруаларын көбірек қоныстандыруды көздеді. Бұл жерді халықтың еркінсіз иемденудің басы болатын. Ерте заманнан бастап, қарапайым ауыл шаруашылығымен айналысып, мал баққан халыққа жер түйткілді мәселеге айнала қоймаған еді. Оның себебі бәрімізге де белгілі халықтың ең басты уайымы — кисе киім, жесе азық қылып отырған малынан айрылып қалмау болатын [1].

Қоғамда жер мәселесінің қызу талқылануы бір жаңашыл дүние емес. XX ғасырдың бас кезінде Алаш қайраткерлері жан ұшыра көтерген мәселелерінің бірі осы еді. Алаш қайраткерлері оятқан ұлттық сана-сезімі мен жасырын жария етілген қаншама мұралары осы қазақ елінің мәселелерімен күресі болып табылады. Ұлт зиялылары ұлттық ұрандармен қазақтың белсенді азаматтарын бір ортаға біріктіріп, ойы бір тұлғалардың елі үшін еңбек етуіне негіз болды. Жалпы алғанда Алаш партиясы қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайына негіздей отырып, назар аударған 14 мәселенің бірі жер мәселесі еді. Осы құжатта бос жатқан және босап қалған жер алқаптарын халыққа берілу керектігін, жерді пайдалану нормасын жер алқаптарының сапасын және ауыл шаруашылығы жерінің құрамына қарай жергілікті комитет белгілеп, артық жер бөліктерін өзін-өзі басқару органдарының қорына түсуін талап етті. Осы ретте, ұлт жанашырлары халық санының өсіміне байланысты жері аз немесе жерсіз қалған тұрғындарға жер берілуі керектігін көтерді. Патша саясатының артық жерлерді өзіне алуға ұмтылуына қарсы болып газет-журналдарға мақалалар мен өлең шумақтары арқылы ашық түрде өз ойларын жеткізе бастады. Кім білген осындай Алаш зиялылары бастаған мәселе XXI ғасырда ұшқынының сақталып, әлі күнге дейін елімізде ерекше орын алып, қорқыныш барша қазақ елін мазалайтынын?! Қазақ еліндегі ұлт ұстазы болып танылған, елінің ертеңіне қауіп төнгенін сезген Ахмет Байтұрсынұлының сөзінде «жер мәселесі — қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі», «жерді жалдаудан тартынбағандар — сатудан да тартынбайды» деген тұжырымдары өзгенің еншісіне өтіп қазақтың өзге ұлтқа өз жерінде жалданып жұмыс жасауына деген қорқынышы болар [2].

Алдымен, XX ғасырдағы қазақ жерін пайдалануда өзге ұлтқа тәуелді болуына байланысты екі мәселесіне тоқталсақ. Біріншіден, мемлекет ішінде бөлінген жерден артық жер сатып алуға құқығы болмады. Екіншіден, шұрайлы жерлердің өзге ұлттың қарамағына берілуі және жер байлығы мен азығы Ресейдің қол астына өтуі ашу-ызаны тудыруы. Тарихқа сүйенсек, алдымен 1893–1905 жылдар аралығында жапа шеккен қазақ халқынан 4 миллион десятина жер тартып алды. Ал 1905–1912 жылдар аралығында 17 миллион десятинадан астам жерді патша үкіметі тартып алғандығын көруге болады [3]. Осыған байланысты зиялы өкілдер шығарған «Қазақ» және «Айқап» басылымдары арасында көшпелі өмір салтымен қалу болмаса отырықшы өмір салтын ұстану керек дейтін екі түрлі көзқарас қалыптасты. «Көшпелі өмір салтының әсерінен жерімізді сақтай алмай отырмыз» — деген «Айқап» журналында М. Сералин, Б. Қаратаев бастаған тұлғалардың ойын аңғаруға болады. Бертін келе, XXI ғасырда жеріміздің басым көпшілігі шетелдік компанияларға жалға беріліп отыр. Осындай жерді жалға беруден жеріміз ғана емес, тілімізде жойып алу қаупі өте жоғары. Ол жақта күндердің бір күнінде қазба байлық табылар болса, ол ұлт мүддесіне берілмеуі әбден мүмкін. Тарих сахнасында өз жерінен айырылып, өзге ұлтқа қосылып, ұлты жоғалып кетіп жатқан елдердің қатарында тұрмауымызға кім кепіл?! Ең қорқыныштысы кең байтақ даламыздың жарты бөлігі ешқандай қолданысқа енгізілмеген. Оны іске асырып, неге бірнеше жұмыс орындарын салып, жұмыссыздар санын азайтпасқа, тіптен сырттан келетін азық-түліктерді өз жерімізде өндірмеске?! Қазақ халқының мақсаты тек тәуелсіздік алып қана қоймай, ондағы бар байлықты игеріп, халық мүддесінің қорғалуына жағдай жасау. Тарихта жеріміз алпауыт мемлекеттердің қызығушылық танытып, қаншама мәрте олардың құрамына еніп кету қауіпі төнгені бәрімізге белгілі [4].

Қорытындылай келе, мемлекеттің суы мен көлі де, қазба байлығы мен жері сатылмауы керек. Әрі оны халық мемлекеттен талап етуі керек деген тұжырымға тоқталып отырмыз. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ғ. Бірімжановтардың жасаған жобасы Алаш көсемсөзі: Жер мәселесі кітабында да осы проблеманы тиек етіп тұр. Жер болмаса Отанда болмайды, халықтың атын тарих сахнасында қалдыру үшін ең алдымен жерді қорғау маңызды жұмыс болып отыр [5].

Әдебиет:

  1. Сәрсембин Ү. Алаш зиялыларының ұлттық мүдде тұрғысындағы көзқарастары // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://news.arsu.kz/?p=5678 (қаралған күні: 14.03.2023).
  2. Қадыр Б. Ахмет Байтұрсынұлы: Жер мәселесі — қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://turkystan.kz/article/145238-ah-met-baytursynuly-zher-meselesi-ka-zaktyn-tiri-ya-oli-boluynyn-meselesi/ (қаралған күні: 14.03.2023).
  3. Әлімақын Д. Ахмет Байтұрсынұлы: «Жерді жалдаудан тартынбағандар — сатудан да тартынбайды» // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: http://qazaqadebieti.kz/20549/ahmet-bajt-rsyn-ly-zherdi-z...tudan-dtartynbajdy? (қаралған күні: 14.03.2023).
  4. Алаш көсемсөзі: Жер мəселесі Том 1 // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://adebiportal.kz/kz/books/view/alas-kosemsozi-zer-meselesi-tom-1__3474 71 б. (қаралған күні: 14.03.2023).
  5. Сәрсембин Ү.Қ. Алаш зиялыларының жер мәселесіне қатысты көзқарастары // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://abai.kz/post/44380 (қаралған күні: 14.03.2023).
Основные термины (генерируются автоматически): Алаш, Ахмета, мена, оса, ресурс.

Ключевые слова

қоғам, Алаш Орда, жер мәселесі

Похожие статьи

Нұр-сұлтан қаласының көше-жол желісінің ең көп жүктелген жол учаскелерін анықтау

Мақалада Нұр-сұлтан қаласының көше-жол желісінің (КЖЖ) ең көп жүктелген жол учаскелерін анықтау бойынша заттай зерттеулер қарастырылған.

Жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары

Берілген мақалада жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары қарастырылған.

Қашықтықтан оқыту кезіндегі конструктивті кері байланыс

Көрсетілген мақала оқыту процесіндегі тиімді конструктивті кері байланыс берудің жолдарын, түрлерін қарастырады.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекаралық қарым-қатынасы аясындағы жергілікті билік субьектілерінің рөлі

Мақалада автор шекаралық қарым-қатынас мен Қазақстан Республикасының Атырау облысы және Ресей Федерациясының Астрахан облысының қарым-қатынасы аясындағы мәселелер туралы сипатталады.

Басқарушылық шешімдерді қабылдау процестеріне қатысатын тұлғалар мүдделерін ескеру негізінде басқарушылық шешімдердің сапасын арттыру

Алматы қаласының жаңбыр суларын тазалау мәселелері және шешу жолдары

Бұл мақалада Алматы қаласының алабында пайда болатын жаңбыр суларын әкетудің және тазалаудың тиімді технологиясы ұсынылған.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің дамуы

Мақалада автор Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің дамуын және мемлекеттік органдар құрылымдық сапалық өзгерістерін ашуға тырысты.

Бастауыш сыныпта «Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралын пайдаланудың маңызы

Берілген мақалада бастауыш сыныпта «Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралын пайдаланудың маңыздылығы қарастырылады.

Критериалды бағалау оқу мен оқытудың қайнар көзі ретінде

Берілген мақалада критериалды бағалау жүйесі оқу мен оқытудың қайнар көзі ретінде қарастырылады.

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілеті

Берілген мақалада бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілетінің өзекті мәселелері қарастырылады.

Задать вопрос