Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретудің әдістері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Жетписбаева, А. Е. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретудің әдістері / А. Е. Жетписбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 24.1 (471.1). — С. 5-6. — URL: https://moluch.ru/archive/471/104093/ (дата обращения: 18.12.2024).

Берілген мақалада мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретудің әдістері қарастырылады.

Кілтті сөздер: тәрбие, ата-ана міндеті, дефектология, сөйлеу қабілеті.

В данной статье рассматриваются методы обучения дошкольников связной речи.

Ключевые слова: воспитание, родительская задача, дефектология, речевая способность.

Ең алдымен, балалардың сөйлеу қабілетінің нашар болуы ата-ананың баласына бей-жәй қарауының нәтижесі. Көбінесе, ата-ана баласы тыныш болсын, жыламасын деп ұялы телефонды беріп, мән бермейді. Бұл баланың психикасына әсер етіп, тұйықталып, дұрыс сөйлемей қалады. Осындай қателік қазіргі 80 % ата-ананың халі десем өтірік болмас. Бұл оқиғаның шешімін табу оп-оңай:

  1. Баламен уақыт өткізу.
  2. Мейлінше ана мен бала арасында жақсы қарым-қатынас құра білу қажет.
  3. Аптасына 1 рет болсын түрлі ойын-сауық жерлерге барып,баланың кругозорын кеңейту.
  4. Ұялы телефон, компьютер, телевизор сынды заттарды өз уақытымен пайдалануға дағдылау.
  5. Ең бастысы: балаға қол көтермеу [1].

Менің ойымша, баланың көңілінен шығатын, өзінің хоббиін табуға көмектесу қажет және сол хоббиі мен айналысуға жол іздеу керек. Мысалы: мен кішкентай кезімде скрипка үйірмесіне қатысқым келген. Дегенмен, әкем домбыра үйірмесіне қатыстырған болатын. Ақыр соңында, 2–3 жыл қатысып, шығып кеттім. Осыдан-ақ баланың өз ойын іске асыру керек екенін байқауға болады. Ата-аналардың көбісі жасайтын қателігінің бірі ол баланы кішкентай деп менсінбеу. Бұл әрине дұрыс емес, меніңше ата-ана өз баласын үлкен адамдарша қабылдап, үлкен өмірге осы бастан дайындау қажет. Мәселен, өзі шешім қабылдауға үйрету секілді. Яғни, хоббиін табуға көмектессек, ол бала шешім қабылдауға дағдыланып, өзі үйрімесіне барып, қайтып саналы бала болып өседі деп ойлаймын. Дегенмен де иә, бала алаңсыз балалық шақ өткізу керек: сол себептен де бір жағынан баласымен көңілді уақыт өткізіп, бір жағынан дұрыс тәрбие беру керек. Осылайша бір оқ пен екі қоянды атуға болады.

Келесі кезекте, мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлетуге дефектолог мамандығы көмек қолын соза алады. Барлығымыз білетіндей, қазіргі кезде дефектолог мамандығы маңызды мамандық болып табылады. Бұл әрине көп балалардың сөйлеу қабілеті нашар дегенді білдіреді. Сол үшін де дефектолог мамандығы көптеген тер төгіп, жұмыс жасауда. Мысалы: балалармен уақыт өткізіп,пазл сынды ойыншықтар құрастырып, бала мен уақыт өткізу арқылы мүдірмей сөйлеуге жәрдемдеседі. Бірақ, жалғыз баланы ойнату арқылы емес баланың психологиясымен жұмыс жасайды. Яғни, баланың ішкі жан дүниесін біліп, жүрегінен орын алу арқылы ғана жетістікке жетеді [2].

Ендігі кезекте, тақырыпқа оралсам. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретудің әдістері: бағана айтып өткенімдей: әңгімеге тарту, ашық сөйлесу, түрлі баланың ойлау қабілетін жоғарылатуға арналған ойындарды ойнау,достарымен уақыт өткізу, телефонмен уақыт өткізу уақытын шектеу. Ең бастысы: ата-ана болып өз балаларына көңіл аудару қажет. Жұмыс, жұмыс деп баласының қашан тұйықталып қалғанын білмей жатқан ата-ана көптің қасы.

Айта кететін жайт, баланың сөйлеу қабілетіне жалғыз ата-ана емес, бауырлары да көмектесу қажет. Мысалы: аға, әпкелері. Себебі: үлкен адаммен сөйлесу арқылы да бала сол кісіге еліктеп, мүдірмей сөйлеп жатады. Бірақ, ол үшін саналы тұлға ретінде үлкен кісілер ауыздарына келген сөзді айтпау қажет. Тәрбиелі сөйлейтін болса, бала да сол адам секілді сөйлейтін болады. Маған ұнамайтын жағдай: ол баланың тілі тезірек шықсын деп кіп-кішкентай балаға балағат сөз үйретіп жатады. Дегенмен де бұл баланың психологиясына теріс әсер етеді деп ойлап жатқан кісі жоқ. Осы мәселемен де жұмыс жасау қажет деп ойлаймын. Себебі: кішкентай кезінде балағат сөз үйренген баланың үлкен кезінде де сол сөзді айтуга дағдыланып кетуі жоғары [3].

Сонымен, қорытындылайтын болсам: әрбір баланың сөйлеу, ойлау қабілеті дамығанын қаласақ, ол үшін өзіміз еңбектенуіміз қажет.

Әдебиет:

  1. Сүлейменова А. О., Орынбаева Э.Ә. Дефектология негіздері. — Алматы, 2008.
  2. Намазбаева Ж. Дефектолог кеңесі. — Алматы, 1980.
  3. Өмірбекова Қ., Серікбаев Қ. Логопедия. — Алматы, 1996.

Ключевые слова

дефектология, тәрбие, ата-ана міндеті, сөйлеу қабілеті

Похожие статьи

Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері

Берілген мақалада дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері мәселесі қарастырылады.

Сәулет кеңістігіндегі формалардың адам психологиясына әсері

Мақалада сәулет кеңістігіндегі формалардың түрлері, олардың ерекшеліктері және адам психологиясына қалай әсер ететіндігі туралы қарастырылған.

Мұғалімнің үздіксіз білім берудегі жаңа тәсілдері

Бұл мақалада қазіргі білім беру талаптарына сәйкес мұғалімнің үздіксіз білім беру берудегі жаңа тәсілдері қарастырылады.

Кәсіпкерлік мәдениеттің тұжырымдамалық негіздері

Берілген мақалада кәсіпкерлік мәдениеттің тұжырымдамалық негіздері қарастырылады.

Сөйлеу тілінің артикуляция аппаратының мүшелерін тексеру жұмыстары

Берілген мақалада сөйлеу артикуляциялық аппаратының мүшелерін тексеру бойынша жұмыс мәселелері қарастырылады.

Бірінші ретті айырымдық теңдеулер шешімін спектралдық теория көмегімен зерттеу

Мақалада спектралдық теория көмегімен бірінші ретті айырымдық теңдеулер шешімдерінің құрылымы зерттеледі.

Зияты зақымдалған мектеп оқушыларының ерік-жігер сферасының ерекшеліктері

Мақалада зияты зақымдалған мектеп оқушыларының еріктілік сферасының ерекшеліктері қарастырылған.

Өнеркәсіптік кәсіпорында экологиялық менеджменттің мәні мен мазмұны

Мақалада өнеркәсіптік кәсіпорындағы экологиялық менеджменттің мәні мен мазмұны туралы зерттеу мәселесі қарастырылған.

Жоңышқа дайындау және сақтау жүйесінің типтік математикалық моделін талдау

Берілген мақалада жоңышқа дайындау және сақтау жүйесінің типтік математикалық моделін талдау мәселесі талданады.

Зайырлы мемлекет және заманауи дін функциясы

Мақалада Қазақстандық зайырлы мемлекет пен діннің ара қатынасына көзқарас әр қилы екені және бұл салада реттеу қызметі өте әлсіз қалыптасқандығы қарастырылады.

Задать вопрос