Берілген мақалада жалпы тіл кемістігі бар балалалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшелігі қарастырылады.
Кілтті сөздер : қарым-қатынас, сөйлеу тілі, тіл кемістігі.
В данной статье рассматривается специфика логопедической работы с детьми с общими языковыми нарушениями.
Ключевые слова: коммуникация, разговорный язык, языковой дефект.
Адам қарым-қатынасқа түсу өте маңызды. Қарым-қатынасқа түсу үшін сөйлеу тілі жетік дамуы қажет, адам өз ойын еркін жеткізе алуы тиіс. Бірақ сөйлеу тілінде бұзылысы бар адамдар да бар. Соның ішінде біздің қарастыратынымыз жалпы сөйлеу тілінде бұзылысы бар адамдар болмақ. Жалпы сөйлеу тілінің бұзылуы балалардың естуі мен ақыл ойы қалыпты дами тұра баланың сөйлеу тілінің мағыналық және құрамдық компоненттердің күрделі бұзылысы. Жалпы тіл кемістігінің әртүрлі деңгейдегі балалармен коррекциялық-тәрбие жұмыстары арнайы топтарда жүргізіледі. Негізгі жұмысты логопед сабақта тілдің лексикалық-грамматикалық құралдарын қалыптастыру және байланыстырып сөйлеуді дамыту бойынша жүргізеді. Оларға мыналар жатады: сөздік қорын қалыптастыру, сөйлеудің грамматикалық дұрыстығын және байланыстырып сөйлеуді дамыту [1].
Жалпы тіл кемістігінің бірінші деңгейіндегі балаларды оқыту мыналарды Қарастырады: сөйлеуде түсінікті дамыту, еліктеу арқылы өздігінен сөйлеуін дамыту. Балалармен логопедиялық сабақтар жеке немесе топпен өткізіледі. Топта 2–3 адамнан артық болмауы тиіс. Балалармен логопедиялық сабақтар шағын топшаларда (2–3 адам) ойын жағдаяттары түрінде өткізіледі, бұл сөйлеудің мотивациялық негізін біртіндеп қалыптастыруға көмектеседі.
Бірінші деңгейде сөйлеу тілін түсінумен жұмыс жүргізеді. Бұл кезде шынайы қарапайым заттармен түсінік қалыптастырумен жұмыс жүргізіледі. Заттарды бейнелейтін нақты сөздер мен сөз тіркестерін түсінуге негізделеді Логопедиялық жұмыстың алғашқы сәттерінен бастап балалар визуалды әрекетке сүйене отырып, сөз тіркестерін түсінуге бағытталған. Логопед қарапайым екі — үш сөзден тұратын сөз тіркестерімен сөйлейді, бір сөздерді әртүрлі грамматикалық формада қолданады, жеке сөз тіркестерін қайталайды. Балалар сөйлеуде заттардың атауларын білетін болады, баланың өзі орындайтын әрекеттерді меңгереді, бірте-бірте заттардың белгілерін ажыратуға үйренеді. Отбасы мүшелерін, көкөністерді, жемістерді, дене мүшелерін атайтын болады. Олардын қарапайым сөздер құрап үйренеді.
Екінші деңгейдегі баланың сөйлеу белсенділігінің жоғарылауымен сипатталады. Қарым-қатынас тұрақты, бірақ әлі де бұрмаланған және сөздік қорлары шектеулі балалар. Бұл кезеңде балаларды тиімді оқытудың алғы шарты олардың сөйлемнің әрбір мүшесінің мағынасын түсінуі болып табылады. Бұл кезде балалардың сөйлеуіне заттардың көлемі, түсі, дәмі т.б. белгілерін білдіретін қарапайым анықтамалар енгізіледі. Таныс жағдайлар мен заттар туралы сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу ұйымдастырылады.
Үшінші деңгейде сөйлем құрылысында лексика-грамматикалық және фонематико-фонематикалық элементтердің жетілмегендігін сипаттайды. Осындай дәрежедегі балалар әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағы құрдастарымен қарым-қатнасқа түсе алмайды. Өз ойын толық жеткізе алмайды. Сөздік қорлары аз болады. Бірақ, өзінің айтайын деген ойын анықтап түсіндіре алмайды.
Төртінші деңгейде оған тіл жүйесінің лексикалық-грамматикалық және фонетикалық-фонематикалық компоненттері дамымаған балалар кірді. Мұндай балалардың сөйлеуі, бір қарағанда, жағымды әсер қалдырғанымен, егжей-тегжейлі терең тексеру кезінде және арнайы таңдалған тапсырмаларды орындау барысында жалпы сөйлеу тілінің дамымағандығы байқай аламыз [2].
Қорытындылай келе, жалпы тіл кемістігі бар балалардың сөйлеу тіліндегі ауытқуларды түзету, бұл балалардың мектепке дайын болуын қамтамасыз етеді. Бұл логопедиялық жұмыстың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Әдебиет:
- Глухов В. П. Методика обучения детей с ОНР рассказыванию. — Логопедия. Методическое наследие: Пособие для логопедов и студ. дефектол. фак. пед. вузов / Под ред. Л. С. Волковой. — М.: ВЛАДОС, 2003. — С. 280–284.
- Жукова Н. С. Поэтапное формирование устной речи при ее недоразвитии. — Логопедия. Методическое наследие: Пособие для логопедов и студ. дефектол. фак. пед. вузов / Под ред. Л. С. Волковой. — М.: ВЛАДОС, 2003. — С. 168–180.