Зияты зақымдалған балаларды денсаулығын жақсартуға педагогикалық ынталандыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Ахметова, Р. М. Зияты зақымдалған балаларды денсаулығын жақсартуға педагогикалық ынталандыру / Р. М. Ахметова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2024. — № 16.1 (515.1). — С. 5-6. — URL: https://moluch.ru/archive/515/113132/ (дата обращения: 18.12.2024).

Мақалада зияты зақымдалған балалардың денсаулығын жақсартуға арналған жұмыстады арнайы (түзету) мектеп-интернаттың пәндеріне енгізу жайында айтылған.

Кілтті сөздер: зияты зақымдалған балалар, денсаулық, педагогикалық ынталандыру.

В статье речь идет о включении в предметы специальной (коррекционной) школы-интерната работы по улучшению здоровья детей с повреждениями интеллекта.

Ключевые слова: умственно отсталые дети, здоровье, педагогическая стимуляция.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, қазіргі таңда Қазақстандағы білім беру және әлеуметтік саясаттың алдыңғы қатарлы бағыттарының бірі болып отыр. Өйткені тұрғылықты халық арасында зиянды әдеттер күннен күнге кең таралып, ал аурулардың саны артып келеді. Денсаулық жағдайына жағымсыз экология, адамдардың өзінің және айналасындағы адамдардың саулығына деген көзқарасының өзгеруіне, дұрыс тамақтанбауға, денсаулықты күту саласындағы білім деңгейінің төмендігіне байланысты [1]. Әсіресе балалар мен жас жеткіншектердің өз денсаулығына күтім жасай білуінің маңызы өте зор. Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдардың толыққанды өмірге араласуына барынша жағдай жасаудың маңыздылығына баса назар аударды [2].

Жалпы білім беру мекемелерінде оқушыларды өз денсаулығын, жеке бас тазалығын сақтауға үйрету мәселесін өз еңбектерінде көтеріп жүрген көптеген авторлар бар, сондай-ақ мектепке дейінгі жастағы дамуында аутқуы бар балаларға қатысты осы мәселеге арналған біраз еңбектер бар, ал арнайы білім беру мекемелерінде осы тараптағы еңбектердің аздығы көңіл аудартады [3].

Оқушылардың денсаулықты күту жайлы білімін, дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру, дамыту үрдісін зерттеу осы тараптағы негізгі түсініктер мен ұғымдарға, сондай-ақ қазіргі кезде педагогика жүйесінде бұл мәселені шешуге деген көзқарастарға талдау жасамай жүргізу мүмкін емес. Тәжірибелі зерттеулерден көргеніміз: зият жетіспеушілігі бар көптеген оқушылардың дене саулығының жағдайы олардың психикасы сау құрбыларымен салыстырғанда әлде қайда нашарлау.

Зият кемістігі бар балаларға арналған арнайы білім беру мекемесінің 5–9 сыныптарында да денсаулық мәселесіне арналған жеке пән болмағанымен, «Адам және қоғам», «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» пәндерінің құрамында осы тақырыптар қамтылған. «Адам және қоғам» пәнінің типтік бағдарламасына талдау жасау барысында ол 6–10 сыныптарда өткенін байқаймыз. Әр сыныпта біздің зерттеуімізге сәйкес тақырыптар 3 бөлімге топтастырылған: 1) Адам және оның денсаулығы; 2) Адам және оның өмірі; 3) Организмнің жүйелері мен мүшелері.

Келесі қарастырғанымыз «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» пәні, бұл 1–9 сыныптарда өтетін, жан-жақты мәселелерді қамтитын пән. Оның құрамында «Денсаулық және қоршаған орта» тақырыбының бар екені көрінеді, оған әр сыныпта 10 сағаттан бөлінген. Сонымен қатар «Киім» (10 сағат), «Тамақтану» (12 сағат), «Тұрғын үй» (10 сағат), «Көлік» (8 сағат), «Демалыс және әуестенушілік» (2 сағат) тақырыптары әр сыныпта салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесіне қатысы бар болғандықтан, осы салада маңызы зор дейміз.

Оқушыларды денсаулықты күту дағдыларына үйрету мәселесін арнайы білім беру мекемелерінің негізгі бағдарламаларында осы сұрақтардың қамтылғаны анықталды, бірақ олардың мазмұнын толықтыратын қосымша сабақтан тыс шаралар ұйымдастыру мүмкіндігін пайдалануға болады.

Арнайы білім беру мекемесі оқушыларының салауатты өмір салты Арнайы білім беру мекемесінің оқу бағдарламасының мазмұнын толықтыратын жеке бас тазалығын сақтауға бағытталған педагогтың тәрбиешілермен және мектеп дәрігерімен бірлесе отырып жүргізетін факультативті сабақтарының тиімділігі оқытушы экспериментке дейін және одан кейін жүргізілген салыстырмалы талдау нәтижелері арқылы көрсетілді.

Әдебиет:

  1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайты: www.who.int/
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар. — http://www.akorda.kz/
  3. Гомзякова Н. Ю. Педагогические условия повышения эффективности обучения основам здорового образа жизни учащихся старших классов специальных (коррекционных) школ VIII вида: Дисс... к.п.н. — М., 2009. — 266 с.
Основные термины (генерируются автоматически): VIII, бар, оса.

Ключевые слова

денсаулық, зияты зақымдалған балалар, педагогикалық ынталандыру

Похожие статьи

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін шаруашылықта тиімді пайдалану мәселелері

Мақалада: облыстың табиғи-аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің қазіргі жағдайына кадастрлық тұрғыдан талдау жасау туралы.

Зияты зақымдалған балаларды оқыту технологиялары

Мақалада зияты зақымдалған балаларға арналған оқыту технологиялары қарастырылған және тиімділігі көрсетілген.

Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту

Мақалада кіші жастағы оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі олардың құндылығын, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін өнімді дамыту қарастырылады, оқушылардың белсенділігің, олардың оқытылатын материалға қызығушылығы қалыптастырылады. Оқытылатын ма...

Әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асырудағы әсерін бағалау

Мақалада қолданыстағы әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асыру технологиясы ретіндегі бағалау қарастырылған.

Қазақстандағы мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру үдерісі

Мақала мазмұнында азаматтық қоғаммен ынтымақтастық орнату арқылы мемлекеттік қызмет қатынастары жетілуі мүмкін екендігі талқыланған. Бұл шаралар мемлекеттік қызметті халықаралық стандарттарға сай халықтың сұранысын қанағаттандыруға және оларға қызмет...

Білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалану

Мақалада білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалануы қарастырылған. Авторлар, оқушыларға қажетті білім беру сапасы мен деңгейін арттыру құралы ретінде талдау жасалған.

Оқушылардың құқықтық мәдениетін және құқықтық хабардарлығын қалыптастыру

Мақалада оқушылардың құқықтық мәдениетін және құқықтық хабардарлығын қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

Алматы қаласының жаңбыр суларын тазалау мәселелері және шешу жолдары

Бұл мақалада Алматы қаласының алабында пайда болатын жаңбыр суларын әкетудің және тазалаудың тиімді технологиясы ұсынылған.

Шығыс Қазақстанда жылы мезгілдегі атмосфералық жауын-шашындардың кеңістіктік-уақыттық таралуы мен химиялық құрамы

Мақалада Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2000–2016 жылдар аралығындағы атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамының, яғни аниондардың, катиондардың және ауыр металлдардың кеңістіктік-уақыттық таралуы қарастырылған.

Педагогикалық жоо-да физика мұғалімдерін даярлау барысында пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың әдістемесі мен технологиясы

Қазіргі таңда оқыту жағдайында педагогикалық ЖОО-да физика мұғалімдерін даярлау кезінде оқу пәндері арасындағы байланысты пайдалану әдістемесі мен технологиясы ұсынылады.

Задать вопрос