Логопедиялық түзету сабақтарының өзіндік жұмыстары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Мухитова, Г. Б. Логопедиялық түзету сабақтарының өзіндік жұмыстары / Г. Б. Мухитова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2024. — № 16.1 (515.1). — С. 15-16. — URL: https://moluch.ru/archive/515/113140/ (дата обращения: 18.12.2024).

Берілген мақалада логопедиялық жұмыстарда сөйлеу тілін дамыту жұмыстары туралы қарастырылады.

Кілтті сөздер: сөйлеу аппараты,сөйлеуді дамыту, дыбысты айтудың бұзылуы, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

В данной статье рассматривается работа по развитию речи на логопедических занятиях.

Ключевые слова: речевой аппарат, развитие речи, нарушение звукопроизношения, развитие мелкой моторики рук.

Тіл — өзінің дыбыстық табиғатына байланысты адамдардың қарым-қатынас жасау құралы болып табылады. Тілдің дыбыстық жүйесін меңгеру қарым-қатынас жасаудың негізгі құрамы ретінде тілді меңгеру құрылатын негізбен түсіндіріледі.

Тіл кемістігі күрдеті ренолалия, дизартрияның көмескі түрі және т.б бар балалармен шағын топтық сабақтармен қатар дербес сабақтарда жүргізіледі.

Логопед жүргізетін сабаққа тәрбиеші қатысып отырады. Өйткені ол сабақтың кейбір элементтерін балалармен кешкі жүргізілетін жұмыс барысында қолдану қажет. Тәрбиеші өтеізетін екінші сабақтан логопед 1–2 баланы кабинетке алып дербес сабақ жүргізеді.

Кез келген баланың психикалық дамуында сөйлеу қызметі маңызды роль атқарады. Сөйлеу тілінің көмегімен оның танымдық әрекеті, ойлау қабілеттері қалыптасады. Сонымен бірге қалыпты тілдік қарым-қатынас басқа адамдармен дұрыс байланыс жасауға қажет. Баланың ана тілін меңгеруі өзіне тән заңдылықтармен жүзеге асады. Сондықтан сөйлеу тіліндегі патологияны ажырату үшін бұл үдерістің заңдылықтарын толық білу қажет.

Ал бала тіліндегі кемістіктер оның психикалық дамуына кері әсер етеді. Танымдық қызметтеріндегі жоғары даму деңгейлері тежеледі. Эмоция және ерік саласында ауытқулар пайда болады. Жеке тұлғалық қасиеттері дұрыс қалыптаспайды. Бағдарламалық материалды меңгеруде қиындықтар пайда болады, ал зият кемістігі бар балалар үшін бұл қосымша қиындықтар туғызады.

Баланың сөйлеу аппараты моторикасының дамуы қозғалыс анализаторы аймағындағы дифференциалдаушы шартты рефлекторлық байланыстардың қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты. Қандай да бір дыбысты анық айту үшін моторлық импульстар анық, нақты болуы шарт. Бұл моторлық импульстардың нақтылығы екі түрлі түзету жолымен қамтамасыз етілуі керек: есту көмегімен коррекциялау (бала өзінің ересектер сияқты айта алмайтынын өзі естиді) және бұлшық ет сезімі жағынан коррекциялау (сау бала өзінің сөйлеу аппаратының басқаша қозғалатынын өзі сезінеді, яғни дыбысты дұрыс шығара алмайды).

Сөйлеудің жетілмеуі мен ойлаудың нақтылығы өзара байланысты және өзара бағынышты. Сөйлеудің жетілмеуі баланың ой-өріс дамуын шектейді, ал талдау, топтай білу қабілетінің қиындығы сөздердің мағынасын дұрыс ұғынуға, сөйлеуді толық қабылдауға кедергі жасайды [1].

Арнайы мекемелердегі логопедиялық жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері, біріншіден, балалардың олардың жоғары жүйке жүйесіндегі бұзылыстармен байланысты, екіншіден — сөйлеу тілінің даму ерекшелігімен және тіл мүкістігінің құрылымымен байланысты [2].

Логопедиялық жұмыстың мазмұны сауат ашу, ана тілін меңгерту сабақтарымен сабақтаса жүруі тиіс. Логопедиялық сабақ үдерісінде ана (қазақ) тілінің материалдарын меңгеруге даярлық жұмысы қатар жүзеге асады.

Логопедиялық жұмыстың негізгі міндеттері:

— тілдің лексикалық және грамматикалық байланыстарын меңгерту;

— дұрыс дыбыстауды қалыптастыру;

— байланысты сөйлеу тілін дамыту.

Логопедиялық сабақтар нақты міндеттері мен кезеңдеріне қарай келесі типтерге ажыратылады.

Тілдің лексика-грамматикалық құралдарын дамыту:

— сөздік қорды қалыптастыру сабақтары;

— грамматикалық құрылымды қалыптастыру сабақтары.

Бұл сабақтардың негізгі міндеттері:

— сөйлеу тілін түсінуді дамыту;

— сөз тудыру және сөз түрлендірудің практикалық дағдыларын қалыптастыру;

— сөйлем құруға үйрету.

Әдебиет:

  1. Тебенова Қ.С., Рымханова А. Р. Арнайы психология. — Алматы: Дәуір, 2011. — 274 б.
  2. Логопедия. — М.: ВЛАДОС, 1998. — 680 с.

Похожие статьи

Жоғары сыныптарда тарих сабақтарында жобалау қызметін ұйымдастыру

Мақалада жалпы орта мектептердің жоғары сыныптарында тарихты оқытуда жобалау қызметін ұйымдастыру мәселелері қарастырылады.

Тұрмыс-салт жырлары — ұлттық тәрбиенің қайнар көзі

Берілген мақалада тұрмыс салт жырлары ұлттық тәрбиенің қайнар көзі ретінде қарастырылады.

Сөйлеу тілінің артикуляция аппаратының мүшелерін тексеру жұмыстары

Берілген мақалада сөйлеу артикуляциялық аппаратының мүшелерін тексеру бойынша жұмыс мәселелері қарастырылады.

ЖСТД бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеуінің лексикалық құрылымының дамыту

Бұл мақала ЖСТД бар бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу тілінің лексикалық құрылымын дамыту мәселесіне арналған. Сөйлеудің сөздік қорын және лексикалық аспектілерін байыту бойынша дефектолог жұмысының міндеттері мен мазмұны сипатталған.

Жаңа технологияларды қолдану арқылы ауылшаруашылық жерлерінің тиімділігін арттыру

Мақалада: ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді жаңа технологиялар пайдалану арқылы тиімділігін арттыру.

Зияты зақымдалған балаларды оқытуда ойын технологиясын қолдану

Мақалада ойын технологиясының түрлері мен дамыту және түзету құралы ретіндегі мүмкіндіктері мен артықшылықтары қарастырылады.

Қазақ дүниетанымындағы уақыт өлшемдері

Мақалада қазақ дүниетанымындағы уақыт түсінігіне тоқталып, тәулік, ай, жыл секілді уақыт өлшемдерінің тарихы туралы жазылған.

Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері

Берілген мақалада дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері мәселесі қарастырылады.

Жаңа дезинфекциялық қондырғыларды қолдана отырып, ауыз судың сапасын жақсарту

Мақалада бактерицидтің көмегімен суды дезинфекциялау технологиясы қарастырылады. Ультрафиолет қондырғысы және оның тиімділігі қарастырылуда

Түркістан облысының жер ресурстары, олардың сандық және сапалық көрсеткіштері

Жер қоры, олардың жер санаттары мен жерді пайдаланушылар санаттары бойынша бөлінуі.

Задать вопрос