Елбасы Н.Ә.Назарбаев кемел елдің келешегін, болар елдің болашағын, ертеңгі ел жастарының даңғыл жолын жоспарлай келіп, осы мақсатта өзінің жолдауларымен бағдарламаларын енгізді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Интеллектуалды ұлт -2020» ұлттық жобасы өз кезеңінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың негізі болмақ. Бұл жобаның мақсаты-жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» деп айтқан болатын. Елбасы негізгі 3 аспектіні жатқызды. Олар: білім беру үрдісіндегі инновациялық даму, ақпараттық даму, жастарды рухани тәрбиелеу. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жаңа «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген [1].
Сол себептідарынды оқушылар деген кімдер, олардың басты ерекшеліктері қандай деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Мектеп партасында отырған қарапайым бала жетіле келе өзіндік даралық, дарындылық қасиетке ие болады. Оны қалай білуге болады, алдымен әр ғалымдардың, ойшыл зиялы қауым өкілдерінің осы «дарын», «дарындылық» ұғымына берген анықтамаларға көз жіберсек, олардың негізгі ойларын аңғаруға болады. «Дарынды бала»- деп қандай баланы айтамыз?
«Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Ал дарындылық-бала бойындағы алғырлық, зеректік» деп психологиялық ұғым тұрғысынан анықтап, оның мынадай ерекшеліктеріне тоқталған: 1. Ойлау қабілеті басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр, өзін тануға құштар келеді. 2.Шығармашылықпен айналысуға, өз білімін сынауға тырысады. 3. Қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, табиғатты танып білуге тырысады, 4. Ақыл-ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды.сонымен қатар қорыта келе қабілетті, дарынды оқушыларды дәл таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, табиғи талантын одан әрі дамытып, ерекше қабілеті бар баланы дарындыға айналдыра білуіміз қажет. Сонда ғана өз қабілетінің арқасында түрлі байқауларға, конференцияларға қатысуға ұмтылысы жоғары дарынды балалар саны көбейе түседі- деп шебер жеткізе білген [2].
Дарындылыққа байланысты орыс ғалымдарының бірнеше анықтамалары берілген, яғни дарындылық-жеке тұлғаның жас ерекшеліктеріне байланысты дамитын қабілет сапасы (Я.А.Пономарев, в.С. Юркевич, Д.Б. Богоявленская, Н.С. Лейтес), дарындылық-табиғи қасиет және адами іс-әрекеттің әлеуметтік мүмкіндігіне байланысты қабілеттіліктердің бірігуі арқылы жарыққа шығады (С.Л. Рубинштейн, Б.М. Теплов, В.Д. Щадриков, А.Н.Леонтьев, А.В: Брушлинский, А.М. Матюшкин т.б.) десе, енді бірде дарындылық –жеке тұлғаның психологиялық мүмкіндіктерінің жиынтығы және істі нәтижелі орындаудағы қасиеттердің алғы шарты (В.Н.Дружинин, А.Н.Савенков, Дж. Рензулли, Р. Стенберг, Дж. Гильфорд. Н.Н.Поддьяков т.б.) сонымен қатар ғалымдардың анықтамасын анықтауда ортақ пікір қалыптаспағанын айта кеткен және дарынды балалардың ерекше сипаттамаларына осы және басқада педагогикалық тұрғыдағы қарастыруларды біріктіре отырып, бірнеше орыс ғалымдарының дарындылық тұрғысында категорилияларын классификациялауын көрсеткен, мәселен Н.С. Лейтес ақыл-ой теориясына байланысты дарынды балаларды 3 санатқа бөледі. Олар:1.Кез-келген шарттардағы ерекше жоғары ақыл-ой дамуының деңгейіндегі балалар (мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағылар), 2.Арнайы ақыл-ой дарындылығының белгілері байқалатын балалар (математика, әдеби, музыка т.б.) (орта жастағылар); 3.Әлеумет және «жасырын» дарындылыққа байланысты жарқын танымдық белсендігі және ой-өрісі терең балалар (жоғарғы мектеп жасындағылар) , сонымен қатар А.И. Савенков дарынды балаларды 3 топқа бөледі. Олар: 1.Жалпы дарындылық деңгейі бойынша ең жоғары көрсеткішті балалар; 2. Белгілі бір әрекет шеңберінде жетістіктерге жеткен балалар; 3.Мектепте озат оқитын балалар (академилық дарындылық). Сонымен қатар дарынды балалардың ерекше белгілерін жүйелі түрде анықтап, оларды нақты жеткізе білген.1.Ойлаудың шығармашылдығы; 2.Ешкімге ұқсамайтындығы; 3.Еңбегіне бейім келуі [3]. Осы жерде соңғы түрін алып қарайтын болсақ, ғалым түсіндіре отырып, маңызын аша білген, яғни шын мәнісінде білетін бала қай жерде де өзін ойдағыдай алып шыға алады, «білімге, жаңа материалды игеруге ұмтылады, қиын және ұзақ орындалатын тапсырманы қуана орындайды, жауаптың басқада нұсқаларын іздейді, дайын жауапқа көңілі толмайды». Дарынды баланың ерекшелігі осы тұста жақсы ашылып көрсетілген. Педагогика саласында көптеген еңбектер жарық көруде. Мәселен, Ұ.Ж. Арыстан өз тәжірибесінде дарындылықты 3 –ке бөлген. Олар:1. Шығармашылық дарындылық, 2. Интеллектуалды, табиғи дарындылық, 3. Лидерлік дарындылық [1].
Оқушылардың шығармашылық дарындылығының даму деңгейлерін 3 –ке бөлген. Олар : 1. Креативті деңгей, өзін-өзі дамытуға, жаңаны ашуға, шығармашылық іс-әрекетке тұрақты танымдық ынтасы болумен сипатталады. 2. Интегративті деңгей, шығармашылық қызығушылығы жеткілікті, кез-келген жұмысты жоғары нәтижеге жеткізуге ұмтылады, ой-өрісінің ұшқырлығын көрсете алады. 3. Когнетивті деңгей, танымдық қызығушылықтары басым болғанымен, өзін-өзі үнемі дамытуға ұмтылмайды, шығармашылық іс-әркетке қабілеттілік танытқанымен, оны үнемі қадағалауды, бағыт-бағдар беруді қажетсінеді [3]. Сонымен қатар тағы бір еңбекте, дарынды балалар-жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға) байқатқан балалар және деадам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді делінген [6].Оқушының өзіндік ерекшелігі мен іс-әрекет белсенділігіне қарай төмендегіше жіктесек, бала шығармашылық жұмыста осы сатыдан өтеді де біртіндеп іріктеліп, шығармашыл тұлға қалыптаса бастайды. Мәселен,белгілі психолог Н.Лейтес оқушы бойындағы негізгі қасиеттер мыналар деп көрсетеді: 1. Ұқыптылық, жинақылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарлығы; 2. Ақыл-ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез келген жағдайды талдап салыстыра білу; 3. Барлық күш-қуатты сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі [5].
Сонымен «дарынды деген кім және оның ерекшеліктері қандай?» деген сұраққа жоғарыда айтылған ғалымдарымыздың еңбектерін қорытындылай келіп, «Дарынды бала»дегеніміз-алдына мақсат қоя білетін, оны дұрыс болжай алатын, оның нәтижесіне көзі жететін, жан-жақты ойлана отырып бір тоқтамға келетін, өзіне сенімді, шығармашылықпен жұмыс жасауда биіктерден көрінетін, адамгершілікті жоғары қоятын, ерекше тұлға деп түсінемін. Ал оның дарынды оқушының ерекшелеліктеріне тоқталатын болсам, олар 1. Ойлау шеберлігі, 2.тұлғалық жеке қасиеттері. 3. Өмірге деген көзқарасы мүлдем өзгеше, қабілетті тұлға. «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бала-ертеңгі азамат. Оны тәрбиелеп, биік шыңдарға жеткізу, мемлекеттің мүддесіне өзі жететіндей етіп қалыптастыру педагог қауымының бірден-бір мемлкеттік үлесі деп білемін.
Әдебиет:
1. Сейсенбаева Ж.А., Орманбекова Л.Ж. Дарынды балалармен жұмыс» / Оқу-әдістемелік құралы // http://new.kaznpu.kz/docs/tarbie/darindi_balalar.dos -7 б.
2. Орынханова С. Биология пәнінен дарынды оқушыларды оқытудың әдістері // Пәнді оқыту мәселелерінің тәжірибесі және теориясы. – 2012. №1. - 20-22 бб.
3. Елеупаева Ж.К. Қазіргі мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытыудың педагогикалық шарттары / Педагогика ғылымдарының кандитаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. - Түркістан, 2008. - 9 б.
4. Жексенбаева Ұ.Б. Балалар дарындылығын диагностикалау. - Алматы, 2005. - 9-17 б.
5. Тоқсеитова С. Оқушыларды ғылыми –зерттеу жұмыстарына баулу //Биология және салауаттылық негізі. – 2013. - №2. - 54 б.
6. Оразымбетова М.О. Сыныптан тыс жұмыстарда мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары // Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған рефераты. – Қызылорда, 2012. - 5 б.