Қоғамға әсер ететін маңызды фактор - білім беру. Білім - тоқтаусыз, толассыз үдеріс. Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Егер біз қоғамды өзгерткіміз келсе, біз білім беруден бастауымыз қажет. Егер біз, орнықты – кемелденген қоғам құрғымыз келсе, онда білім беруге орнықты даму тұжырымдамасын ендіргеніміз жөн. Ол - өз бетінше білім алу. Ал өз бетінше білім алу үшін танымдық қажеттіліктер мен қызығушылығың күшті болуы керек. Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Заманыңа сай мықты білімді болу – тек қана өз қолыңда. Әйгілі прогрессивті педагог Джон Дьюи білім беру әлеуметтік прогресс пен реформалардың негізгі әдісі болып табылады деп есептейді [1, 166 б.]. Егер біз қоғамды өзгерткіміз келсе, біз білім беруден бастауымыз қажет. Егер біз, орнықты – кемелденген қоғам құрғымыз келсе, онда білім беруге орнықты даму тұжырымдамасын ендіргеніміз жөн.
Жеке тұлғаның мақсаттарының алуан түрлілігіне қарамастан, «тұлға» ұғымының жалпы түсінігі «тарихи-эволюциялық үдеріске әлеуметтік рөлдерді тасымалдаушысы ретінде және өзі қатыса отырып, табиғатты, қоғамды және өзін-өзі өзгертетін өмір жолын таңдау мүмкіндігіне ие қатысушы» тұрғысында қарастырылады [1, 134 б.].
Педагогикалық аспектіде, педагогикалық ықпалдың мақсаттылығы мен тиімділігін сақтай отырып, «тұлғаға бағытталған тәсіл» ұғымының мазмұны, ең алдымен тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік беретін педагогикалық жағдайлардың әлдебір жүйесін құрудан тұрады.
Оқыту барысындағы сындарлылық «алынған теориялық білімдерді тереңдету және кеңейту, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өнертапқыштық қызығушылықтары мен икемділіктерін дамыту құралы» ретінде анықталады [1, 127 б.]. Тұлғаға бағытталған тәсіл мәнмәтінінде тұлғаның даму құралына жоғарыда аталған педагогикалық қолдау жүйесі жатады.
Тұлғаға бағдарланған тәсіл идеясы баланы оқыту мен тәрбиелеуге ізгілікті қарым-қатынастан, соның ішінде Конфуций, М.Монтень, Ж.Ж.Руссо және басқа ойшылдардың көзқарастарынан көрінеді. Оқушыларға обьектік тәсіл және өктем қарым-қатынас, педагогикалық үдерістің мазмұны мен ұйымдастырылуының біртиптілігі тән авторитарлық оқыту мен тәрбие ұстанымдарына қарсы пайда болған ізгіліктілік – Д.Дьюидің оқыту тұжырымдамасының, Л.Н.Толстойдың педагогикалық мектебінің, гуманистік психология өкілдерінің (К. Роджерс, А. Маслоу, А. Комбс, Р. Мей, Р. Берне және т.б.) көзқарастарының негізі болып табылады. Тұлғаға бағытталған тәсілдің негізінде әрбір оқушының жеке даралығы есепке алуға деген ұмтылыс жатыр.
Батыстық білім беруде кеңінен насихатталып отырған сындарлылық теориясы білім адам санасында белсенді түрде құрылымдалады деген қағидадан шығады. Жаңа білімдер өзіне дейін меңгерілген білімдер мен идеялардың негізінде құрылады. Білім беру тұрғысынан сындарлылық теориясының негізгі мақсаты – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Дэвид Перкинс (Фэден мен Фогель, 2003) түсіну ұғымын екіге бөледі: терең және үстірт түсіну. Ол, үстірт меңгеру нәтижесінде алынған білімдер тез ұмытылады деп тұжырымдайды. Ал, «терең түсіну меңгерілген білімдермен байланысты», яғни мұнда біз білімді жинақтап қана қоймаймыз, қажетіне қарай оларды түсінуге және қолдануға қабілетті боламыз» [4, 13-14 бб.]. Олай болса, сындарлы педагогика ұғымы деп «сыныпта сындарлы оқыту теориясына негізделген жағдайлар жасау, іс-әрекетті ұйымдастыру және әдістерді қолдану, сондай-ақ, оқушыларды дамытуға, олардың пәнді терең меңгеруіне, болашақ оқуға қажетті ойлауды дамытуға бағытталған мақсаттар қоюды» (Ричардсон, 2003) айтамыз [5, 1627 б.].
Қазіргі заманғы педагогикалық ғылымда жаңа тұжырым пайда болды, ол: оқыту нәтижелері. Биггс және Тан күтілетін оқыту нәтижелері (Intended Learning Outcomes) ұғымын ендірді. Бұл тұжырым тағы да, ең бастысы білім беру емес, оқыту, яғни тікелей оқушылармен жасалатын әрекеттер екендігін атап көрсетіп отыр. Осылайша, оқыту нәтижелері оқушылар білуі, түсінуі, қолдануы және оқытудың белгілі бір кезеңін аяқтағаннан кейін жасай білуі тиістіні көрсететін ұғымдар, түсініктермен беріледі. Оқыту нәтижелері қол жеткізуге тиіс білімдер деңгейі анықталғаннан кейін тұжырымдалады.
Білім беру моделіндегі нәтижеге бағдарланған оқу жетістіктерін бағалау жеке оқушының, мұғалімнің, мектептің, өңірлік және ұлттық тұтас жүйенің білім беру нәтижелерін бағалауға барабар тәсілдерін қарастырады.
Мектептегі оқытудың нәтижелері әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі табыстары, оның оқуға қатынасы мен тұлғаның тұтас даму динамикасы жан-жақты және әділ бағалауды талап етеді.
Күтілетін нәтижеге жетуді бағалау жүйесін жетілдіру бағалаудың екі жолын бірдей дамытуды қарастырады:
- білім берудің жалпыға міндетті стандартын игеру деңгейі (сыртқы нәтижелер);
- оқушының жеке тұлғалық жетістіктері (ішкі нәтижелер).
Әр оқушының оқу нәтижелеріне жету сәйкестігін бақылау мен бағалау мақсатындағы диагностикалық зерттеулер жүргізу төмендегілердің негізінде жүзеге асырылады:
- күтілетін оқыту нәтижелерін сипаттайтын өлшеуіштерді таңдау;
- оқушының әрекет нәтижелерін сандық және сапалық көрсеткіштерімен өлшеуге арналған құралдарды әзірлеу;
- тестік тапсырмалар, портфолио, бақылау жұмыстары, ауызша жауаптар, сондай-ақ оқушылармен жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде орындалған оқыту нәтижелерін рейтингтік бағалаудың ғылыми негізделген әдістерін әзірлеу.
Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен сенімдері жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды.
Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.
Нәтижеге қол жеткізу үшін түсіну емес, есте сақтау қажет. Мадақтау немесе жазалау – оқушылар мотивациясының негізі. Сындарлы оқыту теориясының түпкі нүктесіне - түсіну жатады, қоршаған орта туралы білімдер статикалық және тиянақталатын білім болғандықтан, өздігінен ұғынылатын нәрсе болып табылады. Осылайша, мұғалім ғасырлар бойы жинақталған білімдер мен ұғымдарды береді. Бұл білім беру моделі «білім беру» моделі деп аталады.
Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда ең алдымен жеке тұлғаның оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл аударуды күшейтіп, жеке тұлғаның қасиеттерінің барлық байлығын дамытып, оны толық ашуға мүмкіндік жасау қажет.
Сындарлы оқыту теориясының негіздері еліміздің білім беру саласына тереңінен сіңсе, білімді де тәрбиелі, өз елін сүйетін, рухани құндылықты бойына сіңірген жастар өсіп шығары белгілі. Ал, жастар – еліміздің болашағы. Болашағымыз жарқын, еліміздің де іргетасы мығым болса, өмірімізде әрлі болары анық. Білімнің мазмұнымен қоса, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ақпараттық технологияны пайдалана отырып, мағынасына терең мән бере оқытуды көздейтін оқытудың кэмбридждік әдісінің бізге берері көп. Сол себепті еліміздің әрбір мұғалімі бұл оқыту әдісін меңгеруден бас тартпауы тиіс деп есептеймін.
Әдебиет:
1. Bowen J., Hobson P. R. Main Features in Dewey’s Educational Thought. Theories of education: studies of significant innovation in Western educational thought. Sydney: Wiley, 1974. - р.164-175.
2. Педагогический энциклопедический словарь / Гл. ред. Б.М. Бим-Бад; Редкол.: М.М. Безруких, В.А. Болотов, Л.С. Глебова и др. – М.: Большая Российская энциклопедия, 2003. - 528 с.
3. Feden, Preston D., and Vogel, Robert M. Methods of teaching: applying cognitive science to promote student learning. Boston: McGraw-Hill, 2003.- Р. 35
4. Richardson V. Constructivist Pedagogy in Teachers College Record, 2003.
5. Biggs J., Tang C. Teaching for quality learning at university. Open University Press, 2007. - Р. 22-29
6. Ramsden P. Learning to teach in Higher Education. RautledgeFalmer, 2003.
7. Якиманская И.С. Личностно ориентированное обучение в современной школе. М.: Октябрь, 1996. - 96 с.
8. Чошанов М.А. Процесс непрерывного конструирования и реорганизации // Директор школы. - 2000. – № 4. - С. 56-62.