Мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №2 (61) февраль 2014 г.

Дата публикации: 01.02.2014

Статья просмотрена: 538 раз

Библиографическое описание:

Абильтай, А. Ж. Мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамыту / А. Ж. Абильтай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 2.1 (61.1). — С. 29-31. — URL: https://moluch.ru/archive/61/9104/ (дата обращения: 18.12.2024).

Қазіргі жаһандану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, мәдени дамудың әлемдік деңгейіне көтерілуге бет бұру кезеңінде, қоғамның сұранысы өсіп тұрған шақта дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруын қамтамасыз етудің маңыздылығы артуда.

Оқу тәрбие процесінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың қабілетін арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыру кезек күттірмейтін міндеттердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда жаңа талап, жаңа заманға сай оқушыларға тәлім-тәрбие мен білім берудің басым бағыттарында дарындылықты айқындау, ақыл-ой, интеллектуалдық шығармашылығын дамытуға баса назар аударылуда.

Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ- бұл ізденіс, үміт, күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді, музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т.б.). Бірақ уақыты келе, бұл қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне айналмайды, ол адам жай ғана «орташа» кәсіпкерге айналады.

Қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдай бойынша, кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана жетуге болады. Сондықтан, балалар алдында, сонымен қатар, ата- аналар, мұғалімдер алдында да жаңа міндет тұр, яғни жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту және осының негізінде баланың болашағын анықтау.

Әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдында, қайталанбас көрінісін жеке адам қабілеті деп атаймыз.

Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді [1].

Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркем-өнер, адам аралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.

Дарындылықтың дәрежесінің артуы қажетті білімдер мен ептілік, дағдыларды игеріп, жетілдіріп дамытуға тікелей тәуелді.

Дарынды балалар - жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға т.б.) байқатқан балалар. Дарындылық қарқыны бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері осыған негізделген).

Баланың дарындылығы деп - бірдей өмір шартында, өз құрбыларымен салыстырғанда оқуға қабілеттілік және шығармашылық құбылыстары жоғары болып табылуы түсіндіріледі.

Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі.

Ерте дәуірде адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға өте қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшелігі мен оларда ерекше табиғи қабілеттіліктің болуы құдіреті күшті құдайдың жаратқаны деп есептеген. Платонның пікірінше, ақын туындылары өзінің өнерлілігі мен білімінен емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен. Платонның еңбектерінде «... поэт творит не от искусства и знания, а божественного предопределения и одержимости» деп жазады. Бұл пікірді Демокрит те қолдаған [2].

Дарындылықты, ақыл-ой қабілетін дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін алғашқылардың бірі болып қалаған ұлы педагог Я.А.Коменскийдің XII ғасырда жазған «Ұлы дидактика» атты еңбегінде: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет», - деп ерекше атап өтті.Я.А.Коменский дидактикалық принциптерді ұсына келіп, ақыл-ой әрекетін дамытуда мұғалімнің рөлі туралы жазған болатын. Ол: «Таным бастамасы -сезімнен, бала сезіне білмесе, оның ой-өрісінде ешқандай өзгеріс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкірттің ойын дамыту керек», -дейді. «Мен өз шәкіртімнің әрқашанда өз бетінше бақылауын, практикада өздігінен тұжырым жасауын дамытуды - білім берудегі негізгі жетістікке жету құралы ретінде қарастырамын», - деп жазды [3].

Қазақ ағартушылары дарындылықтың туа бітетін қасиет екенін мойындай отырып, адам қабілеттілігінің дамуына білім мен тәрбиенің, еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін айтады.

Ш.Уалиханов шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің шешуші рөлі көрсетілген. Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынадай: "Қырғыз-қайсақтар табиғатының ақыл-ой жүйріктілігімен, таңқаларлық көңілшектілігімен ерекшеленеді". Ш.Уалиханов тәрбиеге үлкен маңыз бере отырып, адам қабілетінің дамуына оның табиғи бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады [4].

Оқушының шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді әдіс-тәсілдермен дамыту мұғалімнің шеберлігі мен біліктілігіне байланысты. Мұғалім оқу мазмұнын түсіндіруде оқушы санасына «ұғыну», «ой операцияларын» меңгертеді және оқушыны танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алу жолдарына қалыптастырып, оларға бағыт беріп, жолдарын көрсетуі керек. Қарама-қарсы нәрсені салыстыра алушылық, түсініксіз жағдайды таба білушілікпен өз бетімен жұмыс істеуге оқушы үйренеді.

Оқудағы белсенділік оқып-үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау т.б.) оқып жатқан материалды түсінуімен бейімделінеді.

Қорыта айтқанда, оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту үшін оқу процесі және мұғалімнің жеке тұлғасын ұйымдастырудың үлкен мәні бар. Яғни, білім беруші мен білім алушы екеуінің арасындағы дидактикалық үдерістің барлық аспектісі педагогикалық тұрғыдан зерттелуі тиіс. Дарынды балаларды теориялық деңгейде оқыту үшін арнайы бағдарлама мен білікті мұғалім қаншалықты қажет болса, соншалықты оқу- танымдық қызметін шебер ұйымдастыруға болатыны сөзсіз.

Демек, жеделдете дамыту да, мектеп курсын тереңдету де, тренингтік бағдарламалар да барлық оқыту мәселелерін және дарынды балалар дамуын толық қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселелер тек қана оқыту мен дамыту бағдарламасында ғана шешіледі. Өйткені бұл бағдарламалар балалардың дамуына ықпалын тигізіп, оқытудың барлық тәсілдерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін ашады.

Оқыту мен дамыту бағдарламалары баланың қабілеттерінің дамуы мен білімді меңгеру бағыттарын бірдей дамытатын бағдарламалар болуы қажет. Бұл тәсілдердің оқыту процесіне енгізу мысалы ретінде Д.Б.Эльконин - В.В.Давыдовтың дамыта оқыту теориялары негізінде жасалған бағдарламаларды келтіруге болады [5,6].

Мектеп дарынды балаларды оқыту, дамыту ортасы болу үшін оқыту процесі осындай бағдарламалар талаптары негізінде құрылуы тиіс.

Оқу мазмұнын арттырудың бірінші тәсілі, әр тақырыпты терең, шығармашыл сипатта меңгерту болып саналады. Ал екіншісі - тиімділік принципі, пән бойынша идеялар мен түсініктерді ортақ сапа ретінде қолдану оқу материалын тиімді меңгертуге, оқу процесінің тиімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Зерттеушілер пікірінше, дарынды балаларды осы жүйемен оқыту тиімді деп саналады. Дегенмен, дарынды балаларды оқыту жөнінде сөз қозғалған кезде бұл жүйенің мүмкіндіктері баланың дүниеге деген тұтас көзқарасын, жаңа мәселелерді қабылдауын дамытуға жеткіліксіз.

Сонымен, дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді өз деңгейінде жүзеге асыруды мақсат етсек, олардың білімге деген құштарлығын, мүмкіндіктері мен абстрактылы теориялар мен ойларға қызығушылығын дарынды балалардың ерекшеліктері тізіміне енген барлық жайларды ерекше назарға алуымыз қажет.

Әдебиет:

1.         Бабаев С. Жалпы психология. – Алматы: Дарын, 2005. – 352 б. 

2.         Избранные философские произведения. В 2-х томах. – Т.2. – М., 1996. – 546 с.    

3.         Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения. В 2-х т. – М., 1982.– 384 с.   

4.         Уалиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы: Жазуша, 1986. – 560 б.   

5.         Эльконин Д.Б. Возрастные и индивидуальные особенности младших подростков. – М., 1947. – 234 с.

6.         Давыдов В.В. Принципы обучения в школе будущего. – М., 1974. – 295 с.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос