Азық-түлік жағдайы адамзат тарихында әлімсақтан келе жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы өмір сүре отырып, азық-түлік молшылығын жасау жолдарын нәтижелі шешуді армандап келеді. Ғылым мен техника дамуымен таңқаларлық әр түрлі жобалар пайда бола бастады. Олардың көбісі бір жаңалықпен немесе өнертапқыштықпен бүкіл адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойды.
Қазіргі уақытта жер шарында ауыл шаруашылғы өнімдерін өндіру үшін бар-жоғы бір миллиардқа жуық гектар жер аумағы пайдаланылады. Ал ауыл шаруашылғы қажеттілігіне жарамды жердің жалпы әлемдік қоры 10,5 миллиардқа жуық гектар дер құрайды. Өз кезінде Р.Р. Оспанов айтып кеткендей, егер планета бойынша адамдардың саны мұхит кеңістігіне ағаш салып өмір сүретіндей жағдайға жетсе де, біздің жеріміз соның барлық адамдарын қоректеуге қауқары жетеді [3].
Бұл үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай керек. Жаппай қарулануды тоқтату көптеген елдердің экономикалық және техникалық артта қалуын жою, агарлық экономиканы реформалау және басқа жаңғыртуларды жүргізу мәселені шешуде ерекше рол атқарды.
Біртұтас әміршіл мемлекет ретінде КРСО-ның өмір сүруін тоқтатуды, бұрынғы республикалардың орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы осы елдердің тұрғындары азық-түлікпен қамтамасыз ету жағдайын күн тәртібіне түсіре алмайды. Алайда, бұл жерде әлеуметтік және саяси жаңғыртылуларды жзеге асыру қажеттіліктері тұр.
Барлық қажеттіліктерді, оның ішінде қоғамның барлық мүшелерін азық-түлікпен материалдық жағынан барынша толық қанағаттандыру туралы ұран көтерген өндірістің социалистік тәсілі іс жүзінде бұл міндеттерді орындауға қабілетсіз болып шықты. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде белгіді бір табысқа жеткеніне қарамастан шын мәнінде жоспарлы экономика кез келген өсірушіге, оның ішінде азық-түлік өндірушіге өндіріс құралдарын алыста қалып, өз шығарған өнімнің қожайыны бола алмайтындай өндірістік қатынастарды танудан әрі аса алмады. Нәтижесінде ауыл шаруашылығында бөлінген үлкен күрделі қаржы, өндірістегі өндіріс құралдарының айқын басымдылығы және жер шаруашылғы, мал шаруашылығы, механизациядағы, агрохимиялық жабдықтаудағы орасан ғылыми-техникалық өркениет және басқа жетістіктер уәде етілген тамақ өнімдері мен өнеркәсіп үшін шикізаттың молшылығын жасауға мәнді әсер ете алмады [3].
Азық-түлік проблемасын шешуді тежеудің негізгі себебі. Тіпті де материалдық ресурстардың тапшылығы немесе ауыл еңбеккерлерінің жалқаулығы емес әлеуметтік-саяси және экономикалық жүйенің ажырамас бөлігі болып саналатын басқарудың әміршіл-әкімшіл әдісі екенін ақыр-аяғында түсінгеннен кейін барып, кейіннен өз кезегінде саяси жүйенің ауысуына әкелегн экономикадағы нарықтық қатынастарға күрт қадам жасалынды.
Азық-түлік жағдайын түпкілікті жақсартпай, нарықтық тегергішті игеру жөніндегі жұмыстарды бір арнаға түсіру тіпті мүмкін емес. Егер өмір барған сайын қиындай берсе, ал халық қарыны тойып тамақ ішпей, қайыршылғын қоймаса, ең тартымды және көңілге қуаныш ұялтады деген бағдарламаның өзі қолдау таппай құрдымға кетеді.
Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту әлеуметтік абыржуды тоқтатуға немесе барынша байыпты арнаға түсіруге мүмкіндік беріп, этносқа проблемаларды шешуге толқуларды басып мұнай, газ, және басқа орыны толмас табиғи ресурстарды сыртқа шығаруды қысқартып, инфлияцияны ауыздықтап қаржылық және ақша жүйелерін сауықтырады.
Ауыл шаруашылық өндірісі басшылықтың білікті болғанына, жұмысшылардың белсенді күш-жігеріне қарамастан көптеген факторлардың әсерінен азапқа түскен адамдай ауыр халді басынан кешіреді. Мысалы, әзірге адамның бақылауын аз көнетін табиғи фактор, оның ішінде ауа райының жағдайын алайық. Қуаңшылық, бұршақ жауу және басқа қолайсыз құбылыстар жұмысшылардың барлық ұтылысына айтарлықтай зиян әкелі немесе тіпті жоққа шығарып тынады [4].
Өндірістің ерекше саласы ретінде ауыл шаруашылғының ерекше белгісі онда өндірілген (тұқым, жем, малдың төлі, органикалық тыңайтқыш және басқалар) одан әрі өнімді көбейту үшін қолданылатындығы болып табылады. Биологиялық факторлар мен тірі организмдерді пайдалануға негізделген ауыл шаруашылғында бұл жағдай оның өндіріс техникалық да ерекшелігін білдіреді. Табиғи-биологиялық фактор өндірістің тиімділігін анықтауда ең басты факторы болып саналады. Мал мен өсімдіктер дамуының табиғи заңдылықтарын сақтамау басқа өндірістік экономикалық ресурстардың тиімділігін төмендетуіне әкеліп соқтыратын болатын техника, еңбек ұйымдастыру жүйесі аталмыш факторға қарай ыңғайланады.
Ауыл шаруашылығынның маусымдық қасиеті оның табиғи ерекшеліктері болып табылады. Мұның өзі өндіріс кезеңі мен жұмыс кезеңінің тура келмеуін туындырып, жыл бойы жұмысшы күші мен материалдық техникалық ресурстардың тепе-тең пайдалануға қолбайлау жасап, табыстың түсуінде ала-құла қылады.
Табыстың түсуінің маусымдық мәнде болуы барлық өндірістік циклдік өң бойында шығарылатын шығынның орнын толтырудың өте қажет көзі ретінде ауыл шаруашылық өндірістік несиелік ресурстар алуға итермелейді.
Ауыл шаруашылық жұмыстарының қарбалас кезеңдеріне шуруа уақытпен санаспай, демалыссыз, демалыс пен мерекелік күндерсіз ауа райының қолайлы сәттерін қалт жібермей, қымбат уақытты тиімді пайдалану үшін жан-тәнін салып жұмыс істейді. Оның есесіне кейбір кезеңдерде, әсіресе қысқы уақытта шаруа адамы апталап, тіпті айлап бос болады.
Аграрлық өндірістің жоғарыда айтылған ерекшеліктері, оның қоршаған ортамен тығыз байланысты, ауа райы мен жер бедері жағдайының әр түрлілігі, шаруа еңбегінің ерекше мәнде болуы өз бойында іскер қожайын, басқарушы менеджер және жқұмысшы орындаушы сияқты үш қасиетті жинақталған ерекше жұмысшының жұмыс істеуін талап етеді. Агробизнес дамыған елдердің фермерлік шаруашылғындағы тұрақтылық пен тиімдімділік бәл соларға арқа сүйейді. Шаруашылық отбасылық шаруашылықтар көптеген ауыл шаруашылық бірлігі болып табылады. Отбасы өндірістік ұжым ретінде өз бойына өндірістік қызметтің іскерлік, басқару және орындаушылқ міндеттерін тамаша жинақтай білді.
Бүгінде еліміздегі басты бағыттың бірі де бірегейі – отандық өнім сапасын арттырып, елді азық-түлікпен қамтамасыз ету болып отыр. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру және сыртқы рынокта сату көлемін ұлғайту, азық-түлік импортының деңгейін төмендетуде ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Егін және мал шаруашылығын дамыту мен одан алынатын өнімдерді өңдеу мәселесіне жан-жақты назар аударылған.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі қайнар көзі ауылшарушылық жерлері де өнімнің саны мен сапасына әсер етіп отыр. Ауылшарушылық кәсіпорындарын реформалаудың нәтижесінде, өнімі аз және сортаң жерлердің ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылуына байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 1991 жылғымен салыстырғанда 127,5 млн. гектарға немесе 2 еседен астам кеміді, сонымен бірге егістік жер 13,3 млн. гектарға (2,7 есе) азайды. Қазақстан Республикасының "Жер туралы" 2001 жылғы 24 қаңтардағы N 152-ІІ Заңға сәйкес мемлекеттiк емес ауыл шаруашылығы жер пайдаланушыларының жердi тұрақты пайдалану құқығы жойылды және 49 жылға дейiн мерзiмге жалға алу шартымен уақытша ұзақ мерзiмдi жердi пайдалану институты енгiзiлдi [1]. 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша ұзақ мерзiмдi жердi пайдаланудың енгiзiлуi ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң бiр бөлiгiнiң жағдайына терiс әсерiн тигiзедi; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншiктiң болмауы аграрлық секторда кепiл қатынастарының дамуын және күрделi қаржыны ұлғайтуды тежейтiн факторлардың бiрi болып табылады; тұрақты жер қатынастарының болмауы iрi және орта тауарлы ауыл шаруашылығы құралымдарын дамытуға ынталандырмайды; топырақтың сапасын анықтайтын қазiргi заманғы материалдардың болмауы (топырақтың сапасын анықтау жөнiндегi соңғы толық көлемдi жұмыс 1986-1987 жылдарда жүргiзiлген) нақты бағалауға және жер салығының көлемiн саралауға мүмкiндiк бермейдi; топырақтың құнарлылығын арттыруға ынталандырудың, сондай-ақ топырақ құнарлылығының жай-күйін пәрменді қадағалаудың экономикалық тетiгiнiң болмауы жер пайдаланушылардың жердi пайдалану жөнiндегi жауапкершiлiгiн төмендетедi.
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1106 Қаулысы / Параграф ақпараттық жүйесі. 2010
2. Еркинбаева Л.К Аграрные правоотношения в Республике Казахстан: Автореферат дисс. на соиск. уч.степени д.ю.н.: 12.00.08 – Алматы, 2008. – 41 с.
3. Стамқұлов Ә.С., Стамқұлова Г.Ә. Қазақстан Республикасының жер құқығы. Жалпы бөлім. Оқу құралы – Алматы: Заң әдебиеті, 2006 – 334 б.
4. Архипов И.Г. Земельное право Республики Казахстан: Учебное пособие. Алматы.: Изд-во «Борки», 1997. - 295 с.
5. Жариков Ю.Г., Улюкаев В.Х. Земелное право. Учебник. Изд – Былина, 1997-400 с.
6. Боголюбов С.А Земелное право. Учебник – Москва: Норма – ИНФРА, 1999. – 400 с.