Ғылыми-техникалық прогресс және инновациялық әдістер | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тапаева, А. П. Ғылыми-техникалық прогресс және инновациялық әдістер / А. П. Тапаева, С. И. Кудайбергенова, Н. Н. Шаптай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 4.1 (63.1). — С. 13-15. — URL: https://moluch.ru/archive/63/10023/ (дата обращения: 18.12.2024).

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап өсуі мен ел экономикасының  қарқынды даму үстіндегі кезеңде адамдардың көзқарасының заман талабына сай өзгере бастағаны  олардың өмір сүру дәстүрінен анық байқалады. Бұл-әлемді қамтыған жаhандану дәуірінің бастапқы көрінісі.

Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетуде негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.

Еліміз өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлыттық жүйесін өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат-ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеуіміз керек. 

Талабы таудай, қабілет-қарымы мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой, әрине. Ендеше талантты да қабілетті, ерекше дарынды жасқа айрықша назар аудару қажет-ақ. Ізденімпаз жастар-болшақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам, бұл-ұлттық құндылық.

Орыстың ұлы педагогы В.А. Сухомлинский мектептің басты міндеті-әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолына бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынын дөп басып табу, аша түсу, қастерлеу бұл- тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғары деңгейіне дейін көтеру деген сөз деп атап көрсетті.  

Білім беру жүйесінің даму деңгейі мен сапасы елдегі педагогика ғылымының жетістігімен байланысты. Бұл өз кезегінде экономикалық және ғылыми –техникалық дамудың, яғни мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі болып табылады.

Ұстаздық - дүниедегі үш ұлы істің бірі, киелі атау. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушенский мұғалім мамандығын былайша бағалаған: «мұғалім ісі сыртай қарапайым болғанымен тарихтағы ең ұлы істің бірі».Ғасыр ғұламасы атанған М.Әуезовтің: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім»,-деген сөзі ешқашан , еш жерде маңызын жоймайды. Себебі қай мемлекеттің  болсын, даму деңгейін, рухани мазмұнын, өркендеу әлеуметін  айқындайтын бірден-бір құдірет-білім беру жүйесінің сапалылығы.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол- өз жұмыс орынды және бүкіл технологияның  үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының  тұлғасын қалыптастыру [1, 2, 3].

Бүгінгі мектеп – күрделі де жауапты жүйе. Бүгінгі білім беру жүйесінің  басқаша екендігі ҚР «Білім туралы» Заңында  тайға таңба басқандай анық жазылды. «Білім беру жүйесінің басты міндеті оқытудың жаңа технологияларын енгізуге, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарды, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке кәсіби  шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» (Қ.Р. «Білім туралы» заңы, 8-бап) делінген болатын.

Бүгінгідей ғылыми-техникалық прогресс қарыштап дамыған тұста біздің еліміз үшін сапалы білім, саналы тәрбие мен қатар жан-жақтылық  яғни басқа салалардан хабардар бола білудің маңызы зор. ҚР-дың білім беру заңында:

1. Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруды дамытуды және кәсіби шыңдауды бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

2. Жеке адамның шығармашылық  рухани және дене мүмкіндігін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік негіздеп қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелекті байыту.

3. Азаматтық   пен елжандылыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық  дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрсеткіштерді  тәрбиелеуге  бағыт-бағдар беру атап көрсетілді [4].

Демек жаңа ғасыр-білімділер ғасыры, заманына сай зерделі ой өрісі жоғары азаматтарды қалыптастыру мемлекеттің аса маңызды стратегиясы болып отыр. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2030» бағытындағы Қазақстан халқына Жолдауына: «Қазақстан азаматтарының мемлекеттік құқықтарын қорғауы,  мүдделерін биік ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу керек. Біздің балаларымыз дені сау, сапалы білімді, өресі биік болып өсуі тиіс», - деп тегін айтпаса керек.

Қай мемлекеттің болса да негізгі тірегі- білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар.     Мемлекетіміздің маңызды құжаттарының бірі -  «Қазақстан-2030»  бағдарламасында да білім берудегі  бүгінгі уақыт жауапкершілігі нақты айтылады. Бағдарламада «Білімі мен білігі жағынан шетелдердегі  замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу» деп көрсетілді [5].

Білім- қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық.

Қазіргі кезде білім беру жаңа жүйесінің жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алған кезде білім берудің жаңа мазмұны пайда болды.

Білім беру саласындағы оқудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан- жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, нәзіктік, адамгершілік, рухани, азаматтық келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізіп, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі [6].

Қазақтың данышпан ақыны Абай Құнанбаев отыз екінші қара сөзінде: «Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуел білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. Оларды білмей, іздегенмен  табылмас» дейді. Ұлы ақынның әуел білмек керек дегені, сонда не болды?  Оған Абайдың өзі осы қара сөзінде «... білім-ғылымға құмар, ынтық бола білу керек» деп жауабын айтады. Мұның өзі баланың бойында білім-ғылымға өнерге құштарлық қалыптастырып, сөйтіп дарын-қабілет дамыта білу керек деген сөз. Қазір мектепте оқытатын пәндердің балалар болашағына, олардың алдағы уақытта таңдайтын мамандығына қарай бағытталуы тиіс екендігі айтылуда. Мектепте шығармашылық оқушыны қалыптастыру және олардың өзін-өзі ұстау мәдениеті- білім мен тәрбие берудегі ең маңызды мемлекеттік істің бірі болып табылады.

Қазіргі нарық заманында өркениметті елдердің озық тәжірибесі кеңінен пайдаланылуда.    Білім беру технологиялары оқушы үшін жұмыс істеуі тиіс. Басқарудағы барлық мүмкіндік, күш-жігер шәкірттің ойдағыдай өсіп жетілуіне жұмсалуы тиіс. Бүгінгі оқушының елдің ертеңгі азаматы  екендігі басты ұстаным болуы шарт.

Білім беруді ақпараттандыру-бұл көпжақты және күрделі процесс. ЮНЕСКО-ның ІІ халықаралық  Конгресінде Білім беруді ақпараттандыру жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалануға байланысты екендігі айтылған [7].

Қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқу ақпаратын өңдеу, жаңғырту,   оны мақсатты түрде пайдалану  күн тәртібіне қойылып отыр.

Елімізде білім беру жүйесінің бір бөлігі-кәсіби маман даярлау.

Маманға қойылатын негізгі талаптар: 

- құзіреттілік (білім, біліктілік, маманға тән қабілеттілік)

- мобильдік (тез өзгеретін жағдайға бейімделу қабілетінің болуы)

Ақпараттық технологияны пайдаланбай осы екі талапқа сай маман дайындау мүмкін емес. Сондықтан да ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны игермей, қазіргі талапқа сай маман дайындауға болмайды.

Бүгінгі күні өнеркәсіп дәуірінен ақпарат дәуіріне өту кезеңінде дүние жүзі біртұтас коммуникациялық байланыс жүйелерімен қамтылған. Сондықтан ХХІ ғасыр азаматы информатика саласында білікті маман болып, күнделікті өмірде  ақпарат жүйелерімен, арнайы компьютермен және ақпараттық желілермен жұмыс жасай білуі тиіс [8].

Біздің елімізде білім беру саласында жиі  реформалар жүргізілуде. Соның бәрі жай емес. Соның бәрі қайтсек білім сапасын арттыра аламыз, білім сапасын әлемдік үлгіге сай көтере аламыз деген ниеттен туындап отыр.  Өйткені бүгінгі  мектеп оқушыларын еліміздің ертеңі десек, олардың жан-жақты білім, саналы тәрбие  алуы -  мемлекеттік маңызды іс. Қазір бәсекелестік  заманы. Біздің  педагогтеріміз, оқушыларымыз білім жағынан да ақылдылық, дарындылық жағынан да өзге елдердегі  өздері секілді әріптестерінен кем болмауы тиіс.

Қазіргі кезде зерттеу ісі бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті – баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін үйрету. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның қабілетін түрлі әрекетте көсету үшін зерттеуге дайындау қажет.

Әдебиет:

1.      Поташник М.М. Инновационные школы России: становление и развитие. - М., Новая школа, 1996. - С. 320.

2.      Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.., «Народное образование», 1998. - 253 с.

3.      Қоянбаев Ж.Б.. Педагогика. - Алматы, 2001.

4.      Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

5.      Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. – Алматы: Білім, 1998. – 96 б.

6.      Лернер П.С. Инновационные образовательные технологии // Инновационная школа. – 2006. - №6. – С. 155-168.

7.      Таубаев Ш. Исследовательская культура учителя: от теории к практике. –Алматы: Ғылым, 2001. - С. 350.

8.      Поташник М.М. Инновационные школы России: становление и развитие. - М., Новая школа, 1996.  - С. 320.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Инновационная школа России, маман.


Задать вопрос