Қызылорда облысының орталық аудандарында, жоңышқа дақылынан тұқымдық материал алудың жолдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №4 (63) апрель 2014 г.

Дата публикации: 28.03.2014

Статья просмотрена: 239 раз

Библиографическое описание:

Бегалиев, К. Б. Қызылорда облысының орталық аудандарында, жоңышқа дақылынан тұқымдық материал алудың жолдары / К. Б. Бегалиев, Ж. К. Назарова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 4.1 (63.1). — С. 20-21. — URL: https://moluch.ru/archive/63/9993/ (дата обращения: 18.12.2024).

Кіріспе. Дүние жүзінің көптеген елдерінде жоңышқа дақылы өнімділігімен 1 га жиналатын протейн мөлшері  жөнінен  жетекші орындағы мал азықтық дақыл ретінде саналады. Осыған сая отырып  жоңышқа дақыл көлемін  ұлғайту қажет, ол үшін ең бастысы тұқым шаруашылығын  мықтап дамыту шараларын қолға алуымыз қажет. Тұқымдық жоңышқа егістігі мен мал азықтық бағытындағы егілген егістіктердегі, агротехникалық шаралардың көптеген ұқсастықтығына сүйене отырып, өндірісте сиреген жоңышқалықтарды қалдырып, одан тұқымдық  материалдар алынады. Бұндай процестердің қате екендігі өндірісте бірнеше жылдар бойы сыналып, өміршең еместігі айқындалды. Аталған дақылдан сапалы өнім алу үшін, дақыл өзінің аймақтық ерекшеліктеріне сай, сорттық физиологиялық-биологиялық  қасиеттерін ескере отырып, арнайы технологиямен  тұқымдық бағыттағы егіс егілуі тиіс.

Зерттеу әдістері мен нысандары. Зерттелетін нысан Қазақ күріш  Ғ.З.И  шығарған жоңышқаның Түркестан15 сорты болып табылады. Оның маңыздылығы Түркестан15  жоңышқа сортына сапалы тұқымдық материал алу. Тәжірибе облыстың екінші орталық аймақтарында, күріш арнайы ауыспалы егістігінде салынды. Алғы дақыл күріш, күзде сүдігер 25-27 см көтерілді. Ерте көктемде атыздар мұхият лазерлік тегістегіштер көмегімен тегістеліп, қажетті мөлшерде тыңайтқыш беріліп, тырмалау арқылы  сіңірілді және фризер  көмегімен тоң кесектер майдаланып топырақ қопсытылды.

Бұрынғы жоңышқа егістігі аурудан, зиянкестерден таза атыз таңдалып алынып, қаз табан соқамен 20-25 см тереңдікте  жоңышқа көшеттерінің тамырларын қиып, 1000 өсімдік көшеттері  таңдалып алынды.

Тәжірибе 09.04.2013 ж салынды

Тәжірибе жобасы . Мөлтек ауданы  5м2 , 3 қайталым.

1.    Бақылау нұсқасы (жаппай себу ,15кг/га тәсілі)

2.    30х30 см                   көшеттеп егу  тәсілі

3.    45х45см                    көшеттеп егу  тәсілі

4.    60х30см                    көшеттеп егу  тәсілі

Тәжірибе алаңдарына фенологиялық бақылау жүргізіліп, өсімдіктер  саны есептелінді, өсімдіктің  биіктігі мен өсімдіктің жапырақтану деңгейі сондай-ақ жоңышқаның  тұқым өнімі есепке алынды. Жоңышқа көшеттері  ұясына  қосымша  су құйылып, топырақ ылғалдылығы  қалыпты жағдайға келтірілді.

Зерттеу нәтижелері. Бақылау  нұсқасында жоңышқа өскіндері  10-12 күнде  пайда болып, 13-15 күндері  толық өскіндері шықты.

Өсімдіктің тығыздығы  есептелгенде  далалық шығымдылығы 12,4% немесе 93 дана/м2. Өсімдік өскінін көшет отырғызылған соң 10-күні байқалды. Төмендегі нұсқалар тиісінше, 11,1 дана/м2,  7,41 дана/м2  және  5,5 дана/м2 .

Кесте 1. Жоңышқа дақылының вегетациялық кезеңдерінің ұзақтығы

мөлтектер бойынша сипаттамасы

Мөлтек аттары

Өну сабақтану күн

Өну бұтақтануы

Өну гүлдену күн

Бақылау

(жаппай себу)

47-48

62-66

110-115

30х30

41-45

57-61

105-108

45х30

39-41

54-56

103-105

60х30

36-39

52-55

100-104

№1  кестеде көрсетіліп отырғандай көшеттеп 60х30см өсімдіктері бақылау нұсқасынан 10-11 күн бұрын пісті. Сондай-ақ бұл нұсқаудағы  өсімдіктерге  жарық  жақсы түсіп, арам шөптерден  мөлтек таза және жарамсыз  өсімдіктерді  алып тастауға толық мүмкіндік болды.

Кесте 2. Шаруашылық бағамдық белгілері бойынша, жоңышқаның

нұсқалар бойынша сипаттамасы

Нұсқалардың атауы

Өміршеңдігі, %

Өсімдіктің биіктігі, см

Жапырақтануы,

%

Тұқым өнімділігі 2/м2

Бақылау

(жаппай себу)

18,1

51

34,9

26,2

30х30 см

83,0

55

36,7

24,4

45х30 см

89,2

62

37,1

26,2

60х30 см

91,4

71

41,1

28,2

НСР 05

1,7

Жоғарыдағы №2 кестеде көрсетіліп отырғандай бақылау нұсқасымен  салыстырғанда жоғары болды, атап айтқанда 83,0-91,4 %  аралағында.

Жоңышқаның биіктігі мен жапырақтануы № 2 кестедегі көрсетілгендей, бақылау нұсқасы мен салыстырмалы түрде көшеттеп отырғызылған 60  х 30 см нұсқасында жоғары болып отыр.

Сондай-ақ жоңышқа тұқым өнімділігі  көшеттеп отырғызылған 60х30 см нұсқасында,  бақылау нұсқасымен салыстырмалы түрде өнімділігі мен сапасы арытты. Көшеттеп отырғызылған  басқа  нұсқаларда  бақылау нұсқасымен  салыстырғанда қателіктері онша алшақ болмады.

Біздің зерттеулер нәтижелеріміз бойынша барлық  көрсеткіштері  60х30 см көшеттеп отырғызу нұсқасы  ерекшеленді, бұндай тәсілдер арқылы жоңышқа  тұқымының сорттық тазалығын, шаруашылық биологияның қасиеттерін, сондай-ақ сапалы, тұрақты, жоғары өнім жинауға толық мүмкіндік бар.

Әдебиет:

1.    Алиева М.К. Технология выращивания люцерны на семена в условиях орошения  полупустынной зоны юго-востока Казахстана: Автореф. дис. . канд. с.-х. наук: 06.01.09. -Каз. НИИ земледелия им. В. Р. Вильямса, Алмалыбак, 1986. – 20 с.

2.    Бушнев Н.С. Семенная продуктивность люцерны и ее экономическая эффективность  в зависимости от сроков, способов сева и укосов в условиях орошения // Тр. Ставроп. СХИ, 1977. - Вып. 40. - Т. 1. - С. 60.

3.    Бажов В.М. Влияние водного режима и удобрений на семенную продуктивность люцерны // Тр. Алма-Ат. СХИ, 1978. - Вып. 31. - С. 74-78.

4.    Голобородька С.П, Лазарев Н.Н.  Люцерна. – Москва, 2009.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, семенная продуктивность люцерны, условие орошения.


Похожие статьи

Қызылорда облысының орталық ауданында жоңышқа дақылының өсуін суару режимінің әсері

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастырудағы бастауыш білім беру сатысындағы ұтымды оқыту

Тотығу-тотықсыздану жүйелерінің электродтық потенциалдарын салыстыру арқылы реакциялардың жүру бағытын болжау

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Қазақ тілі сабағында проблемалық оқыту арқылы оқушылардың айтылым дағдысын дамыту

Қазақстанда жаңа құрылымдық аймақтық экономикалық саясатын қалыптастыруды дамыту бағыттары

Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары

Химия пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық құндылықтары мен дағдыларын дамыту

10 «Е» сынып оқушыларын сыртқы жиынтық бағалауға дайындаудағы машықтандыру жаттығуларының әсері

Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнындағы құндылықтық-ынталандырушы астарлар

Похожие статьи

Қызылорда облысының орталық ауданында жоңышқа дақылының өсуін суару режимінің әсері

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастырудағы бастауыш білім беру сатысындағы ұтымды оқыту

Тотығу-тотықсыздану жүйелерінің электродтық потенциалдарын салыстыру арқылы реакциялардың жүру бағытын болжау

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Қазақ тілі сабағында проблемалық оқыту арқылы оқушылардың айтылым дағдысын дамыту

Қазақстанда жаңа құрылымдық аймақтық экономикалық саясатын қалыптастыруды дамыту бағыттары

Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары

Химия пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық құндылықтары мен дағдыларын дамыту

10 «Е» сынып оқушыларын сыртқы жиынтық бағалауға дайындаудағы машықтандыру жаттығуларының әсері

Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнындағы құндылықтық-ынталандырушы астарлар

Задать вопрос