12 жылдық білім беру жүйесіндегі зерттеушілік технологиясының маңыздылығы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (81) январь-1 2015 г.

Дата публикации: 06.01.2015

Статья просмотрена: 748 раз

Библиографическое описание:

Абдикаева, А. Ш. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі зерттеушілік технологиясының маңыздылығы / А. Ш. Абдикаева, Н. А. Тунгатова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 90-91. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14797/ (дата обращения: 16.11.2024).

Елбасының Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды шарты – бұл әлемдік бәсекелестік үдерісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім» деген сөзі әрқайсысымызды ойландыратыны сөзсіз.

Сондықтан қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бастысы – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, әлемдік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге мүмкіндік жасау.

Осыған орай, қазіргі таңда білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу ең басты міндеттердің бірі. 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуы болып табылады [1;3].

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».

Сондықтан, қазіргі даму кезеңі 12 жылдық білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесі жүзеге асырылып жатыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

12 жылдық білім беру парадигмасына көшуге байланысты бүгінгі күні мектеп алдында кез келген жағдайда туындаған проблеманы шешуге қабілетті, өзінің өмірін басқаруға құзіретті тұлғаны қалыптастыру  міндеті тұр. Олардың оқушының құзіреттілігін қалыптастыратын әдістердің, ішіндегі ең негізгісі зерттеушілік оқыту технологиясы болып табылады.

Зерттеушілік технология – оқушыларды айналадағы құбылыстарды бақылап, ондағы заңдылықтарды тануға, өздігінен қорытынды жасай білуге үйрету. Оқушының белсенділігін, қызыығушылығын қалыптастырып, оның ойын дамытуға, өздігінен ізденуге бағытталады.

Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуге оқытудың басты мақсаты-адамзат мәдениетінің кез-келген саласындағы іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру. Бала оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді.Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады. Зерттеушілік жұмыс балалардың өз қызығушылығынан басталады. Бұл пікір Абай атамыздың жетінші қара сөзіндегі: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – «ішсем,жесем, ұйықтасам» - деп, екіншісі – «көрсем, білсем» - деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге үйтеді», «бұл неге бүйтеді» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді, - деген ой-тұжырымы растайды.[2;46]

Біздің пайымдауымызша, білім беру жүйесінде оқушылардың зерттеушілік технологияны жүзеге асырудың мәнін  қабілеттің дамуымен байланыстырдық:

-   интеллектуалдық; яғни психологиялық-педагогикалық ойлау қабілетінің дамуы, зерттелетін объектіні талдай білуі, ізденісті ұйымдастыра білуі, сапалық талдаулары мен байланысы, тұжырымдар мен қорытындылар дайындау, қарама-қайшылықты таба білу, білімділігі;

-   коммуникативтік; зерттеу  процесінде өзін қоршаған ортамен, адамдармен, достарымен дұрыс қарым-қатынас орната алуы;

-   эмоционалды-еріктік; өзінің ішкі күйін, сезімін, мінез-құлқын меңгеру;

-   дидактикалық; материалды баяндай алу біліктілігі, зерттеушілік міндеттерді түсінікті, қызықты, анық, аргументті талдай білуі;

-   ұйымдастырушылық; танымдық іс-әрекетін, өз жұмысын ұйымдастыра алуы;

-   танымдық; жаңа ақпараттармен жедел қарулана алуға мүмкіндік беру.

Зерттеушілік технология - өзінің дидактикалық негізі бойынша шынайы өмірде, тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі құзіреттілік тәсілді қолдайтын технология.

12 жылдық білім беру жүйесінде зерттеушілік технологиясының ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық қасиеттерге бағдарланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық сипатқа ие, оның басты бағдары-білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану; баланың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту, білім біліктерді игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын көрсетеді. [3; 35]

Зертттеуші мұғалімнің басты міндеті оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру үшін сол мәселені зерттей білуге үйрету. Олай болса, зерттеушілік оқыту технологиясы» әдістемелік құралын, п.ғ.д. Ү.Б.Жексенбаеваның  төменгі сынып оқушыларының зерттеушілік дағдысы мен мәдениетін дамытуға арналған «Мен зерттеуге үйренемін» атты оқу құралын негізге алуға болады. Зерттеу процесі мынадай бөліктерден тұрады:

1.    Зерттеу мәселесін қалай анықтауға болады?

2.    Зерттеу тақырыбын қалай анықтауға болады?

3.    Зерттеу болжамы

4.    Зерттеу әдістері

5.    Жұмыс жоспарын қалай құруға болады?

6.    Зерттеу жұмысының қорытынды кезеңі – жобаның тұсауын кесу немесе қорғау

7.    Баяндама мәтінін жазу

8.    Көрнекілігі

9.    Сұрақтарға жауап беруге дайындалу.

Жоғарыда ұсынылған әдістемелік құралында зерттеу әрекеті проблеманы анықтаудан басталып, алынған нәтижелерді презентациялауға дейінгі циклден тұрады.Мұғалімдердің алдында әр оқушыны зерттеу әдістерімен таныстыру, зерттеу мәдениетін қалыптастыру, осыған байланысты  сыныппен бірнеше рет фронтальдық, кіріспе  сабақтарын өткізу міндеттері тұр. Қазіргі кездегі баланың интеллектісіне, дербес ойлауын дамытуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады [3; 238].

Білім беру жүйесінде оқушылардың зерттеушілік әрекеті арқылы зерттеушілік мәдениеті де қалыптасады. Оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда төмендегі бағыттар болуы керек:

-   пән саласы бойынша дүниетанымын кеңейту;

-   өзін-өзі дамыту, өзіне-өзі талдау жасау;

-   өзін-өзі бағалауды арттыру;

-   шығармашылық қабілетін жетілдіру.

Бір сөзбен айтқанда, қазіргі Қазақстанның әлемдік деңгейге шығуға бағыт алып, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы  12 жылдық білім беру жүйесінде зерттеушілік технологиясын қолданудың  маңызы  зор екендігі дау туғызбайтын ақиқат деп білеміз. 

Қорыта келе, білім берудің жаңа парадигмасы  жағдайында 12 жылдық білім беру жүйесінде зерттеушілік технологиясы арқылы бастауыш сынып  сынып оқушыларының зерттеушілік мәдениетін  қалыптастырамыз деген тұжырым жасай отырып, төмендегідей ұсыныстар береміз:

-   бастауыш сынып мұғалімдері үшін оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға арналған арнайы курс ұйымдастыру;

-   12 жылдық білім жүйесінде жасалатын оқулықтардың мазмұнын зерттеушілік технологияның элементтерін пайдалана отырып жасау

-   бастауыш сынып оқушыларының  дүниетану сабағында оқушыларға  жиі зерттеу жұмыстарын ұсыну; зерттеу жүргізуіне басшылық жасау, зерттеу жұмысын қорғау.

 

Әдебиет:

 

1.    Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Астана, 2004. - 3-4 бб.

2.    ЖексенбаеваҮ.Б., Игенбаева Б.Қ., Ниязова Г.Б. Оқушыларды зерттеушілік оқытудың технологиясы. - Астана, 2006. - 48 б.

3.    Кенжеғұлова А. 12 жылдық білім беру жүйесінің  педагогикалық-психологиялық негіздері. –Ақтөбе, 2009. - 200-248 бб.

4.    Керейбаева А. Бастауыш мектептегі зерттеу жұмыстары // Мектептегі ғылыми жұмыс. - 2009. - №5. - 25-26 бб.

Основные термины (генерируются автоматически): Мена.


Похожие статьи

Ағылшын тілін оқытудағы мультимедия технологиясының тиімділігі

Заманауи кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің басым бағыттары

Қазіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен салалары

Педагогика сабағында модульдік оқыту технологиясында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі

Оқушылардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мүмкіндіктері

Іс-әрекеттегі зерттеу: Оқушылардың шығарма мазмұнын терең түсінуіне мәтінді ықшамдатудың пайдасы қандай?

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

Бөкей ордасында жергілікті бюрократиялық элитаның қалыптасуы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы)

Жеке тұлғаны патриотизмге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу

Оқушылардың биология пәні бойынша үйде жүргізілетін бақылау мен тәжірибе жұмыстарының маңыздылығы мен мазмұны

Похожие статьи

Ағылшын тілін оқытудағы мультимедия технологиясының тиімділігі

Заманауи кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің басым бағыттары

Қазіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен салалары

Педагогика сабағында модульдік оқыту технологиясында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі

Оқушылардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мүмкіндіктері

Іс-әрекеттегі зерттеу: Оқушылардың шығарма мазмұнын терең түсінуіне мәтінді ықшамдатудың пайдасы қандай?

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

Бөкей ордасында жергілікті бюрократиялық элитаның қалыптасуы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы)

Жеке тұлғаны патриотизмге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу

Оқушылардың биология пәні бойынша үйде жүргізілетін бақылау мен тәжірибе жұмыстарының маңыздылығы мен мазмұны

Задать вопрос