Сұйықтың физикалық қасиеттерін халық шаруашылығы техникаларын жетілдіруде пайдалану | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (81) январь-1 2015 г.

Дата публикации: 06.01.2015

Статья просмотрена: 1141 раз

Библиографическое описание:

Молдаш, Ырысбек Абжамалулы. Сұйықтың физикалық қасиеттерін халық шаруашылығы техникаларын жетілдіруде пайдалану / Ырысбек Абжамалулы Молдаш, Р. Ы. Ырысбек. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 25-26. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14835/ (дата обращения: 16.11.2024).

Қазіргі уақытта тəуелсіз Қазақстанның өнеркəсіп өндірісінің дамуында жоғарғы білім шешуші рөл атқарады. «Білім экономикасына инновациялар мен білім алу арқылы» лекциясында мемлекет Басшысы ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сай келетін техникалық білімнің жəне ғылымның дамуына ерекше көңіл бөле отырып, біздің мемлекетімізде білім беруді қазіргі заманға сай дамыту қажеттігі туралы айрықша көрсетіп өтті. Білім беру мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан мектептегі жоғарғы сынып оқушыларын ғылыми жұмыстарға тарту арқылы ғылыми жобаларға қатыстыру қажет. Ерекше қабілетті оқушылардың бәсекелесуге білім мен ептілігін іс жүзінде тиімді қолдану қабілетін қалыптастыру қажет.

Техникада іс-әрекеті сұйықтардың тепе-теңдігі мен қозғалыс заңдарына негізделген машиналардың алуан түрі пайдаланылады. Бұлар гидравликалық машиналар (грекше хюдор-су, аулос-түтік) деп аталады [1]. Мысалы: мақтаны, қағазды, ағаш жаңқасын престеу үшін қолданылатын гидравликалық престер; автомобильдер, жүк машиналары мен автобустардағы гидравликалық тежегіштер; тракторлардағы ауыр жүкті көтеруге арналған гидравликалық көтергіштер; гидравликалық түрде көтерілетін орындықтар және тағы да басқа, кейде тіпті тіс пастасының құтысына ұқсас, қарапайым түрдегі бірқатар тетіктер гидравликалық машиналар болып табылады. Өйткені, бұлардың барлығында да сұйықтардағы қысым күші пайдаланылады. Сұйықтың тепе-теңдік қалпын және қозғалыс заңдарын зерттейтін ғылым гидравлика деп аталады. Сонымен қатар гидравлика осы заңдарды іс жүзінде пайдалану әдістерін де қарайды. Ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, өндірістің техникалық жабдықтарын және шаруашылық машиналарын, оның механизмдерін механикаландыру және автоматтандыруда гидравликаның атқаратын ролі өте зор. Гидравликаның негізгі заңына сүйене отырып, гидромашиналарда және гидропневмо тасымалдау саласында механикаландыру және автоматтандыру тәсілдерін оңай қолданады. Мұндай тәсілдерді техника саласында қолдану қазіргі заманның талабы.

Газдар мен қатты денелердің арасындағы дененің аралық күйін сұйық деп атайды. Температура төмен кезінде сұйықтың қасиеттері қатты дененің қасиеттеріндей болса, температура жоғарылаған сайын су буға айналып, қасиеттері газдың қасиеттеріндей болып кетеді. Сұйықтың күйі мен қозғалысын сипаттайтын физикалық қасиеттері үздіксіз таралып және өзгеріп тұратын біртұтас материалдық система деп қаралады.                    Сұйық денелер газға қарағанда жан-жағынан қанша қысқанмен өз көлемін тіпті өзгертпейді десе де болады. Сондықтан сұйықты қысылмайтын дене, ал газды қысылғыш дене деп атайды. Газға қарағанда сұйық денелер теріс қысымға да азды- көпті берік болады. Бұған мысал ретінде насостың су сорғыш трубасындағы қысымның атмосфера қысымынан кем екенін және судың бұл трубада үзілмей созылыңқы күйде болатынын келтіруге болады. Сұйыққа түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.

Қарапайым гидравликалық машинаның мысалы ретінде гидравликалық прессті келтіруге болады. Онда, көлденең қимасының ауданы әр түрлі болып келген екі жылжымалы поршеньдер орнатылған. Цилиндрлер бірімен-бірі өзара жалғастырылып, оларға сұйық (әдетте май) толтырылады. Кіші поршеньнің көлденең қимасының ауданы S1, ал үлкен поршеньдікі S2 болсын. Егер кіші цилиндрдегі поршень ге F1 күш әсер етсе, онда сұйыққа P=F1/S1 қысым түсіріледі. Паскаль заңы бойынша сұйық бұл қысымды үлкен поршеньге береді. Соның нәтижесінде үлкен поршеньге F2 күш әрекет етеді. Осы күшті есептейік: F2­­=PS2 , P=F1/S1 олай болса F2=F/S­1∙S2 = F1S2/S1 ; Сонымен, F2=F/S­1∙S2 болады немесе оны былай өрнектеп жазуға болады: F2/F1 = S2/S1,       яғни үлкен поршеньнің көлденең қимасының ауданы кішісінен қанша есе үлкен болса, үлкен поршеньге сонша есе күш әрекет етеді.            S2>S1 болғандықтан, S2/S1>1, ал бұл F2>F1 деген сөз. Сөйтіп, гидравликалық машинаны пайдаланып, күштен ұтуға болады. Сол себепті де олар техниканың көптеген салаларында кеңінен қолданылуда [2].

Қазіргі қуатты гидравликалық престер 700 000 кН-ға дейін күш өндіруге мүмкіндік береді. Мұндай престер зауыттарда металл бұйымдарға қажетті пішін мен өлшем беру үшін қолданылады.

Гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін зерттей келе автор өз жұмысында гидрожететерге тоқталды [4]. Гидрожетек -сұйық қысымы көмегімен механизмдер мен машиналарды қозғалысқа келтіретін құрылымдар жиынтығы, кейде оны гидрожүйе деп те атайды.

Халық шаруашылығында машина мен механизмдердің пайдаланымдық және техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында гидрожетектер кеңінен қолданылуда. Механикалық жетектерге қарағанда, гидрожетектің шаруашылық машиналарында қолдануының артықшылығы төмендегідей: жұмыс органдарының шектен тыс жұмыс істеуін болдырмайтын тетігі бар; машинаны реттеуге және техникалқ пайдалануға кететін уақытты үнемдейді; жұмыс істеу қуаты өте жоғары; жұмыс істеуі тұрақты, қарапайым және тетіктері көп жыл жөндеусіз жұмыс істей алады; басқару тетіктерін автоматтандыруға, жұмысшының жұмыс істеу жағдайын жақсартуға болады. Гидрожетектің жұмысшы органы энергияны тікелей машинаның жұмысшы органына жеткізіп, оның тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Халық шаруашылығында пайдаланылып жүрген гидравликалық машиналардың жұмысшы органдарын жетілдіру арқылы автор гидрожетекті роботтарды шығаруды ұсынады. Оларды техникалардың жүру мүмкіндігі шектеулі жерлерде, қауіпті аумақтарда, әсіресе кен өндіру орындарында пайдалануға болатынын және улы заттарды өңдейтін орындарда қашықтан басқаруға қолайлы болатынын көрсетеді.

 

Әдебиет:

 

1.      Сүгіров Ш., Гидравлика. - Алматы, Мектеп, 1988. - 7-11 бб.

2.      Башарұлы Р., Тоқбергенова У., Қазақбаева Д. Физика және астрономия. - Алматы, Атамұра, 2007. - 120-126 бб.

3.      Қадырбаев Ә., Алуанбергенов Ә. Гидравлика негіздері және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету. - Алматы, Білім. - 1996. - 14-16 бб.

4.      Республикалық ғылыми жоба конкурсының ІІ-ші кезеңі. - Қызылорда, 2014.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Похожие статьи

Болашақ мамандардың кәсіби тұлғалық салауаттылығын жетілдіру жолдары

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда отбасылық бизнестің ықпалын талдау

Жоғары сынып оқушыларының логикалық ойлау мотивтерін дамыту бағытындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар

Бидай дақылы құрамындағы азоттың мөлшері және жинақталуы

Тотығу-тотықсыздану жүйелерінің электродтық потенциалдарын салыстыру арқылы реакциялардың жүру бағытын болжау

Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу

Балалардың рухани үйлесімді дамуындағы мектеп пен ата-ана байланысын жақсарту жолдары

Қашықтықтан оқыту жүйесін психологиялық тұрғыдан тиімділігін арттыру

Похожие статьи

Болашақ мамандардың кәсіби тұлғалық салауаттылығын жетілдіру жолдары

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда отбасылық бизнестің ықпалын талдау

Жоғары сынып оқушыларының логикалық ойлау мотивтерін дамыту бағытындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар

Бидай дақылы құрамындағы азоттың мөлшері және жинақталуы

Тотығу-тотықсыздану жүйелерінің электродтық потенциалдарын салыстыру арқылы реакциялардың жүру бағытын болжау

Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу

Балалардың рухани үйлесімді дамуындағы мектеп пен ата-ана байланысын жақсарту жолдары

Қашықтықтан оқыту жүйесін психологиялық тұрғыдан тиімділігін арттыру

Задать вопрос