Өнім сапасын басқару қызметін дамыған мемлекеттерде жетілдіру жолдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (81) январь-1 2015 г.

Дата публикации: 06.01.2015

Статья просмотрена: 983 раза

Библиографическое описание:

Муратбаева, Г. А. Өнім сапасын басқару қызметін дамыған мемлекеттерде жетілдіру жолдары / Г. А. Муратбаева, М. О. Смайлов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 50-52. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14836/ (дата обращения: 16.11.2024).

Ғылыми–техникалық жетістіктердің дамуы өнім сапасының ұлттық экономикасының дамуы ретінде қарастырылып келеді. Әлемнің дамыған мемлекеттерінде өнім сапасын арттыру және бәсекеге қабілеттілігін жақсарту мәселелерін шешу шаралары белсенді жүргізіліп келеді. Өндіріс дамуының мақсаты – ресурстарды ұтымды қолдану қағидасы болып табылады. Фирманың өндірістік қызметі: максималды арнайылық, монополизацияға әкелетін факторларды ескермеу, шығындарды үнемдеу сияқты элементтермен сипатталады. Нарықтық экономика жағдайында нақты ортаның бар болуы сапа себептеріне көп көңіл бөлуді білдіреді. Соңғы жылдары көптеген кәсіпорынның жетекшілері бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату құралы ретінде сапаны басқару қажеттілігін түсініп келеді [1, с. 25].

Қазір фирмаларды басқаруға өте үлкен көңіл бөлінеді. Басқару мәселесі бұрын коммерциялық құқық құрамына кіретін болса, енді олар фирманың функционалдық табиғатының дамуындағы нақты қозғалыстарын айқындайды. Қаралып отырған салада фирманың басқару теориясы маңызды орын алады. Бұл жерде фирма ұғымында қазіргі жағдайда оның неғұрлым кең тараған түрі – корпорация екенін атап өту керек. Басқару коорпорациясы 30 - шы жылдары АҚШ-та басқарудың жеке меншіктен бөлінуі кезінде туындады. Қазіргі өнеркәсіптік фирманың сипаты оны басқару тәсілдеріне және оның өз қатынастарына тапсырыс берушілермен, жалдама жұмысшылармен және өнім берушілер арқылы қалай жасақталатыны көрінеді. Бұл теорияның тірек шарты менеджерлер мүдделерінің акционерлер мүдделерінен үстемдігі және сол үстемдіктің одан әрі зерттелуіне байланысты. Аталмыш жағдай фирманың үш үлгісінің туындауына алып келеді. Сонымен У. Баумоль өз тәжірибесінде сату көлемін арттыру мақсатында үлкен оллигополиялық фирманың үлгісін жасады. Оған негіз болған оллигополия салаларындағы ірі коорпоративті кәсіпорынның пайдадан гөрі, сатуға көп алаңдаушылығы еді. Мұны сатудан түскен пайданы объективті түрде санауға болатындығымен, ішінара түсіндіруге болады. Пайданы өлшеу көбінесе есептеу тәсілдеріне байланысты болады. Аталған үлгіде үш шектеу бар.

Біріншіден, басқарушылықтың пайдалылығы тұрғысынан қарағанда, пайда мен сатудың арасында таңдау жоқ деп болжанады.

Екіншіден, сатудың өсуіне байланысты табыстың бір бөлігінің шығыстарға жатқызылуы қалған пайданы көбейтуге кедергі болмайды.

Үшіншіден, сатылу қарқыны төмен жағдайда фирма көлемінің тек ағымдық мәнін көтере алады.

Екінші үлгіні басқару пайдалылығын көтерген кәсіпорынның экономикалық жағдайын сипаттаумен Р. Мэррис айналысты. Оның берген үлгісінде қызмет құрамында нақты активтердің екі «құралды айнымалылардың» өсу қарқыны және коорпорацияны жаулап алу қатерінен сақтауға кепілдік беретін акционерлік болжам қозғалысын бағалау нормасы анықталған. Өсу мен қауіпсіздік арасындағы шекті алмастыру нормасы қосымша өсу түріндегі шекті бағалау шығындарына тең келеді. Нәтижесінде, басқарушы фирманың акция құнының жоғарлауымен емес, өсудің басқару пайдалылығының оңтайлы деңгейіне дейін жетумен айналысатынын көрсетеді.

Сапаны бақылау жұмыстары қазіргі кезде Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінде іске асырылып, ірі өндірісте енгізіліп келеді. Бұл елдердегі сапа бойынша жұмыс жапон компанияларының бірлескен кәсіпорындарға және филлиалдарға ауысуынан басталды. Бұл елдерде тез арада МС-9000 жүйесі кең жайылып, жапон өндірісінің стандарттарын өндіру жүзеге асырылды. Қазіргі кезде осы елдердегі көптеген кәсіпорындарда жапондық сапа үйірмелерін құру жоспарланып отыр.

Жапонияда стандарттың келесі түрлері байқалады:

- халықаралық стандарт (МС 9000);

- Жапония стандарты (Жапон өндіріс стандарты);

- компаниялар мен фирмалардың стандарты;

- тауар мен қызметтердің ерекшелігіне арналған стандарттар.

Компаниялардың стандарттары өнідірістің іс-әрекет лицензиясы алынғанда беріледі. Жапонияда өз қызметкерлерін ұлтжандылыққа тәрбиелеуге үлкен көңіл бөледі. Әр фирмада сапа талдауының сұрақтарына жауап беретін бөлімшелер бар. Жапониядағы сапа үйірмелерінің рөлі психологиялық негіздерге сүйенеді. Өндірісте жұмысшылар мен менеджерлер және директор арасында тең қарым–қатынас сақталады, тауарды өндіру процесіне әркім өз үлесін сезеді, әрекетінде әр затты көре алады, нәтижесінде ұжымда бірқалыпты психологиялық климат қалыптасады. Жапонияда өнім сапасының тәжірибесі дамып келеді.

Дүниежүзіндегі жетекші үш аймақ: АҚШ, Батыс Европа мен Жапон елі мысалында сапаны басқарудың даму тенденциясын қарастырайық.

АҚШ–тың өнеркәсіптік фирмалары шығарылатын өнімнің жоғары сапасына сапаны басқаруда ұйымдастыру мен әдістерін жетілдіру арқылы қол жеткізген. 70-ші жылдардан бастап сапаны басқару бойынша барлық әрекеттердің басты мақсаты тұтынушыларға қажетті сапаны фирма үшін ең аз шығынмен қамтамасыз ету болды. Жоғары жағына сапа «құнының» мөлшері мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне және кірісіне сапа деңгейінің әсері қойылды. Бұл жағдайда өнімнің ғана емес, тұтынушыларға қызмет ететін бүкіл ұйым ақаусыз болуы керек деген бағдарлама қойылғаны белгілі.

Сапаны басқарудың қазіргі жүйелері тұтынушылар талабына және өндірушінің шығындарын ең аз мөлшерге теңестіруге бағдарланған. Егер бірінші шарт ұйымның техникалық сипаттағы әрекеттерімен байланысты болса, ал екінші шарт сапалы өнім өндіруге шыққан жиынтық шығындардың ақталуымен байланысты. Осының негізінде сапаны бақылаудың жалпы тұжырымдамасы қалыптасты. Бұл бұйымдарды кейін пайдалану мен толық жетілдіру, тұтынушыларға қызмет ету едәуір үнемді болуы үшін жоспарлардың сапасын қамтамасыз ету фирманың әртүрлі ұйымдық бөлімдерінің талпыныстарын шоғырландыратын тиімді жүйе деп түсіндірілді [2, с. 65].

Өнім сапасын басқару мен тұтынушыларға қызмет көрсету аумағына фирмалардың ұйымдық құрылымдарының бүкіл негізгі тізбектерінің басқарушылары тартылып, нарықты зерттеу мен жаңа өнімді жоспарлау жобасын анықтау кезеңінен бастап, тұтынушылардың өнім шығаруда техникалық қызмет көрсетуімен аяқтап, өнім жасау процесіне мақсатты бағытталған іс–шаралар арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.

Жабдықтаушы фирмаларда шығарылатын өнімнің сапасын жақсартуда басты жауапкершілік ең алдымен зауыт басқарушыларына жүктелген. Ал тікелей бақылау мен жұмыскерлердің өнімдерін тексерумен инспекторлар айналысады. Сапаны басқаруды сапаны бақылау бойынша инспекторлар мен инженерлер жүзеге асыра отырып, кәсіпорында ақаулы өнім шығаруды қажеттілігіне қарай тоқтатуға құқы бар.

Соңғы он жылдықта өнім сапасын басқару жүйесіндегі жетекші және жоспарлаушы тізбектің арнайы коорпоративті штатын құру тұжырымдалды.

Сапаның коорпоративті қызметтеріне өнім сапасын қамтамасыз етудің жиынтық бағдарламаларын жоспарлау мәселесі мен оларды фирманың бүкіл бөлімдеріне жеткізу жүктеледі. Бұл бағдарламаларда өнімді шығарудың әрбір кезеңінде сапаға қойылатын талаптар қалыптасып, жеке құрылымды бөлімдердің мәселелері нақтыланады. Техникалық стандарттар тұтынушылар талаптарына сәйкес зерттеуші, өндіруші, жоспарлаушы және барлық құрылымды басқарушыларға түсінікті тілге аударып жеткізеді.

Сапаны басқарудың қазіргі бағдарламалары өзінің іске асырылуының бірқатар кезеңдерін алдын–ала қарастырады. Алдымен нарық жайлы, соның ішінде нақты тауардың сапасына тұтынушылардың қоятын жалпы талаптары қарастырылады, содан соң өндіріске жұмсалатын шығындар анықталады. Осы кезеңдегі жұмыстың нәтижесі сапа деңгейін, оның техникалық параметрлері мен сипаттамаларын бекіту және өндіріс пен жобалық құрылыстық жұмыстардың кезеңдерінде қажетті сапаны қамтуға мүмкіндік беру, ал бірқатар жағдайларда өнімді сақтайтын, әрі тұтынушыларға жеткізетін техникалық шарттардың бүкіл жиынтығын тұжырымдау болып табылады. Аталған талаптар тұжырымдалып, фирманың ішінде өнімді тікелей шығарушыларға жеткізгеннен кейін келесі кезең басталады. Бұл кезеңде жұмыстардың көп көлемі сапаның бекітілген деңгейін сақтау үшін барлық қажетті жағдайларды қамтумен байланысты. Сырттан сатып алынатын материалдарды жабдықтаушы фирмалардан жеткізудің маңызы зор.

Жоғарыда қарастырылған АҚШ өнеркәсіптік корпорацияларының өнім сапасын басқаруды ұйымдастыру түрлері біршама кеш болса да капиталистік елдердің өнеркәсіп өндірістерінде тарала бастады. Мұндағы маңызды канал американдық фирмалардың еуропалық филиалдары құрылды.

Қазіргі өндіріс пен өнімнің үздіксіз техникалық жетілдірілуі жан-жақты өсіп келе жатқан талаптардың жартылай фабрикаттары мен материалдарына ұсынылады. Олардың алға қойған жұмыс жоспарлары жабдықтаушы фирмалар мен тұтынушы фирмалардың біріккен түрдегі іс-әрекеттері арқылы қол жеткізіледі. Бұл аумақтағы серіктестіктің өркендеуі кейінгі онжылдықта жартылай фабрикаттар мен материалдардың сапасын бақылаудың қарқындау көрінісіне ие болды. Материалдар мен бөлшектердің стандарттарын сақтау маңыздылығы көтерілді. Өнімдерді жеткізу нақты келісімдермен қарастырылды. Тұтынушы фирмалардың өнеркәсіптеріне олардың келіп түсуіне дейін жабдықтаушы фирмаларда материалдар мен жартылай фабрикаттарды инспекциялау қатайды.

Сапаны арттырудың маңызын Жапония тәжірибесінен байқауға болады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жапон өнеркәсіпшілері өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін көтеру жолдарына белсенді іс-әрекеттер жүргізді. Жапон басқармашыларының тобы бүкіл әлем бойынша тәжірибелерді оқып үйренді. Олар АҚШ пен Еуропаның ірі өнеркәсіптік фирмаларының жетекшілерімен кездесті. Барлық ұтымдылық ұлттық негізге ауысты. Олар Жапон басшыларының назарын сапаны сандық бақылау мен сапаны кешенді басқару сияқты түсініктерге аударды. Әртүрлі мемлекеттердің тәжірибелерін зерттей отырып, жапон басшылары өркендеп келе жатқан фирмалар өздерінің жұмыскерлері мен өнім сапасына жоғары талаптар қоятынына көңіл аударды.

ХХ ғасырдың 50-ші жылдары Жапонияда сапа ұйымдары (QС) белсенді жұмыс істей бастады. Сапа ұйымдары мен жұмысшылары сапаны басқарудың жапондық тұжырымдамалары мен тәжірибелерінің логикалық жалғасуы және дамуы ретінде туындады. Өнеркәсіптік компанияларда сапа ұйымдарын құрудың алғашқы кезеңдері елеулі қиыншылықтарды кездестіріп, маңызды ұйымдық әрекеттер мен көптеген шығындарды талап етті. Ұйымдар тиімділікті көтерудің басқармалық тәсілдері мен тұжырымдамаларын жүзеге аса бастаған тәжірибелі түрлердің біріне айналды. Сапа ұйым қызметтерінің маңызды түрі жұмысшылар мен шеберлерді оқыту болды. Оқыту бағдарламалары жетекші компанияларда пайда болды: бригадирлерді сапаны бақылаудың сандық әдістеріне үйрету бағдарламасы басталды. 1962 жылдың сәуір айында «Шеберге арналған сапаны бақылау» журналының бірінші саны шықты. Оның негізгі авторларының бірі Исикава Каору болды [3, с. 112].

Қазіргі кезде Жапонияға 300 мыңнан астам сапа ұйымдары тіркелген. Жапондықтар көлемі бойынша едәуір кең сапаны толық бақылау тұжырымдамасын ұсынып, ол компания деңгейінде сапаны жақсартудың ілгері қадамдарының алдын алған. Қозғалысқа барлық адамдар – директордан мекеме жұмысшыларына дейін қатысуы керек. Басқаша айтқанда, американдық ғалымдармен құрылған кемшілігі жоқ тұжырымдама Жапонияда жалпы ұлттық қозғалысқа айналды. Кемшілікті болдырмау қозғалысының мақсаты сапаның белгілі стандарттарына қол жеткізу, QC- сапаның біртіндеп белгіленген стандарттардан жақсаруы. QC бағдарламалары шын мәнінде өнім сапасымен ғана байланысты болған жоқ, сонымен қоса цехтар деңгейінде ұйымдастыру жұмысында жалпыға ортақ төңкерісті мақсат тұтты.

Қорыта келе, сапаның қазіргі менеджменті сапаны басқару кеңесшілерінің бағдарламалары бойынша ірі шетелдік коорпорациялармен орындалған зерттеулердің нәтижелерінде негізделетінін белгілеу қажет. Бұл «Хьюлетт-Паккард» және тағы басқа да белгілі фирмалардың тәжірибесі. 1980-1990 жж. осы фирмалардың саясатына Ф.Б. Корсби, У.Э. Деминг, А.В. Фейгенбаум, К. Исикава, Дж. Джурандардың талдаулары әсер етті [5, с. 225]. Жетекші фирмалардың қызметін жақсартудың бағыттары төмендегідей:

 - жоғары буын басшыларының ықыласы;

- жұмыс сапасын жақсарту бойынша кеңес құру;

- жұмысты арттыру үдерісіне барлық басшылық құрамды енгізу;

- ұйымдық қатысуды қамтамасыз ету;

- жеке дербес қатысуды қамтамасыз ету;

- жүйелерді жетілдіру бойынша топтар құру (процестерді реттеу топтары);

- жабдықтаушыларды толығымен дерлік қосу;

- басқару жүйе қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету;

- жұмысты жақсартудың қысқа мерзімді жоспарлары мен ұзақ мерзімді стратегияларын талдау және іске асыру;

- еңбек сіңіруді мойындау жүйелерін құру.

Сапаны басқарудың қазіргі жүйелері тұтынушылар талабына және өндірушінің шығындарын ең аз мөлшерге теңестіруге бағдарланған. Егер бірінші шарт ұйымның техникалық сипаттағы әрекеттерімен байланысты болса, ал екінші шарт сапалы өнім өндіруге шыққан жиынтық шығындардың ақталуымен байланысты. Осы негізде сапаны бақылаудың жалпы тұжырымдамасы қалыптасты, бұл бұйымдарды кейін пайдаланумен толық жетілдіру, тұтынушыларға қызмет ету едәуір үнемді болу үшін жоспарлардың сапаларын қамтамасыз етуге фирманың әртүрлі ұйымдық бөлімдерінің талпыныстарын шоғырландыратын тиімді жүйе деп түсіндірілді.

Нарықтық экономикадағы басқарушы фирмалар саясатты сапа аумағында тек қана ұсынылып отырған бұйым немесе қызмет сапасына емес, сонымен қатар жұмыскер әрекетіне де қатысуын қалыптастырды. Саясатта нақтылы фирма мен сапаны қамтамасыз ету жүйесінің аспектісі үшін жұмыс сапасының стандарттық деңгейі нақтылай белгіленеді. Сонымен қатар, берілген сапалы өнім тұтынушыға белгіленген мерзімде, белгіленген көлемде және ыңғайлы бағада жеткізілуі керек. Қазіргі уақытта сапаны басқаруда өнім сапасының тұрақтылығымен орнықтылығы жоғары кепіл болып, менеджмент сапасының сертификациялық жүйесі үлкен орынға ие. Сапа жүйесіне деген сертификат фирманың нарықтағы бәсекелік басымдылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен, осы жоғарыдағы аталған Еуропалық, Жапондық өнеркәсіптердегі өнім сапасын басқаруда ұзақ жылдар бойы жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып, біздің ойымызша Қазақстан елінде орналасқан дән дақыл өсіруші өнеркәсіпкерде кейбір іс–тәжірибелердің қажеттілігі туындайды және нақты өндіріс тиімділігін талдау келесі тарауымыздың негізі болып табылады.

 

Әдебиет:

 

1.      Морита А. Сделано в Японии система / Пер. с англ. – Москва: Прогресс, 1993. – 413 с.

2.      Веблен Т. Менеджмент в подразделениях фирмы / Пер. с англ. – Москва: ИНФРА-М, 1996. – 288 с.

3.      Баумоль У. Экономика / Пер. с англ. - 2 - е изд. - Москва: Дело ЛТД, 1993. - с. 135-137.

4.      Шипунов В.Г., Кишкель Е.Н. Основы управленческой деятельности: Учебник. - Москва: Высшая школа, 1999. – 304 с.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, сап, Москва, оса.


Задать вопрос