Балалармен жұмыс жасаудың интерактивті нысандары мен әдістері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (81) январь-1 2015 г.

Дата публикации: 06.01.2015

Статья просмотрена: 1258 раз

Библиографическое описание:

Пиримжанова, А. А. Балалармен жұмыс жасаудың интерактивті нысандары мен әдістері / А. А. Пиримжанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 104-105. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14841/ (дата обращения: 18.12.2024).

Мектепке дейінгі жас үшін маңызды іс-әрекеттердің бірі – бұл қарым-қатынас. Ол тұлғаның дамуының қажетті шарты. Сондықтан педагог пен тәрбиешінің міндеті – осы іс-әрекетті арнайы ұйымдастыру, оның ішінде ынтымақтастық атмосферасын құру, балалардың бір-бірімен, балалар мен ересектің өзара сенімділігін жасау. Міндеттің шешімі педагог пен тәрбиешінің интерактивті әдістерін қолдану болып табылады.

Интерактивті – бір нәрсемен (мәселен, компьютермен) немесе біреумен (адаммен) диалог, әңгімелесу тәртібінде болу немесе өзара әрекет ету қабілеттілігін білдіреді. Тәрбиеші оқыту үдерісінің ұымдастырушысы, топ көшбасшысы, мектеп жасына дейіні балалардың бастамасы үшін жағдай жасаушы рөлін атқарады.

Интерактивті оқыту негізіне жататын білім беру үдерісі барлық балалар таным үдерісіне тартылатындай, олар нені біледі және ойлайтындығы бойынша ұғыну және ойлау мүмкіндігі болатындай ұйымдастырылған. Таным, оқу материалдарын меңгеру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балалардың бірлескен іс-әрекеті әрқайсысы өзінің ерекше жеке үлесін қосатынын, біліммен, идеямен, іс-әрекет тәсілдерімен алмаса жүретінін білдіреді. Игілікті және өзара қолдау атмосферасында жүреді, бұл жаңа білім алумен қатар, таным іс-әрекетінің өзін дамытады, оны кооперация мен ынтымақтастықтың барынша жоғары нысандарына ауыстыруына мүмкіндік береді.

Интерактивті оқытудың ерекшеліктері

Біріншіден, интерактивті педагогикалық өзара әрекет ету оған қатысушылардың қарым-қатынастарының қарқындылығы мен олардың коммуникациясы, іс-әрекеттерінің алмасуы мен олардың әртүрлілігі, нысандары мен тәсілдерінің жоғары деңгейлігімен сипатталады.

Екіншіден, интерактивті оқыту балалар өзінің және өз достарының тәжірибелерімен тікелей өзара әрекет етуіне негізделген, себебі көптеген интерактивті жаттығулар баланың өзінің тәжірибесіне жүгінеді. Жаңа білім, қабілет мұндай тәжірибелерге байланысты және соның негізінде қалыптасады.

Үшіншіден, тапсырманың тек бір дұрыс жауап болуын қарастырмайды, бір басым пікірдің үстем етуіне жол берілмейді. Бала тәжірибесіне негізделетін шешімді табу үдерісі маңызды.

Төртіншіден, интерактивті оқыту үшін қатысушылардың өздерінің іс-әрекеттері мен орын алған өзара әрекет етудің мақсатты рефлексиясы тән.

Бесіншіден, интерактивті оқыту білім беру үдерісіне қатысушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекет үлгілерін өзгертуге, жетілдіруге бағытталған.

Алтыншыдан, интерактивті оқыту барысында балалар өз пікірлерін қалыптастыруға, өз ойын дұрыс айтуға, өз көзқарасын дәлелді құруға, пікірталас жүргізуге, басқа адамды тыңдауға, балама пікірді құрметтеуге үйретеді.

Жетіншіден, қатысушылардың диалогтық қарым-қатынас барысында сыни ойлауға, талқылауға, естіген ақпараттар мен жағдайларды талдау негізінде қарама-қайшы проблемаларды шешу қабілеті қалыптасады, олар балама пікірді өлшеуге, ойластырылған шешім қабылдауға үйренеді. Жұмысты мұндай ұйымдастыру кезінде бала өзінің пікірін, көзқарасын білдіруді, баға беруді ғана емес, «әріптестерінің» сенімді дәлелдерін естуінен кейін өз көзқарасынан бас тарта алады немесе оны едәуір өзгерте алады.

Интерактивті оқытудың әдістері

Қазіргі таңда әдіскерлер мен педагог-практиктер оқыту үшін топпен жұмыс істеудің бірқатар нысандары мен әдістерін дайындады. Олардың ішіндегі барынша танымал әдістерге мыналар жатады:

-       case-study (нақты, практикалық жағдайдың талдауы);

-       интерактивті және рөлдік ойындар;

-       «ми шабуылы»;

-       пікірталастар;

-       жоба әдісі;

-       ассоциация әдісі.

Бұл нысандар/әдістер алдыңғы сабақтан немесе күнделікті тұрмыстан алынған, балаларда бастапқы түсінігі бар қандай да бір проблеманы сабақта талқылаған жағдайда тиімді болады. Сонымен қатар, талқыланатын тақырыптар өте тар ауқымда болмауы керек.

Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативті қабілеттіліктерін дамыту. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының коммуникативтік құзыреттілігі

Коммуникативтік қабілеттіліктер балаға қарым-қатынаста туындайтын әртүрлі түрдегі тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді: эгоцентризмді (яғни, баланың басқа адамның позициясы мен жағдайы сәйкес келмейтінін түсіну) еңсеру, әртүрлі коммуникативтік жағдай мен олардағы әрекет ету ережелерін білу, коммуникативтік жағдайдағы өзінің мінез-құлқын барабар және шығармашылық тұрғыда құру.

Заманауи мектепке дейінгі білім беруде коммуникативтік саланың дамуы аяқ асты орын алады, арнайы қалыптастырудың пәні болып табылмайды. Сол уақытта, қарым-қатынастың белгілі бір нысандарын құру мектепке дайындықтың қажетті алғышарты болып табылады.

Ойын іс-әрекеті үдерісінде ересектер мен баланың интерактивті өзара әрекет етуі

Ойын – баланың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Іс-әрекеттің бұл түрі балалардың ересектердің өміріне қатысуын ынталандыруын іске асыратын құрал қызметін атқарады. Балалар ойын арқылы:

-   өзінің жеке өмірлік жоспарын құруға үйренеді;

-   іс-әрекеттерді және оларға қол жеткізудің құралдарын анықтайды, жасайды;

-   конструктивті қарым-қатынас және басқа адамдармен өзара әрекет ету мектебінен өтеді.

Ойын – баланың танымдық және әлеуметтік, физикалық және психикалық дамуының, жалпы адами мәдениеттің негіздерін қалыптастырудың әрекетті құралы болып табылады. Мектепке дейінгі кезең соңында балада өзінің мінез-құлқын басқару қабілеті, ережелер мен талаптарға бағыну қабілеті туындайды. Көптеген зерттеушілер ойын мен оқу іс-әрекетінің генетикалық сабақтастылығына сүйене отырып, ойыннан бірте-бірте мектепке дейінгі кезеңдегі оқуға өтудің маңыздылығын көрсетеді. Ғалымдардың зерттеуі ойын іс-әрекетінің дамуының төмен деңгейі бар балалар үшін оқу іс-әрекетінің дамуының төмен деңгейі тән екендігін дәлелдеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілердің ата-аналарымен жұмыс жасаудың интерактивті нысандары (ата-аналар үшін кеңес беру бөлімдер жұмысында қолдану үшін).

Ата-аналармен жұмыс жасаудың барлық нысандары ұжымдық, индивидуалды және көрнекілік-ақпараттық болып бөлінеді. Ата-аналармен ұжымдық жұмыс жасау нысандары: ата-аналар жиналысы, конференциялар, консилиум, клубтар, зерттеу-жобалық, рөлдік, еліктеу және іскерлік ойындар (соның ішінде тренингтер), байқаулар,  сұрақтар мен жауаптар кеші.

Жұмыстың индивидуалды нысандары: әңгімелесу, кеңес беру, сауалнама жүргізу, отбасына, үйіне бару.

Ақпараттық: ата-аналар бұрышы, әртүрлі көрмелер (балалар жұмысы, табиғи материалдардан балалардың ата-аналарымен бірлесе жасаған жұмысы, «Балалар кітаптары», «Отбасы альбомы» және т.б.), ақпараттық қағаздар: жиналыс, саяхат туралы хабарламалар, өз еркімен көмектесушілерге алғыс хат, ата-аналар газеті, «Баланы тәрбиелеудегі әкенің рөлі», «Үйде оқимыз» тақырыптық қағидаты бойынша құрылған жылжымалы папка, радио-эфир.

Қоғамдық тәрбие өзіне көптеген қызметтер мен міндеттерді алды, ол өз кезегінде балаларды тәрбиелеу бойынша ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігі мен жауапкершілігін төмендетті. Қазіргі таңда ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру өзекті болып табылады. Педагогтың отбасыға қатысты кез келген бастамасы баланың ересектермен қарым-қатынасы мен эмоционалдық жай-күйін нығайту, сауықтыруға бағытталған. Адамзаттың тарихында өсіп келе жатқан ұрпақтың 2 тармағы қалыптасты: отбасылық және қоғамдық. Әрбір тармақ өз алдына тәрбиелеудің әлеуметтік институтын білдіреді. Тәрбиеленушілердің отбасыларымен жұмыс жасауда педагогтар ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінде заманауи тәсілдерді ескеруі қажет.

 

Әдебиет:

 

1. Дуброва В.П. Организация методической работы в дошкольном учреждении. – М., 1995.

2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие -  М.: Народное образование, 1998.

3. Смирнова Е.О. Дошкольная педагогика от Фребеля до «Истоков» (Обзор педагогических систем и программ дошкольного воспитания): Учебное пособие. – Киров, 2003.

4. Апатова Н. В. Информационные технологии в школьном образовании. – М., 1994

5. Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. – М., 2003.

6. Использование современных информационных и коммуникационных технологий в учебном процессе: учебно-методическое пособие / Авторы-составители: Д.П. Тевс, В.Н. Подковырова, Е.И. Апольских, М.В. Афонина. – Барнаул: БГПУ, 2006.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, педагог пен, Учебное пособие.


Задать вопрос