Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық жағдайы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (81) январь-1 2015 г.

Дата публикации: 06.01.2015

Статья просмотрена: 1412 раз

Библиографическое описание:

Тажикова, Ж. Ж. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық жағдайы / Ж. Ж. Тажикова, К. С. Сражден. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 59-62. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14855/ (дата обращения: 18.12.2024).

«Бізге ауқымды міндет - бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері

ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет.

Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты».

Н.Ә. Назарбаев

 

Қай елдің болмасын экономикасының дамуын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі — ол сыртқы сауда саясаты. Осы тақырыпты таңдағанымның басты себебі -  Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайындағы сыртқа сауда саясатының ролі мен мәнін талдап, тереңірек зерттеу.

Қазақстан Республикасы сыртқы сауда саясатын жүзеге асыруда мемлекеттің роліне айрықша мән береді. Оның ұлттық экономикалық мүдделерге сай келуі мен халықаралық аренада бәсекелестік қабілетті жоғарлатуға үлкен ықлал ету мүмкіндігімен көрінеді. Сондыктан кез-келген елдің сыртқы сауда саясаты шетел тауарларының келуін реттеу және ел мүдделеріне сәйкес келетін халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына әсер ету сияқты мақсаттарды көздейді. Осы мақсаттарды орындау барысында халықаралық сауда ағымдарының елдің экономикалық қауіпсіздігіне әсер ету мәселесі ерекше мәнге ие болатындығын Қазақстан Республикасының басшылығы жақсы біледі.

Қазақстанда оның сыртқы экономикалық байланыстары табысты дамуы үшін қолайлы алғышарттар тудыратын жағдайлар бар. Оларға: сыртқы экономикалық қатынастардың дамуы үшін шешуші фактор болып та-былатын саяси тұрақтылық, көптеген табиғи байлықтар, дамыған өнеркәсіп, жеткілікті білікті жұмысшы күші, салыстырмалы түрде қолайлы геосаяси жағдай, ТМД кеөптеген елдерімен тармақты шаруашылық байланыстары жатады.

Біріншіден халықаралық сауда қатынастарында әрбір ел өз мүдделерін жүзеге асыруға тырысатындықтан, әлемдік нарықта мемлекеттер шиеленісті мүдделер қақтығысы негізінде бәсекелеседі. Екіншіден ғаламдану үрдісінін белен алуы, сыртқы экономикалық катынастардың ырықтандырылу бағытының басым болуы, шаруашылық байланыстардың интерұлттандырылуы ел алдына туындайтын сыртқы қауіп - қатерлерден қорғану шараларын халықаралық келісімдерге сәйкестендіре жасақтауды қажет етеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік шаруашылықтың толыққанды субъектісіне айналып отыр. Оны ресми түрде әлемнің 105 елі мойындады, оның ішінде 80-ге жуығымен дипломатиялық қатынастар құрылды, әлемнің көптеген елінде ресми елшіліктері мен оның консульдығы орналасқан. Қазақстан әлемдік бірлестікте де маңызды орын алып отыр. Ол қазіргі кезде 40-тан аса халықаралық ұйымдармен ынтымақтаста. Қазақстанда өзге елдердің елшіліктері және халықаралық ұйымдары жұмыс істейді. Еліміз бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық жаңару мен демократизацияланудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді . Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев 2006 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын ұсынды». Осыған орай, алдыңғы қатарлы, озық қоғамның сана деңгейіне көтеріліп, жан – жақты өркендеу, қоғамның салалық жаңа экономикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға көшу міндеті тұр. Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа арналған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» жолдауын негізге ала отырып халықтың тұрмыс деңгейін көтеру және инфляцияны төмендету болып отыр. Ал қазіргі таңдағы ауқымды мәселелердің бірі - нарықтық қатынасты дамытудағы Қазақстан экономикасының  бет алысы. Сұраныс пен ұсыныс өндіріс құрылымына эсер ететін, өнімнің негізгі мөлшеріне баға белгілеу меншік түрінің плюрализмдігі және мемлекеттік меншікті жекешелендіру нарыққа көшудің негізгі шарты болып табылады.

Кез-келген елдің экономикасының жоғарғы дәрежде болуы, ең алдымен нарықтық жағдайға, яғни сыртқы сауда – саттыққа байланысты деп білемін. Ал сыртқы сауда – елдер арасындағы сауда. Тауарлар мен көрсетілген қызметтер әкетілімі (экспорты) мен әкелімінен (импортынан) тұрады. Келісімшартпен ресімделетін коммерциялық мәмілелер арқылы жүзеге асырылады. Сыртқы экономикалық байланыстар әлемдік ғылым мен техникаға, өнеркәсіп пен мәдениетке жақындастыратын кез келген мемлекеттің барынша қиын аяларының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғаннан кейінгі жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда, бір жағынан жаңа мәселелер туындаса, ал екінші жағынан шаруашылықтың тиімді әрекет ету үшін сыртқы экономикалық байланыстарды қолданудың жаңаша мүмкіндіктері де пайда болды. Әсіресе, ғылыми-техникальқ байланыстар, сыртқы сауда, капиталдар қозғалысы, технологиялар алмастыру түріндегі сыртқы экономикалық байланыстар ерекше мәнге ие болып отыр.

Кез келген елдің сыртқы сясатының негізгі көрсеткіші – экспорт және импорт көлеміне байланысты екені бізге белгілі. Сондықтан мен сіздерге Қазақстан Республикасының соңғы 3 жылдағы экспорт және импортын көлеміне нақтырақ тоқталмақпын. Ең алдымен

2012 жылды қарастырсақ. Бұл жылы Қазақстанның жалпы сыртқы сауда айналымы $89 млрд болып, оның ішінде экспорты - $59,2 млрд, импорты - $29,8 млрд болған.

 

Сауда державалары

 

Реті

Мемлекет

Экспорт + импорт

Мәлiмет уақыты

1

Құрама Штаттар АҚШ

$3,173,000,000,000

2012 жыл

2

Қытай Халық Республикасы Қытай

$2,813,000,000,000

2012 жыл

3

Германия Германия

$2,457,000,000,000

2012 жыл

4

Жапония Жапония

$1,402,000,000,000

2012 жыл

5

Франция Франция

$1,086,400,000,000

2012 жыл

6

Ұлыбритания Ұлыбритания

$952,100,000,000

2012 жыл

7

Италия Италия

$918,100,000,000

20102жыл

8

Корея Республикасы Оңтүстiк Корея

$884,200,000,000

2012 жыл

9

Нидерланд Нидерланды

$859,700,000,000

2012 жыл

-

Гонконг Гонконг

$820,000,000,000

2012 жыл

10

Канада Канада

$813,200,000,000

2012 жыл

11

Сингапур Сингапур

$666,800,000,000

2012 жыл

12

Ресей Ресей

$614,000,000,000

2012жыл

13

Мексика Мексика

$609,000,000,000

2012 жыл

15

Испания Испания

$592,900,000,000

2012 жыл

16

Бельгия Бельгия

$560,900,000,000

2012 жыл

17

Қытай Республикасы Тайуан (Кытай Республикасы)

$524,800,000,000

2012 жыл

18

Швейцария Швейцария

$453,000,000,000

2012 жыл

19

Аустралия Австралия

$411,100,000,000

2012 жыл

20

Бразилия Бразилия

$387,400,000,000

2012 жыл

14

Үндістан Үндістан

$606,700,000,000

2012жыл

[2]

Қазақстанда 2012 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 16,2 пайызға артып, импорт 3,5 пайызға азайған.

 

Химиялық өнімдердің импорты мен экспортының құрылымы, 2012 ж.

 

kaz_chemical[1]

 

2013 жылғы қаңтарда өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда Кеден одағы елдеріне экспорт көлемі 47,4%-ға, импорт көлемі – 64,5%-ға  артты, деп көрсетліген дүйсенбіде жарияланған статистика жөніндегі агенттіктің есебінде. «Экспорт кеден одағы елдерімен 510,7 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2012 жылғы қаңтармен салыстырғанда 47,4%-ға көп, импорт – 796,2 млн. АҚШ доллары (64,5%-ға көп)», деп көрсетілген хабарламада.

Жалпы, 2013 жылғы қаңтарда сыртқы сауда айналымы 6,0 млрд. АҚШ долларын құрады (2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,1%- ға өсті), оның ішінде экспорт – 4,2 млрд. АҚШ доллары (0,7%-ға азайды) және импорт – 1,8 млрд. АҚШ доллары (21,8%-ға өсті). Қазақстан үшін тағы бір қуантарлық жағдай бұл кеден одағы елдер арасындағы 2010 жылдың шілдесінен бастап 2013 жылдың шілдесіне дейінгі 1 жыл уақыттың көрсеткіштеріне назар аударып көретін болсақ, бұл мерзімде Қазақстанның Ресей мен Беларусь елдеріне жасаған экспортының жалпы көлемі 7 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Бұл соңғы бес жыл ішінде осы елдерге жасалынған Қазақстан экспорты өсімінің рекордтық көлемі. Қысқасы, біз мұндай 7 миллиард долларды құраған биіктікке бірінші рет шығып отырмыз. Соның ішінде импортқа қарағанда, экспорттың басым қарқынымен дамып келе жатқандығын айтуға болады. Себебі талдау жасалынып отырған бір жыл мерзім ішінде Қазақстан экспортының өңделген өнімдер көлемі 45,3 пайызға өскенде, импорт көлемі 42,8 пайызға өскен.

2014 жылдың 9 айында Қазақстан экспортының көлемі 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,7%-ға өсіп, шамамен 70 млрд. АҚШ долларын құрады. Соның ішінде дайын тауарлар экспорты 18%-ға артып, 18,3 млрд. АҚШ долларын құрады (бұл жалпы көлемнің 26,3%-ы). Жалпы алғанда дайын өнім экспорты бойынша бұл мәліметтер келесі экспорттардан алынды: аралық тұтыну тауарлары – 14,8 млрд. АҚШ доллары, тұтынушылар тауарлары – 2,8 млрд. АҚШ доллары және өндіріс құралдары – 754 млн. АҚШ доллары. Ағымдағы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша, Қазақстанда экспорт көлемі 46,8 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 10 пайызға көп. Қазақстандық өңделген өнімдерді тұтынушы елдердің саны 105 елді құрап отыр. Қазақстанның өңделген өнімдері жөнелтілетін елдердің алғашқы бестігіне Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Швейцария, Түркия және Жапония елдері кіреді. Өңірлерге жіктейтін болсақ, өңделген экспорттың Еуроодақ елдеріне жөнелтілген үлесі - 2,6 млрд. долларды, Қытай Халық Республикасына - 2,1 млрд. долларды, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасына - 1,8 млрд. долларды құрайды.

Және қосымша тағы бір айта кететін жағдай, 2012 жылдың басты жаңалықтарының бірі – Экспо – 17 көрмесінің біздің елімізде өтетіндігі. Ол жайлы айта кетер болсақ, Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады. Бұл да біз үшін үлкен мәртебе болмақ. Сондай – ақ еліміздің экономикасына, оның халықаралық деңгейіне оң әсерін тигізері анық.

Міне,  осы жасалынып отқан талдаудан байқайтынымыз жыл сайын экспорт көлемінің өсіп келе жатқандығы, ал ол біз үшін қуанарлық жағдай деп білемін. Еліміздің экономикасының жоғарғы дәрежеде болуы біздің «Керегесі кең, еңсесі биік» ел болуымыз үшін қажет санаймын.

Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықта орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Бізге ауқымды міндет- бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет. Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты». Және өз жолдауында айтқандай «Қазақстан алдында экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу, жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу міндеттері тұр».

 

Әдебиет:

 

1.    География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. - Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б. ISBN 978-601-293-170-9

2.    // http://www.thehindu.com/business/Economy/article2093933.ece

3.    Байгісиев Майдан-Әли. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы: Қайнар, 2012. - 350 б.

4.    Маманов А.Т., Молдақұлова С.А Халықаралық қатынастар. – Алматы: Экономика,  2012. - 420 б.

5.    Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика. – Алматы: Экономика, 2012. - 370 б.

Основные термины (генерируются автоматически): млрд, экспорт, мена, импорт, EXPO, ISBN, Беларусь, доллар, Швейцария, Экономика.


Задать вопрос