Оқушылардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мүмкіндіктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Абдихайымова, Г. Т. Оқушылардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мүмкіндіктері / Г. Т. Абдихайымова, А. Т. Тауипбаева, Д. Т. Байболова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 6.2 (86.2). — С. 33-34. — URL: https://moluch.ru/archive/86/16522/ (дата обращения: 16.11.2024).

Қоғамның моральдық нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін мінез-құлықты әдетте «әлеуметтік жат» деген терминмен белгілеу қабылданған. Ми паталогиясына байланысты болатын балалардың аномал мінез-құлқынан айырмашылығы, әлеуметтік жат мінез-құлықты әлеуметтік жағынан негізделген, жағымсыз шағын ортаның терісі ықпалымен отбасындағы дұрыс емес, өзара қарым – қатынастармен, отбасымен мектеп тәрбиесінің қылықтарымен, қателіктерімен сабақтас. «Қиын» аталатын балалар –педагогикалық назардан тыс қалған балалар. Олардың жеке басының адамгершілік жағына өзгеруі-педагогикалық қателіктердің салдары. Қиын баланың типтік ерекшеліктері жеткіншектік шақта неғұрлым айқын көрінеді. Бұл кезде баланың әлеуметтік позициясы өзгеріп отырып, оның іс-әрекетінің жаңа бағыттылығын ғана емес сонымен бірге оған деген жаңа қатынасты, оның қоғам арқылы белгіленуін тудырады. «Қиын» деген термин қазіргі практикада жеке бастың тәртіпке салу қажет балалардың кең ортасын білдіреді. Бұған ересектерің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қыңыр балаларда жатады. Балалардың белгілі-бір бөлігі сотқарлығымен, тәртіпсіздігімен, дөрекілігімен ерекшеленеді. Мұндай оқушыларға жеке жол табу әсіресе қажет, алдымен олардың тәріпсіздігінің түп тамырын анықтау керек. Бұл балалармен жұмыс істеу олардың белсенділігін, инициативасын мақсатқа сәйкес ұйымдастыруды, олардың адамгершілігін, белгілі дербестігін құрметтеуді көздейді.

Педагогикалық жағынан алғанда бетімен жіберілген балалармен - тәртіп бұзушы жеткіншектерімен тәрбие жұмысын жүргізу мейлінше күрделі. Бұл жеткіншектерге көбіне ырықсыз мінез-құлық, жеке бас құрылымының бұзылуы, айқын көрінген әлеуметтік жат, оның ішінде жасына лайық емес қажеттіліктердің болуы икемденуге бағдарланған. Қалыптан тыс, тікелей тілектердің болуы, достық, жолдастық, парыз, ар-намыс туралы теріс түсінікке алып келетін қарым-қатынастағы қажеттілікті бұрмаланған бағытылығы тән.

«Қиын» мектеп оқушыларын жан –жақты қоғамдық пайдалы іске тарту жұмысының жүйесі өте маңызды. Бұл қызыметті ұйымдастырғанда олардың ерекшеліктерін ескереді, оны көп салалы ұжымның жүйесі арқылы жүзеге асырады. Қиын мектеп оқушыларына тән жағымсыз қасиеттері түзеп қана қоймай, олардың бойында жеке адамның тұрақты моральдық - жігер сапасын қалыптастырды қамтамасыз етеді. «Қиын» балалардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетінің жүйесін ұйымдастыру мәні, негізгі мағынасы, принциптері мен тәсілдері қалыпты балалармен бірдей.

Жалпы мектептегі оқушылар арасында, әдетте мінез-құлқы аумалы-төкпелі, морт (психопат) деп аталатын балалар болады. Ондай психопаттың болу себебі – ұрықтың жатырдағы кезеңінде немесе бала өмірінің бастапқы шағында сыртқы фактордың қолайсыз әсер етуі болып табылады. Бұл кезде баланың әлеуметтік позициясы өзгеріп отырып, оның іс-әрекетінің жаңа бағыттылығын ғана емес сонымен бірге оған деген жаңа қатынасты, оның қоғам арқылы белгіленуін тудырады. «Қиын» деген термин қазіргі практикада жеке бастың тәртіпке салу қажет балалардың кең ортасын білдіреді. Бұған ересектерің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қыңыр балаларда жатады. Балалардың белгілі-бір бөлігі сотқарлығымен, тәртіпсіздігімен, дөрекілігімен ерекшеленеді.

Педагогикалық жағынан алғанда бетімен жіберілген балалармен - тәртіп бұзушы жеткіншектерімен тәрбие жұмысын жүргізу мейлінше курделі. Бұл жеткіншектерге көбіне ырғысыз мінез-құлық, жеке бас құрылымының бұзылуы, айқын көрінген әлеуметтік жат , оның ішінде жасына лайық емес қажеттіліктердің болуы икемденуге бағдарланған. Қалыптан тыс, тікелей тілектердің болуы, достық, жолдастық, парыз, ар-намыс туралы теріс түсінікке алып келетін қарым-қатынастағы қажеттілікті бұрмаланған бағытылығы тән.

«Қиын» мектеп оқушыларын жан – жақты қоғамдық пайдалы іске тарту жұмысының жүйесі өте маңызды. Бұл қызметті ұйымдастырғанда олардың ерекшеліктерін ескереді, оны көп салалы ұжымның жүйесі арқылы жүзеге асырады. Қиын мектеп оқушыларына тән жағымсыз қасиеттерді түзеп қана қоймай, олардың бойында жеке адамның тұрақты моральдық - жігер сапасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. «Қиын» балалардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетінің жүйесін ұйымдастыру мәні, негізгі мағынасы, принциптері мен тәсілдері қалыпты балалармен бірдей. Сонымен бірге, бала тәрбиелеуе жалпы адамзаттық талап, талғам, өсиет, өнеге бола тұра әр халықтың өзіндік тәлім- тәрбиелік ерекшелік жүйелері бар. Бұл жәйт қазақ халқынада тән. Осыған байланысты: «Ұлың өссе ұлықтымен, қызың өссе қылықтымен ауылдыс бол» деген ескі мақалда бар. Балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары ұшан теңіз. Демек, алда да көптеген арнайы зерттеулерді талап етеді. Мінез- құлық тәрбиелеуе ата-аналардың жеке бастық үлесінің маңызы зор. Балалар үлкендерді,олардың тәртібін, өзара қарым –қатынастың, сөйлеу мәнерін қадағалап жүреді. Отбасында сыпайыгершілік сақталмаса, үлкендер бірін-бірі сыйламаса, үйде тазалық пен тәртіп сақталмаса бала бойындағы мінез-құлық дағдыларымен әдеттері тәрбиелеу қиынға түседі. Егер ата-анамен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балалардың мінез- құлқына бірдей талап қойып отырса мінез-құлықты тәрбиелеу табысты болады.

 

Әдебиет:

1.    Түсіндірме сөздік. Педагогика және психология. – Алматы. 2002.

2.    Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. – Алматы, 2005.

3.    Бап-Баба С. Жантану негіздері. – Алматы, 2004.

4.    Тажібаев Т. Жалпы психология. – Алматы, 2010.

5.    Левитов А.Е. Психопатия характера. – Москва, 2006.



Похожие статьи

Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыру тиімділігінің педагогикалық шарттары

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

Ағылшын тілін оқытудағы мультимедия технологиясының тиімділігі

Педагогика сабағында модульдік оқыту технологиясында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі

Оқушыларға сапалы білім берудегі озық инновациялық технологиялардың тиімділігі

Мұғалімнің бағдарламалау тілдерін оқытудағы кәсіби шеберлігі

12 жылдық білім беру жүйесіндегі зерттеушілік технологиясының маңыздылығы

Іс-әрекеттегі зерттеу: Оқушылардың шығарма мазмұнын терең түсінуіне мәтінді ықшамдатудың пайдасы қандай?

Қазақ паремиологиясындағы «Қазақ әйелі» концептісінің ұлттық-мәдени ерекшелігі

Заманауи кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің басым бағыттары

Похожие статьи

Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыру тиімділігінің педагогикалық шарттары

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

Ағылшын тілін оқытудағы мультимедия технологиясының тиімділігі

Педагогика сабағында модульдік оқыту технологиясында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі

Оқушыларға сапалы білім берудегі озық инновациялық технологиялардың тиімділігі

Мұғалімнің бағдарламалау тілдерін оқытудағы кәсіби шеберлігі

12 жылдық білім беру жүйесіндегі зерттеушілік технологиясының маңыздылығы

Іс-әрекеттегі зерттеу: Оқушылардың шығарма мазмұнын терең түсінуіне мәтінді ықшамдатудың пайдасы қандай?

Қазақ паремиологиясындағы «Қазақ әйелі» концептісінің ұлттық-мәдени ерекшелігі

Заманауи кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің басым бағыттары

Задать вопрос