Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында және жалпы білім беретін мектептер тұжырымдамасында қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау, оқушылардың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ тілін, салт-дәстүрін меңгерту бұл мектеп алдындағы негізгі міндет болып саналады. Бұл сала бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары қолға алынып келгенімен, оны әлі де болса тереңдей білімді қажет етеді. Қазақ халқында бұрын "Технология" деп атамаса да, май шайқап, құрт жасау, киімді әр түрлі тәсілмен тігу, сәндеу, тері өңдеу, кесте және кілем тоқу, киіз басу, арқан есу, ши тоқу, бала бағу, т.б. секілді жұмыстарды атқарған.
Қазіргі таңда дамыған елдердің ақпараттары мен технологияларын кеңінен қолдауына байланысты қойылып жатқан жаңа талаптар жастардың тек қана өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай, оған қосымша жобалай білу, шешім қабылдау, шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі қажеттігін байқатады.
Оқушыларды кәсіпке баулу жүйесі, оларды еңбекке даярлау жүйесінің үш бірдей компоненттерінің бірлігі арқасында жүзеге асырылады. Ол компоненттер: оқушылар, мақсат пен міндет, еңбекке даярлау мазмұны, оқытушылар және еңбекке даярлау құралдары, тәрбие, оқу, еңбек прцестері, ұйымдастыру түрлері және басқару. Осы құрылым шеңберінде оқушылар мен үйірме, сынып жетекшілерінің бірлескен іс-қимылы жүзеге асырылады [1].
Ғылыми еңбектер, оқушыларды кәсіпке баулу жүйесінің өзге де анықтамалары кездеседі. Айталық, интегралдық процестердің мынадай бағыттары болады. Олар политехникалық сипат арқылы оқыту, оқушылардың жалпы білімге қоса еңбек дағдыларын алуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, сабақтан тыс немесе демалыс кезеңдерінде қоғамдық белсенді еңбекке жұмылдыру, кәсіптік бағдар беру. Оқушыларды кәсіпке баулу екі ерекшеліктен тұрады. Біріншісі - интегралды процесс болса, екіншісі - жұмыстың бағыт бағдары. Бұл екеуі де басқару нәтижесінде жүзеге асырылады.
1. Оқушыларды кәсіпке баулудың педагогикалық негізін зерттеуде оларды басқару аналитикалық, индуктивті, дедуктивті, сандық, сапалық, құрылымдық, тарихи аспектілер де көмекке келеді.
2. Оқушыларды кәсіпке баулудың негізгі диактикалық және политехникалық методологисымен бір қатарда тұруы; даярлау кезеңдері: мақсатты белгілеу, педагогикалық талдау, жобалау, ұйымдастыру, бақылау, бағалау, үйлестіру және түзету. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуын қамтаммасыз ету; оқушылардың физиология-гигеналық талаптарға сай келуі ескеріледі.
3. Оқушыларды кәсіпке баулу жүйесі құрылымдық-функциональдық жағынан үнемі дамып отырады. Оның түпкі мақсаты - оқу тәрбие процесінің тиімділігін арттыру болып табылады. Оған қоса ішкі және сыртқы (компонеттер) қоршаған орта, қоғамдық жағдайларға да тығыз байланысты.
4. Жүйелік тәсіл кешенді тәсілді жоққа шығармайды. Кешенді тәсілге іс-әрекет нәтижесін талдау, өзара байланысты анықтау, еңбекке даярлау жағдайлары мен проблемалары, басқару технологиялары кіреді. Негізгі белгілеріне оның тұтастығы, құрылымы қабілеті сияқты ұғымдар кіреді. Осы процестердің құрамдас компонеттерін оқушылар мен мұғалімдер, мақсат пен міндеттер, мазмұн мен тәрбиеісі, оқу мен кәсіби еңбек құрайды [2].
Орындалатын тапсырмалардың ерекшелігіне қарамастан өндіріске баулу мен технология сабағының практикасы бір-біріне ұқсас келеді. Оқытудың бұл екі түрі де оқытудың мазмұнына, топтарға жіктелу қағидалармен топтастыру реттілігі оқытудың жүйесін қолдану негізінде анықталады. Олардың көбінесе кәсіпке баулудың жүйесімен атап, еңбекке практикалық ептілігі мен дағдысын қалыптастырудың дидактикалық жолдарын түсінеміз. Кәсіпке баулудың төменде көрсетілген негізгі жүйесі белгілі:
Заттық жүйе (предметная) - оқушының меңгеретін мамандығының сипатына байланысты, типтік бұйымдар жиынтығы әзірленеді. Мұндай оқыту барысында дидактикалық жоспары бойынша жеке операцияларға жіктеледі. Оқушының жеке еңбек тәсілдерін орындау ережелерімен арнайы таныстырмады. Олар тек қана шебердің қозғалысы мен басқа да еңбек қимылдарын көшіруге ұмтылды. Мұндай оқыту жаңа бұйым әзірлеу барысында оқушылар өздерінің ептілігі мен дағдысын қолдана алмады. Сол себептен де олар қайтадан оқытуды қажет етті. Бұл жүйенің негізгі кемшілігі де осы болды.
Заттық жүйе - өндірісте ұялы тәсілді айқындады, сондықтанда ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қолданылды. Мануфактуралардың өркендеуіне байланысты еңбектің бөлінуі технологиялық процесстерді бөлшектенуге әкеп соқты. Мұндай еңбек дайындығының мазмұнын қайта қаралуына байланысты операциялық жүйе пайда болды.
Операциялық жүйе бойынша оқушылар мамандық мазмұнын өздері меңгеретін, еңбек операцияларын орындайды. Осыған байланысты оқушылар әртүрлі бұйымдарды әзірлеуді үйретеді. Тек қана жүйелілік негізінде жұмыс жасау, мамандық шеңберінде шектеледі. Операциялық жүйе - кешенді оқу жүйесінде 2-3 операцияларды үйреніп, содан кейін осы операциялардан құралатын жұмыстарға көшеді. Кейін кешенді жұмыстарға сәйкес келетін жаңа операцияларды үйрене бастайды. Операцияларды үйренуде жеке жұмыс қозғалыстары мен амалдарды орындау бойынша жаттығулар жасаудан басталады [3].
Операциялық-заттық жүйе алғашқыларда қарағанда нәтижелі болды. Бұл жүйеде оқытудың екі кезеңі қарастырылады. Бірінші кезеңде еңбектік операциялардың бірлескен түрлері зерделенеді. Бұл операциялар бұйым әзірлеу барысында жүзеге асады. Екінші кезеңде оқушылар алдын-ала өтілген операциялардың технологиялары негізінде, бұйым әзірлеуде кешенді жұмыстарды орындайды. Операциялық-заттық жүйе бұйымның жеке бөлшектерін өңдеу барысында емес, керісінше нақты бір бұйымды өңдеу процесінде қолданылады. Еңбек объектісі, мектеп бағдарламасына сай қарастырылатын еңбек операцияларымен толық таныса алатындай дәрежеде қамтылатын болуы тиіс. Күрделі еңбек операцияларымен танысу, жалпы операциялар мен еңбектік тәсілдерді орындау жаттығуларында басталады.
Моторлық-жаттығулар жүйесі 20-шы жылдары оқытуда кең тарады. Ол еңбектің орталық институтында (ЕИО) дайындалды. Дегенмен де бұл жүйенің өзіне тән кемшіліктері болды. Мұнда, ептілік пен дағды, оқулықтар арқылы саналы түрде меңгерілмеді. Ептілік пен дағдына қалыптастыру, еңбек процесінің нақты түрін, боямалаушы арнай аппараттар мен жаттығуларды қолдану негізінде жүргізілді. Көптеп қайталау арқылы сананың қозғалысының қатынасынсыз, тек қана денені "оқытумен" шектелді. Оқыту процесіне мұндай ықпал жасау қолдау таппағандықтан, жуық арада өз құнын жойды.
ЕОИ жүйесінің өзіне тән жетістіктері де болды. Бірінші рет, еңбектік ептілік пен дағдыны қалыптастырудың психофизиологиялық заңдылықтар жүйеліліге сәйкес келетін дидактикалық негіз қолданылды: еңбек тәсілдері- еңбек операциялары - еңбек процесі. Бұл жүйе бойынша ЕОИ еңбек қозғалысы мен еңбек тәсілдерінің дұрыс құрастырылуы үшін қайтадан тереңірек талдау жұмыстары жүргізілді. Сондықтан да бұл жүйе қазіргі күнге дейін өз құнын жоймай келеді [4].
Операциялық-кешенді жүйе қазіргі уақытта кәсіби техникалық оқу орындарында негізгі болып саналады. Бұл жүйемен оқытуда, оқушылар алдымен, 2-3 операциялардың орындалу тәсілдерін меңгереді, содан кейін осы операциялармен бірге кешенді жұмыстарды орындауға көшеді. Одан әрі кешенді жұмыстарға сәйкес келетін жаңа операцияларды меңгереді. Операцияларды оқып-үйрену, жеке жұмыстық қозғалыстар мен тәсілдерді қайта өңдеу барысында жаттықтырушы жаттығулардан басталады. Еңбектік операцияларды меңгеру және оларды кешенді жұмыстарды орындауда пайдлану- оқытудың бірінші кезеңінің негізгі міндеті болып саналады. Ал, екінші кезеңде оқушылар өнімді еңбекті міндетті түрде өндірісте өткізеді. Бұл жүйенің өзіне тән кемшіліктері болды. Кешенді жұмыстарын оқушылардың өндіріс орындарында жалғастыруы қиындық туғызды. Олардың жұмысшы қызметін атқаруға бағытталды.
ЕОИ жүйесі техниканың дамуы мен технология жабдықтарының жетілуіне байланысты маңызды орын алатын уақыт өлшемін жеке есептеу қызметін айқындады. ЕОИ жүйесіне, өз міндеттерін шығармашылық түрде орындай алатын жұмысшылар дайындау міндеті қойылды. Автоматизация және механизация процесінің жетілуіне байланысты жаңа жүйелерді басқаратын мамандар даярлау қажет болды .
Кәсіпке баулу - оқыту үрдісінің дамуын қамтамасыз ететіндіктен оның ұйымдастырылуы мынадай кәсіби талаптарды қанағаттандыруы қажет:
1. Бұйымның практикалық сипатын
2. Практикалық тапсырмаларды орындау мен алған білімді қалыптастыруда еңбектің шығармашылық бағыттылығын.
3. Еңбек іс-әрекетінің жалпы тәсілдерін
4. Дәстүрлі оқытуымен қатар ауыл мектептерінде белгіленген варианттар мен жеке дара оқытуды жүзеге асыру.
Себебі оқыту процесі нәтижесінде технология жетістігі оқушы игілігіне айналады. Қазіргі заман мәдениетін бағдарлама негізінде жүзеге асыру үшін алдымен оны тереңінен зерделеу қажет. Технологияны білім құрылымының дербес элементі ретінде қарап, оған сипаттама беру қажет. Бұл жерде В.В.Краевскийдің пікірін негізге алуға болады. Автор білім мазмұнын әлеумеуттік тапсырыстың педагогикалық моделі деп санайды. Білім мазмұны өзінің әлеуметтік маңызына орай педагогикалық мән-мағынаға ие. Осыған орай оқу заңдылықтарына тәуелді келеді. Қазіргі кезде оқу пәндерінің циклі жекеленген оқу пәндерінен тұрады, яғни ол технология, техникалық сызу және материалдарды жүргізу сияқты пәндерді қамтиды. Мұның бәрі, сайып келгенде, адамның кісілік келбетін жоғарылата түседі.
«Оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттерінде белгілі бір материалды пайдалану арқылы оқушылардың даярлығы» ұғымы: озық дәстүрлерде қалыптасқан жеке тұлғаны қалыптастырудың жалпы гумандық мұраттарына сай іске асыруға мүмкіндік беретін біріктірілген (интеграциялы) қасиеті (Мағауова А.С.)
«Қазіргі уақыттың мәнділігін түсінуін, өнертану мен кәсіптік білім және іскерліктің практикада қолдана алатын тәжірибесінің қалыптасуының өзегі көркем мәдениет болып табылатын күрделі біртұтас білім» (Громакова С.В.) деп түсіндірілетін ұғымды біздің проблемамызға байланысты ұстанамыз. Себебі, мұндағы түсінікте педагогика ғылымындағы даярлықтың дәстүрлі мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық компоненттері қамтылған. Біздің зерттеуімізде оқушыларды қазіргі заман мәдениетіне сай кәсіпке баулу процесін жүзеге асырудың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мен оны негіздеу барысында жоғарыда көрсетілген даярлықтың компоненттері негізге алынады [5].
Әдебиет:
1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. - Алматы, 1999.
2. Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру /Методикалық нұсқау. – А., 1990.
3. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. – А., 1995.
4. Ахметова З. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы. – А., 1994.
5. Новиков А.М. Научно-экспериментальная работа в образовательном учреждении. – М., 1998.