Жасөспірімдердің өзіндік бағалауының психологиялық ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Уразалиева, Р. М. Жасөспірімдердің өзіндік бағалауының психологиялық ерекшеліктері / Р. М. Уразалиева, Р. К. Есенова, Ж. С. Кушекбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 6.2 (86.2). — С. 30-33. — URL: https://moluch.ru/archive/86/16553/ (дата обращения: 19.12.2024).

Жасөспірімдік кезең – балалық шақпен ересектік арасында жатқан адамның дамуы мен жетілуінің белгілі - бір кезеңі. Ол 16-18 жас аралығын қамтиды, яғни сәйкесінше ІХ-ХІ сынып оқушылары болып табылады.

«Жасөспірім» сөзі тәуелді балалық шақпен өзіндік және жауапкершілікті үлкен өмірге ауысудың фазасы ретінде белгіленеді. Бұл бір жағынан денелік, соның ішінде жыныстық жетілудің аяқталғандығын білдірсе, екінші жағынан - әлеуметтік жетілуге қол жеткізуді білдіреді. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектердің арасындағы аралық жағдайда пайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұл оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын рөлі ересектердің рөлінен сапалық тұрғыда өзгеше болады және екі жақта мұны анық ұғынады. Өмірлік іс-әрекеттің күрделене түсуімен бірге жастарда әлеуметтік рөлдер мен мүдделер диапозонының сандық ұлғаюы ғана болып қоймайды, сапалық тұрғыдан да өзгеріп, ересектік рөлдер бірден-бірге көбейеді, осыдан барып дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады [1.15].

Жоғары сынып жасы арнайы және жалпы қабілеттерінің негізгі жетекші іс-әрекеті: оқу, қарым-қатынас және еңбек базасында дамуының жалғасуымен сипатталады. Оқуда жалпы интеллекттік қабілеттер, әсіресе, түсініктік теориялық ойлау қалыптасады. Бұл түсініктерді игеру, оларды пайдалану ептіліктерімен, логикалық және абстрактілі талдай алумен жүзеге асады. Қарым-қатынаста оқушылардың коммуникативті қабілеттері қалыптасады және дамиды. Еңбекте олардың практикалық ептіліктері және дағдыларының қалыптасуы белсенді түрде жүреді, бұлар болашақта кәсіби қабілеттерінің жетістіктерге жетуіне ықпал етеді

Жасөспірімдік шақ түрлі қабілеттер дамуының сензитивті кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде барлық мүмкіндіктерді практикалық қолдану жекелік ерекшеліктерге әсерін тигізеді.

Кішкентай балалардың өзіндік санасы мен өзіндік бағалауы, әдетте, ата аналарынан және басқа да беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ, бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзіндік бағалауға соғұрлым бағдар алады. Алайда, өз қасиеттерін әсіресе, батылдық, ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі құлықтық –психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады.

Жасөспірім шақтағылар да жеткіншектер секілді өзінің қандай екенін, қаншылық құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзіндік бағалаудың екі тәсілі бар:

1.    Олар өзі туралы алдын –ала көзделген мақсатын қаншалықты жүзеге асырғанымен салыстырып, теңестіреді. Егер өзінің бұл туралы ойлағаны мен өзгелердің соған қойған бағасы дәл келсе, осы жетістікке жеткеннің белгісі деп санайды.

2.    Өзгелердің өзі жөніндегі пікірін жинап, соларды өзара салыстыру арқылы жетіспейтін жақтарын білу. Мұдай жағдайда өзі мен үлкендер берген баға сәйкес келмеуі мүмкін [2].

Әрбір адамда «Мен» деген біреу болғанымен, осылардың тиісті жағдайларға байланысты неше түрлері кездеседі: 1. «Мен шынында кіммін?» (шындықты көздейтін мен); 2. «Мен»-өзімді өзгелер қалай бағаласын деп ойлар едім? (эмпатикалық мен); 3. «Мен»-тілегім бойынша қандай болғым келеді? (тілек, яғни фантастикалық мен); 4. «Мен» келешекте кім болғым келеді? (болашақ мен).

Сонымен, өзіндік бағалауда жасөспірімдік шақта тіпті, тұлға өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігіне ие болады. Өзіндік бағалау адамның өзіне деген сенімін арттырып, рухани үйлесімдігін дамытады. Осы шақта практикалық және танымдық іс-әрекеттің субъектісі, тұлға ретінде ұғынуы және бағалауы яғни, өзіндік сана- сезімі қалыптасады.

Жасөспірімдік шақ ақыл-ойына келсек, мұның өзі жеткіншек жасына қарағанда сапа жағынан да, көлем жағынан да біршама қалыптасып қалған. Қалыптасуда мынадай екі тетік бар: 1-ден, бұлар өзі қоршаған әлеумет ортасынан соның ішінде жеке адамдар арасында кездесетін неше түрлі қатынастың мәнісіне түсініп, әр нәрсенің себебіне және одан шығатын нәтиженің мәнісіне түсініп, әр нәрсенің дүниеде себепсіз нәтиже болмайтынын ұғына бастайды.; 2-ден, егер жеткіншек жасында ересек уақытының көбін мұң, фантазия сияқты нәтижесіз объектілерге жіберетін болса, енді сол фантазиядан нәтиже шықпайтынын біліп, күші мен жігерін шындық нәрсені меңгеруге жұмсайды. Осының өзі ақыл-ойдың дамуындағы үлкен жетістіктің бірі [3].

Балаң жастық шақта рефлексивтік процестер шындықты дұрыс қабылдау негізінде қалыптасады. С.Л. Рубинштейн рефлексия деп күтпеген кедергіні жеңуге байланысты адамның ойын айтып отыр [4]. Болған оқиғаға орай, сол оқиғаның себебін білуге тырысу рефлексияның өзінше бір түрі.

Қазіргі кезде оқушылардың оқу тапсырмасын қалай орындағанына сын көзімен қарап, соның қалай орындалғанын ересектердің үнемі тексеріп отыруына ылғи да мән беріледі және осының өзі тапсырманы ойдағыдай орындаудың шарты болып есептелінеді. Осындай талаптың нәтижесінде оқу үстінде ересектің рефлексивтік қабілеті дамиды.

Жасөспірім жасындағыларды тиісті әдебиеттерде «Қиын», «өзгерілу», «ауысу жастары» деп атайды. Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жеткіншек балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады. Жасөспірім өзге жастарға қарағанда педагогтар пен тиісті әдебиеттерге көп әңгіме болып, жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен құтылғысы келеді. Жасөспірімнің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетініндей емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс т.б жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал жалпы алғанда жасөспірім тың өзгеше сипатта келеді. Мысалы, жеткіншек төменгі кластарда оқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалыпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Осы мәселені анықтаудан зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен психиканың бұл ерекшелігі жасөспірімде әлеумет өмірінің өзінің ерекшелігінен болар. Жасөспірім бәрін өзім істей алам, «Сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірседе оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Ересектерге ұқсап іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай басқаша айтқанда, бір жеткіншек істі игеру жағынан бала да, ал талап қою жағынан ересек.

Жасөспірім осы сияқты қасиеті қазірде және өткен дәуірлердің жасөспірімдерінде де бірдей тән. Мұнымен қатар бүгінгі заман жасөспірімдері үлкен адамдардың талабына көне кетпейді. Себебі, біріншіден қазіргі кезде оқушылардың көпшілігінің соның ішінде жасөспірім жасындағылардың көбінесе оқудан айналысатын басқа тапсырмасы жоқ.

 Біз ілгеріде өткен дәуірлерде бала кіші жасынан материалдық игіліктерді өндіруге (мал бағуға, от не пішен шабуға) жегілетінін ескердік. Қазір де бұл сияқты міндеттердің көпшілігі үй –ішінде кездесіп жарымайды. Керісінше ата-аналар жасөспірім оқу тапсырмасын орындай алмайды деп, үй шаруасынан босатады. Ал жасөспірім бала кезінен ересек кезеңіне ауысуы психологиялық тұрғыдан жаңа сапа, бірақ осыдан ауысудың себебі сол болып келген психикалық дамудың салдарыан: егер үлкендер жасөспірімді бала деп еесптесе, керісінше олар өзін есейдік деп санайды. Бұл екі арадағы дәл келмеушілік қайткенде де жеткіншектің дамуына әсер ете алады. Жасөспірімнің өз беттілік қасиетке ұмтылып, үлкендердің қамқорлығына босануға тырысуы баланың бәрінде кездесетін болғаны мен бір қатары күні-түні фантастикалық әдебиеттерді оқып, солардың кейіпкерлеріне еліктейді.

Сабақтан тыс мезгілде жасөспірім радиотехника электротехникамен танысып едәуір білім алады. Мұнымен қатар бұл жастағылар бойынан әлі де балалық кездесіп тұрады. (мысалы: ұлдар қыздардың шашын тартып мазалауы т.б) бірақ сол жеткіншек таныс емес үлкен адамдардың алдында өзін мәдениетті түрде ұстауға тырысады.

Әдетте жеткіншектерді тәрбиеге көнбейтін қиын жас деп сипаттайды. Солай деп бағалайтыны біріншіден бұрынғы кездегі психикасы мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатыныннан. Кейде мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде болуы мүмкін. (бірақ өзгеріске ұшырау жасөспірімде бір уақытта кездеспейді). Екіншіден осындай психиканың жаңа саласының пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды уайым шегеді, оның тәрбиеге көнуіне бөгет жасайды. Мұндай өзгерістерді психологтар түрліше дәлелдейді. Осы ғасырдың бас кезінде психолог З. Фрит жасөспірім үлкендердің қамқорлығына көнбейтінін «өзім бәрін орындаймын дейтінін жыныс қасиетінің салдарынан болатын санасысыз әуесқойлық» деп түсіндірді [5].

Бұл пікірге көптеген психологтар қарсы. Жасөспірімдердің тәрбиеге көнгісі келмеуі түпкілікті емес, уақытша кездесетін уақыттың бірі. Қоғамдық ортаның жеткіншекті тәрбиелеуге ықпалы зор [6]. Қоғам дамуының ерекшелігіне қарай жастарға қойылатын талап үнемі өзгеріліп отырады. Осы талапқа сай жеткіншек бала жасынан үлкендер жасына өтерде қоғам жағдайы оған түрліше әсер етіп, баланы әр-түрлі фантастикалық іске ұмтылтырады. Мұндай уақытша келіспеушілікпен күресу мектептегі және үй ішіндегі тәрбие жұмысының негізінде болады. Егер тәрбие не оқу жұмысы жеткіншектермен жақсы жүргізілсе ұнамсыз әдеттерден аулақ болады.

Жаратылыстан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені қазақтың ел алдындағы абырой беделі, қадір қасиеті, тек жеке басының жақсылығы немесе дәулеті мен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы жарақтылығымен өлшенген. Ата-бабаларымыздың сондай ектілік деген ұғымды ежелден қастерлеп, оның атадан балаға мирас қылып қалдыруында терең сыр жатыр.

 

Әдебиет:

1.      Снежевской Р.Д. Мир подростка. - М, 1996.

2.      Роджерс К. К науке о личности / История зарубежной психологии. Тексты. - М, 1986.

3.      Мольц М. Я - это Я, или как стать счастливым. - М. , 2004.

4.      Рубинштейн С.С. Человек и мир / Проблемы общей психологии. – М, Педагогика, 1993.

5.      Кон И.С. Психология юношеского возраста – М: Просвещение, 1979.

6.      Липкина А.И. Психология самооценки школьника: Автореф. Дис…канд. психол. наук. – М, 1994.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, бал, оса.


Задать вопрос