Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық технологиясын енгізудің педагогикалық шарттары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (87) апрель-1 2015 г.

Дата публикации: 30.03.2015

Статья просмотрена: 3945 раз

Библиографическое описание:

Амзеева, Г. А. Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық технологиясын енгізудің педагогикалық шарттары / Г. А. Амзеева, Нургуль Дуйсекеева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 20-22. — URL: https://moluch.ru/archive/87/16660/ (дата обращения: 19.12.2024).

Қазіргі білім берудің барлық деңгейлерінде зерттеулік, компьютерлік, жобалық және көптеген өзге де инновациялардың кең ауқымы байқалады. Алайда, бұл инновациялардың басым көпшілігі технологиялық жеткіліксіздігі мен теориялық негізінің әлсіздігі салдарынан жаппай білім беру жүйесіне айтарлықтай ықпалын тигізе алмай келеді. Десек те, жаңа аталмыш үлгілер ескі білім беру парадигмасы шектеулерінің жойылып, оның орнына жаңасының құрылып жатқандығын растай түседі.

Жоғары оқу орындарының инновациялық іс-әрекетіндегі қолданбалы тәжірибенің көп түрлілігі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа бағыт-бағдарды айқындауды, теориялық тұрғыдан ұғынуды, жалпылауды және сараптауды қажетсінеді. Мұндай өзгерістер жоғары мектептегі инновациялық білім беру үдерістерін басқаруға қатысты педагогикалық теория мен практикаға деген көзқарастың жаңа сипатта қалыптасуын талап етеді. Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерісінің тиімділігін теориялық тұрғыдан қарастыру эмпирикалық ақпаратпен үйлесімді түрде абстрактілеуге негізделеді. Демек, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген жоғары мектепте инновациялық білім беру үдерісітерін басқарудағы педагогикалық шарттарды тәжірибесіне сараптама жасау оның негізгі қарама-қайшылығын ашуға мүмкіндік туғызды. Бұл — жоғары оқу орындарына инновациялық білім беру бағдарламалары мен технологияларын жаппай, бейберекет енгізу мен жоғары мектептегі білім беру үдерісінде оқытудың инновациялық технолологиясының педагогикалық шарттарын енгізудің ғылыми-педагогикалық негізі мен оны дамытудың педагогикалық шарттарының жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықты сипаттайды. Осылайша, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру жағдайында жоғары мектептегі инновациялық технологияларын енгізудің теориялық негізін және оларды ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, психологиялық-педагогикалық тұрғыда сараптау мәселесі туындайды.

Қазақстанда Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық шарттар мәселесін С.Аманжолова, Сәния Нұрланбекқызы, К. М. Нағымжанова, С. К. Омарова, Б.Өтешова т. б. педагог ғалымдар зерттеген. Соңғы жылдары осы саладағы жұмыстардың көлемі арта түсіп, жалпы педагогикалық шарттардың,оның ішіндегі инновациялық технологияға қатысты бірқатар аспектілер, шарттарын зерттеле бастады. Шарт оқиға саласының, заттар өзгеруінің және әлемнің объективті құрлысының жүруін анықтаушы ретінде қарастырылады. Адам іс-әрекеті білімнің екі тегінің негізінде жүзеге асады: қоршаған шындық /объект/ туралы білімдер және ондағы іс-әрекет, іс-әрекет тәсілдері жөніндегі білімдер. Педагогикалық шарттар деп, иновациялық іс-әрекеттердің мазмұндық сипаттамаларын құрастыруды және нәтижеге жетуді түсінеміз. Білім беруде инновацияны енгізу мен таратудың копшілігі оны зерттеуші және таратушы ғана емес, оны қолданушы да болып табылатын адамға байланысты екенін айтқан. Әр бір шешімнің нәтижелері бірнеше көрсеткіштердің мәндері арқылы сипатталады. Ықтимал шешімдердің қайсысының жақсы екенін анықтау үшін оларды бірқатар көрсеткіштер бойынша салыстыру қажет. Ықтимал шешімдерді бағалаудың жүйелік әдісі шартты таңдау кезінде негізгі әдістемелік қағида ретінде қабылданады. Бұл әдіс бойынша объектіні өлшеуде оның өлшемдері арасындағы байланыстар мен зерттелетін объектінің құрамдас бөлігі ретінде қамтитын жүйенің мүдделері ескеріледі. Объектіні сипаттайтын әр түрлі көрсеткіштер мәндерінің жиынтығы мен жүйе алдындағы мақсаттың өзара сәйкестік деңгейі анықталып, жалпы мақсаттар қарастырылғаннан кейін ғана нақты ұсыныстар жасалады. Жүйені құраушы фактор ретінде нәтижелер, қол жеткізілетін деңгейдің анықталуын қамтамасыз ететін едәуір тұрақты әрі нақты шарттардың жиынтығымен айқындалады. Дидактикалық үдерістерді өлшеу ерекшеліктерін қарастырайық. Зерттелетін педагогикалық үдеріс көрсеткіштерінің нақты сапалық немесе сандық мәндерін алу міндеті өлшеу арқылы шешіледі. Өлшеу — функционалдық заңдылықтарды талдауға, табуға және негіздеуге қажетті материалмен қамтамасыз етеді. Өлшеу барысында өлшенетін шама (өлшеу объектісі), шарттар мен көрсеткіштер (өлшеу әдістері мен бірліктері), өлшеу құралдары және өлшеу нәтижелері секілді компоненттер пайда болады. Проблемалық оқыту — оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе. Сабақтың проблемалық құрылымы олардың ерекше ұйымдастырылуын талап етеді, ал, мұның өзі оқытудың таңдалынған әдіс-тәсілдерінен көрініс табады. Мұның бәрі оқытудың құрлымына әсер етеді. Сондықтан да, проблемалық оқытуды өзінің ерекше технологиясы бар жаңа дидактикалық жүйе деп санауға әбден болады. Проблема қойып оқытудың нетижелі болуының 4 негізгі шарты бар:

-        проблеманың мазмұнына қызығушылық тудыра алатындай жеткілікті мотивациямен қамтамасыз ету;

-        әрбір этапта туындап отыратын проблемалардың шама жетерліктей болуы (белгілі мен белгісіздің тепе-теңдік қарым-қатынасы);

-        шешілетін проблеманың оқушы үшін маңыздылығы;

-        педагогтың оқушымен диалогының өзара түсіністік пен силастыққа құру [1].

Ақпараттық технология — бұл студентке өзіне тиімді оқыту технологиясын таңдап алуына және жеке даму бағдарламасын құруына мүмкіндік береді. Бірақ, қарқынды күшейте оқытудың ашық жүйелерін синтездеуді іске асыру төмендегідей шарттарды орындағанда ғана мүмкін болады:

-        Оқыту үдерісі жүргізілетін ортаның сипаттарын жан-жақты есепке алу: педагогикалық ортаның мазмұндық сипаты студенттердің білім, білік, дағдыларымен, танымдық және мәдени потенциалымен, оқуды және өздігінен жұмысты ұйымдастыруының әдістерімен және формаларымен анықталады;

-        Оқыту үдерісінің студент жеке тұлғасына қатысты бейімделу принциптерінің ұсталуы; бұл принцип практикада студенттің пәнді игеруінің тармақталған бағдарламасын жасау арқалы іске асады (пәннің ішкі және сыртқы модульдерін құрастыру);

-        Студенттердің жалпы ғылымдық және арнаулы білімдерді қысқаша түрде, базалық білімдер берілген пәннің «логикалық конструкциясын» жобалау арқылы жеке игеруін жылдамдату принципі.

Модульдік оқыту технологиясы міндетті түрде оқушының білімен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған білім. Модульді құрастырудың негізінен пәннің жұмыс бағдарламасы алынады. Ол көбінесе пәннің тақырыптарына немесе өзара байланысты тақырыптар блогына сәкес келеді. Бірақ, тақырыптан айырмашылығы — модульде: тапсырма, жұмыс, студенттердің сабаққа қатысу, студенттердің старттық, аралық және қорытынды білім деңгейі бәрі-бәрі өлшеніп, бағаланып отырады. Егер, модулдік технологияны қолдана отырып төмендегідей шарттарды орындаса неғұрлым тиімдірек болады:

-        егер оның қолданылуы әрбір студенттің ең таяу даму зонасында білімділігін, тәрбиелілігін және дамуына қамтамасыз етсе;

-        егер оның қолдануы оқушы мен оқытушының ғылыми негізделген уақыт мөлшерінен артпаса яғни, білім беру стандартымен және мектеп ережесімен айқындалған уақыт ішінде мүмкін боларлық «maximum» нәтижелерді бере алса.

Ал, деңгейлеп-саралап оқытудың тиімді іске асыру төмендегідей шарттарды орындағанда ғана мүмкін болады:

-        Оқыту үдерісі жүргізілетін ортаның сипаттарын жан-жақты есепке алу: педагогикалық ортаның мазмұндық сипаты студенттердің білім, білік, дағдыларымен, танымдық және мәдени потенциалымен, оқуды және өздігінен жұмысты ұйымдастыруының әдістерімен және формаларымен анықталады;

-        Оқыту үдерісінің студент жеке тұлғасына қатысты бейімделу принципінің ұсталуы: бұл принцип практикада студенттің пәнді игеруінің тармақталған бағдарламасын жасау арқылы іске асады (пәннің ішкі және сыртқы модульдерін құрастыру);

-        Студенттің жалпы ғылымдық және арнаулы білімдерді қысқаша түрде, базалық білімдер берілген пәннің «логикалық конструкциясын» жобалау арқылы жеке игеруін жылдамдату принципі.

Осы технологиялар білімнің бүгінгі даму жағдайында педагогикалық іс-әрекеттегі инновациялық бағыттардың қажеттігі бірнеше шарттардан тұрады. Олар:

-        әр текті оқу орындарындағы білім беру жүйесінің, әдіснамасының және

-        оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру технологияларының жаңалануы;

-        білім мазмұнының күшті адамилық (гуманитаризация) сипат алуы;

-        оқу пәндері көлемінің үздіксіз өзгеріп отыруы;

-        оқудың жаңа ұйымдастыру формалары мен технологияларын ұдайы іздестіруді қажет ететін жаңа оқу пәндерінің енгізілуі;

-        мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруі мен қолдануының өзіне болған қатынастар сипатының өзгеруі;

-        жалпы білімдік оқу мекемелерінің нарықтық экономикаға бет бұруы;

-        жаңа оқу орындары, олардың арасында мемлекеттік емес білім ордаларының құрылуы [2].

Сонымен саралай келе, жоғары мектептегі білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық технологиясын енгізудің педагогикалық шарттарын ұсынып отырмыз:

-        студентке инновациялық технологияларды ендірудің қажеттілігін ұғындыруы;

-        студенттің бойына инновацияларды жүзеге асыруға қажетті білім мен қабілетті сіңдіруі;

-        инновациялық технологияны пайдаланудың әдіс-тәсілін студенттің меңгеруі;

-        инновациялық іс-әрекетке қатысушыларды жаңалық жасауға және өзгерістер енгізуге ынталандыруы;

-        жоғары оқу орнының педагогикалық үдерісіне қалыптастыруға инновациялық технологияларды ендірудің қажеттілігін ұғындыру;

-        оқытушының инновациялық технологияны игеруі;

-        инновациялық технологияны пайдаланудың әдіс-тәсілін оқытушының меңгеруі;

-        инновациялық технологиялардың оқыту материалдарының мазмұнына сәйкестігі;

-        инновациялық білім беру үдерістері жұмыс істейтін оқу және білім беру ортасының ғылыми әрі оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі;

-        жаңалықтарды сәтті игеруге қажетті барлық ресурстарды дайындауы;

-        оқу материалдарының көлемін және пәндік дайындықтың қысқартылған мерзімін ескере отырып, оқыту әдістері мен түрлерінің ең оңтайлы үйлесімділігін талдауы.

Педагогикалық технологиялар кәсіби және отбасы сфераларында бірдей табысты, өзімен де, өзгелермен де үйлесімді өмір сүре алуға икемді тұлға қалыптастыра алатындай болу қажет. Бұл инновациялық технологияларды оқып үйрену нәтижесінде студенттерде жаңа педагогикалық технологияларды меңгеріп, оларды оқу-тәрбие процесінде қолдану дағдыларымен шеберліктері қалыптасуы тиіс.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Нағымжанова Қ.М. Бастауыш сынып мұғалімінң инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары. П.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. — Алматы. 2002. — 30 б.

2.      Көшімбетова С. А. Оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары (гуманитарлық пәндер бойынша). П.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. — Алматы, 2004. — 30 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Похожие статьи

Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялардың рөлі

Болашақ психолог мамандардың рефлексиясының қалыптасуына мектептегі психологтың кәсіби қызметінің ерекшеліктері

Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми - педагогикалық негіздері

Кәсіби қазақ тілін оқытудың технологиялық-инновациялық әдістері

Дәстүрлі діндердегі қауіпсіздік мәселесіне байланысты аксиологиялық ұстанымдар

Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыру тиімділігінің педагогикалық шарттары

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Шетел тілі сабақтарында интегративті оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері

Жастарға ұлттық тәрбие арқылы музыкалық педагогика негізінде тәрбие берудің мүмкіндіктері

Қазақстандағы ұлттық инновациялық жүйе құрылымдары қызметінің негізгі көрсеткіштері

Похожие статьи

Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялардың рөлі

Болашақ психолог мамандардың рефлексиясының қалыптасуына мектептегі психологтың кәсіби қызметінің ерекшеліктері

Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми - педагогикалық негіздері

Кәсіби қазақ тілін оқытудың технологиялық-инновациялық әдістері

Дәстүрлі діндердегі қауіпсіздік мәселесіне байланысты аксиологиялық ұстанымдар

Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыру тиімділігінің педагогикалық шарттары

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Шетел тілі сабақтарында интегративті оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері

Жастарға ұлттық тәрбие арқылы музыкалық педагогика негізінде тәрбие берудің мүмкіндіктері

Қазақстандағы ұлттық инновациялық жүйе құрылымдары қызметінің негізгі көрсеткіштері

Задать вопрос