Болашақ психолог мамандардың рефлексиясының қалыптасуына мектептегі психологтың кәсіби қызметінің ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (87) апрель-1 2015 г.

Дата публикации: 08.04.2015

Статья просмотрена: 546 раз

Библиографическое описание:

Ибрагимова, Г. Е. Болашақ психолог мамандардың рефлексиясының қалыптасуына мектептегі психологтың кәсіби қызметінің ерекшеліктері / Г. Е. Ибрагимова, Г. М. Кадырова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.2 (87.2). — С. 29-31. — URL: https://moluch.ru/archive/87/17207/ (дата обращения: 18.12.2024).

Жаңа формацияда білім беру саласындағы барлық процесте, пән оқытушылары мен топ тәлімгерлеріне кәсіби дайындықтарын өзгертіп, толықтыру онда білімдердің жекелік ерекшелігін ескеру, қабілетіне және тұлғалық бағыттылық ықпалына қарай жағдай туғызуды қажет етеді.

Осындай психологиялық міндеттерді шешуде теориялық және практикалық негізде психолгиялық қызмет көрсету қажеттілігі туындады.

Психология мамандығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелеріне педагог-психолог мамандығын енгізу туралы нұсқау хаты негізінде, еңбек ақы қорынан жалақысы бекітілген, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің бұйрықтары мен қаулыларына сүйеніп жұмыс атқарады.

Қазақстанда тоғыз мыңнан аса мектепте үш миллиондай оқушы бар десек, ол саладағы психолог мамандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі. Келешекте Қазақстанның әр ұлттық мектебiнде психолог маманы болуға тиiстi. Әзірге тоғыз мыңдай психологты қажет ететін, елімізде оның үштен біріндей ғана болатын маман бар.

Кез – келген білім беру жүйесінде білім алушы адам үйренуші болып табылады. Осы түсінікте адамның өзі басқалардың көмегімен оқитыны атап көрсетіледі, яғни, ол білім беру процесінің белсенді субъектісі бола тұрып, барлық қарастырылған субъектілік сапалармен, қырлармен сипатталады [1].

Сонымен бірге барлық үйренушілер білім беру жүйесінің белгілі бір сатысында бастапқы, жалпы және тек оларға тән ерекшеліктермен, қырлармен сипатталады. Бұл, әр білім беру сатысы, әдетте, адам өмірінің белгілі бір кезеңімен теңестірілуімен түсіндіріледі. Мысалы, дүние жүзінде бастауыш мектепте 10 жасқа дейінгі балалар оқиды (алайда, экстремалды әлеуметтік ситуацияларда, мысалы, сауатсыздықты жоюда бұл сатыға үлкендер де кіреді ).

Жас ерекшелік кезеңдерге бөлу психологиядағы күрделі және бір жақты шешілмейтін проблемалардың бірі болып келеді (А. Валон, Ж.Пиаже, В.Штерн, П.П. Блонский, Л.С. Выготский және т.б.). Яғни психологтардың басты міндеті оқушылардың жас ерекшелігіне қарай білім беріп қалыптастыру болып табылатын болса, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты Л.С.Выготский  бастауыш мектеп, кіші мектеп және жоғарғы мектеп оқушылары деп үш топқа бөліп қарастырды.

Бастауыш мектепте, кіші мектеп оқушысында, осы кезеңдегі жетекші іс-әрекеттің негізгі элеметтері, қажетті оқу дағдылары мен іскерліктері қалыптасады. Осы кезеңде ойлау формалары дамиды, олар ары қарайғы ғылыми білімдер жүйесін меңгеруді, ғылыми, теоретикалық ойлаудың дамуын қамтамассыз етеді. Мұндай оқуда, күнделікті өмірде өз бетінше бағдарланудың алғышарттары қалыптасады. Осы кезеңде «баладан тек елеулі ақыл-ой жұмсауды ғана емес, сондай-ақ үлкен физикалық төзімділікті талап ететін» психологиялық қайта құру жүреді. [2].

Өмір жағдайының өзгеруімен, отбасынан немесе бала бақшадан мектепке ауысуымен байланысты бастауыш мектеп оқушысында үстем беделдер біршама өзгереді. Ата-ана беделімен қатар мұғалім беделі де пайда болады. «Ал мұғалім былай айтты,» - деп бала шешесінің айтқанына қарсы шығады. Осындай балалардың жаңа кезеңге келіп түсініспейтін жағдайлардың пайда болу кезеңдерінде педагог-психологтардың қолдау беріп көмектесуі, кеңестер беруінің пайдасы өте зор. Бастауыш мектептің соңына қарай, дамудың макрофазасы ретінде негізгі бейімделу кезеңі аяқталғанда, оқушы тек қана оқу іс-әрекетінің ғана емес, сондай-ақ, белсенді тұлға аралық өзара әрекеттесудің де субъекті бола бастайды, оның өзі өте маңызды. Кіші мектеп оқушысы жеткіншек бола бастайды.

Орта мектеп жасында (10-11-ден 14-15 дейін ) жеткіншек өз іс-әрекеті контексінде құрдастармен қарым-қатынасқа түсу жетекші рөл ойнайды. Осы жастағы балаларға тән іс-әрекет оның оқу, қоғамдық-ұйымдастырушылық, спорттық, көркемдік, еңбек сияқты түрлерін қамтиды. Пайдалы іс-әрекеттің осы түрлерін орындауда жеткіншекте қоғамдық қажетті жұмысқа қатысуға, қоғамдық мәнді болуға саналы ұмтылу пайда болады. Ол түрлі ұжымдарда қабылданған нормаларды есепке ала отырып, қарым-қатынас орнатуды, өз «Менінің» мүмкіндіктерін бағалау іскерліктерін үйренеді [3]. Бұл балалықтан ересектікке өтудің неғұрлым күрделі жасы, бұл кезде адамның орталық психикалық, тұлғалық жаңа құрылымдары - «ересектік сезімі» пайда болады.

Егер кіші мектеп жасы үшін оқу іс-әрекеті жетекші болса, онда орта жас оқушысы үшін жетекші ретінде сан алуан формалардағы қоғамдық пайдалы іс-әрекет болады, оның арнасында құрдастарымен интимдік – тұлғалық қарым-қатынаста, басқа жыныс өкілімен өте маңызды қарым-қатынас та жатыр. Бұл жерде оқу іс-әрекеті іске асырылып жатқан белсенділік бола бастайды – ол жасөспірімнің даралануын «қамтамасыз» етеді. Әсіресе, оқу іс-әрекетінің құралдарын, тәсілдерін таңдауда ол өзін мақұлдап, бекітеді.

Жеткіншек жас үшін беделге деген қатынас та тән. Егер кіші мектеп жасында мұғалім беделі отбасы беделінен кем болмаса, жеткіншек үшін үлкен адам беделі проблемасы білімбейді. Бір жағынан, жеткіншектің «мен – ересек адам» позициясы оны үлкендерге қарама-қарсы қоятындай, ал келесі жағынан - олардың беделі жеткіншек өмірінің маңызды факторы болып қалады. Үлкен адам беделінің сақталуына ықпал ететін жағдайлар: «1. жеткіншек қоғамдық жағдайының өзгеріссіздігі, ол оқушы болды және болып қалады; 2. оның ата-анадан толықтай материалдық тәуелсіздігі, олар мұғаліммен қатар тәрбиелеуші рөлінде болады; 3. жеткіншекте өз бетімен әрекеттену іскерлігінің болмауы» [4].

Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде тек қана өз мотивациясымен, позициясымен, қатынастарымен, «Мен» - тұжырымдамасымен өзгеше емес, сондай-ақ үздіксіз, көп сатылы білім беру қиындысындағы өмірдегі орнымен өзгеше. Ол өзі үшін осы білім берудіжалғастыру формасын болжайды, шешеді және осыған байланысты не оқудың, не еңбек іс-әрекетінің, қоғамдық айналысу, тұлға аралық өзара әрекеттесу құндылығына бағдарланады, осы уақыттарда педагог-психологтардың кеңесі ауадай қажет. Оқуға бағдарлануда жеткіншек жоғары мектеп оқушысы мәртебесіне өтеді. Жоғары мектеп оқушысы оқу іс-әрекеті субъектісі ретінде - бұл оқуды жалғастыруды таңдаған адам. Жоғары сынып оқушысы (ерте жастық шақ кезеңі 14-15-тен 17 жасқа дейін) орта буынан жоғары сыныпқа немесе жаңа оқу орындарына – гимназияларға, колледждерге, училищелерге өткен кезде бірден дамудың жаңа әлеуметтік ситуациясын атайды. Таңдау жасауға өмірлік ситуациялар мәжбүр етеді, ата-аналар тарапынан ынталандырады және оқу орны бағыттайды. Осы кезеңде құндылық бағдар белсенділігі негізгі мәнге ие болады. Бұл автономия, өзі болуға ұмтылу мен байланыстырылады. И.С.Кон атап көрсеткендей, «Қазіргі күнгі психология нақты, мінез-құлықтық автономияны (жас өспірімнің тек өзіне ғана қатысты мәселелерді өз бетінше шешу қажеттілігі мен құқығы), эмоционалдық автономия (ата-аналарынан тәуелсіз таңдалған, өзінің соған деген қызығушылығының, қажеттілігі мен құқығының болуы), мораль және құндылытық автономияны (іс жүзінде өз көзқарасының болуы қажеттілігі мен құқығы) ажырата отырып, ер жеткен балаларды автономиялау мәселесін қояды» [5]. Осы жаста достық сенімді қатынастар өте маңызды. «Жоғары сыныпта оқушылардың формалды емес өзара қатынастары біртіндеп құндылыққа ие болады», - дейді М.Ю.Кондратьев, олар «қандай да бір зерттеу «полигонының» рөлін атқарады, онда бозбалалар мен бойжеткендер болашақ «үлкендер» өмірінің стратегиялары мен тактикаларына жаттықтырылып, сынақтан өткізіліп, сенімділікке тексеріледі. Осы кезеңде жоғары сынып оқушылары өмірлік жоспарлар құрып, мамандық таңдау жайлы саналы түрде ойлана бастайды. Бұл таңдау тек, адам өзін дәрігер, педагог, зерттеуші ретінде басқалар үшін максималды пайдалы сезінетін іс-әрекет саласында бейімділікке, өмірлік талаптарға бағдарланудан ғана емес, сондай-ақ берілген мамандықтың елдің қоғамдық дамуының нақты ситуациясындағы конъюктурасынан, пайдасынан, практикалық құндылығынан туындайды. Тек қана мақсатқа ұмтылған және шынымен де әуестенген 15-17 жасар адамдар ғана ары қарайғы кәсіби қалыптасуы, тұлғалық өзін-өзі анықталу жолында табиғи бейімділікке адалдығын сақтап қалады. Жеткіншектік және жас өспірімдік жас шебінде пайда болатын өзін-өзі анықтау қажеттілігі жоғарғы сынып оқушысының оқу іс-әрекетінің сипатына ғана әсер етіп қоймай, кейде оны анықтайды [6].

Жоғары сынып оқушысы жетекші іс-әрекеттің жаңа түріне енеді- оқу-кәсіптік, оның дұрыс ұйымдастырылуы көп жағынан оқушының келесі еңбек іс-әрекетінде субъекті ретіндегі қалыптасуын, оның еңбекке деген қатынасын анықтайды. Бұл одан да жоғары дәрежеде оқу іс-әрекетін неғұрлым маңызды мақсатқа бағындыратындай: болашақ кәсіби немесе кәсіби бағдарланған іс-әрекетке. Оқу іс-әрекетінің өзіндік құндылығы кәсіби өзін-өзі анықтаудың неғұрлым алыс мақсаттарына бағынады. Адам тек білімнің өзі үшін ғана оқымайды, болашақта неғұрлым мәнді нәрсе үшін оқиды, бұл студенттік жаста неғұрлым көп дәреже де көрінеді. Педагог-психологтар әр түрлі кезеңдегі жастардың бейімделуі кезінде пайда болатын проблемаларды шешіп және кеңестер беріп қана қоймай, сонымен қатар сол сыныптағы балалардың ішінен дарынды, қиын балаларды анықтап әрқайсысымен жеке сұқпатаса отырып кеңес беруі қажет.

Білім мен тәрбие - егіз ұғым. Бұл екеуі әрдайым бірге жүргенде ғана адамның рухани байлығы кең болмақ. Ел болу үшін де ең алдымен тәртіп керек. Қазақ халқында «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп тегін айтылмаса керек. Әлемдегі екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани білім керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген. Демек, тәрбиесіз берілген білім апат әкеледі.

Сонымен қатар адам бойындағы ешқандай аспаппен өлшеп болмайтын асыл қасиет – адамгершілік нәрін адам бойына сіңіру. Содан кейін ғана еліміздің болашағы – жастарға білім беру жолындағы тәрбие. Әр жастың санасын білім нәрімен сусындатып, оны ары қарай тереңдете жалғастырып, қазіргі заманның талабына сай етіп даярлау, т.б. Бұлардың бәрі – педагог-психологтың қызметі. Міне, осындай түзу жолдан шығып кетпес үшін арнайы педагог-психологтардың кеңесіне сүйенеміз, үйренеміз және өзгеге үйретеміз.

Тек бұл тұрғыдан емес, көзімізді ашып, айналамызға зер салып қарасақ, көптеген қателіктерге толы прцестер болып жатады. Біреуі – арақ пен темекінің соңынан жүріп, түнгі клубтарға барып, нашақорлықпен айналысып, өмірдің мағынасы мен мәнін түсінбейді. Осындай кереғар қылықтармен айналысып, жастайынан түрме азабын көргендер қаншама? Жаңа туған, өмірге шыр етіп келген бөбектерін тастап кеткен аналар қаншама? Неге олар мұндай жолға түсіп кеткен? Осындай өмірдің тар жолдарына түсіп қалған, қара түнекте өмір сүретін жандардың көзін ашуда осы педагог-психологтар бірінші орында тұрады. Олардың көзін ашып, өмірге қайта әкеліп, алдына мақсат қойдырып, оны да елінің кірпіші болып қаланатын психологтардың қазіргі таңда саны жетпейді. Ал өмірде жолы болмай, тек басы қиыншылықтар мен зардаптардан таусылмайтын жандар қаншама? Осы тұрғыдан да қарасақ, педагог-психологтар оларға күш-жігер, бағыт-бағдар берсе, оларға сүйеніш болып әрдайым қолдап отыратын жан – ол психолог [7].

Қазіргі педагог-психологтың алдына: болашақ өркениетті, дәстүрлі демократиялық мемлекетті құратын жас ұрпақтың ең әуелі адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, содан кейін оның жан сапасын, тән сапасын арттырып, техникалық прогреске сәйкес жан-жақты қолданбалы білім беру міндеттері қойылады. Ол үшін мектептер қаражатпен, техникалық құралдармен, мәдени қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуі тиіс.

Нағыз психологтар қоғамдағы саяси-экономикалық жағдайларда кездесетін келеңсіз үрдістермен күрес жүргізе алатын – күрескер болуы керек. Өйткені ол халықтың қамын, шәкірттің болашағын ойлайтын және сол үшін еңбек ететін тұлға.

 

Әдебиет:

1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы». - 2008.

2.  «Қазақстан Республикасының азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез-құлқын қалыптастыру» тұжырымдамасы. - 2008.

3.   «Білім мазмұнын гуманитарландыру» тұжырымдамасы.

4.   Балғымбаева З.М., Ахтаева Н.С. Мектептегі психологиялық қызмет. Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2006. 

5.   Исследование рефлексии и речемысли. - Алматы, 1979.

6.   Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. - Алматы, 1982.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса, бола.


Похожие статьи

Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық технологиясын енгізудің педагогикалық шарттары

Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми - педагогикалық негіздері

Қазақ және ағылшын тілдік қауымдастық өкілдері мифологиялық дүние бейнесінің танымдық ерекшеліктері

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Мемлекттік мекемелерде еңбекақының және ұсталымдардың синтетикалық есебі

Болашақ мамандардың кәсіптік мәдениетін қалыптастырудың негізі

Кәсіби қазақ тілін оқытудың технологиялық-инновациялық әдістері

Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастырудағы өзін-өзі бағалаудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері

Фонематикалық қабылдаудың бұзылуын зерттеу мен түзетудің тарихи аспектілері

Балқаш көліне атмосфералық ластану әсерінің метеорологиялық аспектілері

Похожие статьи

Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық технологиясын енгізудің педагогикалық шарттары

Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми - педагогикалық негіздері

Қазақ және ағылшын тілдік қауымдастық өкілдері мифологиялық дүние бейнесінің танымдық ерекшеліктері

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Мемлекттік мекемелерде еңбекақының және ұсталымдардың синтетикалық есебі

Болашақ мамандардың кәсіптік мәдениетін қалыптастырудың негізі

Кәсіби қазақ тілін оқытудың технологиялық-инновациялық әдістері

Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастырудағы өзін-өзі бағалаудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері

Фонематикалық қабылдаудың бұзылуын зерттеу мен түзетудің тарихи аспектілері

Балқаш көліне атмосфералық ластану әсерінің метеорологиялық аспектілері

Задать вопрос