Қазақстан Республикасындағы электоралды мәдениеттің қалыптасуы және дамуы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (87) апрель-1 2015 г.

Дата публикации: 08.04.2015

Статья просмотрена: 1354 раза

Библиографическое описание:

Кенесов, А. А. Қазақстан Республикасындағы электоралды мәдениеттің қалыптасуы және дамуы / А. А. Кенесов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.2 (87.2). — С. 25-26. — URL: https://moluch.ru/archive/87/17227/ (дата обращения: 19.12.2024).

Мақаланың өзектілігі қазіргі таңдағы қазақстандық электоралды мәдениетті жан-жақты қарастырумен, оның қалыптасу факторларын, дамуын және сайлаушылардың саяси таңдауына тиетін ықпалын зерттеуімен сипатталады. Айталық, қазіргі мәдениет, ең алдымен саяси мәдениет - ол өз қызметінде сайлауда көрініс табады, ал сайлау демократияның институты бола тұра қажетті мәдениетті таңдайды. Демократиялық өзгерістер, жалпы мәдениетті, соның ішінде, оның жүйешіктерін жекелей алғанда, азаматтардың әртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделерінен, олардың идеялық саяси бағдарларымен және билікке сенім деңгейінен көрініс табатын электоралды мәдениетті дамыту барысында ғана мүмкін. Сонымен қатар, қоғамдық өмірдің демократиялану үрдісі және электоралды мәдениеттің институционалдануы бір-бірімен тығыз байланысты процестер. Демократиялық электоралды мәдениеттің қалыптасуы саяси өмірдің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, қоғамдық дамудың демократиялық қағидаларының орнығып бекітілуіне алып келеді, жеке тұлғаның саяси әлеуметтену процесіне ықпалын тигізеді және азаматтық мәдениеттің қалыптасуының алғышарты болып табылады. Дегенмен, электоралды мәдениеттегі аталған жағымды үрдістер қазіргі қазақстандық қоғамдағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету шартында мүмкін, ол өз кезегінде елдегі болып жатырған әлеуметтік-саяси реформалардың сәттілігіне тәуелді. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы кезекті жолдауында «Ішкі саяси сала мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала береді» [1],- деп орынды атап өтілген болатын. Осының негізінде мәселенің зерттелуі маңызды. Электоралды мәдениет факторларын зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы кейбір елдердегі «түрлі-түсті» төңкерістер деп аталатын құбылыстар көрсеткендей, саяси таңдау - бұл саяси мінез-құлықтың программаланғандығы немесе электоралды мәдениет түрі емес, ал сайлаушылардың қоғамның саяси жүйесіне және электоралды процеске қатынасушыларға нақты қатынасы. Қазақстандық ғалым К.Л. Сыроежкин атап өткендей «Посткеңестік кеңістіктегі барлық түрлі-түсті революциялар–бұл мемлекеттік төңкерістер. Бұл билікті ауыстыруға байланысты саяси технологиялар» [2]. Электоралды мәдениет қоғамда болып жатқан сайлау процесіндегі және сайлаудан тыс уақыттағы процестерге өзінің ықпалын тигізеді. Себебі, сайлау барысындағы қақтығыстардың болуы көп жағдайда электоралды мәдениеттің төмендігімен байланысты. Басқаша айтсақ, қоғамда электоралды мәдениет қаншалықты төмен болса, саяси тұрақтылықтың қаупі соншалықты жоғары, ал электоралды мәдениет жоғары болса қоғамның тұрақты даму мүмкіндігі жоғары. Қоғамдағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету билік үшін маңызды міндеттердің бірі болған соң электоралды мәдениетті зерттеу өте маңызды болып табылады. Электоралды мәдениет - бұл саяси мәдениеттің құрамдас бөлігі, сайлау процесінде азаматтардың мінез-құлқы мен ұстанымын анықтайтын саяси түсінік, құндылық бағдарлары және білімдер жүйесі. Сайлаушылар мәдениетінің қалыптасып дамуында объективті және субъективті факторлар тең рөл ойнайды. Сонымен қатар, тарихи тәжірибе мен дәстүрлер, мәдени құндылықтар электораттың саяси таңдауын анықтайды. Қазақстандық сайлаушылардың таңдауын анықтайтын рационалды және иррационалды факторларды талдау иррационалды таңдаудың үстемдігін анықтауға мүмкіндік береді.Қазақстандық электоралды мәдениет үшін партиялыққа қарағанда жеке бағдарлардың үстем етуі сипат алып, бұл партиялық бірегейліктің қалыптаспағандығымен шартталады.Қазақстандағы электоралды мәдениетті электоралды мінез-құлық моделдерінің патриархалды, конформистік және рационалды субмәдениет элементтері кездесетін гетерогенді түрдегі мәдениет деп бағалауға болады.Посткеңестік елдердегі конфликтілер, биліктің заңсыз ауысуы саяси тұрақтылықтың электоралды мәдениетке тәуелді екендігін айтуға мүмкіндік береді. Себебі, саяси таңдау-азаматтардың тек қана сайлау процесінің субъектілеріне емес, сонымен қатар қоғамның саяси жүйесіне қатынасын көрсетеді. Қазақстан қоғамында көптеген сайлаушылардың электоралды мәдениеті әлеуметтік-экономикалық реформалардың эволюциялық даму қағидасына негізделеді.Қазақстанда электоралды мәдениеттің жоғары дамыған демократиялық деңгейге өзгеру перспективасы, сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуде және азаматтардың жағдайының деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын құру дәрежесін қамтамасыз етуде көрініс табатын элитаның белсенділігімен байланысты.

Сондықтан электоралды мәдениет - бұл саяси мәдениеттің құрамдас бөлігі, сайлау процесінде азаматтардың мінез-құлқы мен ұстанымын анықтайтын саяси түсінік, құндылық бағдарлар және білімдер жүйесі.

 

Әдебиет:

 

1.    Жаңа Онжылдық–Жаңа Экономикалық Өрлеу–Қазақстанның Жаңа Мүмкіндіктері. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.- Алматы, 2010 // www. akorda. кz.

2.    Сыроежкин К.Л. Революция в Киргизии: что это было? // Политические процессы в Кыргызстане: итоги и перспективы. – Алматы, 2005. – С. 20.



Задать вопрос