Бала тәрбиесі қай уақытта болса да өзекті мәселе болып келе жатыр. Нұр Отан партиясының XIII съезінде ел басымыз президент Н.Ә.Назарбаев «Баланың бас ұстазы ата-ана» дей келе бала тәрбиені ең алдымен ата мен анадан алатынын нұсқады.
Дүниеге келген әрбір перзенттің өмірі, келешегі тәрбие ісіне байланысты, одан сыртқары болуы мүмкін емес.
Баланы дұрыс тәрбиелеуде еңбектің орны ерекше. Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбек тәрбиесі және оған ықпал ететін негізгі факторлар туралы айтқан пікірлерін талдай келе, төмендегі мазмұнда кестені бере аламын.
Ерте замандардан бері адамның жеке тұлға болып қалыптасуына еңбектің маңыздылығы белгілі болатын. Еңбектің басқа тәрбие түрлерімен байланысты дұрыс үйретілуі, оның балаға шынайы әсерін арттыра түседі. Еңбек ету барысында баланың бойында ерекше қасиеттер қалыптасады, олар: белсенділік, өз бетінше жұмыс істеуге талпыну, өз көзқарасын қорғау т.б. Ата-аналар баласын еңбеу етуге тәрбиелеуде мыналарға мән беру керек: еңбек ету барысында бір заттың басқа затқа айналуы, ал оған бала тікелей себепші болуы мүмкін. Бұл жиналыс практикалық маңызға ие болып баланың бойында тәрбие қалыптастырады бала еңбек ету барысында күшін қолданып қана қоймай, ақылды да қолданылады. Сондықтан ол қоғамдық пайдалы жұмыс ретінде бағаланады. Еңбек ету барысында балаларды айналасындағылармен тығыз қарым-қатынас, өзін-өзі күту, жан-жағын қорғау сияқты нәрселерге тәрбиелеу маңызды. Еңбек ету, көп қырлы еңбек ету барысында бала шынығады, ақыл-ойы дамиды, іскерлік, дағдылар қалыптасады.
Тәрбиелеушілік маңызында, балаға өз еңбегінің пайда келтіретінін, еңбектен ләззат алуды, оның қажеттілігін үйрету керек. Кіші мектеп жасындағы балаларды еңбекке тәрбиелеу оның жас ерекшелігіне сай жүргізілуі тиіс. Баланың еліктеушілігі үлкен маңызға ие болады. Сонымен бірге әр нәрсені білуге құштарлық, тынымсыз қозғалыс еңбек әрекетін қалыптастыруда көмегін тигізеді. Еңбек ету балаға ойын ойнаған сияқты әсер қалдырады. Оның себебі, еңбектену барысында бала бір нәрседен басқа нәрсе жасап шығарады, өз мүмкіндігінше жоспарлап, құрастырып, әрекет етеді, заттармен адамдармен тығыз қарым-қатынаста болады. Кіші мектеп жасындағы балалар кез-келген жұмысты, үлкендердің тапсырмаларын барлық ынтасымен орындайды, үй жұмысына көмектеседі, бірақ олардың еңбек әрекетінің өзгешелігі, басқаларды өзіне назар аударту. Сондықтан балаларға әр түрлі жұмыстар тапсыру керек, олардың мазмұнын өзгертіп отыру қажет,жетістіктерге қол жеткізу үшін сенімдірек қолдап, мадақтап отырған жөн. Міне, сол себепті де ата-аналар балаларды жай ғана еңбек етуге емес сапалы еңбектенуге, оның пайдасын түсінуге үйреткені дұрыс. Бір нәрседен жетістікке қол жеткізген бала оны тағы қайталағысы келеді. Еңбек етуге үйретудің келесі себептері болады үлгі-өнеге, қызығу және парыз. Кіші мектеп жасындағы бала үшін үлгі мен қызығудың маңызы зор. Ал парыз, ол үлгі мен қызығудан туындайды, бала бойында өзгеше эмоционалдық құбылыс туғызады. Парыз- бала бойында өзін-өзі бақылау, өзі қаламаған жұмыстарды атқару сияқты іс-әрекеттерге жетелеп, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға негіз болады.
Мысалы. Үй жинау, ыдыс жуу, әсіресе өз киімдерін уақытылы күтіп ұстауға, бала назарын аудару- бұл басты міндет. Себебі: келешектегі баланың еңбекпен айналысуы- бұл жанұяда басталады. Үйде еңбекпен айналысудың басты мақсаты, ол баланы еңбекке баулу, келешекке даярлау болып табылады.
Ата-аналар балаларын еңбекке үйреткен кезде оның маңызын «құрал» ретінде пайдаланбауы керек.
Мысалы. «Егер еденді сыпырып, стол үстін тазаласаң ғана, серуендеуге барасың» деп талап қою орынсыз. Бұндай талап қоюлар да арасында керек-ақ. Бірақ үлкендер тәрбиелеу кезінде «жақсы әрекет- сыпайылық», «жаман әрекет –жазалау» деп үнемі біржақты әрекетке бармаған жөн. Бұндай жолмен олар балаларын еңбектен алшақтата түседі, еңбек олар үшін тек қолдану құралға айналады. Кейде үлкендер мақсатындағы: «Мен уәдені үйіп төгіп берсем, балалар соғырлұм еңбектенуге құштар болады, сөйтсем еңбексүйгіштік қасиеті дамиды»-дейді. Бірақ бұдан бала басында еңбекке деген қажеттілік қалыптаспайды, бала үшін еңбек өзінің сүйкімділігін жояды, амалсыздан істеу деген маңызға ие болады.
Балаңыздың еңбек ету барысында өзін көрсете білуге, өзінің шеберлігін, шыдамдылығын, жігерін, талапшылдығын көрсетуіне мүмкіндік беріңіз.
Балаңыз күш жұмсайтын, ақыл-ойын қолданатын еңбектен қанағаттану сезімін алатын болса, бұл өте пайдалы болғаны. Еңбек етуден рахаттану, оның қажеттілігін қалыптастырады. Егер балаңыз уақытында тұрғаннан рахаттанатын болса, онда бұрын болмаған басқа талабына жалғастық табуына көмектесуге тырысыңыз.
Көбінесе ата-аналар өз ойымен әрекеттерін баласының қайталағанын талап етіп жатады. Үлкендер өздері қаламайтын істерді балаларына да сондай көзқарастарын жұқтырады.
Мысалы. Ыдыс жуу, аяқ киім тазалау. Бірақ мүмкін балаға ыдыстар қалай су тиісімен жарқырап шыға келетіні қызық шығар. Үлкендер үшін ешқандай қызығы жоқ іске баланың қызығушылығы туындап, «мен өзім істейінші» деген атақты қызығушылығы қалыптасып келе жатқанда, біз оны су сепкендей етіп жатамыз.
Балаларды тым өбектеп еркелетіп жіберу, олардың еңбекке деген талабын жояды. Сондықтан оларға көмектесе отырып, еңбектенуге үйретіңіз. Алдымен әр жерде шашылған ойыншықтарды жинаудан басталған еңбек әрекеті, сөмкені әкелуге апарады. Осылайша еңбек ету өз-өзіне қызмет етуден басталады. Жуынуға, сүртінуге, түймелерді тағуға ойыншықтарын жинауға аса төзімділікпен үйрету арқылы, өз бетінше осыларды орындау әдеті қалыптасқанша көмектесуіміз керек. Жасы өскен сайын бұл әрекеттер жиынтығы молая береді. Сонымен қатар ұлыңызға немесе қызыңызға кез-келген үй жұмысты орындау қадірлі іс екені туралы ой қалыптастыруымыз керек. Тұрмыстағы міндеттерін орындауға үйрету арқылы балаға ата-аналар еңбек ету, жақындарын бағуға байланысты әдеттерді қалыптастырамыз.
Баланың үнемі атқаратын міндеті болуы тиіс. Сонда ғана еңбек тәрбиесі маңызға ие болады. Үнемі атқаратын міндеттер жауапкершілікті туғызады. Әрбір адамның міндет бөлінісі бар отбасында еңбексүйгіштікке тәрбиелеу өз жемісін береді. Үй жұмыстарына ер баланы тартуға үлкен мән берген жөн. Үй жұмысына араласу олардың өз бетімен өмір сүруіне дайындығын қалыптастырады. Еңбекке тәрбиелеуде өнегенің маңызы зор. Анасы жұмыстан орала салысымен, барлық уақытын асханада өткізетін,ал әкесі газет оқып немесе теледидар қарайтын отбасында жетістікке жету өте қиын. Еңбексүйгіштік баланың өміріндегі әртүрлі тапсырмаларды шығармашылықпен шешуге қабілетін шыңдайды. Бұл қабілет қалай қалыптасады? Еңбек етуге әдеттену үлкен жігермен орындалады. Балаңыздың «болады», «қажет», «болмайды» деген ұғымдарды ажырата білуге үйрету маңызды. Осы мақсатта оған осы кезде оның қалағанын орындатуға емес, қажет нәрсені орындатуға үйреткеніңіз жөн. Ұлыңызға не қызыңызға шартты тапсырма беріңіз. «Сен өз бөлмеңді жинаған соң барып теледидар көресің» Ата-аналар өз айтқандарын аса төзімділікпен орындатуға тырысқаны жөн, сонда ғана бала алдымен «қажетті» жасайды, содан соң «қалағанын» орындайтын болады. «Болмайды» деген сөзге үйрету арқылы, олардың өз бетімен кетуін, қалағанын орындауын шектейміз, яғни өзін-өзі ұстауға, өзін-өзі бақылауға үйретеміз, бұл жеке тұлғаның жігер, қасиетін қалыптастыруда үлкен маңызға ие болады.
Сонымен еңбек сүйгіштік- еңбекке дұрыс қатынас. Бұл ұйымдастырушылыққа тәрбиелеуде бір-бірімен байланысты. Бала кезден бастап баланы жоспарлауға жинақы, бірқалыпты еңбектенуге үйрету керек.
Ата-аналар кейде бала ыдыс-аяқты жуу, ойыншықты жинау т.б жұмыстарын орындауды қай жастан бастағаны жөн деп күдіктенеді. Бір жақты жауап жоқ. Ол балаңыздың қабілеті мен қызығушылығына байланысты. Баланың үлкендердің ескертуінсіз-ақ міндетерін орындауға қалыптасуы- жетістік. Әрине, сол баланың әлі келетіндей болғаны дұрыс.
Сондай-ақ баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасының негізгі қағидалары:
- өзін-өзі қызмет ету арқылы еңбекке үйрету;
- өзіне-өзі қызметтен бірте-бірте басқа да еңбекке ауысу;
- міндеттерді бірте- бірте көбейту, оларды күрделендіріп отыру;
- тапсырылған жұмыстың сапасының дұрыс, әрі уақытында орындалуын бақылауда ұстау;
- еңбек әрекетін орындауда қалай жасау керектігін үйрету;
- -тапсырылған жұмысты орындаудың маңыздылығына баланың сенімін қалыптастыру;
- -балаға жұмысты тапсырғанда оның ерекшелігін, баланың сол жұмысқа икемділігін ескеріп отыру;
- жақсы орындалған жұмыстарды, өз бетінше жасалған баланың талабын мадақтап отыру;
- кіші мектеп жасындағы бала үшін еңбек пен демалысты, сондай-ақ әр түрлі жұмыс түрлерін кезектестіріп отыру.
Қорыта келгенде ата-ана балаларға көмектесіп, үйретіп отыруы керек.
Әдебиет:
1. «Қазақ тілі мен әдебиеті», №8, 2007ж., 19-бет.
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті», №7, 2003ж.,73-бет.
3. Білім жетілдіру институтының материалдары.