Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі. Оның барысында білім алушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады.
Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісінің соңғы мақсаты мен негізгі мақсаты мен негізгі мазмұнын сақтайды.
Интербелсенді оқыту бірқатар міндеттерді шешеді:
- коммуникативті біліктер мен дағдыларды дамытады, оқушылар арасында эмоционалдық дағдыларды дамытады, олардың арасында эмоционалдық байланыс орнатуға көмектеседі;
- ақпараттық міндеттерді шешеді, себебі оқушыларды бірлескен әрекетті онсыз жүзеге асыруға болмайтын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді;
- жалпы оқу біліктері мен дағдыларын дамытады (талдау, жинақтау, мақсаттар қою және т.б.), яғни білім беру міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді;
- командада жұмыс істеуге, басқаның пікіріне құлақ түруге үйрететін болғандықтан, тәрбиелік міндетті қамтамасыз етеді.
Интербелсенді оқыту тағы бір маңызды міндетті орындайды. Ол жүйке жүйесінің жүктемесін азайтуға, зейінді басқа нәрсеге аударуға, әрекет формаларын ауыстыруға және т.б. мүмкіндік береді.
Интербелсенді оқыту технологиялары мыналар:
1. Жұппен жұмыс.
2. Ауыспалы үштіктер.
3. Әткеншек.
4. Шағын топтардағы жұмыс.
5. Аквариум.
6. Аяқталмаған сөйлем.
7. Миға шабуыл.
8. Шешімдер ағашы.
9. Рольдік (іскерлік) ойындар
10. Пікірталас.
11. Дебаттар[1].
Оқытудың интербелсенді әдістерін 4 топқа бөлуге болады:
- топтық оқыту;
- фронтальдық оқыту;
- ойын барысында оқыту;
- пікірталас барысында оқыту.
Топтық оқу әрекеті - оқытуды шағын топтарда ұйымдастыру формасы. Мұндай оқыту оқушылар үшін өз құрбыларымен ынтымақтастық жасауға, әр адамның қарым-қатынасқа табиғи ұмтылысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Топтық оқытуға жұппен жұмыс, шағын топтағы жұмыс, аквариум жатады.
Фронтальдық интербелсенді әдістерге бүкіл сыныптың бір мезгілдегі бірлескен жұмысын қамтитын әдістерді жатқызуға болады: «Микрофон», «Аяқталмаған сөйлемдер», «Миға шабуыл», «Оқи отырып, үйренемін».
Ойын барысында оқыту әдістеріне рольдік ойындар, драматизациялау жатады.Пікірталасқа оқыту әдісі оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық әрекетінің маңызды тәсілі, өйткені пікірталас – даулы мәселені көпшілік алдында кеңінен талқылау. Бұндай әдістерге «Ток-шоу», «Пресс» әдісі, «Бағытыңды таңда» әдістері жатады.
Интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану үшін мұғалім өз жұмысын жан-жақты жоспарлауы тиіс:
- бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, олардың иетербелсенді әдістемелермен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін тәсілдерді пайдалану;
- оқушылар үшін тақырыпты игерудің «кілті» болатын интербелсенді жаттығуларды іріктеу;
- әрбір оқушының жұмыс қарқынын және оның қабілеттерін есепке алу;
- бір сабақта интербелсенді әдістердің бір-екеуін қолдану.
Интербелсенді оқытудың әдістері мен тәсілдері қолданылған сабақ сегіз кезеңнен тұрады:
1.Мотивация. Бұл кезеңді ұйымдастыру барысында бір сабақтан екінші сабаққа өткен кезде мотивация тәсілдерін өзгерту қажет.
2.Мақсат қою. Оқушыларға мақсаттарды хабарлау әрекетті мақсатты бағытталған етуге мүмкіндік береді.Мұғалім оқушыларға сабақтың мақсатын қоюды үйретеді.
3.Жаңа ақпарат беру. Бұл кезең оқушылар нені білетінін, ненің таныс емес және түсініксіз екенін таңдап алуға мүмкіндік береді.Бұл кезеңді миға шабуылдан бастау ұсынылады: «Бұл сөз Сізде қандай ассоциация тудырады?», «Бұл сөзбен қандай ұғымдар байланысты?».
Интербелсенді жаттығулар. Интербелсенді жаттығулар ретінде шағын топтардағы жұмыс ұсынылады. Әрбір топ қысқа және неғұрлым ақпаратты түрде сөйлеуі тиіс.
1. Жаңа өнім. Оқушылар игерген ақпараттың көлемін есепке ала отырып, олардың өз қорытындылырын жасауына және көзқарасын білдіруіне мүмкіндік жасалады.
2. Рефлексия кезеңінде оқушылар жасаған әрекеттің қорытындыларын шығару көзделеді. Бұл кезең оқушыларға жаңа игерілген білімдерді бөліп көрсетуге және қандай жағдайда қолдануға болатынын анықтауға мүмкіндік береді.Рефлексия кезінде төмендегі сұрақтарды қоюға болады:
- Не қатты ұнады?
- Нені үйрендіңдер?
- Келешекте бұл білімдер қандай пайдаға асады?
- Бүгінгі сабақ бойынша қандай қорытынды жасауға болады?
Қойылған сұрақтар оқушыларға сабақта болған нәрсенің ең бастысын, жаңасын бөліп көрсетуге, бұл білімдердің қайда, қалай және қандай мақсатта қолданылуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі.
1. Бағалау. Бұл интербелсенді режимде жұмыс істейтін мұғалім үшін күрделі мәселе болып табылады. Бағалау оқушылардың келесі сабақтағы жұмысын ынталандыруы тиіс. Бағалауда мынадай қатынасты қолдануға болады: топтың әрбір мүшесі әрқайсысын бағалайды, яғни әр жолдасына бағалау парағына баға қояды. Мұғалім парақтарды жинап алып, орташа баллды есептеп шығарады. Оқушылар жұмысын өзіндік бағалауды да қолдануға болады.
2. Үй тапсырмасы. Оқытудың интербелсенді әдістерін пайдаланып, өтілген сабақтардан кейін игерілген материалды шығармашылықпен қайта қайта қарауға мүмкіндік жасайтын тапсырмалар беріледі: шығарма жазу, қарастырылып отырған мәселе бойынша өз көзқарасын білдіру және т.б. [2].
Интербелсенді сабақта мұғалім оқушылар әрекетін сабақ мақсаттарына жетуге бағыттап отырады. Диалогқа қатысу тыңдай білуді ғана емес, ести білуді де, сөйлей білуді ғана емес, түсінікті бола білуді де талап етеді.
Интербелсенді әдістер оқушылардың өз күштерін, өз қабілетін сезінуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың өзіндік бағалауы, өзіндік сенімі артады.Өзара сыйластықты, айналасындағы адамдардың пікірлері мен мінезқұлықтарына төзімділікті тәрбиелеу маңызды.
Интербелсенді оқытуды жұптық жұмыстан бастаған жөн. Жұптық жұмыс - ынтымақтастық пен өзара көмек үшін таптырмас форма. Жұпта оқушылар бірін- бірі тексере алады, жаңа материалды бекіте, өтілген материалды қайталай алады.
Қазақ тілі сабақтарында төмендегі тапсырмалардың түрлерін пайдалануға болады:
Ауызша жұмыс.
1. «Интервью-таныстық» ойынын 3-сыныптағы алғашқы сабақтардың бірінде өткізген дұрыс.Әр оқушы өзінің парта бойынша көршісімен әңгімелеседі, содан соң ол жайлы бүкіл сыныпқа айтып береді (немен айналысқанды жақсы көреді, нені оқығанды жақсы көреді). Ойын сыныптың портретін жасауға, оқушылардың коммуникативтік біліктерінің қалыптасқандық деңгейінің бастапқы диагностикасын өткізуге көмектеседі.
2. Ережені өзара тексеруді жүзеге асыру (ауызша сұрау). Оқушы парта бойынша көршісіне ережені айтып береді, мысал келтіреді, оларды түсіндіреді. Содан соң оқушылар рөлдерін алмастырады, бірін-бірі бағалайды. Мұғалім кез келген жұптан сұрай алады.
Жазбаша жұмыс
1. «Көршіге арналған сөздік диктант». Үйде балалар өткен ережеге сәйкес сөздік диктант құрастырады (жекелеген карточкаға). Жоғарғы жағына «Құрастырған…» деп жазады. Содан соң оқушылар сабақта карточка алмасады, тапсырманы орындайды, төменге «Орындаған…» деп жазады. Күні бұрын мұғалім қанша сөз болуы керек екенін айтады.
2. Балаларға үйде орындау үшін шығармашылық сипаттағы тапсырма беріледі (эссе, шығарма, ертегі жазу).
3. Сабақтың басында немесе аяғында сөздік диктанттарды, үйге берілген жаттығуларды өзара тексеруді ұйымдастыруға болады. Сабақтың алғашқы бес минутында дәптерде жіберілген қателердің ізімен өзара диктант өткізген дұрыс.Балаларға жұппен жұмыс істеген қатты ұнайтынын атап өткен жөн[3].
Сонымен, интербелсенді оқытуды пайдалану өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рольдік ойындарды пайдалануды, мәселені бірлесе шешуді көздейді.
Әдебиеттер:
1. Бесова, М.А. Познавательные игры для младших школьников от А до - Иркутск, 2004. -272 с.
2. Загурская, Е.Л. Использование активных форм и методов обучения в работе с младшими школьниками -Мозырь, 2006. – 58 с.
3. Кашлев, С.С. Интерактивные методы обучения педагогике. - Минск., 2004.