Коммуникативті оқыту әдісінің шетел тілі сабағында алатын орны | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Мырзахметова, М. З. Коммуникативті оқыту әдісінің шетел тілі сабағында алатын орны / М. З. Мырзахметова, Г. А. Токтамысова, Т. А. Налибаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.2 (88.2). — С. 54-56. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17465/ (дата обращения: 19.12.2024).

Білім – адамзат қазынасы, халықтың білімділігі – елдің байлығының ең маңызды бөлігі. Тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде білім арқылы ең озық мәдениет пен дүниетаным қалыптасады. Мәдениет, дүниетаным, білім молайған сайын халық байлығы артып, дамыған елдер қатарынан орын алады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ″Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан″ атты Қазақстан халқына жолдауында ″Тілдердің үш тұғырлығы″ мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұл дегеніміз қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт – аралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаhандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі екендігін атап айтты.[1,б.1]

Сонымен, ағылшын тілін білу – замана талабы болып отыр осыған орай білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері жаңа бағыттағы технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен түбегейлі жаңаруына себепші болып отыр. Яғни оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет – тілді коммуникативтік бағытта оқыту.

Ондағы мақсат – оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей,өзара тіл табысып,пікір алысуға үйрету,себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты – оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.

Коммуникативті технология деп оқуға қатысушылардың барлығын және мүмкін болған құрал-жабдықтар мен ақпараттардың барлығын қатыстыра отырып өзара белсенді тілдік қатынасқа ену негізінде оқу үдерісін құруды айтады.Оның жетекші әдісі тілдік өзара қарым-қатынас.Қолданылатын жұмыс түрлері : ынтымықтастықта оқу (оқытушы мен оқушылар), жұптық оқыту (оқушылардың бірін-бірі оқытуы), топтық құрамда жұмыс істеу (топтардың құрамы өзгеріп отыруы шарт), оқу тілдік диалог (өзара пікір алысу).Коммуникативті технологияда тілдік қарым-қатынас алдыңғы орынға шығарылады да басқа жұмыстар осы бағдарға бағытталады.

Коммуникациялық бағыт адам өмірінің түрлі саласына байланысты сөйлеуге үйретуге бағытталған: яғни сөйлеу мақсатына тиісті грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылымдардың сөйлеуге қатысуы шарт және ол көбіне дайындықсыз сөйлеуге,бұрынғы меңгерген грамматика лексикалық формаларды, автоматты түрде қолдануға жетуі керек деген сөз. Оқушы өз ойын еркін жеткізе алу үшін оған қажетті лексикалық және грамматикалық минимум алдын-ала анықталып тапсырылады. Бұл тілді функционалдық тұрғыдан үйрету сипатына жатады.

Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болсада лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Оқушының тиісті лексикалық қоры,сондай-ақ грамматикалық білімі болумен бірге,оны сөйлеу әрекетінде қолдана білуі керек. Сөйлеу әрекеттері, негізінен, белгілі бір мақсаттығы жағдаяттар, жүйелі модульдер, ауызекі жауаптасу, сұрақ-жауап жағдайларында жүзеге асады.

Коммуникативтік әдіс:

1.Жұптық

2.Топтық

3.Ұжымдық

Коммуникативтік әдістердің негізгі принциптері мыналардан тұрады:

1.тілдік бағыттар

2.функционалдық

3.оқиғалық

4.жаңашылдық

5.қарым-қатынастық дербестік бағыттар

Коммуникация сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағына білдіре келіп, адамдардың арасындағы қарым-

қатынасты,өзара түсінушілікті көрсетеді.Осыдан барып «коммуникабельдік», түсінушілік

деген сөздер мен ұғымдар пайда бола бастады. Коммуникация – қарым-қатынас,өзара

байланыс деген ұғымды білдіреді.

Коммуникативтік – оқыту процесінің тілдік бағытын білдіреді – ол дегеніміз коммуникативтік әдістемеде «сөйлеу» - тіл дамыту жұмыстарының бір түрі ретінде және қарым-қатынас құралы ретінде үйретудің басты принциптерінің бірі болы табылады деген сөз.

Коммуникативтік байланыс технологиясы – шетел тілі сабақтарын қарым-қатынас негізінде оқыту. Ол сабаққа іскерлік бағыт-бағдар береді.Сабақтың практикалық жағына бағытталады.Сөйлеу жаттығулары арқылы лексика мен грамматикалық ұғымдар кең көлемде бір қалыпты,және тез мөлшерде жинақталады.Коммуникативтік оқыту қарым-қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік береді:

1.Коммуникативтік мотивация

2.Дұрыс бағытта сөйлеу

3.Өзара қатынастың қалыптасуы

4.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын,тілдік қатынас пен әдістемелік категорияға тән басты белгілер мен қағидалар жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілдік қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.

Коммуникативтік стратегияға кіретін кезеңдер:

1.Әңгімелесушінің зейін қойып тыңдауын қадағалау;

2.« Бәрі түсінікті » деген сигнал арқылы толық түсінуді қамтамасыз ету;

3. « Мен дұрыс түсіндім » деген сигнал арқылы әңгімелесушінің толық түсінігін қамтамасыз ету;

4. Сөз жетіспеушілік мәселесін сөз тіркестері мен түсініктемелер,аудару арқылы шешу;

5. Қате кеткен жағдайда өзін-өзі түзеу;

6. Қарым-қатынастың тақырыбын өзгерту арқылы әңгімені қолдап отыру.

Коммуникативтік ойлау іс-әрекетіне дайын болатын когнитивтік құзырлық коммуникативтік құзырлықтың керекті компоненті болып табылады.Шетел тілі сабақтарында оқушылардың тіл-ойлау қабілетін дамытатын жағдайлар:

1.мәтінмен жұмыс

2.мәселемен жұмыс

3.ойын ойнату жұмысы

Ойлау - сөйлеуді керек ететін кез келген жағдайда үш компонет өзара байланысады: шешілетін мәселе, бар білімдері, зерттеу әрекеттері.

Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады - тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.

Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: сөйлеу, оқу жазу, түсіну.

Коммуникативтік оқыту: ОҚУ, СӨЙЛЕУ, ТЫҢДАУ, ЖАЗУ – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды. Жоғарыда айтылғандай коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғандығы көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді.

Шетел тілін оқытудың басты мақсаттары – оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, шетел тілін әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту. Шетел тілі мұғалімінің негізгі міндеті – шетел тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді етіп өткізу. Шетел тілі сабақтарын тиімді өткізу мақсатында коммуникативтік оқыту технологиясын қолдану.

Ең біріншіден, жаңа білім стандарттарына сай, мынадай талаптарға сүйеніп жұмыс істеуге болады:

1.сөйлемдерді қолданып сұхбат жүргізу.

2.мектепте және өзін қоршаған ортаны танып білу.

3.оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету.

4.синтаксиситік сөйлемдерді құрастыра білу.

Бұлардың барлығын іс жүзінде қолдану үшін әр түрлі сабақ түрлерін өткізген дұрыс.Сонда ғана нәтиже жақсы болады. Сабаққа дайындалған уақытта формаларды (ұжымдық, топтық т.б.) іріктеп алу қажет. Бұл формалар арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру үшін түрлі белсенді тапсырмалар енгізу қажет.. Пәннің мазмұны, яғни сабақтың дидактикалық элементтерінің жүйесі: сөйлеуден, тыңдаудан, сөйлем құрастырудан, аударудан , оқудан, жазудан құралуы керек.

І. Тіл материалдары (фонетика, лексика, грамматика).

Осы материал үш бағытқа бөлінеді:

1.Лексикалық бағыт – айтылуын меңгеріп, мағынасын өмірде кездесетін жағдаяттар арқылы тілді тез игерту.

2.Фонетикалық бағыт – дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгерту.

3.Грамматикалық бағыт – жас ерекшелігіне сай сурет бойынша жұмыс, мазмұнын айту, сөйлем құрастыру.

Әрбір жаңа тақырып бойынша мәтінді меңгерту кезінде оқушылар топқа бөлініп, әрқайсысына бес міндет беріледі:

 1.Мәнерлеп оқу

 2.Түсіну

 3.Сұрақтар қою немесе диалог құрау

 4.Сызба арқылы өз ойларын айту

 5.Грамматика

Мысалы, 8 сыныпта «Great Britain» мәтінін меңгеру кезінде оқушылар топ ішінде бес міндетті бөлісіп алады.Грамматикалық тақырып: «Төл сөз». Дайындыққа 10 минут беріледі.

Уақыт өткеннен кейін 1 оқушы мәтінді мәнерлеп оқиды, екіншісі – мәтін бойынша түсінгенін айтады, үшіншісі – мәтін бойынша сұрақтар қояды, топ ішіндегі оқушылар оларға жауап береді немесе екі оқушы диалог құрайды. Қорыта келгенде,коммуникативтік оқыту арқылы оқушылардың танымдылық қабілеттері, танымдық үрдістері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Бұның барлығы дамығаннан кейін оқушының қиялы мен ойлауы,есі мен қабылдауы, зейіні дамып қалыптасады. Танымдық қабілеттер, танымдық үрдістер әрбір технология барысында дамиды. Ал қажеттелікті қанағаттандыру әр түрлі әлеуметтік жағдайларда бағыт-бағдарды жоғалтпау, адамдардың эмоционалдық жағдайлары мен жеке тұлғаның ерекшеліктерін анықтау,олармен қарым-қатынастың тепе-теңдік түрлерін таңдау, өзара іс-әрекет үдерісінде соларды іске асыру, зейіндерін қадағалау және айқындау, көпшілік алдындағы жағдайларда іс-қимылын білу, өзіне зейін аударту, психологиялық қатынас орнату, сөйлеу мәдениетін дамытады. Ал, сөздік қорының дамуы мәтінмен жұмыс жасағанда, белгілі бір мәселені шешкенде дамиды.

Сондықтан шетел тілдерін оқытуда коммуникативтік оқыту әдістемесін қолдану – оқушылардың сөздерді грамматикалық тұрғыдан бір-бірімен дұрыс байланыстырып еркін сөйлей білуіне мүмкіндік тудыратын болғандықтан, бұл әдістемені сабақ барысында жиі қолданып отыру өз тиімділігін көрсетеді.

 

Әдебиеттер:

1.        ″Ана тілі″ газеті, 2011жыл, 7 шілде, 1бет

2.        Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. М.: Просвещение, 1985.

3.        Пассов Е.И. Урок иностранного языка в школе

4.        Пассов Е.И. Технология коммуникативного обучения иноязычной культуре

5.        Мильруд Р.П. Максимова И.Р. Современные концептуальные принципы коммуникативного обучения иностранным языкам / Р.П. Мильруд, И. Р. Максимова //Лингвистика. 1999. - № 8. – С. 9 – 15.

6.        Жолдыбаева Г.Т. Коммуникативті оқыту технологиясының теория және практика тұрғысынан жүзеге асырылуы. ‘‘Ағылшын тілі мектепте’’Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, №1, 2007жыл, 8-10бет.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, коммуникативное обучение.


Задать вопрос