Ағылшын тіліндегі мифтік кейіпкерлердің танымдық сипаты | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (88) апрель-2 2015 г.

Дата публикации: 20.04.2015

Статья просмотрена: 228 раз

Библиографическое описание:

Нурекешова, Г. Р. Ағылшын тіліндегі мифтік кейіпкерлердің танымдық сипаты / Г. Р. Нурекешова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.2 (88.2). — С. 59-60. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17466/ (дата обращения: 16.11.2024).

Мифология – біздің санамыз бен түйсігіміздегі кеңістікті қайтадан танып білуге жол ашып беретін кілттердің ішіндегі негізгісі. Қазіргімізді, өткен заманның ұмыт болған қабаттарының бетін аршып алуға, естен шыққан Рухты, Киені, Ділді, Танымды еске түсіруге мүмкіндік беретін әдіс те – осы мифология» деп жазады өзінің зерттеулерінде көрнекті мифолог С.Қондыбай [1].

Мифологиялық образдар біздің өмірімізде ана тіліміздің көмегімен әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер түрінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мақал-мәтелдер арқылы қолданылып келуде. Көптеген сөздер мен әсерлі түсініктер бізге көне заманғы тарихымыз мен мифологиялық өткенімізден жетіп, тілімізде көрініс тапқан, біз олардың ертеректегі мазмұнын ескермей күнделікті өмірде қолданып жүрміз. Ғасырлар тоғысынан жеткен аңыз персонаждары арқылы табиғат, жер бетіндегі тірлік, адам өмірі үйлесімді өрнектеліп, дүниетанымның ерекшеліктері жеткізіледі.

Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың адамға тән көңіл-күй, іс-әрекетпен көрінуі, көне мифтік тұрғыдағы бүкіл құбылыс пен заттардың рухы, жаны бар деген сенімнен туған нанымның жемісі. Мифология жеке халықтардың тарихын зерделеуге мүмкіндік туғызатын бірден-бір қайнар болып табылады, себебі мифтерде ғасырлар қойнауына сіңген оқиғалар көрініс тапқан [2].

Ағылшын жазушысы Джон Толкиннің «The Hobbit, or There and Back Again» повесінен ағылшын дүние бейнесінің айқын көрсеткішін төменгі перілікті білдіретін мифологемаларды байқауға болады. Төменгі мифологияға тәңірлік мәртебесі жоқ мифтік тіршілік иелері жатады. Эльфтер Ұлыбританияға ағылшындық сакстармен бірге келген және перілерді біртіндеп алмастырған табиғаттан тыс тіршілік иелерінің жалпы атауы болып табылады.

Үлкен Эддалар Liosalfar халқы – жағымды және қайырымды жарқын эльфтар туралы және Dockalfar халқы - жер асты озбыр, қара пиғылды эльфтарды тілге тиек етеді. «Alfr» скандинавтық кірме сөзі көне ағылшын тіліне (древнеанглийский) «aelf» түрінде кіріп, кейіннен «elf» болды. «Elf» зат есімі скандинавтық түптамырынан эльф табиғатының екі жақты –жағымды және жағымсыз мағыналарын иемденді. Германдық пұтқа табынушылықты алмастырған христиан діні де эльфтерді жоя алмады, олар тек бұрынғысынан қатерлірек, табиғаты шайтани болып өзгерді. 1000 жылдары эльфтердің сиқыршылығынан емдейтін дәрілер және «A salve against the race of elves» – «эльфтерден құтқару» ескі емдік кітаптағы олардан қалған ауруларға байланысты оларға байланысты алғашқы жазба деректері қалған. Онда Elf disease (aelfsagatha) – адамның көздерінің сарғаюы немесе water-elf disease (waeteraelf-add) – тырнақтардың жұмсаруына және көздің жасаурауына әкелетін эльфтерден келетін ауруларға сипаттама беріледі [3].

Ағылшын тілінде бүгінгі күнге дейін Alfred, Alfric сияқты ескі скандинав тілінен шыққан есімдер өте танымал. Эльф зат есімінің «elf», «elv» – көне сібірлік «су», валлий тіліндегі «el» сөзі рухты білдіруімен байланысты болуы мүмкін. Британия аумағына сырттан келу көзі болып табыла отырып, «эльф» сөзі барлық скандинав тілдеріне тарады. Сонымен бірге, эльф сөзінің «alp» – «сұмдық» және латынның «albus» – «ақ» сөздерімен байланысты болуы да мүмкін. Оған қоса «alp» пен «alf» тауды және тау рухын білдіреді, ал көне ағылшын тілінде «ielfety» – «аққу» зат есімі, грек тілінде «alphas» – ақ дақтар шығатын тері ауруы, санскритте «ribhu» – «жарқыраған» дегенді білдіріп, мейірімді рухтарды көрсетсе, үнді-европалық «lobh» түбірі – зұлым рухтармен байланысты – «алдау» мәнімен беріледі. Сөйтіп, рух, тіпті жарқыраған рух та «эльф» сөзі мағынасының негізін құрайды.

Ағылшын тілінде elf – locks – «эльф бұрымы» – шатасқан шаштар, elf – arrows – «эльф жебесі» – тас үйінділер, elf – shot – «сиқырланған» мәніндегі эльф атысы сөздері elf-тен шыққан туынды сөздер.

Ертегі мәнмәтінінде «elf» мифологемасы адамдардан алыс тұратын керемет ғажайып тіршілік иелерін суреттеу үшін пайдаланылады. Мәтінге жүгінсек:

«So they laughed and sang in the trees; and pretty fair nonsense I daresay you think it. Not that they would care they would only laugh all the more if you told them so. They were elves of course. Elvish singing is not a thing to miss, in June under the stars, not if you care for such things» [4].

«Elves know a lot and are wondrous folk for news, and know what is going on among the peoples of the land, as quick as water flows…» (Tolkien).

Эльфтер уайым-қайғысыз өмір сүреді: олар өлең айтады және ағаштар арасында билейді. Солай бола тұра эльфтер ақылда халық және олар адамдар дүниесінде болып жатқанның бәрін бақылап отырады. «His house was perfect, whether you liked food, or sleep, or work, or story-telling, or singing, or just sitting and thinking best, or a pleasant mixture of them all. Evil things did not come into that valley» (Tolkien).

Сонымен, эльфтің үйі жолдан келгенде тамақ жейтін, демалатын, ескі әндер мен аңыздар тыңдайтын тамаша орын. Эльф үйін бейбіт өмір мен тыныштық жайлаған. Зұлымдық оның үйін айналып өтеді. Сонымен, ертегі мәтінінде elf мифологемасы уайымсыздық, мейірімділік, қайырымдылық сияқты қасиеттердің бейнесі болып табылады. Кез келген көне мифологияда адамды қоршаған әлем белгілі бір атрибуттар, қызметтер және қасиеттер аямай берілген, ғажайып күш түрінде беріледі. Dwarfтар – «ергежейлілер» - германдық пұтқа табынушылық мифологиясының маңызды құрамдасы. Кішкентай перілер адамдар мен рухтар арасында аралық орынға ие. Герман ергежейлісінің этимологиясы бүгінгі күнге дейін даулы мәселе. Көне сібірлік «dverg» пен көне ағылшындық «dweorg» және немістің «zwerg»-тің сәйкестігі, әрине күмән келтірмейді. Дегенмен, бұдан да көне параллельдер бар: «зұлым рух», «алдамшы» деген сөздер «dhwaras» ретінде санскритте, ал грекше «маса», «шіркей», қандай да бір кішкентай зат – «serphos». Ағылшын тіліне ергежейлі сөзі «dwarf» – 1823 жылы ағайынды Гриммдер ертегілері шыққаннан кейін енді.

Ергежейлілер елсіз шахталар мен кен орындарында өмір сүреді, олар алтын өндіріп сақтады деп есептеген еді. Ертегі мәнмәтінінде «dwarf» мифологемасы жер астында өмір сүріп, бағалы металлдарды өндіретін тіршілік иелерін көрсету үшін пайдаланылады. Мәтінді қарастырайық:

«It was two more dwarves, both with blue hoods, silver belts, and yellow beards; and each of them carried a bag of tools and a spade» (Tolkien).

«They mined and they tunnelled and they made huger halls and greater workshops -and in addition I believe they found a good deal of gold and a great many jewels too. Anyway they grew immensely rich and famous, and my grandfather was King under the Mountain again and treated with great reverence by the mortal men» (Tolkien).

Ергежейлілердің нышандары түрлі түсті капюшондар (both with blue hoods), күміс белбеулер (silver belts), сарғылт сақалдар (yellow beards), құрал-саймандары бар қап пен күрек (a bag of tools and a spade). Ергежейлілер тау бөктеріне үлкен залдар мен шеберханалар салған. Олар онда алтын және бағалы металлдар өндірген. Ергежейлілер тек байлығымен емес, сонымен бірге ұсталық шеберліктерімен де сыйлы болған. «Dwarf» мифологемасы еңбекқорлық, табандылық, өз ісіне берілгендік сияқты қасиеттерді білдіреді.

«Goblin» мифологемасының тарихы бірнеше дәуірден өтті. XII ғасырда латын сөзі «gobelinus» (гоблин) француз қаласының ізін аңдып жүрген рухтың есімі ретінде қолданылды. Мүмкін, ол шағым ретіндегі «Gobel» (қазір Gobeau) жалқы есімінің кішірейте айту нұсқасы болар, өз кезегінде гректің kobalos сөзімен, латын тіліндегі «cobalus» – «рух» – тоқтату, қиын, есер (проказник) сөзімен төркіндес болар. Ағылшын-нормандық «gobelin» сөзі норман диалектісінде әлі күнге дейін сақталған. Гоблин – жауыз тіршілік иесі. Аңыздарға сәйкес гоблиндер атқоралардан аттарды ұрлаған, солармен түні бойы жүйіткіп отырған. Гоблиндер нәрестелерді де ұрлаған және орнына ұсқынсыз ауыстырылғандарын (подменыш) тастап отырған. Ертегі мәнмәтінінде гоблиндер терең үңгірлерде өмір сүретін қатыгез жауынгерлер болып табылады. Мәтінді қарастырайық:

«Out jumped the goblins, big goblins, great ugly-looking goblins, lots of goblins,the goblins were very rough, and pinched unmercifully, and chuckled and laughed in their horrible stony voices; now goblins are cruel, wicked and bad-hearted. For goblins eat horses and ponies and donkeys (and other much more dreadful things), and they are always hungry» (Tolkien).

Сонымен, автор гоблиндерді дөрекі (very rough), көріксіз (ugly-looking), қатыгез, мейірімсіз қорқынышты дауысты (laughed in their horrible stony voices) және үнемі аш жүретін (always hungry) етіп суреттейді. Troll мифологемасы скандиравтық фольклордан алынған және адамтектес нәсілдің тіршілік иесін білдіреді. Тролль ағылшын ертегісіндегі огр немесе тауларда, үңгірлерде өмір сүретін тіршілік иелері секілді қатыгез дәу бейнесінде де кездеседі. Оларды hill – folk немесе mound – folk (төбе халқы) деп жиі атаған. Оркни және Шетланд графтігінде тролльдерді «trowe» деп атаған.

Сонымен, мифологемалар әлемнің мифологиялық бейнесін немесе мифологиялық ойларды зерттеуде маңызды рөл атқарады. Қарастырылған мифологемалар адаммен қатар өмір сүретін жақын кеңістіктегі рухтар болып табылады. Олардың қатыстырылуымен адамдар күнделікті өмірде өздерімен болған түсініксіз жағдайларды түсіндірген. Мифологемалар, ертегі кейіпкерлері мифологиялық ойлаудың, ата-бабаларға шындық болып табылған дүниенің қияли үлгісінің элементтері ғана емес, мифологемалар адамға тән жағымды немесе жағымсыз қасиеттердің символдары іспеттес.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Қондыбаев С. Қазақ мифологиясына кіріспе: - Алматы; “Зерде”, 1999. – 304 бет.

2.      Tolkien. J.R.R. The Hobbit. – М.: Юпитер-Интер, 2003. – 287 с.

3.      Қазақ мифологиясындағы этнографиялық құндылықтар http://el.kz

4.      Стереотипы в контексте межкультурной коммуникации http://referat-culture.info

Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес, эльф.


Задать вопрос