Ілеспе аудармашыларды дайындау мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Ташенова, Ж. А. Ілеспе аудармашыларды дайындау мәселелері / Ж. А. Ташенова, М. Ш. Джумагулова, Г. Р. Нурекешова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.2 (88.2). — С. 61-63. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17467/ (дата обращения: 16.11.2024).

Аударманың көптүрлігі аударма теориясында бір-біріне сәйкес келмейтін аударманың түрлерін тудырады, сондықтан олар зерттелу мен ғылыми негізделуді қажет етеді. Әр ғылыми топтастыру өзінің түрге бөліну негізін көрсетеді.

Түпнұсқаны қабылдау әдісі мен аударма мәтінін тудыруды қарастыратын аударманың психолингвистикалық классификациясы аудармашылық қызметті жазбаша және ауызша аударма деп 2-ге бөледі.

Аударманы классификациялауда әр түрлі бөлу тәсілдері қолданылады. Біріншіден, бір уақытта екі аударма операциясы жүреді: мәтін оқылады және ол мәтін сол мезетте аударылады. Осы тұрғыдан алып, 1952 жылы Ж.Эрбер ауызша аударманың екі түрін атап көрсетті: синхронды және жалғаспалы. Ол синхронды аудармаға парақтан ауызша аударуды, ал жалғаспалы немесе ілеспе аудармаға техникалық жабдықты қолданып не қолданбай аударуды жатқызды [1, 5].

Аударманың негізгі 4 түрін атауға болады: көру арқылы ауызша және көру арқылы жазбаша мен есту арқылы ауызша және есту арқылы жазбаша аудару. Аударманың бұл түрлерін кейінірек лингвистикалық тұрғыдан Л.С.Бархударов ұсынды. Ол аудармадағы сөйлеу формасына қарай аударманың 4 түрін атайды: жазғанды жазбаша, ауызшаны ауызша және жазғанды ауызша, ауызшаны жазбаша аудару [2, 26].

Бірақ естігенді жазбаша аударуды көргенді жазбаша аударумен бірге қойып қарастыруға болмайды. Көру арқылы жазбаша аудару әсіресе көркемдік және ғылыми-техниқалық әдебиеттер немесе ақпараттық мәтіндерге жасалса, есту арқылы жазбаша аудару көбіне оқу орындарында қолданылады. Мысалы: диктантты аудару, фондық жазбаларды жазбаша аудару. Есту арқылы ауызша аудару ең көп қолданылатын синхронды және ілеспе аудармадан тұрады.

Ілеспе аударма пайда болғанға дейін халықаралық қатынастардағы тіларалық коммуникация ізбе-із аударма арқылы жүзеге асырылды. Өзара келісіп, аудармашы сөз сөйлеушінің сөзін: а) оның әр сөйлемінен кейін; ә) ол бірнеше сөйлем айтқаннан кейін немесе б) тұтас бір ойды айтып тоқтағаннан кейін аудара бастайды. Ал мұндай келісім жасалмаған болса аудармашының шешенді тоқтатуына, сөзін үзуіне құқығы жоқ.

Ізбе-із аударма мен ілеспе аударманың орындалуында, аудармашы организміне түсетін психо-физиологиялық салмақта, адам бойындағы қабілеттерді жұмылдыруды қажет етуде бір-бірінен айырмашылығы көп. Ізбе-із аударманың түрлері: Бір жақтыqa ізбе-із аударма – сөз сөйлеушінің сөзін бір тілден екінші тілге (мысалы қазақ тілінен ағылшын тіліне) аудару.    Ілеспе аударманың түрлері: Тыңдай отырып аудару – аудармашы шешеннің тыңдауыш арқылы келіп түскен тікелей аударады.

Екі жақты ізбе-із аударма – сөз сөйлеушінің сөзін бір тілден екінші тілге және керісінше аудару.            Қағазға қарап отырып ілесе оқу. Аудармашы сөйленетін сөздің жазбаша мәтінін алып, баяндаманы оқып тұрған шешенмен бірге оқып шығады.

Фразалық ізбе-із аударма – сөйлеушінің сөзін оның әр сөйлемі аяқталған соң бір тілден екінші тілге аудару.  Баяндамашының қағаздан оқи тұрып, арасына түсініктеме жасайтын сөзін қағаздан «көзбен оқи отырып», түсініктемелерді қоса аударма жасау.

Абзацтық-фразалық ізбе-із аударма – сөйлеушінің сөзін оның белгілі бір ойды тұжырымдайтын әр сөйлемі (абзацы) аяқталған соң бір тілден екінші тілге аудару.       Сатылап аудару. Аудармашы шешеннің тілін білмейтін кезде аралық аудармашының (реле-тілдің) көмегімен ілеспе аударма жасау. Бұл аударманың түрі халықаралық конференцияларда жасалады. Қағаздан оқылып жасалған баяндаманы тыңдау арқылы ілеспе аударма жасау, ауызша аударманың күрделі түрінің бірінен саналады. Зерттеушілердің ілеспе аударма процесінің ең мәнді бөлігі аудармашының миында жүзеге асырылатындықтан оны тікелей байқау мүмкін емес деп атап көрсетуі бұл саланы зерттеудің күрделілігін білдіреді. Ілеспе аударманы коммуникативтік-қоғамдық саладағы сөйлеу қызметінің дербес бір түрі ретінде қарауға болады [3, 47].

Аударманың бұл түріне тән бірқатар ерекшеліктер мен қиындықтар бар, солардың ең бастысы – уақыттың тапшылығы. Ілеспе аудармашыға аударма жасауы үшін ізбе-із аудармашыға берілетін уақыттан 2 есе, ал сол мәтінді жазбаша аударуға кететін уақыттан 20-30 еседей аз уақыт беріледі. Екінші ерекшелік – аударма барысында ілеспе аудармашыдан шешеннің сөз сөйлеу қарқынына сәйкес қарқынмен аударма жасау талап етілуі. Үшінші ерекшелік – ілеспе аудармашының аударманы сөйлемдердің айтылуына қарай бөлік-бөлік (сегментті) сипатта жасауы. Төртінші ерекшелік – ілеспе аудармашының өз функциясына қоса редакторлық міндетті жүзеге асыру қажеттігі. Осындай қиын талаптар және В.Н. Комиссаров атап өткендей, екі тілді жақсы меңгерген адам аудармашы бола алады деген дәстүрлі формуланы ілеспе аудармашыға қолдануға келмейтіні ілеспе аударманың күрделілігін сипаттайды [4, 101].

Сапалы ілеспе аударма жасау үшін аудармашы бірқатар трансформациялау амалдарының көмегіне жүгінеді. Ол үшін ең алдымен ағылшын тілінен орыс тіліне ілеспе аударма жасау барысында бір минутта сөйленетін сөздің аударуға болатын өлшемі айқындалуы шарт. Бұл мәселеде шетелдік ғалымдардың бір тобы ол өлшемнің минутына айтылатын сөз санымен алынуын жөн санаса, екінші бір тобы минутына айтылатын буын санымен алғанды дұрыс көреді [5, 74].

Ағылшын тілінен қазақ тіліне ілеспе аударманы сапалы жасау үшін шет елдерде аударма жасауда қалыптасқан амалдарды бейімдеп пайдалану керек. Оларға қоса біз өз тәжірибемізде: сөйлемнің синтаксистік құрылымын жеңілдету, қысқарған сөздерді (аббревиатураларды) пайдалану, сөйлемді құбылту және басқа да амалдарды қолданып жүрміз. Бұлардың негізінде басқа да амалдар ойластыруға, жеңілдетудің өзге де жолдарын табуға болады деген ойдамыз. Ақпаратты нығыздау амалы (компрессия). Компрессия амалына: ақпаратты неғұрлым аз лексикалық бірліктермен аудару, егер шешен нақтылаушы, түсіндіруші мағынасы бар қосалқы сөздерді көп пайдаланатын болса, мұндай семантикалық тұрғыдан алғанда басы артық сөздерді қысқарта аудару жатады.

Байқап көру амалы – ілеспе аудармада жиі қолданылатын амал. Бұл амал іс-шараның бағыт-бағдары белгісіз болған, шешеннің сөзінде ілеспе аудармашыға таныс емес жайлар кездескен кезде қолданылады. Байқап көру амалын қолданушы тыңдарманның өз аудармасына реакциясын байқап, қатесі болса, келесі айналымда оны дұрыс нұсқаға түзету ниетінде болады.

Күту амалы – қазақ тілінен орыс тіліне аударма жасау барысында міндетті түрде қолданылатын амал. Әлемдік аударма жасау тәжірибесінде етістік сөйлемнің соңында тұратын тілдерден, соның ішінде қазақ тілінен ағылшын тіліне ілеспе аударма жасау барысында да осы күту амалы көбірек қолданылады.

Күту амалы – сөйлемді сауатты құру үшін пайдаланатын амалдардың бірі. Сөз сөйлеушіден қалыспай аударма жасауға ұмтылатын аудармашының сауатты сөйлем құруға мұршасы болмайды.

Уақыт ұту амалы – баяндама жасаушының сөйлеу қарқыны баяу болған, мәтінде түсініксіз термин болған кезде қолданылатын амал. Бұл амалдың басқалардан ерекшелігі – оны тақырыпты жақсы игерген аудармашылар қолданады. Себебі, талқыланып отырған тақырыптан хабары мол аудармашы ғана өзіне беймәлім мәтінді қосымша ақпаратпен толықтыра алады.

Болжамдау – негізінен тәжірибесі мол ілеспе аудармашылар пайдаланатын амал. Бұл түпнұсқа тілдегі дискурста айтылмай жатып-ақ аудармашының мәтінде қандай етістіктің қолданылатынын болжамдауын білдіреді. Мұндайда аудармашыға оның сөз сөйлеушіні, ол көтеріп жүрген мәселелер туралы жақсы білуі, жиынның қорытынды құжаттарымен алдын-ала таныс болуы көмектеседі. Ілеспе аудармашының лингвистикалық болжамдауды жүзеге асыруының алғышарты – қолданылатын тілдердегі ауызекі тілдің иірімдеріне қанық болу, соның ішінде мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді, өткізілетін іс-шараның, конференцияның тақырыбына байланысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдар тілін игеру.

Мәтінді бөліп аудару амалы – сөйлем тым ұзақ болған кезде, сөз сөйленетін тіл мен аударма жасалатын тілдің арасында синтаксистік немесе стилистикалық айырмашылықтар көп болған кезде қолданылатын амал. Бұл амалдың басқа себебі, адамның физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Ілеспе аудармашының ұзақ та, көп мағыналы коммуникативтік-ситуациялық контексті жадында сақтауы өте қиынға соғады. В.Ингвенің зерттеуіне сүйенетін болсақ, ілеспе аудармашы неғұрлым ұзақ, әрі терең мағыналы коммуникативтік-ситуациялық контексті естігенде, оны аударма тіліне жеткізгенше есте сақтау ықтималдығы азая түседі.

Қысқарған сөздер туралы Қ.Жұбановтың, Ш.Сарыбаевтың пікірлері ілеспе аударма жасау барысында оларды жазбаша аударма жасаған кездегіден өзгеше тәсілмен қолдану керек деген ой түйгізеді. Ілеспе аударманы жеңілдетудің тағы бір амалын қазақ тілінен ағылшын тіліне аударма жасаған кезде ғана қолдануға болатынына назар аударғымыз келеді, ол – сөздердің басқы әріптерінен (басқы буындарынан) тұратын қысқарған сөздерді (аббревиатураларды) пайдалану.

Мемлекеттік органдарда жиындардың қазақ тілінде жүргізілуі міндеттелуі ілеспе аудармашыларды дайындау қажеттілігін арттыра түсті. Бұл шараны таяу болашақта қазақ тілі – шетел тілі бойынша ілеспе аударманы дамытуды жоспарлай отырып, жүргізу керектігі күмән тудырмайды.

Соңғы кезде тіл білу тек шет елге шыққанда, я болмаса шет елден келген қонақтарды қабылдау кезінде ғана емес, өз үйіңде әйгілі Голливуд фильмдерін көру кезінде де, басқа елден келген тауар нұсқауларын оқу үшін де, WEB – беттерін игеру кезінде де қажет болып табылады. Олай болса, біз өз үйіміздің қабырғасында жүріп те аудармашы қызметін қажет етеміз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Эрбер Ж. «Переводческая семантология»

2.      Бархударов Л.С. «Уровни языковой иерархий и перевод», Москва 1969.

3.      Дэйвисон А. Особенности устного перевода. М. Наука. 1999.

4.      Комиссаров В. Н Современное переводоведение. Учебное пособие. М.: 2001.

5.     Зимняя И.А., Чернов Г.В. Вероятностное прогнозирование в процессе синхронного перевода. В сб.: Предварительные материалы экспериментальных исследований по психолингвистике. -М., Ия -АН СССР, 1973.

Основные термины (генерируются автоматически): WEB, мена.


Задать вопрос