Туыстық атаулардың құрамындағы кірме сөздер | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Филология, лингвистика

Опубликовано в Молодой учёный №19 (99) октябрь-1 2015 г.

Дата публикации: 04.10.2015

Статья просмотрена: 2899 раз

Библиографическое описание:

Диуанова, Р. К. Туыстық атаулардың құрамындағы кірме сөздер / Р. К. Диуанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 19 (99). — С. 32-36. — URL: https://moluch.ru/archive/99/22211/ (дата обращения: 18.12.2024).

Мақалада сөздіктердегі туыстық атаулардың құрамындағы кірме сөздерге этимологиялық талдау жасалып, олардың қолданылуы қарастырылған.

В статье рассмотрены заимствованные слова родственных названий, их использование и анализ этимологического значения отдельных родственных названий в словарях.

 

Қазақ тіліндегі туыстық атаулардың басым бөлігі-ертеден келе жатқан төл сөздеріміз. Дегенмен, басқа тілдермен шектесіп жатқан немесе көрші халықтардың арасындағы қазақ сөйленістерінде кірме атаулар жиі кездеседі. Олар сан жағынан әдеби тілдің құрамындағы сөздерден кем емес. Тілімізге ауысқан сөздер мен тұлғалар әсіресе Қазақстанның шет аймақтарында көп кездеседі. Қырғызстанмен шектес жатқан Жамбыл облысының оңтүстік аудандарында қырғыз, ал Өзбекстанмен шектес жатқан Шымкент облысның аудандарында өзбек тілдерінен енген сөздер бар. Жетісу өңірінің шығыс жағын мекендеген қазақтардың тіліне ұйғыр сөзі араласса, батыс қазақтарының тіліне татар, ноғай, башқұрт сөздері қосылып кеткен. Араб, иран тілдерінің элементтері солтүстік-батыс не шығысқа қарағанда оңтүстік аймақтарда көбірек ұшырасады. Араб-иран тілдерінің басым көпшілігі оңтүстік говорларға өзбек, қырғыз тілдері арқылы ауысқан. Сол кірме сөздерінің кейбіреуіне тоқталатын болсақ. Сағыр.Сағыр атауы «жетім» деген мағынадан басқа Шымкент облысының Мақтарал ауданында, Атырау облысының Маңғыстау өңірінде «жас бала» мағынасында қолданылады. Қырғыз тіліндегі сағыр да, қарақалпақ тіліндегі сағыйра да осы мағынада жұмсалады. Сағыр атауының көршілес түркі тілдерінде кездесуі бұл сөздің ертеректе кең қолданыста болғанын аңғартады [1].

Тәбие // табиға.Тәбие сөзі түркімен қазақтарының тілінде «ру»«,ата» мағынасында жұмсалады. Бұл туыстық атау жергілікті тұрғындар тіліне түркмен тілінен енген болуы керек. С.Аманжоловтың сөздігінде тәбие сөзі мен тұлғалас бір табиға деген сөз тіркесі кездеседі. Онда бұл сөздің Қызылорда облысының Арал ауданында қолданылатындығы туралы мәлімет берілген. С.Аманжолов табиға сөзі араб тіліндегі «ру», «тайпа» деген мағынаны білдіретін тайпа деген сөзге бір сөзінің қосылып жергілікті жерде «бірнеше үй», «бір ауыл» деген мағынаны беру үшін пайда болған дейді. Мысалы; «Ана тұрған бір табиға колхозшылармыз». Сонымен, тәбие/табиға cөзі түркмен тіліне араб тілінен енген. Ал, түркмен қазақтарының тіліне түркмен тілінен енген болуы керек. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінде тәрбие/табиға сөздері «бір рудың ішіндегі аталас жақынырақ туыс» деп түсіндірілген де, «Бу да кедей жігіт,бәріміз табиға адамбыз»деген

мысал берілген. Қарақалпақ тілінде тәбия «туыс», «жақын» деген мағынаны білдіреді [2,3].

Жам/жамия ағайын//жамағайын. Бұл атау қарақалпақ қазақтарының тілінде «алыс туысқан», «қашық ағайын» дегенді білдіреді. Бұл сөздің қазақ тіліндегі жамғайын сөзімен тұлғалас екендігі белгілі. Жамағайын атауы жам және ағайын сөздерінің бірігуінен жасалған. Қостанай облысы Семиозер ауданында жам сөзі «ру», «ата» мағынасында жұмсалады».Жағалбайлы бірнеше жамға бөлінеді. Малатау жеті жам болады». Қазақ тілінің ауыз әдебиет үлгілерінде жам ағайын, жам әулие тіркестері кездеседі. Р.Сыздық «Сөздер сөйлейді» деген еңбегінде жам- араб сөзі, ол «жинау» деген етістік (жама), жам тұлғасы қазақ тілінде «түгел жиналған, барлық, барша» деген мағынада жұмсалған дейді [4]. Жамға «жиын» деген мағынада жұмсалатын араб сөзі.Бұл кірме сөз. Қазіргі кезде сирек қолданылатын, көбінесе тіркестер құрамында сақталып, оның өзінде де өткендегі мұралар тілінде қолданылған сөз ретінде танылады.

Тұқым-теберік//Тұқым-төберік //Тұқым-теберік. Қарақалпақ қазақтарының тілінде тұқым-тәберік атауы «үрім-бұтақ» мағынасында жұмсалған. Сонымен қатар, Қызылорда облысының Арал ауданында да сол ғана фонетикалық өзгеріске ұшыраған тұлғада кездеседі.Мысалы; «Ел ішіндегі бұл адамдарды тұқым-теберігіміз сыйлап өткен». Мұнда «немере-шөбере», «тұқым» деген мағынада жұмсалған. Ал, Түркменстан қазақтарының тілінде тұқым-теберік. Мұндағы қос сөздің бірінші сыңары әдеби тілде «ұрпақ», «түп-тамыр», «тек» деген мағыналарда жұмсалады. Парсыша тәбәрік үш мағынада қолданылады; 1.шыққан тегі 2. нәсіл 3. әулет. Бұл сөз тілімізге көрші түркмен тілінен енген болу керек.

Шақа// чақа// шақалақ. Бұл атау жергілікті жерлерде әр түрлі мағынада жұмсалады. С.Аманжолов Алматы облысының Шелек ауданында бұл сөздің

«сәби», «кішкене жас бала» деген ұғымда жұмсалатындығын айтады. Ал, Ақтөбе облысының кейбір аудандарында «үрім-бұтақ «деген мағынада қолданылады.

Кәтқұда. Бұл атау Қарақалпақ қазақтарының тілінде «жасы үлкен»«,белгілі» «абыройлы адам» мағынасында жұмсалады. Екі түбірден құралған бұл сөздің алғашқы сыңары өзбек тіліндегі «үлкен», «дәу» мағынасында қолданылып жүрген кәтта сөзінің қысқарған нұсқасы.

Кәтта апа// Дәу апа нұсқасы әже сөзінің синонимі ретінде Ташкент облысының Төменгі Шыршық, Аққорған, Шыназ, Янгюль аудандары мен Шымкент облысы Келес ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы совхозда қолданылады. Шымкент облысының кейбір аудандарында дәу апа нұсқасы жұмсалады, әже атауы сирек айтылады.

Немелтай. Маңғыстау қазақтарының тілінде бұл сөз шөбере мағынасында қолданылады. Бұл атау Түркіменстан қазақтарының тілінде де осы мағынада ұшырасады. Немелтай атауы кейбір сөйленістерде аз ғана фонетикалық өзгеріске ұшыраған. Мысалы, Қарақалпақ қазақтары шөбересін немелтай деп атайды. Ал Орда қазақтары нементай дейді. Немелетай атауы немеле сөзіне --тай (кішірейткіш) жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Тұжырымдай келгенде, түркі тілдеріндегі, оның ішінде қазақ тіліндегі негізгі туыстық терминдерін қарастыру нәтижесінде мынадай қорытындылар жасадық:

Қарастырылған терминдер шығу тегі жағынан негізінен түркілік немесе түркі-моңғол тілдеріне жатады. Соңғысына мынадай терминдер жатады: ача//эҗе, аба//апа, аға, уруғ, йеген, бөлө, эр, кадын//хатун, куда тс.с., бұлардың көпшілігі әйел жаққа тиесілі. Ц. Д. Номинханов түркі және моңғол тілдерінде қатар кездесетін туыстық терминдерін көрсетеді: абысын «ағайынды адамдардың әйелдері бір-бірін атауы»; аға; ата, аба «әке», «ата»; ача «немере»; бажа; бөле; ер; жиен; қатын; қайын; кенже; күйеу; құда; нағашы; эгачи «үлкен әпке»; кöбöгöн, уре «ұл»; эже «әже»; äхä, өге, äнä, ана «ана»; бäргäн «әже», «кемпір»; ру, уруг, омок «ру», «тайпа»; төркін «әйелдің туысқандары» [5–6]. Туыстық терминдерінің көпшілігінің семантикалық тарихи дамуы жалпы мағынадан нақты мағынаға көшкен. Мысалы: оғул//оол «бала», «ұрпақ» > «ұл бала», «жас жеткіншек» > «ұл»; уруғ «ұрық» > «ру», «тайпа» > «ұрпақ», «туысқан» > «бала», (тува) «қыз»; эр «еркек» > «күйеу» және т. б.

Жекелеген туыстық терминдері қолданыстан шығып, бірте-бірте ұмытылады. Мысалы: йезне «жезде — үлкен әпкенің күйеуі», йеңге «ағаның немесе тәтенің әйелі» т.б. Бұндай терминдер негізінен диалектілерде қолданылады. Тұжырымдай келгенде, түркі тілдеріндегі, оның ішінде қазақ тіліндегі негізгі туыстық терминдерін қарастыру нәтижесінде мынадай қорытындылар жасадық:

Қарастырылған терминдердің көпшілігі қазіргі түркі тілдерінің барлығында немесе көпшілігінде кездеседі, сол себепті олар жалпытүркілік сөздік қорға жатады. Қандық туыстық және неке туыстықтарының ең бастылары (ана, ата, оғул, кыз, карындаш//кардаш, эр, келин, кайын тб.) түркі тілдерінде тұрақты қалыпта қолданылатындықтан бұл тілдердің негізгі сөздік қорына кіреді. Қорыта айтқанда қазақ тіліндегі туыстық терминдердің көпшілігі қазіргі түркі тлдерінің барлығында немесе көпшілігінде кездеседі, сол себептен олар жалпы түркілік сөздік қорға жатады.

 

Әдебиеттер:

 

1.      Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.I-2том.Алматы,1959–61.

2.      Бекетов Б.Қарақалпақ қазақтарының тілі. А.,1992

3.      Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казакского языка. А., 1959

4.      Сыздықова Р.Ғ. Сөздер сөйлейді. Алматы, 1994

5.      Миржанова С. Ф. Терминология родства в диалектах башкирского языка // Советская тюркология. — 1973. № 4. –С.99–109

6.      Номинханов Ц. Д. Термины родства в тюрко-монгольских языках // Вопросы истории и диалектологии казахского языка. –Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1958. Вып.1.,С.42–48.

Основные термины (генерируются автоматически): араб, немес.


Похожие статьи

Бастауыш сынып оқушыларының метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру

Аталмыш мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру проблемасын қарастырады.

Қазақ халқының тұрмысындағы ағаш өнерінің маңызын оқыту арқылы оқушыларда технология пәніне қызығушылығын арттыру

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Қызылорда облысы жағдайында арпаның екіқатарлы және көпқатарлы үлгілерінің шаруашылық-биологиялық белгілері бойынша салыстырмалы талдауы

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының биологияға қызығушылығын арттыру әдістемесі

Қылмыстылықпен күресуде қылмыстылықтың алдын алуды ұйымдастыру жүйесі

Жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары

Берілген мақалада жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары қарастырылған.

Жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес 1-сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы интербелсенді әдістің рөлі

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру

Похожие статьи

Бастауыш сынып оқушыларының метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру

Аталмыш мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру проблемасын қарастырады.

Қазақ халқының тұрмысындағы ағаш өнерінің маңызын оқыту арқылы оқушыларда технология пәніне қызығушылығын арттыру

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Қызылорда облысы жағдайында арпаның екіқатарлы және көпқатарлы үлгілерінің шаруашылық-биологиялық белгілері бойынша салыстырмалы талдауы

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының биологияға қызығушылығын арттыру әдістемесі

Қылмыстылықпен күресуде қылмыстылықтың алдын алуды ұйымдастыру жүйесі

Жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары

Берілген мақалада жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары қарастырылған.

Жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес 1-сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы интербелсенді әдістің рөлі

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру

Задать вопрос