Бастауыш сыныптың құзырлы мұғалімі – табысты оқытудағы түйінді тұлға | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 23 ноября, печатный экземпляр отправим 27 ноября.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №19 (99) октябрь-1 2015 г.

Дата публикации: 12.10.2015

Статья просмотрена: 1556 раз

Библиографическое описание:

Булебаева, А. Б. Бастауыш сыныптың құзырлы мұғалімі – табысты оқытудағы түйінді тұлға / А. Б. Булебаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 19.2 (99.2). — С. 39-41. — URL: https://moluch.ru/archive/99/22489/ (дата обращения: 15.11.2024).

Қазіргі таңдағы білім сапасын арттырудың талабы бойынша білім беру кеңістігіндегі инновациялық үдерістердің бағыттарының бірі - оқытудың жаңаша үлгілерін тиімі пайдалану. Мұғалімнің негізгі қызметі –оқыту, тәрбиелеу,дамыту,қалыптастыру,яғни педгогикалық үдерісті басқару.Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты –өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу,сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу, өмірге деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.Мұғалім өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне білуі шарт.Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі.

Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.Даму ұғымы философиялық сөздікте «...мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып,сапалық өзгерістерге айналуы»,-деп, түсіндіріледі [1].

«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек», - М.Жұмабаев айтқандай, оқыту үдерісіне жаңа көзқараспен қарау,жаңа өзгерістерді меңгеру - уақыт талабы.

ҚРпедагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы ғылыми тәжірибелерді зерделеу мен меңгеруге көмектесетін негізгі құрал екендігін ұқтым. Осы бағдарлама арқылы сындарлы оқыту теориясының негіздеріне сүйене отырып, оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа әдіс арқылы немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен,мұғалімнен,оқулықтан және достарынан алған білімдерімен бірлесе отырып , жүзеге асатыны сөзсіз. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде,кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Ал, дәстүрлі оқытудан алған білімнің механикалық түрде есте сақталған мәліметтердің ғұмыры қысқа, оны мектептен тыс жерде тиімді пайдалана алмайды, себебі алынған мәнмәтіндердің мәнін терең меңгермегендіктен,жай ғана жатталғандықтан,ол басқа уақытта жарамсыз болып қалатыны белгілі.

Сындарлы оқыту негізінде жүргізілетін сабақтар оқушыларға білімдері мен сенімдері жайында ойланып, ол туралы сұрақтар қойып, жаңа білім алып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертіп отыруға мүмкіндік береді.Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін арттырады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді,ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.

Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас болады. Біріншіден,оқушының жеке тұлға екендігі және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың нәтижесі ретінде қарастырылуы.

Табысты оқыта отырып, құзырлы мұғалім- алдындағы оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білуі керек. Табысты оқыту дегеніміз- бұл Ли Шульманның зерттеуі бойынша айтқан «Мұғалімнің үш көмекшісі» - «бас», «қол», «жүрек» арқылы оқушылардың оқытуын жақсарту болып табылады. Оқытуды жақсарту үшін сапаға тоқталамыз. Сапалы оқыту –мұғалімнің қолданатын сан алуан әдіс-тәсілдері арасындағы байланыс болып табылады,яғни оқушылардың қоршаған орта жағдайы және оқыту,білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі,жиынтығы ретінде қарастырылады.

Оқытудың сапасын қалай анықтаймыз? Оны екі тәсіл арқылы анықтауға болады.

Біріншісі, мұғалім жұмысының тиімділігіне және оқушылармен өзара байланысы-ның қаншалықты дамығанын анықтау барысында жүргізіледі.

Екіншіден, жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен орындағаннан гөрі, көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқытуға ерекше көңіл бөлу арқылы жүргізіледі.

Бағдарлама арқылы оның тағы бір тиімділігін білгенім, Кембридж бағдарламасы төмендегідей бағытта жұмыс жасайтын мұғалімдердің дамып, жан-жақты ашылуына жол ашады:

1) жаңаша ізденістермен оқыта отырып, зерделей ізденетін, оқушыларға белсенділікпен қамқорлық көрсетіп, ықпал етіп, бағдар беретін мұғалімдер;

2) әрбір оқушының пәнді түсінуін қалай құру керек екендігін ойлайтындығымен және білетіндігімен санасатын, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын,сондай-ақ оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар мұғалімдер;

3) оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін білетін, бүкіл оқушылардың бұл өлшемдерге тиісті дәрежеде сәйкес келуіне қолдау көрсететін, ағымдағы білім мен «Біз қайда бара жатырмыз?», «Қандай іс-әрекет жасап жатырмыз?», «Одан кейін не істеу керек?» деген сияқты, оқушылар мойындаған табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екендігін білетін мұғалімдер;

4) бастапқы идеядан басқа да идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылар зерделеп, қарастырып, жандандыра алатындай мүмкіндіктерге жол ашатын мұғалімдер.

Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер қазіргі білім беру саласында қызмет ететіндерге үлкен жауапкершілік артып отыр. Бұл жауапкершілік, ең алдымен, бастауыш сынып мұғалімдеріне жүктелетіні белгілі. Соңғы жылдары акселерацияның қарқынды болуына байланысты жаңа буын оқулықтары бірнеше рет қайта өңделіп, қоғамның даму талабына сәйкестендіріліп шығарылды. Сол оқулықтармен жұмыс істеудегі мұғалімдерге қойылатын бірінші талап – қазіргі білім берудегі жаңа технологияларды қолдану. Жаңа буын оқулықтарын оқытудағы қазіргі технологияны қолдану дегеніміз – өсіп келе жатқан ұрпақтың еркін тұлға ретінде дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді шығармашыл болуына жағдай жасау.

Бүгінгі күннің негізгі талабы білімді адамнан әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын шығармашыл адамды дайындау. Осыған байланысты, оқыту мазмұнының түрін, әдіс-тәсілін, формасын дұрыс таңдай білу қажеттілігі туады.Сондықтан да біздің зерттеу мәселеміз екі аспектінің мәнін ашуды міндеттейді: біріншісі, оқушылардың бойындағы шығармашылық потенциалды дамыту; екіншісі, қазіргі кезде көптеп айтылып жүрген сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасын бастауыш сыныпта математика сабақтарында қолдану.Оқушылардың бойындағы шығармашылық потенциалды дамыту баланың жас ерекшелігіне байланысты жүзеге асады. Бастауыш сынып оқу үрдісінде бұл жағдай балалардың қызығушылықтарын ескеріп құрылады. Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтары заттық элементтермен байланысты. Олардың үлкендерге еліктеу, оларды үлгі тұту ерекшеліктері ұстаз үшін мықты дамыту құралы болып табылады. Егер осы құрал дұрыс ұйымдастырылған болса, онда балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму деңгейлері жоғарылайды, әрі олардың мінез-құлқындағы позитивті өзгерістер жүзеге асырылады.

Балаларды әлемнің көпбейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде көре білу қабілетін дамыту, соның негізінде интеллектуалды креативті ұрпақты тәрбиелеп оқыту, педагогикалық-психологиялық маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз.

Қазіргі кезеңде, оқу жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға қарамастан, оқыту үдерісінде оқушыларға дайын ақпаратты жеткізіп беруге негізделген әдістемелер орын алып келеді. Мұндай әдістемелер арқылы оқушылардың жаттау арқылы еске сақтау, қайталап айту қабілеттерін ғана дамытып, біржақты ғана жұмыс жасаймыз. Мұғалім оқушының бұрынғы сабақтарында дайын күйінде берілген материалды қайталап айту жағына көңіл бөліп, соны ғана бағалайды. Оқушының дарындылығы, шығармашылық қабілеті бағалаусыз қалады. Осындай жағдайда қоғам сұранысын ескеретін болсақ, шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған оқыту әдістемелерін қарастырып, ғылыми тұрғыдан зерттеп, жаппай тәжірибеге енгізуді қолға алу керек. Мысалы, дамыта оқыту технологиясы, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, жеке тұлғаға бағытталған оқыту т.с.с. Дегенмен оқыту жұмысының табысты болуы, оқытудың озық әдістерін қолдануға ғана байланысты болып қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің әр түрлілігін ескеруге де байланысты болатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген.

Бастауыш сыныптардың математикасы мектептің негізгі сатысындағы математика курсының ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған сәйкес бастауыш мектепте математиканы оқыту мынадай жалпы мақсаттарға жетуді көздейді: мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игерту; «Математика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата – дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру; оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, нтеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту; мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру.

Осы мақсаттарға сәйкес математиканы оқытудың мынадай жалпы міндеттері айқындалады:

- баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;

- математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;

- оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі сатысында оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

Отандық психолог Сәбет Бап-Баба әрқандай шешім сындарлы ойға түсіп, жұрттың айтқанын не өз топшалауын жалаң құптай салмай, терең сын талдауға келтіріп «оң, не қарсы» тараптары тара-зылағанды талап етеді.

Бастауыш сыныптарда «Он көлеміндегі сандар», «Жүз көлеміндегі сандар», «Мың көлеміндегі сандар», «Миллиард көлеміндегі натурал сандар және нөл саны» тақырыптары біртіндеп кеңейтіле және дамытыла отырылып қарастырылады. Есептеулер тәсілдеріне үйрету барысында қосу мен азайту, көбейту мен бөлу өзара кері амалдар ретінде қарастырылады. Сондықтан амалды орындау және оны кері амалды пайдаланып тексеру оқытылып-үйретіледі, яғни мұнда арифметикалық амалдардың арасындағы байланысқа сүйеніп білім- біліктерін ірілендіру ұсынылады.Есепті шығару барысындағы басты фактор және көрнекілікті қолданудың тиімді жолы оның нақты түрінен абстаркты түріне көшуді жүзеге асыру. Сондықтан көрнекілікті мынадай тізбекте пайдалануды ұсынады: нақты заттық иллюстрация; схемалық иллюстрация; оқушының түсінігі; белгілі түсіндірмелердің үлгілері, есептің қысқаша жазылуы, тұжырымдалған жалпы ережеге сілтеме жасау; есептің мәтіні (тірек сөздер). Ал бұл шарттар сыни тұрғыдан ойлауға оқыту бойынша ұйымдастырылған сабақтарда тиімді жүйеге асырылады.

Сөзімнің айғағы ретінде айтарым,оқыту барысында балаларға математикалық білім, біліктерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылығын, қиялдау қабілетін дамыту, оқытудың өмірмен байланысын нығайту мақсатындағы қосалқы әдістемелік тәсіл ретінде өздігінен есептер құрастырып шығаруды ұсынады. Осындай шығармашылық жұмыс берілген есепке кері есеп құрастыру және шығару, шығарылуы, берілген қатынас, дайын сызба және сурет бойынша есептер құрастыру, сұраққа сәйкестендірілген шартты іріктеп алу және керісінше, шартқа сәйкесетін сұрақты сұрыптау, есептің шартын және сұрағын түрлендіру, жай есепті екі және одан да артық амалдармен шығарылатын есепке түрлендіру, шамаларды өлшеудің нәтижелерін немесе қосымша материалдарды пайдаланып, өздігінен әртүрлі есептер құрастыру және тиімді жолдармен шығару сияқты мәселелерді қамтиды.

Сындарлы оқыту теориясының негіздері еліміздің білім беру саласына тереңінен сіңіссе, білімді де тәрбиелі, өз елін сүйетін, рухани құндылықты бойына сіңірген жастар өсіп шығары белгілі. Ал, жастар – еліміздің болашағы. Болашағымыз жарқын, еліміздің де іргетасы мығым болса, өмірімізде әрлі болары анық. Сөзімді қорытындай келе, біз ұстаздар - мектептіңжүрегі, баланыңбағбаны бола білуіміз керек.

 

Әдебиет:

1.      Нұрғалиев Р.Н. Философиялық сөздік.Алматы,«Қазақ энциклопедиясы»,1996, 42-б.

2.      Математика. Оқу бағдарламалары (1-4 сыныптар)// ОспановТ.Қ., ҚұрманалинаШ., ҚайыңбаевЖ.Т., Ералиева М.Е. – Алматы, 2008.

3.      Әбдікәрімұлы Б., Әлібекова М. Білім берудегі педагогикалық технологиялар//Педагогикалық ізденіс, 2012, №4.200-203 бб.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос